БЕЛОК ФУНКЦИЯСЫ
201
АВС тасымалдағыштары (АТФ-байланыстырушы
кассеталық тасымалдаушылар
–
ATP-
binding
cassette transporters) мембранамен байланысқан маңызды насостық бе-
локтар класын құрайды. Клетка бұл тасымалдағыштарды цитоплазмадан гидрофобты
молекулаларды шығару үшін қолданады. Олардың кейбір өкілдері қарын-ішек жолы-
ның шырышты бетінде немесе гемато-энцефалиттік бөгетте токсинді молекулаларды
жояды. АВС тасымалдағыштары айналасындағы зерттеулер медицина үшін өте маңы-
зды, себебі белоктардың осы класының кенеттен тыс өндірілуі
ісік клеткаларының
химиотерапиялық дәрмектерге төзімділігін арттырады.
Бактерияларда белоктардың
осыған ұқсас класы әртүрлі заттарды клетка ішіне тасымалдау үшін қолданылады.
АВС тасымалдағыштары плазматикалық мембрананы тесіп өтетін суббөліктер жұбы
және олармен байланысқан мембрананың ішкі бетіне жақын орналасқан АТФ-байла-
ныстырушы суббөліктер жұбынан құралады. АТФ гидролизінен пайда болатын энергия
АВС тасымалдағышының молекуласында конформациялық өзгеріс тудырады, осыдан
кейін мембрананы тесіп өтетін суббөліктер олармен байланысқан молекулаларды ли-
пидтік биқабаттан өткізе бастайды (
Достарыңызбен бөлісу: