Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет179/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

3.70-сурет
Белоктарды убиквитинмен таңбалау. (A) Алдымен убиквитиннің С-ұшы Е1 белогының 
цистеиндік жанама тізбегімен жоғары энергиялық тиоэфирлік байланыс көмегімен жалғанған кезде 
активацияланады. Осы реакция АТФ-ті қажет етеді және ол ковалентті АМФ-убиквитин аралық қо-
сылысы арқылы іске асады. Е1 белогындағы активацияланған убиквитин (сонымен қатар убиквитин 
активациялаушы фермент деп аталады) Е2 молекуласының цистеиніне тасымалданылады. Сүтқорек-
тілер клеткасында ерекше Е2-Е3 кешендерінің бірнеше жүз түрі болады. Е2 белоктары убиквитинді 
конъюгациялаушы ферменттер деп аталады. Е3 белоктары убиквитин лигазаларына жатады (D.R. 
Knighton et al., Science 253: 407-414, 1991 көзінен алынған).


БЕЛОК ФУНКЦИЯСЫ
197
Алмаса алатын бөліктері бар белок кешендері генетикалық ақпараттың тиімді 
қолданылуын қамтамасыз етеді
SCF убиквитин лигазасы клетка циклының әртүрлі кезеңдерінде әртүрлі «нысана белок-
тармен» байланыса алатын белоктық кешен болып табылады. Оның С-тәрізді молекула-
сы белоктың бес суббөліктерінен құралады. Олардың ішіндегі ең үлкені басқа суббөлік-
терді біріктіретін скаффолд қызметін атқарады (
3.71-сурет
). С пішінді молекуланың бір 
ұшында Е2 убиквитин конъюгациялаушы ферменті орналасады. Басқа ұшында Ғ-бокс 
белогы атты суббөлік ретінде белгілі субстрат байланыстырушы қол орналасады. Осы 
екі ұштың арасы, шамамен, 5 нм ұзындықты құрайды. Белок кешені активтелгеннен 
кейін Ғ-бокс белогы нысана белоктың спецификалық сайтымен байланысады да, ны-
сана белокты молекуланың екі ұшының арасына орналастырады. Нәтижесінде нысана 
белоктың лизиндік бүйір тізбектері С пішінді молекуланың басқа ұшында орналасқан 
убиквитин конъюгациялаушы ферментпен әрекеттеседі. Фермент убиквитиннің жалға-
нуын катализдейді де, белок протеосомаға жеткізілуі үшін таңбаланады. 
полиубиквитинирленген


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет