298 5-тарау. ДНҚ репликациясы, репарациясы және рекомбинациясы
5.4-сурет.
ДНҚ полимеразасымен катализденетін ДНҚ синтезі. (A) ДНҚ полимераза
матрицалық
тізбекпен жұптасқан
праймер тізбегінің полинуклеотидтік тізбегінің 3’-OH ұшына дезоксирибону-
клеотидтердің кезек-кезек жалғануын катализдейді. Жаңадан синтезделетін ДНҚ тізбегі 5’-3’-бағытта
полимеризацияланады. Келетін әр дезоксирибонуклеотид трифосфаттың ДНҚ полимеразамен
танылу үшін матрицалық тізбекпен жұптасуы қажет болғандықтан осы тізбек төрт мүмкін болатын
дезоксирибонуклеотид трифосфаттың (А, Г, Ц немесе Т) қайсысының жалғану керектігін анықтайды.
Реакция пирофосфаттың бөлінуі мен оның екі бейорганикалық фосфатқа ыдырауынан түзілетін үлкен
энергия тұрғысынан тиімді бос энергия өзгерісімен іске асырылады. (Ә) Рентген сәулелік кристалло-
графия көмегімен алынған ДНҚ полимеразаның ДНҚ-мен кешен түзген құрылымы (
5.1-бейнефильм
).
Матрицалық тізбек ұзын, ал жаңадан синтезделетін тізбек қысқа болады. (Б) ДНҚ полимеразасының
(Ә) суретіне негізделген сызбанұсқалық диаграммасы. Келетін дезоксирибонуклеотид трифосфаттың
жұп негіз құру геометриясы ДНҚ полимеразасымен жұп негіз оралуын және нуклеотид жалғану реак-
циясын (
ортадағы диаграмма) қоздырады. Пирофосфаттың диссоциациясы полимеразаны босаңсы-
тады және ДНҚ-ның бір нуклеотидтік транслокациясына мүмкіншілік береді. Нәтижесінде ферменттің
белсенді сайты келесі дезоксирибонуклеотид трифосфатты қабылдауға дайын болады.
Репликативтік айыр асимметриялы болады
Клетка ішіндегі репликация кезінде ДНҚ спиралінің әр тізбегі түзілетін жаңа тізбек
үшін матрица болады. Еншілес клетканың әрқайсысы құрамында бір ата-аналық және
бір жаңа тізбектен тұратын ДНҚ спиралін алатындықтан, ДНҚ-ның осы репликация-
лану механизмі «жартылай консервативті» деп аталады (
5.5-сурет
). Бұл процесс қалай
іске асады?
1960 жылдардың басында толық репликацияланған хромосомаға жүргізілген талдау
нәтижесінде аталық ДНҚ спиралінің бойымен жылжитын репликация ауданы болатын-
дығы анықталды. Оның Y-тәрізді пішініне байланысты осы ауданды
репликативтік
Достарыңызбен бөлісу: