306 5-тарау. ДНҚ репликациясы, репарациясы және рекомбинациясы
5.16-сурет.
Адамның ДНҚ-мен байланысқан бір тізбекті ДНҚ-мен байланысатын белогы. (A) Белок-
тың тоғыз нуклеотидті қамтитын екі ДНҚ-байланыстырушы домендерінің (RPA деп аталады) алдыңғы
көрінісі. (Ә) Соңында ДНҚ тізбегі (
қызғылт сары) көрсетілген бір тізбекті
ДНҚ-мен байланысатын
белоктың үш кеңістікті құрылысы (PDB коды: 1JMC).
Сырғитын сақина жылжитын ДНҚ-полимераза ферментін ДНҚ-да ұстайды
Көмекші белоктар болмаған жағдайда ДНҚ-полимераза
нуклеотидтердің тек қысқа
тізбегін синтездеп, ДНҚ тізбегінен ажырар еді. ДНҚ молекуласынан тез арада диссо-
циациялану қасиеті ДНҚ-полимеразаға, бір Оказаки фрагментін синтездегеннен кейін,
қысқа уақыт аралығында келесі Оказаки фрагментін синтездеу мақсатында қайта қолда-
нылу мүмкіншілігін береді. Дегенмен, тез арада диссоциациялану қасиеті полимеразаға
ұзын тізбектерді синтездеуге кедергі тудырады. Осы диссоциацияны тежеу мақсатында
көмекші белок (эукариоттарда PCNA деп аталады)
реттегіш сырғу қысқышы қыз-
метін атқарады. Осы қысқыш полимераза ферментін ДНҚ-мен байланыстырады және
ажырауын тежейді.
Сырғу қысқышы полимеразаның ДНҚ бойымен жылжуына кедергі тудырмай оны
ДНҚ тізбегінде қалай ұстап тұрады? Қысқыш белоктың рентген-сәулелік диффракция-
сының көмегімен алынған үш кеңістіктік құрылымы ДНҚ қос спиралінің айналасында
үлкен сақинаның бар екенін көрсетті. Сақинаның бір шеті ДНҚ-полимеразамен байла-
нысады, сонан кейін ол толық сақина ДНҚ тізбегін бойлай оңай сырғиды. Қысқыштың
ДНҚ айналасында жиналуы АТФ гидролизін қажет етеді.
Осы гидролизді қысқыш
Достарыңызбен бөлісу: