Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет316/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   330
транспозициялық элементтер деп аталады. Транспозицияда, әдетте, транспозонның 
өзімен кодталатын және транспозаза деп аталатын спецификалық ферменті транспо-
зонның екі ұшындағы ДНҚ тізбектерінде әрекет етеді және оның жаңа сайтқа тасы-
малдануын немесе енуін іске асырады. Транспозондардың басым бөлігі нысана сайтын 
таңдамайды және геномның кез-келген ауданына ене алады. Негізінде, енгізілетін аудан 
мен транспозон ұштарындағы тізбектердің ұқсас болуы шарт емес. Транспозондардың 
көпшілігі өте сирек тасымалданады. Тасымалдану жиілігін нақты тіркеуге келетін 
бактерияларда транспозондар, шамамен, 10
5
клетка бөлінулерінде тек бір-ақ рет орнын 
ауыстырады. Көшу жиілігінің артуы қожайын клетканың өліміне алып келер еді.
Құрылымы мен транспозиция механизмдеріне қарай транспозондарды негізгі үш 
класқа бөлуге болады: ДНҚ-транспозондарретровирус тәрізді ретротранспозондар 
мен ретровирустық емес ретротранспозондар. Олардың арасындағы айырмашылықтар 
5.4-кестеде
келтірілген.
ДНҚ-транспозондар кесу-және-енгізу механизмінің көмегімен көше алады
ДНҚ-транспозондары, тасымал кезінде ДНҚ түрінде болады және бактерияларда 
көп кездеседі және антибиотиктерге төзімді бактериалдық штамдардың таралуына 
жауапты болады. Пенициллин мен стрептомицин сияқты антибиотиктер 1950 жылда-
ры қолжетімді болғаннан кейін адам ауруларын тудыратын барлық бактериялар осы 
антибиотиктерге сезімтал болып алды. Қазіргі таңда жағдай басқаша болып отыр
себебі пенициллин мен оның туындылары заманауи бактерияларға қарсы аса тиімді 


352 5-тарау. ДНҚ репликациясы, репарациясы және рекомбинациясы
әсер етпейді. Антибиотикке төзімділіктің таралуы, транспозондарда болатын, антибио-
тиктерді инактивациялайтын ферментті кодтайтын гендердің әсерінен пайда болады 
(
5.60-сурет
). Бұл мобильдік элементтер клетка ішінде ғана тасымалданса да, көлденең 
ген тасымалы көмегімен клеткадан клеткаға көше алады. Жаңа клеткаға енгеннен кейін 
транспозон өзін геномға енгізіп, келесі ұрпақтарға тұрақты тасымалдануын қамтамасыз 
етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет