Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет319/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

5.62-сурет
Ретровирустың тіршілік циклы. Ретровирустың геномы ұзындығы әдетте 7000-12000 
нуклеотидтен тұратын РНҚ молекуласынан (көк) тұрады. Вирус геномы вируспен кодталатын қабық 
белоктарынан (жасыл) тұратын липидтерге негізделген қабықпен қоршалады. Инфекцияланған 
клетканың ішінде кері транскриптаза ферменті (қызыл дөңгелектер) вирустық РНҚ молекуласының 
ДНҚ көшірмесін және кейін оның екінші комплементарлы тізбегін синтездейді. Осы қос тізбекті ДНҚ 
спиралінің қожайын геномына интеграциясы вируспен кодталатын интеграза ферментімен іске асы-
рылады. Осы интеграция жаңа вирустық РНҚ молекулаларының қожайынның РНҚ полимеразасымен 
синтезделуі үшін қажет. 


ТРАНСПОЗИЦИЯ ЖӘНЕ САЙТ-СПЕЦИФИКАЛЫҚ РЕКОМБИНАЦИЯ
355
Ретровирустар тәрізді ретротранспозондар белок қабығы болмайтын 
ретровирустарға жиналады
Транспозондардың үлкен туыстастығы ретровирустар тәрізді ретротранспозондар 
деп аталады. Олар өзін хромосомаға ретровирустар сияқты енгізеді және кесіп алады. 
Осындай элементтер ашытқылар, шіркей және сүтқоректілер сияқты организмдерде 
кездеседі; олар вирустарға қарағанда қожайын клеткасынан кете алмайды, бірақ ұр-
пақтан ұрпаққа беріле алады. Олардың транспозициясының бірінші қадамында толық 
транспозонның транскрипциясы жүреді және транспозонның РНҚ көшірмесі түзіледі. 
Қожайын клеткасымен мРНҚ ретінде танылатын транскрипт кері транскриптазаны 
кодтайды. Осы фермент РНҚ молекуласының қостізбекті ДНҚ көшірмесін синтездейді. 
Ретровирус сияқты сызықты қостізбекті ДНҚ молекуласы қожайын геномына интеграза 
көмегімен енгізіледі. 
Адам геномының үлкен бөлігі ретровирустық 
емес ретротранспозондардан құралған
Омыртқалылар хромосомаларының айтарлықтай 
бөлігі қайталмалы ДНҚ тізбектерінен тұрады. Адам 
хромосомаларында осы қайталымдар ретровирус- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет