Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет318/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

353
ДНҚ транспозондары донорлық сайттан нысана сайтқа кесу-және-енгізу транспози-
ция көмегімен орнын ауыстыра алады (
5.61-сурет
). Осындай реакцияның нәтижесінде 
инсерция сайтында нысана ДНҚ тізбегінің қысқа дупликациясы орын алады; транс-
позонның шеттерінде орналасқан қайталмалы тізбектер бұрын орын алған транспо-
зицияның
белгілері болып табылады. Осындай «іздер» геномдағы транспозондарды 
анықтауға үлкен үлес қосады. 
ДНҚ транспозондары өз орнынан кесу-және-енгізу арқылы кесіліп алынса, онда ол 
хромосомада үзіліс қалдырады. Осындай қостізбекті үзіліс рекомбинациялық репара-
циямен түзетіледі. Ал ұштардың гомологты емес жалғануы әдісімен репарацияланған 
жағдайда транспозонның шеттеріндегі тізбектер өзгертіледі және хромосомалық сайтта 
мутация орын алады. 
Осыған ұқсас механизммен омыртқалылардың дамып келе жатқан иммундық жүйесі 
әрекет етеді. ДНҚ тізбектерінің ауысуы арқылы адамның антиденелері мен Т клеткала-
ры рецепторларының түрлілігі қалыптасады. V(D)J рекомбинация атты бұл процесс 24 
тарауда қарастырылады. 
5.61-сурет. 
Кесу-және-енгізу транспозициясы. ДНҚ-транспозондары хромосомада олардың ұшта-
рындағы «инверсияланған қайталмалы ДНҚ тізбектері» (қызыл) арқылы таныла алады. Ұзындығы 
20 нуклеотидті құрай алатын осы тізбектер транспозазамен танылу мен қоныс аударуына жеткілікті 
болады. ДНҚ-транспозондарының хромосоманың бір сайтынан екіншісіне кесу-және-енгізу меха-
низмі көмегімен қоныс аударуы транспозаза екі инверсияланған ДНҚ тізбектерін байланыстыруынан 
және ілмек түзілуінен басталады. Нысана хромосомаға транспозазамен катализденетін инсерциялану 
кездейсоқ сайттарда ирек үзілістерді (күлгін нұсқаулар) түзу арқылы орын алады. Транспозициялық 
реакциядан кейін қалатын бір тізбекті бос орындар ДНҚ полимераза мен лигаза көмегімен (қара
репарацияланады. Нәтижесінде инсерция сайты нысана ДНҚ тізбегінің қысқа тікелей қайталымымен 
таңбаланады. Донорлық хромосомадағы (жасыл) үзіліс репарацияланғанымен, осы процесс жиі 
жағдайда ДНҚ тізбегін өзгертеді және транспозициялық элемент болған бастапқы ауданда мутация 
қоздырады.


354 5-тарау. ДНҚ репликациясы, репарациясы және рекомбинациясы
Кейбір вирустар өздерін қожайын клеткасының хромосомасына енгізу үшін 
транспозициялық механизмді қолданады
Кейбір вирустар мобильдік генетикалық элементтер ретінде қарастырылады, себебі 
олар транспозиция механизмдерінің көмегімен өзін қожайын геномына енгізеді. Де-
генмен, вирустар транспозондарға ұқсамайды, олар өздерінің генетикалық ақпаратын 
вирустық бөлшектерді қаптайтын және басқа клеткаларды инфекциялай алатын белок 
түрінде кодтайды. Өзін қожайын хромосомасына енгізетін вирустар 5.4-кестедегі бірін-
ші механизмдердің біреуін қолданады. 
Транспозиция көптеген вирустардың тіршілік циклында маңызды рөл атқарады. Ең 
маңыздыларына ретровирустар жатады. Оларға АИТВ вирусы жатады. Клетка сыр-
тында ретровирус белоктық қабыққа немесе капсидке қапталған және кері транскрип-
таза ферментін кодтайтын біртізбекті РНҚ түрінде болады. Инфекция процесі кезінде 
вирустық РНҚ клеткаға енеді және кері трансриптаза ферменті арқылы қостізбекті 
ДНҚ-ға айналады (
5.62-сурет
). Ретровирус термині вирустың генетикалық ақпараттың 
қалыпты ағымына қарсы әрекет ете алатындығынан шыққан. 
Кері транскриптаза қостізбекті ДНҚ молекуласын синтездегеннен кейін оның екі 
шетіндегі спецификалық тізбектер вируспен кодталатын интеграза  атты транспозаза-
мен танылады. Кейін, интеграза вирустық ДНҚ-ны хромосомаға енгізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет