Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет321/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

5.64-сурет
). Консервативті сайт-спецификалық 
рекомбинация әр ДНҚ молекуласындағы спецификалық тізбектердегі ДНҚ-ның қос 
тізбегін үзетін және жалғайтын маманданған ферменттермен іске асырылады. Екі ДНҚ 
молекуласын жалғайтын ферменттік жүйе оларды нақты түрде ажырата алады.
Консервативті сайт-спецификалық рекомбинация, жиі жағдайда, вирустармен өз 
геномын тасымалдау мақсатында қолданылады. Қожайын геномына енгеннен кейін 
вирустық ДНҚ қожайын геномымен бірге репликацияланады. Егер қожайын геномы-
на зақым келсе (мысалы, ультракүлгін сәулелік радиация), онда вирус консервативті 
сайт-спецификалық рекомбинацияны қайтарады: өз геномын кесіп алады, белоктық 
капсидке қапталады да, қожайын клеткасынан шығады. 
5.64-сурет. 
Консервативтік сайт спецификалық рекомбинациямен түзілетін ДНҚ ауысуларының 
екі түрі. (А) және (Ә) реакцияларының жалғыз айырмашылығы сайт спецификалық рекомбинация 
орын алатын екі қысқа ДНҚ сайттарының (нұсқаулармен көрсетілген) салыстырмалы бағыты болып 
табылады. (А) Интеграция реакциясы арқылы сақиналы ДНҚ молекуласы екінші ДНҚ молекуласының 
құрамына енеді; қарама-қарсы реакция (эксцизия) арқылы ол бастапқы ДНҚ сақинасын қалпына 
келтіру үшін шыға алады. Көптеген бактериялық вирустар осы жолмен өздерінің қожайындарының 
геномына кіреді және шығады. (Ә) Консервативтік сайт спецификалық рекомбинация хромосомада 
ДНҚ-ның спецификалық сегментін инверсиялайды. Сайт спецификалық рекомбинация арқылы орын 
алатын ДНҚ инверсиясының жақсы зерттелген мысалына адамдардың тағамдық улануын қоздыра-
тын Salmonella typhimurium бактериясындағы процесс жатады; ДНҚ сегментінің инверсиясы бактерия 
түзетін кірпікшенің түрін өзгертеді.
Консервативті сайт-спецификалық рекомбинация мен транспозицияның арасында 
бірнеше айырмашылық болады. Біріншіден, консервативті сайт-спецификалық реком-
бинация донорлық және реципиенттік ДНҚ-да спецификалық тізбектердің бар болуын 
қажет етеді. Осы тізбектерде белгілі бір рекомбиназаның тану сайттары болады. Екін-
шіден, реакция механизмі фундаменталдық тұрғыдан әртүрлі келеді. Консервативті 
сайт-спецификалық рекомбинацияны катализдейтін рекомбиназалар топоизомераза-
ларды жинайды және ДНҚ-мен уақытша жоғары энергиялы коваленттік байланыстар 


358 5-тарау. ДНҚ репликациясы, репарациясы және рекомбинациясы
түзеді. Осыдан, рекомбинация кезінде бұзылған барлық фосфаттық байланыстар про-
цесс аяқталғаннан кейін қалпына келеді. Керісінше, транспозиция белок-ДНҚ аралы 
құрылымы арқылы жүрмейді және осы процесс ДНҚ-полимеразамен репарациялана-
тын үзілістер қалдырады.
Консервативті сайт-спецификалық рекомбинация гендерді қосу және сөндіру 
үшін қолданыла алады
Көптеген бактериялар консервативті сайт-спецификалық рекомбинация көмегімен бел-
гілі бір гендердің экспрессиясын реттейді. Жақсы зерттелген мысал ретінде Salmonella 
бактериясында орын алатын фазалық вариацияны алуға болады. Ген экспрессия-
сының қосылуы Salmonella геномымен кодталатын консервативті сайт-спецификалық 
рекомбиназамен 1000 нуклеотидтік спецификалық тізбектің инверсиясы нәтижесінде 
орын алады. Осы өзгеріс клетка бетіндегі флагеллин атты белоктың экспрессиясын 
өзгертеді. Бактерияда флагеллиннің екі гені болады (
5.65-сурет
). ДНҚ инверсиясы 
промотордың бағытын өзгертеді. Бір бағыттағы промотор флагеллиннің бір түрінің 
синтезін қоздырады, ал инверсияланған промотор тізбегі басқа түрін экспрессиялайды. 
Рекомбинация реакциясы қайтымды, бірақ келесі ұрпақтарда флагеллин белогының тек 
бір түрі ғана болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет