358 5-тарау. ДНҚ репликациясы, репарациясы және рекомбинациясы
түзеді. Осыдан, рекомбинация кезінде бұзылған барлық фосфаттық байланыстар про-
цесс аяқталғаннан кейін қалпына келеді. Керісінше, транспозиция белок-ДНҚ аралы
құрылымы арқылы жүрмейді және осы процесс ДНҚ-полимеразамен репарациялана-
тын үзілістер қалдырады.
Консервативті сайт-спецификалық рекомбинация гендерді қосу және сөндіру
үшін қолданыла алады
Көптеген бактериялар консервативті сайт-спецификалық рекомбинация көмегімен бел-
гілі бір гендердің экспрессиясын реттейді. Жақсы зерттелген мысал ретінде
Salmonella
бактериясында орын алатын
фазалық вариацияны алуға болады. Ген экспрессия-
сының қосылуы
Salmonella геномымен кодталатын консервативті сайт-спецификалық
рекомбиназамен 1000 нуклеотидтік спецификалық тізбектің инверсиясы нәтижесінде
орын алады. Осы өзгеріс клетка бетіндегі флагеллин атты белоктың экспрессиясын
өзгертеді. Бактерияда флагеллиннің екі гені болады (
5.65-сурет
). ДНҚ инверсиясы
промотордың бағытын өзгертеді. Бір бағыттағы промотор флагеллиннің бір түрінің
синтезін қоздырады, ал инверсияланған промотор тізбегі басқа түрін экспрессиялайды.
Рекомбинация реакциясы қайтымды, бірақ келесі ұрпақтарда флагеллин белогының тек
бір түрі ғана болады.
Достарыңызбен бөлісу: