Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет56/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

46 1-тарау. Клеткалар мен геномдар
Қолжетімді мутантты тышқан клетка биологиясын зерттеуші маманға көптеген 
ақпарат бере алады. Ол мутацияның қожайын клеткаға әсерін жан-жақты зерттеуге 
және мутацияға ұшыраған ген әрекетінің салдарынан туындайтын дененің әртүрлі клет-
каларындағы кездейсоқ болатын өзгерістерді талдауға мүмкіндік береді. 
Адам өз ерекшеліктері туралы баяндайды
Біз адам болғандықтан, әрине, біздің адам геномына деген қызығушылығымыз ерек-
ше. Біз өзіміздің қандай құрамдас бөліктерден жасалғанымызды және олардың қалай 
әрекет ететіндігін білгіміз келеді. Егерде біз тышқанның молекулалық биологиясымен 
айналысатын тышқан болсақ, онда адам генетикалық зерттеуге арналған модельді ор-
ганизм болар еді, себебі медициналық талдау және өзіміз туралы баяндау арқылы біз 
өз ауруларымыздың түрлерін жіктей аламыз. Жер шарында адам популяциясы өте кең 
таралған және қазіргі таңда ол, шамамен, 7 миллиардтан астам адамды құрайды. Өзіміз 
туралы баяндау – адам мутацияларының кең ауқымды дерекқоры бар екенін білдіреді. 
Адам геномының 3 миллиардтан астам нуклеотид жұптарынан тұратындығы белгілі 
және бұл мәліметтер қазіргі кезде адамның кез келген генотипіндегі мутацияның салда-
рынан туындаған нақты генетикалық өзгерісті анықтаудың ең тиімді әдісі болып отыр.
Адамдар, тышқандар, балық, шіркей, құрттар, ашытқылар, өсімдіктер мен бактерия- 
лардың, яғни модель ретінде алынған белгілі бір организмнің ген тізбектерінің екінші 
бір модельді организмнің ген тізбектерімен ұқсастықтарын салыстыру көмегімен олар 
туралы түсінігімізді байытып келеміз.
Түбегейлі қарасақ, біз барлығымыз әртүрліміз
Біз адам геномы туралы айтқан кезде нақты не туралы ойлаймыз? Орташа алғанда кез 
келген екі адамның ДНҚ тізбегінің әр 1000 нуклеотидтер жұбының бір немесе екі жұбы 
әртүрлі болады. Адамның геномы өте күрделі болып келеді және ол адам популяция-
сында табылған гендер варианттарының толық жиынтығын қамтиды. Осы түрлілікті 
түсіну бізге неге кейбір адамдардың ауруларға шалдығуы оңай, ал басқалардың төзімді 
болуы; неге біреулер дәрілік препараттарды жеңіл, ал басқалары ауыр көтеретіні туралы 
сұрақтарға жауап беруді жеңілдетеді. Сонымен қатар, мұндай түсініктер бізге эволю- 
циядағы тарихымыздың дамуы туралы мәліметтер береді – популяциялардың миграци-
ясы мен ата-бабаларымыздың бір-бірімен араласуы, олар тап болған инфекциялар мен 
олардың тамақтану ерекшеліктері. Осы тарихи оқиғалар өздерінің іздерін әлемді мекен 
ететін адам қауымдастықтарында сақталған гендер варианттары түрінде қалдырған. 
Клеткалар мен организмдерді түсіну үшін бізге математика, компьютерлер 
және сандық ақпарат қажет
Толық геном тізбегі туралы біліммен қаруланған біздер клеткадағы гендер, белоктар 
мен РНҚ молекулаларын тізімдеп, белгілі әдістердің көмегімен олардың күрделі қа-
рым-қатынастық торын айқындай аламыз. Бірақ осы ақпаратты біз клетканың қалай 
жұмыс істейтіндігін түсіну үшін қалай пайдалана аламыз? Себебі, бір организмнің бір 
клеткасының өзінде ақпараттардың соншалықты көп болуы клетка тіршілігін толық 
түсінудің оңай жұмыс емес екендігін дәлелдейді. 
Негізінде күрделілік тек ақпараттың шамадан тыс көп болуында ғана емес. Биоло-
гиялық жүйелерде, мысалы, кері байланыс ілмектері жиі кездеседі, ал кері байланысы 
бар қарапайым жүйелердің әрекетін болжау өте қиын (
1.47-сурет
); ерекшеліктердегі 
ең кіші өзгерістің өзі айтарлықтай салдар тудыруы мүмкін. Циклдық диаграммадан 


ЭУКАРИОТТАРДАҒЫ ГЕНЕТИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
47
жүйе әрекетін болжауға көшу үшін сипатталған сандық ақпаратты және осы ақпарат 
негізіндегі болжауларды қалыптастыру үшін біз компьютерлер мен математиканы қа-
жет етеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет