ЭУКАРИОТТАРДАҒЫ ГЕНЕТИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
43
жақын организмдердегі гендердің
орналасу ретін салыс-
тыру нәтижесінде, омыртқалылар
эволюциясының уақыт
шкаласымен есептегенде, көп
жағдайда хромосомалардың
құйылысатындығы, ДНҚ тізбектерінің үлкен аудандарының
жылжитындығы және алмасатындығы анықталды. Дегенмен,
қазіргі таңда қалыптасқан геномдар толық геномның дупли-
кациялануынан гөрі көптеген
геном фрагменттерінің бөлек
дупликациялануының нәтижесі болуы мүмкін.
Эволюция барысында толық геномдық дупликациялар орын алып отырады. Мыса-
лы, бақалардың
Xenopus туысы, бір-бірімен геномның дупликациясы немесе триплика-
циясы жағынан туыстас болатын, бірнеше түрлер жиынтығын біріктіреді. Осы бақалар
тобына
X. tropicalis (қалыпты диплоидты геном), зертханалық
X. laevis (геномы дупли-
кацияланған және әр клеткаға шаққанда ДНҚ-сы екі есе көп) түрі және
X. ruwenzoriensis
(геномы алты еселік редупликацияланған және 108 хромосомадан тұрады,
X. laevis
түрінде 36 хромосома болады) түрі жатады. Осы түрлер бір-бірінен, шамамен, 120 мил-
лион жыл бұрын ажыраған (
1.42-сурет
).
Бақа мен данио балығы омыртқалылар дамуының модельдері бола алады
Бақалар омыртқалылардың эмбриондық дамуының ерте кезеңдерін зерттеу үшін
көптеген
уақыт бойы қолданылып келді, себебі олардың жұмыртқалары үлкен,
Достарыңызбен бөлісу: