Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет54/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

1.44-сурет
).
1.44-сурет.
 
Данио балығы омыртқалы-
лар дамуын зерттеудің моделі ретінде. 
Осы кіші төзімді тропикалық балықтар 
генетикалық зерттеулер үшін тиімді 
болады. Осыған қоса, олардың мөлдір 
эмбриондары сырттай дамиды және тірі 
организмнің даму барысында әр клетка-
ның жылжуы мен қасиеттерінің өзгеруін 
тікелей байқауға мүмкіншілік береді. (A) 
Ересек балық. (Ә) Ұрықтанғаннан кейін 
24 сағаттық эмбрион. (A, Steve Baskauf 
рұқсатымен; Ә, M. Rhinn et al., Neural 
Dev. 4:12, 2009 көзінен алынды).
Тышқан сүтқоректілердің ішіндегі ең жиі қолданылатын модельді организм 
болып табылады
Сүтқоректілерде, Drosophila-ға қарағанда, гендер саны екі есе көп, геномы 16 есе үл-
кенірек және клеткалар саны миллиондаған есе көбірек болады. Геномының көлемі 
мен функциясы бойынша, клеткалық биология мен молекулалық механизмдер тұрғы-
сынан қарағанда, сүтқоректілер организмдердің біркелкі емес тобы болып табылады. 
Тіпті анатомиялық тұрғыдан салыстырғанның өзінде де сүтқоректілер арасындағы 
айырмашылықтарды олардың, тіпті, дене көлемдері мен пропорцияларының өзінен-ақ 
байқауға болады. 
Сүтқоректілердің генетикалық тұрғыдан бір-біріне қаншама жақын екенін нақты 
анықтау үшін біз сәйкес (ортологтар) гендердің нуклеотидтік тізбектерін немесе олар 
кодтайтын белоктардың аминқышқылдық құрамын салыстырамыз. Жеке гендер мен 
белоктар үшін нәтижелер әртүрлі бола алады. Егер адам белогының аминқышқылдық 
тізбегімен, мысалы, пілдегі осы геннің ортологын салыстыратын болсақ, онда амин 
қышқылдарының, шамамен, 85%-ы бірдей болады. Адам мен құстардың аминқышқыл-
дық тізбектерінде 70% сәйкестілік болады, яғни олардың арасындағы айырмашылықтар-
дың мөлшері, алдыңғылармен салыстырғанда, шамамен, екі есе көп болатындығын 
көрсетеді, себебі құстар мен адамдар, піл мен адамға қарағанда, генетикалық тұрғыдан 
бір-бірінен екі есе уақыт бұрын ажыраған болатын (
1.45-сурет
). 
Денесінің кіші болуына, әрі төзімді және жылдам көбейетін қасиеттеріне байла-
нысты тышқан омыртқалылардың молекулалық генетикасын зерттеудегі ең оңтайлы 
модельді организмі болып табылады. Табиғатта орын алатын мутациялардың көпшілігі 


ЭУКАРИОТТАРДАҒЫ ГЕНЕТИКАЛЫҚ АҚПАРАТ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет