1.47-сурет. Өте қарапайым реттеудің айналымы – дара ген өзінің экспрессиясын өзінің белоктық өнімін өзінің реттегіш ДНҚ тізбегімен байланыс- тыру көмегімен реттейді. Осындай қарапайым ди-
аграммалар осы кітапта көп кездеседі. Олар әдетте
біздің білгенімізді қорытындылау үшін қолданыла-
ды, бірақ олар көптеген сұрақтар қалдырады. Бе-
лок байланысқан кезде ол геннің транскрипциясын
тежей ме, әлде қоздыра ма? Транскрипция деңгейі
белоктың концентрациясына қаншама тәуелді бо-
лады? Орташа алғанда белок молекуласы қаншама
уақыт бойы ДНҚ-мен байланыста болады? мРНҚ
немесе белок молекуласын өндіру үшін қанша
уақыт қажет және молекуланың әр түрі қандай уақыт аралығында ыдыратылады? Математикалық
модельдеу алдымен бір гендік жүйенің әрекетін болжау алдында біз осы және басқа да сұрақтарға
сандық жауапты қажет ететінімізді көрсетеді (8-тарау). Әртүрлі параметрлер кезінде жүйе уникалдық
тыныштық күйге ауыса алады; немесе ол бір немесе басқа күйде әрекете ете алатын свитч ретінде
әрекет ете алуы мүмкін; немесе ол тербеле алады; немесе ол үлкен кездейсоқ тербелістер көрсете
алады.
Осы құралдар сандық дәлелдер алу үшін өте маңызды, бірақ олардың барлығы
дерлік қажетті мәселелерді шеше алады деп айтуға болмайды. Егерде сіз бір белоктың
басқа белокқа қалай әсер ететінін немесе басқа гендердің өнімдерімен қажетті геннің
экспрессиясы қалай реттелетінін білсеңіз, онда клетканың толық әрекетін санай аламыз
деп ойлайтын шығарсыз. Бірақ тіршілік ететін клетканың толық әрекетін санауға кел-
ген кезде біздің біліміміздің жеткіліксіздігіне көзіміз жетеді. Егер белгілі бір ақпаратты
қарастыратын болсақ, онда көптеген жетіспейтін аудандары мен қайшылықтардың
бар екенін көреміз. Осыған қоса, ол сандық ғана емес, сонымен қатар сапалық айыр-
машылықтар болып табылады. Көпшілік жағдайда клетканың реттелу жүйесін зерт-
тейтін биологтар өздерінің білімдерін сандар, графиктер немесе теңдіктерге қарағанда,
қарапайым сызбанұсқалар түрінде көрсетеді – мұндай мәліметтер осы кітапта көптеп
кездеседі.
Сапалық талқылау мен болжалмалы дәлелден сандық сипаттау мен математикалық
дедукцияға көшу клетканы зерттеуші биологтар тап болатын ең маңызды мәселе болып
отыр. Біз сандық биологияны келешекте қарастырамыз және 8-тараудың соңғы бөлімін
клеткалық биологиядағы сандық ақпараттың маңызына арнадық.
Білім мен түсінік жетістіктерге мүмкіншілік береді – адамдар жайында: ауралардан
аман қалу немесе оны болдыртпау; өсімдіктер жайында: сапалы дақылдар алу; бакте-
риялар жайында: оларды өзіміздің қажеттілігіміз үшін қолдану. Тірі организмдердің
барлығының генетикалық ақпараты бір тілде жазылатындықтан аталған биологиялық
мәселелердің барлығы бір-бірімен өте тығыз байланысты. Молекулалық биологтардың
осы тілді оқи білуі және оны түсінуге мүмкіндік беретін қолжетімді жаңа әдістердің
жасалуы біздің тіршілік әлеміне деген көзқарасымызды өзгерте бастады. Клеткалық
биологияға арналған келесі тараулардағы ақпараттар оқырманға түсінік беріп, мүмкін,
оларға жиырма бірінші ғасырдың ғылыми саяхатына үлесін қосуға ниет тудырар деп
сенеміз.