80 2-тарау. Клетка химиясы мен биоэнергетикаcы
сынан
2.32-суретте
көрсетілген. Осы суретте энергия жағынан тиімді реакциялар түсіп
жатқан тастар ретінде келтірілген. Түсіп жатқан тастардың энергиясы олар жерге жет-
кен кезде жылу ретінде қоршаған ортаға таралар еді. Дегенмен, басқа жолмен энергия-
ның бір бөлігін ескіш қалақ арқылы суға толған шелекті көтеру үшін қолдануға болады
(2.32Ә-сурет). Тастар жерге тек ескіш қалақты іске қосудан кейін ғана жететіндіктен
біз тастардың энергия жағынан тиімді түсу реакциясы энергия жағынан тиімсіз ескіш
қалақты іске қосу реакциясымен
жұптасты деп айта аламыз. Тастар жерге қалақты
іске қосудан кейін ғана түсетіндіктен, олардың жерге түсу энергиясы төменірек болады
және жылу ретінде тарайтын энергияның мөлшері де азырақ болады.
Достарыңызбен бөлісу: