КАТАЛИЗ ЖӘНЕ КЛЕТКАЛАРМЕН ЭНЕРГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ
79
олардың Δ
G
0
көрсеткіштері, сәйкесінше, +5 және -13 кДж/моль. Егер осы екі реакция
тізбекті орын алса, жұптасқан реакцияның Δ
G
0
көрсеткіші -8 кДж/моль-ді құрайды.
Қолайлы жағдайда тиімсіз X→Y реакциясы тиімді Y→Z реакциясымен жұптасар еді.
Мысалы, СО
2
мен Н
2
О-ның қанттарға айналуының ұзақ жолындағы бірнеше реакция-
лардың бос энергия өзгерісі оң болады. Бірақ, тізбекті
реакциялардың бос энергия
өзгерісі үлкен теріс көрсеткішке ие болатындықтан, бұл реакциялық жол іске асады.
Тізбекті реакциялар жолын түзу әрқашанда тиімді бола бермейді. Әдетте қажетті
реакциялық жол қарапайым X→Y болады және реакция өнімі келесі реакцияларға қа-
тыспайды. Сәттілікке орай реакцияларды жұптастыру үшін ферменттерді қолданудың
көптеген амалы бар. Олар көпшілік жағдайда, біз келесі бөлімде қарастыратын, актива-
цияланған тасымалдаушы молекулалардың қатысуымен жүреді.
Активацияланған тасымалдаушы молекулалар биосинтез үшін өте маңызды
Қоректік молекулалардың тотығуынан бөлінетін энергия, клеткаға қажетті басқа моле-
кулаларды түзу үшін бағытталуы алдында, уақытша сақталуы тиіс. Көпшілік жағдай-
ларда энергия, кұрамында бір немесе одан да көп энергияға бай ковалентті байланыс-
тары бар, активацияланған «тасымалдаушы молекулалардың»
химиялық байланыс
энергиясы түрінде сақталады. Осы молекулалар клеткада тез арада диффузияланады
және өздеріндегі энергияны түзілген ауданнан энергияны қажет ететін аудандарға тасы-
малдайды (
Достарыңызбен бөлісу: