Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет93/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

2.34-сурет
). 
2.34-сурет. 
Фосфат тасымалы ре-
акциясының мысалы. АТФ құра-
мындағы жоғары энергиялы фос-
фоангидридтік 
байланыс 
фосфоэфирлік байланысқа айнала-
тындықтан, осы реакция энергия 
тұрғысынан тиімді келеді және 
оның ΔG көрсеткіші теріс болады. 
Осындай реакциялар фосфолипид-
тердің синтезінде және қанттар ка-
таболизмінің бастапқы қадамда-
рында орын алады.
Клеткадағы ең көп кез-
десетін активацияланған та- 
сымалдаушы болғандықтан 
2.33-сурет. 
АТФ-тің АДФ 
пен 
бейорганикалық 
фосфорға дейін гидролиз-
денуі. АТФ-тегі сыртқы екі 
фосфат молекуламен жоға-
ры энергиялы фосфоанги-
дридтік байланыс арқылы 
байланысады және олар 
оңай тасымалданылады. 
Көрсетілгендей, 
АТФ-ке 
судың қосылуы АДФ пен 
бейорганикалық 
фосфор 

б
) түзеді. АТФ-тің сыртқы 
фосфатының 
гидролизі 
шамамен 46-54 кДж/моль 
пайдалы энергия түзеді 
(клетка ішілік жағдайға 
байланысты). Үлкен теріс 
ΔG көрсеткіші бірнеше фак-
торлардан қалыптасады: 
сыртқы фосфаттың босауы 
көршілес теріс зарядтар-
дың тебілуін азайтады және 
босайтын бейорганикалық 
фосфат резонанс және су 
молекуласымен 
сутектік 
байланыс түзу көмегімен 
тұрақтанады.


82 2-тарау. Клетка химиясы мен биоэнергетикаcы
АТФ энергияның негізгі төлем бірлігі болып табылады. Ол заттарды клетканың ішіне 
және сыртына тасымалдайтын көптеген насостарды энергиямен қамтамасыз етеді және 
бұлшық еттердің жиырылуы мен жүйке клеткаларына молекулалар мен заттарды
ұзын 
аксондарының бір ұшынан екіншісіне тасымалдауға мүмкіншілік береді. 
АТФ-те сақталатын энергия көпшілік жағдайда екі молекуланы байланыстыру 
үшін жұмсалады
Біз энергия жағынан тиімді реакцияның X→Y тиімсіз реакциямен жұптасуын талқы-
лағанбыз. Екінші фермент энергия жағынан тиімді Y→Z реакцияны катализдейді де, 
барлық X-ті Y-ге айналдырады. Егер де, қажетті өнім Y болған жағдайда бұл механизм 
жұмыс істемейді. 
Қалыпты биосинтездік реакцияда А және В молекулалары бір-біріне жалғанады да, 
энергия жағынан тиімді конденсациялық реакция көмегімен А-В өнімі түзіледі: 
А-Н + В-ОН → А-В + Н
2
О
Осы жағдайда А-Н пен В-ОН-тың қосылуы және А-В түзілуі тікелей емес жолмен 
АТФ гидролизі реакциясымен жұптасу арқылы іске асады. Алдымен АТФ гидролизинің 
энергиясы В-ОН қосылысын жоғары энергиялы аралық қосылысқа айналдырады. Осы-
дан кейін В-ОН А-Н-пен байланысады да, А-В түзіледі. Ең қарапайым мүмкін болатын 
механизм бойынша В-ОН фосфатпен қосылып, В-О-РО
3
түзеді. Ракция екі қадамдық 
жолмен іске асады:
1. В-ОН + АТФ → В-О-РО
3
+ АДФ
2. А-Н + В-О-РО
3
→ А-В + Ф
б
Қорытынды реакция: В-ОН + АТФ + А-Н → А-В + АДФ + Ф
б
Энергия жағынан тиімсіз болатын конденсациялық реакция ферментпен катализ-
денетін реакциялық жолдағы АТФ гидролизімен жұптасу арқылы іске асуы қажет
(


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет