Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет96/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

2.37-суретте
 
келтірілген.
2.37-сурет. 
НАДФН тотықсыздандырғыш агент ретінде. (A) Холестеринді түзетін биосинтетикалық 
жолдың соңғы кезеңі. Басқа биосинтетикалық реакцияларда, C=C байланысының тотықсыздануы 
гидрид ионының НАДФН тасымалдаушы молекуласынан және сұйықтықтан протонның (H
+
) тасыма-
лынан іске асады. (Ә) НАДФН мөлшерін жоғары және НАДН мөлшерін төмен деңгейде ұстау олардың 
электрондаға деген аффинділігін өзгертеді. Осының нәтижесінде НАДФН-тың НАДН-қа қарағанда 
күштірек электрон доноры (тотықсыздандырғыш агент), ал НАД
+
-тің НАДФ
+
-ке қарағанда күштірек 
электрон акцепторы (тотықтырғыш агент) болуына жағдай жасайды.
НАДФН-тың құрамындағы фосфат тобы, НАДН-қа қарағанда, электрон тасымалы-
на ешқандай әсер етпейді, себебі оның фосфат тобы электрон тасымалы орын алатын 
ауданнан алшақ орналасады. Бірақ, фосфат тобы НАДФН молекуласына аздаған басқа 
келбет береді. Сондықтан олар мүлдем әртүрлі ферменттер жиынтығы катализдейтін 


КАТАЛИЗ ЖӘНЕ КЛЕТКАЛАРМЕН ЭНЕРГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ
85
реакциялардың субстраттары болады. Дегенмен, осы екі тасымалдаушылар электрон-
дарды екі әртүрлі молекулалар жиынтықтарының арасында тасымалдайды. 
Осы жерде неге еңбек бөлінісі орын алады? Бұл сұрақтың жауабы электрон тасы-
малының екі жиынтығын бөлек реттеуден шығады. НАДФН, негізінде, анаболиттік 
реакцияларды катализдейтін ферменттермен бірге әрекет етеді және энергияға бай 
биологиялық молекулаларды синтездеуге қажетті энергияға бай электрондармен қамта-
масыз етеді. НАДН, керісінше, қоректік заттарды тотықтыру көмегімен АТФ түзетін 
катаболиттік реакциялардың аралық қосылысы түрінде әрекет етеді. НАДН-тың НАД
+
-
тан және НАДФН-тың НАДФ
+
-тен түзілуі әртүрлі жолмен жүреді және бөлек реттеледі. 
Сондықтан клетка осы екі қарама-қарсы процестерді қажетті электрондармен қамтама-
сыз етуді реттей алады. Клеткада НАД
+
-тың НАДН-қа қатынасы жоғары, ал НАДФ
+
-
тың НАДФН-қа қатынасы, керісінше, төмен болады. Осының арқасында НАД
+
-тың 
жоғары концентрациясы тотықтырғыш агент, ал НАДФН-тың жоғары концентрациясы 
тотықсыздандырғыш агент ретінде қызмет ете алады. 
Клеткаларда басқа да активацияланған тасымалдаушы молекулалар болады
Басқа активацияланған тасымалдаушылар да оңай тасымалданатын жоғары энергиялы 
байланыстары бар химиялық топтармен байланысады және оларды тасымалдайды. 
Мысалы, коэнзим А тиоэфирлік байланыс түзе отырып, оңай тасымалданатын ацетил 
тобын тасымалдайды және осындай активацияланған күйде ол ацетил-КоА ретінде 
белгілі. Клеткада ацетил-КоА (
2.38-сурет
) екі көміртекті бірліктерді қосу арқылы үлкен 
молекулалардың биосинтезі реакцияларында қолданылады. 
Ацетил-КоА-да, басқа тасымалдаушы молекулалардағы сияқты, тасымалдаушы 
топ молекуланың тек кіші бөлігінде ғана орналасады. Молекуланың қалған бөлігі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет