Сабақтың өтілу форматы: On-line тестілеу, ситуациялық есептер шығару және нәтижелерін
талдау. Жұппен жұмыс: кариограммаларды талдау.
Бақылау: Бағалау – суммативті тестілеу, ситуациялық есептерді шығару, нәтижелерін ауызша
талдау, кариограммаларды талдау нәтижелері бойынша бағаланады.
БОӨЖ тапсырмалары: 1. Ситуациялық есептер: 1.Ата-насының екеуінің де көздері қара отбасында көк көзді бала туылды. Аталған осы жағдайда
қандай өзгергіштіктің нәтижесінде болып отыр? Осы өзгергіштіктің мүмкін болатын барлық
механизмдерін түсіндіріңіздер.
2. Ауру ер адамның барлық жасушаларынан Х-хромасоманының артық болуы есебінен 47
хромосома анықталған. Мутацияның атын атап, оның пайда болуының мүмкін болатын
механизмдерін және оның келесі ұрпақтарына берілу мүмкіндігін көрсетіңіз.
3. 12 жастағы баланың төменгі жақ сүйегінен саркома анықталған. Баланың ата-аналары сау.
Аталған патология қандай мутациядан пайда болған?
4. Қызылшамен (вирустық инфекциялық ауру) ауырған әйелден естімейтін бала туылды.
Болашақта естімейтін немерелері туылуы мүмкін бе?
БОӨЖ бақылау: кері байланыс түрінде кеңес өткізу
БӨЖ тапсырмасы: тақырып бойынша 3 ситуациялық есеп құрастыру.
БӨЖ бақылау: төртінші аралық бақылауға дейін қорғау. Сабақ №15 сабақ. Гендік мутациялардың және ДНҚ репарациясының молекулалық- генетикалық механизмдері Сабақ аяқталған соң студенттер: гендік мутацияларды жіктеуй алуға, гендік мутациялардың
себептері мен механизмдерін түсіндіре алуға, адамның гендік ауруларының дамуында гендік
мутациялардың рөлін түсуге, OMIM (Online Mendelian Inheritance in Man) мәліметтер базасымен
жұмыс істеуге және
Сабақ аяқталған соң студенттер:
ДНҚ молекуласындағы зақымдалу түрлерін
танып, ажырата алуға, түрлі репарация типтірінің себептері мен механизмдерін түсіндіре алуға,
адамның тұқым қуалайтын ауруларында ДНҚ репарациясының рөлін түсінуге қабілетті болады.