Молекулалық биология кіріспе Молекулалық биология пәні және міндеттері



бет25/31
Дата06.10.2023
өлшемі67,07 Kb.
#112977
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
35.тРНҚ-ның адапторлық қызметтері.
тРнҚ аминқышқылдарын тасымалдайды,трансляция кезінде адапторлық қызмет атқарады.Яғни аРНҚдағы кодондарды танып, аминқышқылдарының колинеарлы түрде полипептидтік тізбектің синтезделуін қамтамасыз етеді.

36.Ақуыздардың посттрансляциялық модификациясы

Посттранскрипциялық модификация Бірінші реттік транскрипциялык өнім -транскрипт немесе ядролық РНҚ - лар қызмет атқаруға қабілетті емес ( жетілмеген ) және көлемі жағынан цитоплазмалық РНҚ - дан едәуір ұзын болып синтезделеді . Ядролық РНҚ лардың құрамында ақпарат жазылған учаскелер —экзондар және олардың ара - арасында орналасқан ақпараты жок учаскелер - интрондар болады , Сондықтан оларды гетерогендік ядролық РНҚ ( гя РНҚ ) деп те атайды . Транскрипция нәтижесінде түзілген осы гетерогендік ядролық РНҚ не месе про - а - РНҚ - ның құрамында 500 - ден 50000дейін нуклеотидтер болады . Гетерогендік ядролық РНҚ бұдан кейін бірқатар құрылымдық өзгерістерге ұшырап , функциональды активті , жетілген а - РНҚ - ға айналып цитоплазмаға , белок синтезделетін жерге жеткізілуі тиіс . Бұл әрекеттер жиынтығын « процессинг »деп атайды.Процессингтің 3кезеңі болады:кейбір нуклеотидтердің алынып тасталуы;кейбір нуклеотидтердің жалғануы;олардың модификациялануы.
Транскрипцияның өнімін дұрысырақ, м-РНҚ-ң негізін құрушы деп атайды, яғни ол ядрода пісіп жетілуге немесе процессингке ұшырайды, бұл кезде ол модифицирленеді.РНҚ посттранскрипциялық модификациясы көп түрлі болып келеді, мысалы:Уридин қалдығы тотықсызданады; (дигидро уридин пайда болғанға дейін)Басқалары изомерленеді; (псевдоуридин)Үшінші біреуі - метилденеді; (метилуридин)Аденазиннің кейбір қалдықтары дезалинденіп анозинге айналады, соңғыларының кейбіреулері тағы да метилдейді. Түрлі гендерден түзілген гетерогендік ядролық РНҚ - дың кейінгі жағдайлары түрліше болып өзгереді :
1. Кейбір гендерден түзілген РНҚ - лар жетілген , цитоплазмалық РНҚ - ға айналмайды , сондықтан олар цитоплазмаға өтпей ядрода ыдырап кетеді .
2. Әр геннен түзілген бірінші реттік РНҚ - лар ( транскрипт толығымен процессинге ұшырамай олардың тек 25 % -ға жуығы ғана жетілген а - РНҚ - ға айналып , қалған 75 % ядроның ішінде ыдырап кетеді . Олай болса , ядролық РНҚ - ның тек 5 % ғана ( жалпы салмағының ) цитоплазмаға өтеді .
Ядролық РНҚ - ның цитоплазмаға өтіп , жетілген , функциональды активті 4 - РНҚ - ға айналуы немесе процессинг мына әрекеттер жиынтығын қамтиды :


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет