Молодой учёный



Pdf көрінісі
бет11/15
Дата12.03.2017
өлшемі2,39 Mb.
#8780
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

52

«Молодой учёный»  .  № 7.1 (87.1)   .  Апрель, 2015  г.



«Бөлме өсімдіктерін күту» курсында проблемалық сұрақтарды пайдалану

Назарова Гульмира Асылбековна, аға оқытушы, п. ғ.к.;

Оспанова Гүлжазира Қарсақбаевна, биология магистрі

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

С

туденттердің қызығушылықтарын арттыру үшін де са-



бақты проблемалы жоспарда құрастыру тиімді. 

Про-

блемалы оқыту технологиясы — субъектінің өзбетінше 

ойлау әрекетінің психологиялық заңдылықтарын еске-

ретін дидактикалық тәсіл. 

Проблемалық жағдай — білім 

алушыны ойландыратын проблемалы сұрақ, тапсырма, 

есептердің түрлері. 

Проблема — танымдық қиналы-

старды тудыратын проблемалық жағдайдың элементтері.

Проблемалы тәсіл білім алушылардың белсенді та-

нымдарын ұйымдастыруды ұсынады, бұл кезде оқы-

тушының рөлі білім алушылардың танымдық әрекеттерін 

басқару қызметімен ұштасады. Әдістің негізі — сабақта 

проблемалы жағдайды қозғау, яғни құбылыстар мен дәй-

ектерді түсіндіру үшін білім алушыларда қажетті білім-

дердің болмауы жағдайында интеллектуалдық қиындық 

жағдайының туындауы. Оқу материалының мазмұны мен 

білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес пробле-

малы тәсілді ұйымдастырудың түрлі жолдары бар. Оларды 

мысалдар арқылы қарастырып, көрсетеміз:

1. Проблемалы сұрақ беру

Бөлме өсімдіктерінің температураның өзгерістеріне 

бейімделу қасиеттерінің әр түрлі болуы дәйегін немен бай-

ланыстырады?

2. Парадоксалды дәйектерді мысалға келтіру не-

гізінде:  әдетте бөлме өсімдіктерін ауаны тазалап, 

оттегімен байытатын қасиетін жақсы білесіздер, 

алайда кейбір өсмідіктер түрін (мысалы, аглонема) 

балалардың бөлмесіне немесе сыныпқа өсіруге бол-

майды дейді. Оның себебі немен байланысты.

Кез-келген проблеманы шешуге студенттер төмендегі 

кезеңдерді бөліп қарастыру арқылы жетеді:

І кезең — проблеманы ұғынуы, қарама-қай-

шылықты ашуы. Ол үшін сұрақты бар ынтамен оқып 

шығып, сұрақтың шарты мен талабын табу керек; шартқа 

не керек екенін және талап бойынша нені табу керек 

екенін анықтау; осы құбылыс немесе объекті бойынша 

бұған дейінгі білетіндерін, оны қандай себеп-салдар бай-

ланысы түсіндіретінін еске түсіру керек; бұған дейінгі 

алған білімдері мен жаңа мәліметтерді салыстыру, осы 

салыстыру негізінде сұрақта жасарынған қарама-қай-

шылықты айқындау.

ІІ кезең — берілген жағдайға сәйкес болжам 

жасау. Бұл кезеңде осы құбылыс немесе объектінің пайда 

болуының себебі жөнінде ұсыныс айту, болжам жасау.



ІІІ кезең — болжамды дәлелдеу. Бұл кезеңде жаңа 

бір мәселені қарастыру; болжамда айтылған пікірге 

сүйене отырып, осы мәселеге жауап беру; мүмкіндігіне 

қарай өзінің жауабын тексеру.



ІV кезең — жалпы қорытынды жасау. Бұл кезеңде 

мынадай әрекеттерді атқарулары тиіс, сұрақтарға жауап 

берулері керек: 1) Сіз қандай жаңа білімдер алдыңыз? 

2) Осы құбылысты немесе объектіні түсіндіретін се-

беп-салдар байланысы жөнінде жаңадан нені білдіңіз?

«Бөлме өсімдіктерін күту» курсында студенттерге ұсы-

нуға болатын бірнеше проблемалық сұрақтарды, про-

блемалы тапсырмалардың жауаптарымен мысалға кел-

тірейік.

Өсімдікті өсірудің қиындықтарымен байланысты про-

блемалық сұрақтар мен тапсырмалар:

 



Үй өсімдігі ауырып тұрғанда не істеу керек?

Басқа бөлмелерде өзін нашар сезінетін өсімдіктерді 

жинап, жуыну бөлмесін «емхана» ретінде пайдаланыңыз. 

Көптеген түрлеріне ыстық пен ылғал ем ретінде әсер 

етеді. Көптеген өсімдіктер «емханадан» кейін 3–6 айда 

қайта қалпына келеді.

Жуыну бөлмесінде тұрған өсімдіктерге суды көп құюға 

болмайды, өйткені олар ылғалды ауадан алады. Және де 

бөлмені желдетіп тұру керек.



 



Бенджамин фикусының жапырағы сарғайып түсіп 



қалды. Ол қандай ауру?

Қыс және күз айларында фикус жапырақтары шамамен 

10–20% түседі. Ол қалыпты жағдай. Оның орнына көк-

темде жаңадан жапырақтар шығады. Егер көп мөлшерде 

жапырақтар түссе, онда қалай суарып жүргеніңізді тек-


53

“Young Scientist”   #7.1 (87.1)   April 2015

серіңіз. Фикус өсімдігінің бұл түрі үшін қыс айында күн-

дізгі температура 18ºС аспауы керек.



 



Өсімдіктер неліктен әлі жасыл, бірақ сәл бүріскен 



жапырақтарын жоғалтады?

Бұл жағдай ылғалды ауаның төмен болуынан және 

суды дұрыс құймағандықтан немесе субстраттың кедей-

лігінен болады. Күнделікті өсімдікке суды бүркіп тұру 

керек және құмыраны ылғал майда қиыршық тас қаба-

тының үстіне қою керек. Суаруды реттеп немесе қайта 

отырғызу керек. Өсімдіктің бұтақтарын қыс айында кесіп 

тұру керек. Сонда жас жапырақшалар тез шығады.



 



Өсімдіктердің бүр жарып келе жатқан гүлдері се-



бепсіз неліктен түседі?

Егер өсімдік салқын жерде тұрған жағдайда, құйылған 

су салқын болғанда немесе жаңа сатып алынған өсімдікті 

дұрыс тасымалдамағанда гүл бүршіктері түсіп қалады. 

Өсімдікті гүл бүршіктері енді қалыптаса бастағанда қайта 

отырғызса да гүлдері түсе бастайды. Гүл бүршіктерінің тү-

суіне күн мен түннің температурасының арасындағы ай-

ырмашылық көп болса да ықпал етеді. Сол үшін гүлдейін 

деп тұрған өсімдіктерді 18ºС та және ауа ылғалдылығы 

60% кем болмайтын өте жұмсақ климатта ұстау керек.

Өсімдікті жиі суару керек, тыңайтқыштың концентра-

циясын төмендету керек. Өсімдік бүр жарғанда оны суару 

үшін де орнынан қозғауға болмайды.

 



Жайнап өсіп тұрған өсімдіктің солмай жатып 



неліктен гүлдері себепсіз түсе бастайды?

Бөлмеде температура өте жоғары болса және де ауа 

құрғақ болған жағдайда, өсімдік жел өтінде тұрсан немесе 

аз суғарылса гүлдері түсе бастайды. Сол үшін күндізгі тем-

пература 20ºС, түнде 15ºС аспау керек. Суықты жақсы 

көретін өсімдіктер — азалия, қоңыраугүл, цинерарри, 

цикламен, примулдар 12ºС-15ºС температурада да көп 

уақыт гүлдеп тұра береді. Гүлдеп тұрған өсімдікке суды 

шашып себуге болмайды, өйткені жапырағына тигенде 

кішкентай су тамшыларының өзі жапырақтарын ағартып 

жібереді де, түсіріп тастайды

 



Өсімдіктерге дәруменнің жетіспеушілігін қалай 



білуге болады?

Егер өсімдіктердің жапырақ беті бозарып және 

сарғайып кетіп, ал талшықтары жасыл күйінде қалса 

темір мен хлороз жетіспеушілігінің белгісі. Азот жетіспе-

ушілігінен талшықтарда сары түсті ореолдар пайда бо-

лады. Ересек жапырақтарда калий жетіспеушілігінен сары 

дақтар пайда болады. Өсуі мен гүлденуі тежеледі. Мине-

ралды заттарды қажетті мөлшерде ала алмауы салдарынан 

өсімдіктерде дәрумен жетіспеушілігі дамиды. Құрамында 

әк ерітіндісі бар су қоспасын бөлме өсімдіктеріне пайда-

лануға болмайды. Себебі хлороз ауруын тудыру қаупі бар. 

Әр өсімдіктің өз түріне қарай субстратқа балдыр мен көң 

негізінде жасалынған органикалық тыңайтқыштың 5 және 

20% қосу керек.



 



Жапырақтардың ұштары құрғап қараяды. Жи-



ектерінде үлкен қызыл қоңыр бөлiктер пайда болады

олар біртіндеп қурап солады. Өсімдік біртіндеп жансы-

зданып шіри бастайды. Нелiктен?

Қурап қалуының себебі: ауа ылғал болуымен және 

салқын жерде тұруында. Ол күйiктiң зардабынан бола 

алады. Өсiмдiктердің субстраты өте нығыздалған немесе 

ауа өткiзбеуінен тамыры тұншығады және көп суарғаннан 

да болады. Жапырақтарды бүркiңiз, дымқыл керамзиттiң 

қабаты немесе майда қиыршық тас салу керек. Егер жа-

пырақтар қарайса және жұмсақ болса, суаруды 10 күнге 

токтатыңыз. Субстратын толығымен ауыстырып өсімдікті 

қайта көшіріп отырғызу қажет. Тамырында солған бөлік-

тері болса кесіп алып тастаңыз.

 



Бiр немесе бiрнеше жапырақтар түсін өзгертіп 



не бозарып кеттi. Бастапқыда қара дақтар ғана пайда 

болып, кейіннен жапырақ толығымен қарайып түсіп 

қалады. Нелiктен?

Төмен ауа температурасы немесе температураның 

күрт өзгеруінен, өсімдіктің желде қалуы, субстраттың 

тозуы жапырақ түсін өзгертеді. Өсімдікті 10 күн бөлек 

койып қойып бақылаңыз. Суаруды қысқартыңыз, тыңай-

ткыш косуды тоқтатыңыз және өсімдікті тура күн көзіне 

қоймаңыз. Жапырақтардың түсiн жоғалтуы көбіне өсiмдiк 

ауруының бiрiншi симптомы болады. Өсімдікті қандай 

жағдайда өсіп жатқанын қадағалаңыз. Өсімдікке қолайлы 

жағдай жасалуы қажет.



 



Бастапқыда жапырақтары кейін барлық өсімдік 



біртіндеп солады. Нелiктен?

Суды сирек құю нәтижесінде субстрат ылғалды жақсы 

ұстамайды немесе тамырға ылғал жетпейді. Егер ауа тем-

пературасы жоғары болса, жиі суарыңыз. Әрбiр 10 күнде 

жарты сағатқа субстрат әбден ылғалдану үшін суға құмы-

рларды батырыңыз. Субстраттағы жоғарғы шымтезектің 

мөлшері 50% көп болмауы керек. Төменгі шымтезек не-

месе бақша топырағы ылғалды жақсы реттейді.



 



Жапырақтардың бiреуі немесе бiрнешесi ашық 



сары түске боялып, кейін жапырақтар түсіп, сабағы жа-

лаңаштанып бос қалады. Нелiктен?

Төменгі жапырақтардың сарғаюы — табиғи про-

цесс. Өйткені сабағының қатаюы, тығын тәріздес өлі ұл-

палардың пайда болуына әкеліп соғады да, олар жапы-

рақтарды қоректендіре алмайды. Каучук беретін фикуста 

дәл осылай болады. Ол діңгек түзе отырып, төменгі жапы-

рақтарын түсіреді.

Егер қысты күні барлық жапырақтардың үштен бірі 

сарғайып түсуі қалыпты процесс. Ал егер жапырақтардың 

көпшiлiгi немесе тек қана жаңадан көрiнген жас жапы-

рақтардың сарғаюын ауырғандық белгісі ретінде қарау 

керек. Өсімдік осылайша өзін қолайсыз сезінетіндігін 

көрсетіп белгі береді. Бұл дұрыс суарылмау немесе сәйкес 

келмейтін тыңайтқыштар пайдалану немесе тым құрғақ 

ауа температурасының әсерінен болуы да мүмкін. Қыста 

температура тым жоғары болмауы керек, жиі жапы-

рақтарды бүркіп суармаңыз. Жазда қызғылт өсімдік ке-

несімен зақымданбауын қадағалаңыз.

Егер әңгіме бiр немесе екi жапырақ туралы болса, еш 

уайымдаудың қажеті жоқ. Жапырақтар мәңгiлiк органдар 

емес және өсiмдiк уақыты келгенде оларды түсіріп тұрады. 

Көптеген бөлме өсімдіктері жапырақтарын ұдайы түсіріп 



54

«Молодой учёный»  .  № 7.1 (87.1)   .  Апрель, 2015  г.

отырады (бұларға түйнек тамырлылар өсімдіктер жатады 

мысалы, каладиум, гиппеаструм, синнигия), сондықтан 

олар үшін жапырақтарының сарғаю мен түсіп отыруы бұл 

қалыпты процесс. Дәл осындай қасиет, аналық өсімдігі 

гүлдегеннен кейін бірнеше айдан кейін өліп қалатын бор-

мелиеге де тән.



 



Өсiмдiктердiң сабақтары созылып бір жаққа 



қарай қисайып өседі. Нелiктен?

Өсiмдiктер анық жарықтың жетіспеушілігіне ұшы-

раған жағдай. Мұндай жағдайдан шығу үшін өсімдік 

жарық көзіне қарай қисайып өсе бастайды. Бұл феномен 

қыстыгүнi жиiрек байқалады, себебі табиғи жарық көзі 

азаяды. Сабақтары ұзарған, бозарыңқы жапырақтар кез-

десуі жарық көзінің кем екендігінің белгiсi. Демек, бұл 

фотосинтездi, нормальды өсу процессiн тежейді. Егер сiз 

жарықтың кемшiлiгi қыстыгүнi орнын толтырғыңыз кел-

сеңiз, терезеге жақынырақ қойыңыз және өсiмдiк бiр 

бағытта қисаймауы үшiн құмыраны үнемi бұрыңыз. Со-

нымен бiрге сiз жарық жетіспеушілікке төзімді түрлерді 

таңдауыңызға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Кузнецова Н. Е., Шаталов М. А. Проблемное обучение на основе межпредметной интеграции (на примере дис-

циплины естественнонаучного цикла). — СПб., 1998.

2.  Делла Беффа М. Т. Комнатные растения: справочник. — М.: ООО «Издательство АСТ»: ООО «Издательство 

Астрель», 2003 г.



Биология пәні бойынша көрнекі құралдарды қолдан дайындау

Назарова Гульмира Асылбековна, педагогика ғылымдарының кандидаты;

Примбетова Айгуль Имангалиевна, педагогика магистрі;

Мырзабекова Марина Кенесбековна, Б-12–1 оқу тобының студенті

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Ж

оғары кәсіби білім беруде негізгі білім беру 



бағдарламасын (НБББ) меңгеру нәтижесі түлек-

тердің құзыреттіліктерімен, яғни олардың білімді, іскер-

лікті және таңдаған мамандығына сәйкес жеке қасиет-

терін өз қызметінде іске асыру қабілетімен анықталады. 

5В011300-Биология мамандығы бойынша болашақ 

мұғалімдерде қалыптастырылуы керек арнайы құзырет-

тіліктің бірі — биологиялық мазмұндағы көрнекі құрал-

дарды дайындай алу және оны оқушыларға үйрету, дай-

ындалған көрнекі құралдармен жасалатын жұмыс түрін 

ұйымдастыру.

Себебі, бейнелер арқылы ұғынатын балаларға био-

логияны меңгеру қиын, олар «картинкаларсыз» проце-

стерді, құбылыстарды танып білуге мүлдем қабілетсіз. 

Олардың абстрактлы, логикалық ойлаулары ұғымға 

сәйкес бейнелер арқылы дамиды. Ал, теориялық ойлау 

типі тән оқушылар формалы білімдерімен ерекшеленеді. 

Олар үшін процестерді, қозғалмалы графикаларды, сы-

збанұсқаларды «басқара алатын» видеосюжеті бар ком-

пьютерлік бағдарламалар — бейнелі ойлау қабілеттерін 

дамытудың қосымша құралы болып табылады. Сондықтан 

биология сабағын неғұрлым көрнекі түрде өткізу үшін, 

биологиялық объектіні тікелей қабылдату мақсатында 

оны кеппешөптер, сурет–схема, модель, макет, кол-

лекция, аппликациялар секілді көптеген материалдармен 

толықтырып отырған жөн.

Көрнекі құралдарды жасауды қарапайым түрінен 

бастап, бірте-бірте күрделендіре берудің өзі оқушыларда 

дағды қалыптастырады, қызығушылық тудырады. Та-

биғи көрнекі құралдарды өте әдемі етіп жасауға болады, 

оқушыларға оны дайындауға тапсырма беру арқылы эсте-

тикалық талғамдарын дамытуға мүмкіндік бар, ал дайын 

құрал биология кабинетін жабдықтауда жақсы безен-

діру құралы бола алады. Сондықтан Қорқыт Ата атын-

дағы ҚМУ-нің «Биология және география» кафедрас-

ында 5В011300-Биология мамандығы бойынша білім 

алушы студенттердің таңдауы негізінде элективті «Био-

логиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және 

көрнекіліктер дайындау» курсы оқытылады. Пән мазұны 

практикаға бағытталған сипатқа ие.

Кейбір мектептерде биолгияны оқытуға бйланысты 

материалдық базамен қамтылуы талапқа сай келе бер-

мейді, сонымен қатар көрнекілік құралдарды студенттер 

өздігінен дайындауы алған білімдерін тереңірек меңгеру-

леріне жәрдемдеседі және студенттердің шығармашылық 

қабілеттері артады. Осы пәннен алған тәжірибелері 

мен біліктіліктерін студенттер педагогикалық практика 

кезінде пайдалана алады. Студенттер болашақта био-

логия сабақтарында көрнекі құралдарды дұрыс пайда-

лана ал үшін, материалдарды жинау, сақтау және табиғи 

обьектілерді жасау сияқты дағдылықтарға ие болулары 

қажет.

Сонымен қатар, студенттерге қолдан көрнекілік жа-



сату оларды өз бетімен жұмыс жасауға және мұғаліммен 

тығыз байланыста болуға мүмкіндік тудырады. Биология 

жөніндегі көрнекі құралдарды, білім берудің ең алғашқы, 


55

“Young Scientist”   #7.1 (87.1)   April 2015

ерте кездерінде-ақ қолдана бастағаны мәлім. Педаго-

гикада көрнекі құралдарды жүйелеудің бірнеше әдісі 

бар. Көп жағдайда олардың жеке түрлерінің белгілеріне 

(көлемі, біртүстілігі немесе әртүрлілігі, статистикалық не-

месе динамикалық, жекеше немесе ұйымда қолдануға ар-

налуы және т. б.), құрастырылған затына қарай немесе ди-

дактикалық тұрғыда топтастырылады.

Сонымен, көрнекі құрал түсінігінің елеулі белгілері 

қандай:

 

— Оқу міндеттерін шешу үшін жасалған кез келген 



материалдық немесе белсенділік мораль көрнекі құрал 

бола алады. Көрнекі құрал оқу моделі.

 

— Көрнекі құрал әрдайым таным құралы ретінде 



нақты заттарды, олардың табиғи немесе қоғамдық өмір 

сүру жағдайын елестетуге жақындатады.

 

— Көрнекі құрал түсінік пен қабылдау негізінде қоры-



тынды жасауға мүмкіндік беретін сезімдік бейнелерді қа-

лыптастырады. Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы 

оқушыларда пайда болатын сезімдік бейне таным құрылы-

мында басты мәселе болып табылады

Биологияның оқытуда сипаты мен мағынасына қарай 

көрнекі құралдарды екi топқа бөлуге болады: негiзгi және 



қосалқы. 

Негiзгiлер: нақты (табиғи), таңбалы (бейнелеу) 

және вербальды (сөздiк) көрнекілер болып, ал 



көмекші

оқытудың техникалық көрнекі құралдары және зертха-

налық жабдықтар болып бөлінеді.

Өз кезегiнде, биология сабақ пайдаланылатын (нақты) 

табиғи көрнекi құралдар тірі және өлі; бейнелеу (таң-

балы) көрнекіліктер жазықтықты (салынған сурет) және 

көлемдi болып жіктеледі.

Көрнекі құралдардың арасында коллекция мен кесте 

схемалар ерекше орын алады. Бағдарлама оқушылар жа-

нуарлармен, өсімдіктермен танысады. Ал бұлардың бәрі 

биология пәнінде оқылатын биологиялық нысандардың 

қатарына жатады.

Биология пәнін оқытуда түрлі тақырыптарға сәйкес та-

биғат коллекцияларын, сол сияқты ауыл шаруашылық 

және өнеркәсіп өнімдері үлгілері және соларды бектіп 

салтын картоннан жасалған үлкенді, кішілі қорапшалар 

керек. Қорапшаның ішіне салынған коллекциялық заттар 

нөмірленіп, астына аттары жазылады, немесе әрбірі белгілі 

бір жерге орнықтырылып, астына аты бірден жазылады. 

Қорапша ыдыстың беті шынымен немесе целофанмен не-

месе картонмен жабылады. Мысалы, өнеркәсіп өнімдері 

мен ауылшаруашылық өнімдерін қорапшаға салып, табиғи 

объектілердің суретін тұсына жапсыруға болады.


56

«Молодой учёный»  .  № 7.1 (87.1)   .  Апрель, 2015  г.

Жеке қорапшаларға сонымен қатар пайдалы қазбалар 

мен кепкен өсімдіктерді салуға болады.

Мәдени өсімдіктердің суреті (кестелері) ілініп, жемісі 

шынымен жабылған қорапшаға салынады.

Өнеркәсіп өнімдері алынатын шикізатымен бірге 

«Мақта», «Тері мен жүн» сияқты, тағы басқа кестелерде 

көрсетіледі.

Түрлі коллекцияларды төмендегідей мазмұнда жаса-

туға болады.

1.  Кептірілген өсімдіктерді: сексеуіл, жиде, арша, 

терек тағы басқа.



2.  Дәрі-дәрмектік өсімдіктерді: тасшөп, мелисса, 

шүйгіншөп, шайқурай, жұпаргүл, жалбызтікенек, шы-

рғанақ тағы басқалары.

3.  «Мақта, оның өнімдері» сурет-схемасы: мақта 

тұқымы, қауашағы тақтайшаға, желімделіп бекітілген

мақта майы пробиркаға құйып ілінген, мақта жібі мен 

түрлі-түсті өрнектелген матасы да фанераға желімделіп 

бекітіледі.

4.  «Тұт жібек көбелегі, оның дамуы» сурет-схе-

масы: фанераға тұт ағашының бұтағы, жапырағы, жемісі, 

жібек құрты, жібек пілләсі, жібек жіп, түрлі-түсті өрнек-

телген жібек мата тігіледі, не желімделеді.



5.  «Тері, жүн, мех» схемасы — тері қой, түйе жүн-

дері,  т. б.



6.  Кептірілген жеміс, жаңғақтар: өрік, мейіз, ал-

мұрт, алма және жер жаңғағы, фундук, кедр жаңғағы, т. б.



7.  Қорапшаға пайдалы қазбалар: тас, көмір, 

мұнай, күкірт, т. б.



8.  Пробирка ыдыстарында: түрлі тыңайтқыштар 

азот, калий, фосфор тыңайтқыштары.

Сабақтардың барлығын табиғи нысандармен қамта-

масыз ету табиғи қорларға ұқыпты қарағандықтан ғана 

емес, сонымен қатар барлығын сыныпқа әкелуге, тірі ны-

сандардан барлығын көруге болмайтындықтан да мүмкiн 

емес. Үдерістерді, табиғаттың заңдылықтарының ашу 

үщін арнайы жасалған бейнелеу көрнекіліктерін оқу про-

цесiне қосуды талап етедi. Олар үлкен және өте маңызды 

рөл атқарады.

Бейнелеу көрнекі құралдары алуан түрлiгімен ерекше-

ленедi. Оған көлемдi — муляждар және үлгiлер; салынған 

суреттер — кестелер, географиялық карталар,. картина 

репродукциялары, ғалымдардың портреттері, дидакти-

калық үлестiрме материал жатады

Муляждар — табиғи нысандардан дәл көшiрiп алатын 

көрнекілік. Оларды көбіне iшкi мүшелерді зерттеуде пай-

даланады. Сонымен бiрге, табиғи нысанды қолдану мүм-

кiндiгi жоқ немесе табиғи нысан белгілі бір себептермен 

оқушыларға толық көрінісін аша алмайтын жағдайларда 

қолданылады.



Үлгiлер немесе модельдер табиғи нысандардың бей-

несі болып табылады, бiрақ олар, нысанды көшiрмейді, 

оның басты қасиеттері сызба түрінде беріледі. Мысалы, 

үлгi жазықтықтық және көлемдi, статистикалық және 

Сурет 1.

 Студенттердің дайындаған коллекциялары


57

“Young Scientist”   #7.1 (87.1)   April 2015

динамикалық бола алады, мысалы, жүректiң қақпақта-

рының жұмысын көрсететiн жазықтықтық үлгiлер, не-

месе қоңыздың iшкi құрылысының аппликациялық үл-

гiсі. Жүректің фабрикада жасалған көлемдi үлгiсi сыртқы 

және iшкi құрылыс ерекшелiктермен жете танысуға мүм-

кiндiк бередi. Көп статиклықа үлгiлер жинамалы болады. 

Бұл органның iшкi, сыртқы құрылысын зерттеуге мүм-

кiндiк бередi. Динамикалық үлгiлер ағзадағы үдерістерді 

таныстырады.

Бедерлi кестелер — пластикадан жасалған барельеф 

түріндегі заттардың көркем бейнелері. Ағзаның, органдар 

жүйесінiң, органның бiр бөлiгiнiң контурлары, ерекше-

ленген кескiндерi терең емес бедерiмен берілген. Мұндай 

кестелер төзімді, жеңiл жуылады, бiрақ оларды сақтау 

үшiн баспа кестелерiне қарағанда орынды едәуiр көп 

қажет етеді.

Биология сабақтарында зоогеографиялық карталар 

пайдаланылады. Биология сабақтарында оқушыларды 

эстетикалық тәрбиелеу мақсатында картиналар репродук-

циясын пайдалану керек. Бұл жабдықтың түрiн өкiнiшке 

орай, мұғалiм сирек қолданады. Сабақтарда ғалым — 

биологтардың портреттері пайдаланылады. Мұндай пор-

треттер биология кабинетiн безендіру үшін жиі қолданы-

лады.

Пайдаланылған әдебиеттер:



1.  Пономарева, И. Н. Общая методика обучения биологии: учебно-методическое пособие для студентов педагоги-

ческих ВУЗов / И. Н. Пономарева, В. П. Соломин, Г. Д. Сидельникова. — М.: Академия, 2003. — 272 с. ISBN 

5–7695–0948–1.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет