Молодой учёный



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата12.03.2017
өлшемі2,39 Mb.
#8780
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

62

«Молодой учёный»  .  № 7.1 (87.1)   .  Апрель, 2015  г.

құстардың көпшілігі торғайлар (бозторғай, молдаторғай, 

көккептер, жаркептер т. б.) бір километрге есептегенде 

олардың саны 7–8 ден 48–50-ге дейін жетеді.

Қазақстанның «қызыл кітабына» тіркелген құстардың 

түрлерінен Сыр өңірінде қалғаны бесеу.

Сүт қоректілер. Сыр өңірінің оазистері мен оларға 

жақын аймақтарында сүт қоректілердің елуден артық түр-

лері тіршілік етеді. Олардың ішінде қолқанаттылар 8, на-

секомқоректілер 4, қоян 1, кеміргіштер 26, жыртқыштар 

11 және тұяқтылар 3. Ірі сүтқоректілер — құлан, жа-

байы шошқа, ақбөкен, қарақұйрық; жыртқыштардан — 

қасқыр, шағал, борсық, түлкі, қарсақ т.б [4]. 2009 жылғы 

далалық экспедиция кезінде Кіші теңіздің Ақбасты елді 

мекені төңірегінде қамыс мысығы кездесті. Бұл жа-

нуар соңғы 15–20 жыл кездеспей кеткен болатын. Та-

стүбек елді мекеніннің маңындағы Қыземшек, Наршөккен 

шоқаттарында қасқырдың көбейіп кеткені соншалық, 

жайылымдық малдарға шабу көп кездесті.

Сыр өңірінде суы мол мыңдаған көлдерді айнала өсетін 

қалың қамыс, қопалардың ішінде өткен ғасырдың 30-шы 

жылдарына дейін Сыр Жолбарыс мекендеген еді. Бүгінгі 

қамыс арасында күні кешеге дейін өріп жүрген жабайы 

шошқалар, даламызда үйір-үйірімен жосылған құландар 

туралы естіген адамға аңыз сияқты.

Қазіргі кезде Құлан Арал теңізінің ішіндегі “Барса-

келмес” аралында (қазір құрлыққа қосылып кетті) 1939 

жылы аңшылық шаруашылығы негізінде ұйымдасты-

рылған сол арал аттас қорықта бар. Құланды Барсакел-

меске жерлендіру тек 1953 жылдан басталды.

Құлан-19-ғасырда қазақ жерінде кең тараған ірі аң. 

Сырт пішіні жылқыға ұқсас, қимылы өте шапшаң, ал ба-

сының салмақтылығы, құлағының үлкендігі, кекілсіздігі 

мен құйрығы есекті елестетеді. Екеуінен де өзгешелі-

гі-басын көтеріп жүгіруі мен ұшқырлығы, әрі мықтылығы 

мен төзімділігі. Дәмді еті үшін есепсіз аулаудан сол ғасы-

рдың отызыншы жылдары қазақ даласынан құлан жой-

ылып кетті. Тек Түрікменстанның оңтүстігінде “Бадхыз” 

қорығында сақталып қалған еді. Қазақстан жерінде 

Құланды түр ретінде қайтадан қалпына келтіру мақса-

тында оны “Барсакелмес” аралына жерсіндірілді.

Бұрын теңіз толық кезінде «Барсакелмес» арал болып 

тұрғанда ондағы жануарлардың түрлік құрамы Арал теңізін ай-

нала қоршаған құрлықтағы хаиуанаттар түрлерінен бір шама 

жұтаң болды. Ол кезде ондағы сүт қоректілердің — 12 (сыртқы 

құрлықтағыдан үш есе кем), бауырымен жорғалаушылар — 8 

(сырттағының 1\4), қосмекенділерден — 1, құстардың — 211 

(бұл сыртқы құрлықтағымен бірдей) түрлері болған. Мұндағы 

фауна, әсіресе ірі сүт қоректілер тобы адам қызметінің нәтиже-

сінде қалыптасты. Мысалы, Барсакелместегі сүт қоректілердің 

12 түрінен төртеуін (Құлан, Қарақұйрық, құм Саршұнағы, Ақ 

Қоян) және құстың екі түрі (Қырғауыл, Сұр Куропатка) сырттан 

әкеліп жіберілген. Соңғы жануарлар (Аққоян, Қырғауыл, Сұр 

Куропатка) жергілікті жердің табиғатына тез көндігіп кеткенімен 

1948–1949 жылдың қатты қысында қырылып қалды. Арал теңізі 

тартылған соң “Барсакелмес” аралы теңіздің құрғаған орнын-

дағы құрлыққа қосылып, оның қиыр батыс шеті болып қалды. 

Қазір онда ірі сүт қоректілерден азын — аулақ Ақбөкен мен Қа-

рақұйрық бар, ал Құландар түгелдей шығып, Жыңғылтүп пен 

Қасқақұланның маңын мекендеп жүр. Себебі, бұл жерде тұщы 

су көзі (скважина) бар. Қазір Барсакелместің қорықтық мәні 

төмендеді. Оған себеп, Арал теңізінің айдыны тарылып, суы 

ащылануымен бірге құрғаған орны тұзды шаң тарататын шөл да-

лаға айналды. Сонан аралдың ауа бассейнінде қалқып жүрген тұз 

массасы көбейді, өсімдіктің вегетациясына жағымды микрокли-

маттың режимі бұзылды. Қорықта мекен деген Құланның, Ақбө-

кеннің, Қарақұйрықтың популяциялары соншалықты ащы суды 

ішуге үйреніп, түр ретінде сақталуы былай тұрсын, ұрпақ са-

нының көбеюі тірі организмнің қоршаған ортаға бейімделу қа-

білеті орасан күшті екенін көрсетеді. Қазір ірі сүтқоректілер Бар-

сакелместен шығып кетті де онда тышқандар иелік етіп қалды. 

Оған хайуанаттардың тығыздығы, шөп қорының тапшылығы 

және кеңістік үшін түраралық күрес себеп болып отыр. Тышқан-

дардың популяциясын шектейтін биологиялық (түлкі, күзен, 

жыртқыш құстар) және антропогендік (тышқан аулау) фак-

торлар болмаған соң олар Барсакелместе тежеусіз көбейіп ба-

рады. Тышқандардың осы өңірдегі фитомассаны құртып жі-

беру қаупі жоқ емес. Бұл жағдайда онсыз да экологиялық күйі 

мәз болмай тұрған өлкенің қу далаға айналуы ықтимал. Қазіргі 

кезде Құланның үйірлері Қасқақұлан, Жыңғылтүп, Ақбасты 

телімдерінің арасындағы шөбі қалың, ішетін суы бар (скважина) 

ауқымды сексеуілді даланы мекендеп жүр.

Арал теңізінің суы кеткен соң оның жағалауын-

дағы қуаң аймақтарда кеміргіштердің саны көбейіп бара 

жатқаны байқалады. Әсіресе, тіршілігі сумен байланысты 

аңдардың жағдайы өте ауыр. Солардың ішінде ең құндысы 

ондатр болатын. Елуінші жылдары Арал өңірінде жыл 

сайын 233,6 мың данаға дейін ондатр терісі дайындалып 

жүрді. Бертін келе оның өрісі тарылуына байланысты 

саны азайды, сөйтіп, 1972 жылы небары 72 дана ондатр 

терісі алынды. Сол сияқты ірі аңдардан борсық, жабайы 

шошқа, қаракұйрықтың басы тез кеміп барады. Олар 

қазіргі кезде ілуде ғана біреу-жарым болмаса кездеспейді.

Бауырымен жорғалаушылар. Қазақстанда тір-

шілік ететін бауырымен жорғалаушылардың 49 түрінен 

Сыр өңірінде 24 түрі кездеседі. Бауырымен жорғала-

ушылар ортаның ығалдығына онша сезімталдық көрсет-

пейді. Сол себепті, экологиялық жағдай қанша қолайсыз 

болғанымен олардың түрлік құрамы онша көп өзгермейді. 

Мұнда бұрыннан тіршілік ететін кесіртке, тасбақа, қалқан 

тұмсық, құмайдаршасы, оқжылан т.б сияқты түрлер 

сақталған, олардың сандық және түрлік құрамында өзгеріс 

жоқ. Олар өздерінің байырғы мекендерінде жиі кездеседі. 

Көптеген экожүйелердің маңызды құрамы болып табы-

латын қосмекенділер мен рептилиялар бұл өңірде аз емес. 

Демек, өңірдің экологиялық жағдайы олар үшін жағымсыз 

болып тұрған жоқ. 20–30 жыл бұрын жоқ болып кеткен 

келес (серый варан), 2010 жылы Сырдария өзенінің сол 

жағалық Шаған өзені бойынан ауланды (жергілікті халық). 

Қазір ол Қызылорда қаласындағы ҚМУ зоомұражайында.

Ихтиофауна.  Қазақстан жеріндегі сулы-нулы ай-

мақтың ең ауқымдысы Сыр өңіріндегі биологиялық түр-

лердің құрамында балық ерекше орын алады. Жалпы Қа-


63

“Young Scientist”   #7.1 (87.1)   April 2015

зақстан жерінде балықтың түрлері 104-тен артығырақ. Ол 

кезде Арал теңізінде балықтьщ 20 түрі болды. Олардың 

көпшілігі өте дәмді, ең құнды балықтар еді. Ол кезде Арал 

теңізнен ауланған балықтың 70 пайызы бентофагтар (зо-

опланктенмен қоректенетін), — Тыран, Сазан, Торта, 10 

пайызы жыртқыш балықтар — Жайын, Шортан, Тісті 

балық, Ақ балык, 9–10 пайызы Бекіре, Қаяз, Қылыш 

балық, Шемая (патша балығы), 10 пайызы басқа әр түрлі 

балықтар мен майда шабақтар. Теңіздің ихтиофаунасын 

құрайтын түрлер тегі жағынан тұщы судың балықтары. 

Сондықтан олардың сан жағынан көбеюі уылдырық ша-

шатын тұщы сулы өрісіне байланысты.

2005 жылы Көкарал бөгетінің бірінші кезегі аяқталған 

соң Солтүстік Арал теңізі өз алдына дербес теңіз болып, 

өңірдің экология-экономикалық және жергілікті тұрған-

дардың әлеуметтік жағдайын жағымды ықпалын тигізе 

бастады. Соның айғағы ретінде 2006 жылы Кіші теңізден 

2,3 мың тонна балық ауланды. Бұл алдыңғы 2005 жылғы 

көлемімен салыстырғанда он есе көп. Қазіргі кезде құнды 

балықтар Бекіре мен Қаяздың популяцияларын көбейту 

жұмыстары қолға алынды. Олардың майда шабақтарын сы-

рттан әкеліп, «Қосжар», «Тастақ» балық питомниктері мен 

Аманөткел тоғанды су шаруашылығы көбейту жұмыстарын 

жүргізуде. Жақын болашақта осы құнды балықтардың по-

пуляциялары қалпына келеді деген үміт жоқ емес.

Жалпы, Арал өңірінің жануарлар дүниесі мен олардың 

мекен ету ортасының экологиялық жай — күйін қалыпты дең-

гейде сақтау бүгінгі күннің маңызды мәселесі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Редкие птицы и звери Казахстана / Под ред. А. Ф. Ковшарь. — Алма-Ата: Гылым, 1991. — С. 30–203.

2.  Қазақстандық Шығыс Арал өңірінде табиғи ортаның бұзылуы // Ғылыми-зерттеу экспедициясының есебі / 

ҚМУ. — Қызылорда, 2000. — 116 б.

3.  Қазақстандық Шығыс Арал өңірінде табиғи ортаның антропогендік бұзылуы және оның әлеуметтік-экономи-

калық зардаптары // Ғылыми-зерттеу экспедициясының есебі / ҚМУ. — Қызылорда, 2002. — 95 б.

4.  Нұрғызаринов А. М., Шапшанов Қ. Арал өңірінде өндірісті экологияландыру. — Алматы: НЦПФЗОЖ, 2001. — 

35–40 бб.



Қызылорда облысының жер ресурсының сапалық жағдайы

Сауытбаева Гүлсім Зікірияқызы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент;

Тоқтағанова Гүлжас Баданқызы, PhD докторант;

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Ж

ер ең негiзгi табиғат байлығы. Ол барлық тiршiлiк 



көзi, өмiр сүру ортасы. Қазір адамдар өздерiне керек 

қоректiк заттардың 88%-н егiстiк жерлерден, 10%-н ор-

мандар мен жайылымдардан, 2%-н теңiз бен мұхит сула-

рынан алады. Сондықтанда, жер қорын қорғау және тиiмдi 

пайдалану ең негiзгi, ешқашанда маңызын жоймайтын өзектi 

мәселе.


Өнеркәсiптiң дамуы, қалалардың, жолдардың, гидро-

техникалық құрылыстардың салынуы жердiң беткi қабатын 

бұзып, табиғи ландшафтардың өзгеруiне алып келедi. Өз-

герген жерлер шаруашылық жағынан төмен бағаланып, 

қоршаған ортаны токсиндiк заттармен ластап, адам өмiрiнiң 

санитарлық-гигиеналық жағдайын төмендетедi.

Жер қорының құрылымдық және сапалық жағдайының 

өзгерiсiн қарастыра отырып байқайтынымыз, олардың, 

әсіресе ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердiң даму 

бағыты негативтi сипатта екендiгiн көре аламыз. Мұндай 

жағымсыз процестер жердiң ресурстық потенциалының 

қысқаруына, оның нәтижесiнде ауылшаруашылық өнiм-

дерiнiң төмендеуiне алып келiп, мемлекеттiң ұлттық қа-

уiпсiздiгiне қауiп тудырады. Бұл процестi тез арада тоқта-

тудың ең негiзгi жолы жердi тиiмдi пайдалану. Әсiресе бұл 

қазіргi шаруашылық жағдайында, яғни, өнеркәсiптiк ре-

сурстардың жетiспеушiлiгi мен топырақтың өнiмдiлiгi 

төмендеген уақытта маңызды.

Шаруашылықтың және жердi пайдаланудың эконо-

микалық механизмiнiң жоқтығы жер ресурстарының 

тапшылығы мен деградациясына алып келедi. Осыған 

байланысты жердi пайдаланудың ақысыз түрiнен ақылы 

түрiне өту арқылы жер ресурстарын тиiмдi пайдаланудың 

экономикалық негiзi жасалды.

Жер қоры халқымыздың ең басты ұлттық байлығы, 

сондықтан оның құндылығы ақшалай бағаланып ұлттық 

байлықтың құрамында есептеледі. Жер иеленуге, пай-

далануға, жалға беріледі, жер несиеге кепілдік болады, 

жер пайдаланушылардан салық, т. б. төлемдер алынады 

осының барлығының шамасын анықтау негізінде жердің 

құндылығы — экономикалық бағалау жатады. 

Барлық табиғат байлықтар сияқты жерді экономи-

калық бағалау негізгі үш түрлі қызмет атқарады [1]:

1.  Есептеу. Жер ұлттық байлық ретінде, ай-

мақтардың, кәсіпорындардың, жеке жер иеленушілер 

мен жер пайдаланушылардың өндірістік-матери-

алдық қоры ретінде есептеледі. Жер өндірістің, басқа да 


64

«Молодой учёный»  .  № 7.1 (87.1)   .  Апрель, 2015  г.

құрылымдардың, тұрғын үйлердің, т. б. орналасқан орны, 

шаруашылық орны ретінде де есепке алынады.

2.  Жер қорын тиімді пайдалануға экономикалық 

ынталандыру үшін оның бағасы болуы керек және сол 

арқылы нарықтық қарым-қатынасқа қосылады.

3.  Жер бөлімшелерінің сапалық қасиеттері — 

өнімділігі, орналасу тиімділігі әр түрлі. Құнарлы, тиімді 

жерлер жеткіліксіз, сондықтан өнімділігі, тиімділігі төмен 

жерлер де пайдаланылады және жұмсалған еңбектеріне 

қарамай жақсы (тиімді) пайдаланушылар қосымша пайда 

табады. Тиімділігіне байланысты әр түрлі жер бөлімше-

лері әр түрлі бағаланып жер пайдаланушыларға біркелкі 

жағдай туғызылады. Нәтижесінен тиімділігі төмен, бірақ 

халық шаруашылық тұрғыдан қажетті жерлерді пайдала-

нуға ынталантырылады.

Жер қорын экономикалық бағалаудың барлық қы-

зметтері бір-бірімен тығыз байланысты, жалпы жерді 

қорғауға, тиімді пайдалануға қызмет етеді.

Жалпы, облыстағы жер қорын топырақ пен климаттық 

және басқада шаруашылық жағдайларына байланысты үш 

табиғи-экономикалық ауданға бөліп қарастыруға болады.

Бірінші зонаға (оңтүстік) екі әкімшіліктік аудан 

(Жаңақорған және Шиелі), екінші (орталық) зонаға төрт 

әкімшіліктік аудан (Жалағаш, Қармақшы, Сырдария 

және Қызылорда қаласы), ал үшінші зонаға (солтүстік) 

екі әкімшіліктік аудан (Арал және Қазалы) кіреді [2].

Облыстың күріш шаруашылығына мамандануына бай-

ланысты, топырақ пен климат ерекшелігіне және басқада 

жағдайларды ескере отырып табиғи суармалы егістік 

жерлерді үш табиғи сілемге бөліп қарастыруға болады: 

Жаңақорған-Шиелі, Қызылорда және Қазалы-Арал. 

Соңғы жылдары Арал ауданындағы ауыл шаруашылықты 

аудандарда шағын күрішті алқаптар қалыптаса бастады. 

Бұл сілемдердегі негізгі мәдени өсімдік — күріш бұрынғы 

инженерлік-дайын жерлерді өзіне сәйкес келетін мәдени 

өсімдікпен бірге егіледі.

Облыстағы жалпы жер қорының 9193,0 мың га не-

месе 74,0% жер көлемі суландырылатын жайылымдық 

жер. Осы уақытта бос жерлердің көлемі — 129,8 мың га 

ұлғайған. Бұл негізінен, ауыл шаруашылығының финан-

стық жағдайының нашарлауынан, минералдық және орга-

никалық тыңайтқыштардың жетіспеушілігінен, тұқымның 

жетіспеуінен, сонымен қатар, тозығы жеткен материал-

дық-техникалық базаға байланысты.

Облыс аумағындағы табиғи-экономикалық жағдайдың 

әр түрлі болуы, ауыл шаруашылықтық өндірісті орнала-

стыруға мамандануға байланысты Арал маңында ауыл 

шаруашылығының дамуының өзгеше түрі қалыптасты 

(әр түрлі мамандыққа маманданған, әрі өзі сатып алып 

өзін-өзі қаржыландыру тәрізді түрі).

Солтүстік зонада соңғы жылдары суландыратын судың 

жетіспеуінен күріш пен басқа да мәдени өсімдіктерді өсіретін 

егістіктің көлемі азайған. Әйтсе де, елді мекендердің бір-

бірінен қашық орналасқандығы мал шаруашылығын дамы-

туға қолайлы болып отыр. Әсіресе, оның ішінен ірі жүнді 

қой, түйе және жылқы шаруашылығын дамытуға ыңғайлы.

Оңтүстік зонада температураның қолайлығына бай-

ланысты шаруашылыққа жайлы, әсіресе көкөніс-бақша, 

жеміс-жидек, майлы және техникалық мәдени дақылдар 

мен жүзім өсіруге қолайлы. Сондықтан соңғы жылдары 

мұнда негізгі мәдени өсімдік күрішпен бірге мақта және 

т. б. өсіруді дамытуда.

Орталық зонада шаруашылықты дамытуға қолайлы 

болғандықтан мұнда күріш және күріш тұқымдасына 

жататын басқа да мәдени өсімдіктер, дәнді, майлы, ба-

у-бақша, жеміс-жидек егілуде.

Кез-келген жер қоры құнарлылығымен ерекшеленеді. 

Қызылорда облысына тән климат, өсімдіктер дүниесі, ги-

дрологиясы мен гидрогеологиясы негізінде қалыптасқан то-

пырақ жамылғысы жер ресурстарының сапалық жағдайына 

ерекше ықпал жасайды. Осыны негізге ала отырып, облыс 

аумағындағы топырақтарды екі үлкен топқа бөлуге болады:

 

— суармалы егіншілік дамыған атыраулық ылғалды 



топырақтар;

 

— шөлейт бөлігінде ескі заманнан қалған суармалы 



егіншіліктің ізі бар және мал жайылымына пайдаланы-

латын құрғақ топырақтар [3].

Топырақтың құнарлығының өзгеруіне адамдар әрекеті де 

әсер етеді. Ғылыми тұрғыдан әрекет жасаса, топырақ құнар-

лығын арттырады, ал жауапсыздықпен қарайтын болса, то-

пырақ құнарлылығын төмендетеді немесе жойып жібе-

реді. Топырақ құнарлылығын, жерді пайдалану тиімділігін 

арттыру жөніндегі негізгі агрономиялық, агротехникалық, 

агромелиоративтік, ұйымдастырушылық шаралар мыналар:

1.  Топырақты эрозиядан (азудан) қорғау. Эрозияның 

негізгі үш түрі бар: жел, су және техникалық. Тегіс емес, 

тақыр жерлерде жауын-шашын топырақтың құнарлы қа-

батын жуып кетеді. Ормансыз ашық жерлер, әсіресе 

өнімділігі құртылған (жыртылған) жерлер жел эрози-

ясына ұшырайды, топырақтың құнарлы қабатын жел 

ұшырып кетеді. Жерді ауыр техникамен өңдеу, жыл-

ма-жыл бір дақылды егу, техниканың жолсыз жерлермен 

жүруі топырақ эрозиясын күшейтеді.

Шөл және шөлейт аймақтарда маусымдық пайдалану 

тәртібін сақтамай шамадан тыс мал жаю, техникалардың 

жүруі өсімдіктердің, әсіресе құнды өсімдіктердің жой-

ылуын тудырып отыр. Беті ашылған топырақ жел, күн, су 

эрозиясына ұшырайды. Бұл қауіптен қорғанудың басты 

жолы тоғайлар өсіру, суландыру, реттеп пайдалану.

2.  Топырақты сортаңданудан (тұзданудан) қорғау. То-

пырақтың тұздануы жауын-шашын мөлшері буланатын 

ылғалдан аз болғанда болды. Егістікті көп жыл бойы көл-

детіп суғару топырақтың тұздануын тудырады. Жаңбыр 

суының жер бетіне көлкіп жатып булануы жерді сортаңдан-

дырады. Егістікті, жайылымды суғарудың озық тиімді әді-

стерін қолдану топырақты сортаңданудан сақтайды.

3.  Топырақты құм басудан қорғау жолдары — ағаш 

(сексеуіл, жыңғыл), бұталар отырғызу, көп жылдық 

шөптер егу.

4.  Жерді батпақтанудан қорғау үшін гидромелио-

ративтік жұмыстар жүргізу, суғару жүйелерін жетілдіру 

қажет болады.


65

“Young Scientist”   #7.1 (87.1)   April 2015

5.  Топырақтағы қоректік заттарды сақтау үшін ме-

лиоративтік жұмыстар, сортаң жерлерді әкпен, гипспен 

өңдеу, арнаулы әдіспен жырту, тыңайтқыш беру, мал 

жаюды ретеу, т. б. агрономиялық жұмыстар жүргізіледі.

6.  Топырақты уланудан қорғау — пестицид, гер-

бицид, тыңайтқыштар қолдану мөлшерін реттеу, өндіріс, 

тұрмыс қалдықтарынан қорғау, санитарлық сауықтыру 

шаралары болып табылады.

7.  Құрылыс, жол салу, жер қойнауын барлау, пайдалы 

қазбаларды өндіру, қалдықтарды орналастыру нәтиже-

сінде бүлінген жерлерді қалпына келтіру (рекультивация) 

республикамыздың жер қойнауын едәуір жақсартады.

8.  Егістік құнарлы жерлердің ауыл шаруашылық ай-

налымнан шығарылуын болдырмау шаралары заңдасты-

руды талап етеді. Соңғы жылдары әр түрлі құрылысқа, са-

яжайға, жолдарға, сауда орындарына егістікке қолайлы, 

құнарлы тегіс жерлерді, ормандарды бөлу кең етек жайып 

келеді. Оны заңдастырып тоқтату қажет-ақ [4].

Аталған жұмыстар арнаулы ғылымдар саласындағы 

жетістіктерге сүйеніп жүргізіледі. Сонымен қатар бұлар 

экономикалық шаралар болып табылады. Өйткені жұм-

салатын қаржы, материалдық шығындарды есептен, ша-

ралардың экономикалық тиімділігін анықтау қажет. 

Жерді қорғау, тиімді пайдалану шараларын жүзеге асыру 

үшін экономикалық есептеулер, бағалаулар жүргізіледі. 

Жердің құнарлығын бағалау, қалпына келтіру, қорғау, 

жақсарту шығындарын анықтау, жерді нарықтық қа-

рым-қатынасқа қосу, т. б. экономикалық есептеулерді, 

бағалауды талап етеді [5].

Қорыта айтқанда, жер өндiрiс қорының көзi, әрi өн-

дiрiстi орналастыру ортасы ретiнде өндiрiстiң барлық са-

ласына қатысты. Өндiрiстiң даму қарқыны артқан сайын 

жер байлығын, жер қорын пайдалану мөлшерi де өсiп ке-

ледi. Соған байланысты, жер ресурсының тиiмдi қорының 

сапасының төмендеуi қоғамның өндiрiске жұмсалатын 

шығынының артуына керi әсер етуде. Жер қоры сапа-

сының төмендеуiнен туындайтын өндiрiс тиiмдiлiгiне керi 

әсердi ғылыми техникалық жетiстiктер нәтижесi де жоя 

алмай отыр.

Сондықтан жер қорын үнемдi, тиiмдi пайдалану кезек 

күттiрмей шешiмiн табуы тиiс мәселеге айналып отыр. 

Оны шешу үшiн жердi тиiмдi пайдаланудың қазіргi эко-

номикалық механизмге сай жаңа экономикалық жағдай-

ларды ұйымдастыру керек және осындай комплекстi жол-

дардың iшiнен ең тиiмдiсiн, ең қолайлысын, нақтысын 

таңдап алуымыз қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  М. А. Гендельман, Ж. Қ. Қырықбаев «Жерге орналастырудың және кадастрдың ғылыми негіздері», Астана-2004 ж

2.  Система сельскохозяйственного производства Кызылординской области. Под.ред. С. У. Нургисаева. — Ал-

маты: Бастау, 2002

3.  Саданов А. Қ., Нұрғызарынов А. Н. Арал өңірінде орнықты дамудың ғылыми негізі. — Астана, 2008

4.  Нұрғызарынов А., Шапшанов Қ. Арал өңірінде өндірісті экологияландыру. — Алматы: НЦПФЗОЖ, 2001

5.  Т. Х. Тоқмурзин, Л. И. Подольский «Жер кадастры», Алматы-2001 ж

Күріш ауыспалы егісінде әртараптану дақылдарын орналастыру

Тоқтамысов Әсет Мырзаханұлы, а-ш.ғылымдарының докторы;

Шығанбаева Лаура Мухамедкызы;

Демесінова Айнұр Айтжанқызы;

Жұматаева Жазира, а-ш.ғылымдарының магистрі;

Сақытжан Гүлжайна, студент

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Қ

ызылорда облысы жағдайында күріш ауыспалы 



егісінде негізінен жоңышқа, түйежоңышқа және 

бүркеме дақыл ретінде әртараптану дақылдары егіледі. 

Ал күріш егісі көлемінің қысқаруына байланысты дәнді 

дақылдардың жалпы өнімінде сақтандыру дақылдары 

ретінде, тары, сұлы, арпа, жүгері, сорго секілді дақыл-

дардың да маңызы зор. Майлы дақылдар және әртарап-

тандыру дақылдары ретінде қытай бұршағы, рапс, мақ-

сары секілді дақылдар да назар аударарлық дақылдарға 

жатады. Алайда Қазақстандық Арал өңірі жағдайында 

бұл дақылдардың жаңа әдістер қолданып өсіру техноло-

гиялары осы кезге дейін толық зерттелмеген. Біз рапс 

соя және арпа әртараптандыру дақылдарының күріш 

ауыспалы егісінде жалға егіп өсіру технологиясын әзірлеу 

және өндіріске енгізу жөнінде зерттеу жұмыстарымен ай-

налыстық.

Сырдың төменгі ағысында суармалы егісті көп түрлі 

дақылдар құрайды, Олар дәнді дақылдар (күздік және 

жаздық бидай, арпа, тары, жүгері, күріш), көкөніс, 

бақша, картоп, техникалық дақылдар (қызылша, күн-

бағыс, сафлор), мал азықтық дақылдар (сүрлемдік жү-

гері, жоңышқа, малжемдік бақша, тамыржемістілер, 


66

«Молодой учёный»  .  № 7.1 (87.1)   .  Апрель, 2015  г.

судан шөбі). Егістің құрылымындағы дақылдардың агро-

техникасы, суару режимі, биологиялық ерекшелік-

теріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Олардың 

өнімі де әр түрлі және азық-түлік балансында әрқай-

сының өзіндік орны бөлек, әрі қажет. Сондықтан суар-

малы егістің құрылымы көпсалалы. Аталмыш дақыл-

дардың агротехникасын ғылыми ұсыныстарға сәйкес 

қолданған жағдайда өнімі молаяды, жерді аздырмайды, 

экономиканы нығайтады. Сонымен бірге қоршаған ор-

таны құрайтын құрамдарының арасындағы тепе-теңдікті 

ешбір ахаусыз сақтауға болады.

Сол себепті күріштің егіс көлемі бақылаусыз көбейіп, 

көкөніс, бақша, жеміс-жидек, мал азықтық дақылдар егуге 

қолайлы құнары тәуір жерлердің көпшілігі күріштікке ай-

налды. Ондаған мың гектар бұталы жиде — тоғайлардың 

орнына, шөбі қалың балауса шабындық пен жайылым жер-

лерге күріш егілді. Бірінші игерілген жылы табиғи құна-

ралық есебінен әр гектардан 30–35 центнерден өнім 

алынды.

Қызылорда облысының шағынды — сазды топырақты 



келетін солтүстік аудандарында (Жалағаш ауданында) 8 

танапты, 7 танапты, 4 танапты ауыспалы егістерді қолда-

нады. 7 танапты ауыспалы егістітерді қолданады. Бұл об-

лыстын тақыр топырақты жерлерде үш жыл 8 немесе 7 

танапта ауыспалы егіс қолданылады. 7 танапты ауыспалы 

егісті солтүстік, ал 8 танапты ауыспалы егісті оңтүстік ау-

дандарға (Шиелі және Түгіскен өңірлері) қолдану тиімді. 

Жоңышқадан кейін үшінші жылы сидератты дақылдарды 

топыраққа жасыл тынайтқыш ретінде жер жыртумен 

бірге сіңіреді. Қызылорда облысының сортаң топырақты 

жерлерінде кей жағдайларда жоңышқаның зақымдалуы 

мүмкін, оны болдырмау үшін колекторлы — дренажды 

тораптарды қатаң бақылап, топырақтың екінші рет тұзда-

нуына жол бермеу қажет.

Күріш ауыспалы егісінде суды аз тұтынатын, топырақ 

құнарлығын көтеретін арпа, рапс және соя дақылдарын 

егу қолға алынған. Осыған сәйкес кезінде көп жерге 

күріш егілген сол ауыспалы егістерде күріштің үлес сал-

мағы 62,5–50 пайыз болған. Осыған сәйкес мынадай 

жаңа ауыспалы егіс үлгілерін ұсынамыз.

Қазір таңда ауыспалы егістегі күріштің үлес салмағын 

42,9–37,5пайызға түсіріп оның орнына арпа, рапс және 

соя дақылдарын орналастырған жөн. Бұл Қызылорда об-

лысындағы су тапшылығын шешуге мүмкіндік береді.

Қазіргі су тапшылығының кезінде мұның маңызы 

орасан зор болып тұр. Кейінгі жылдары Қызылорда об-

лысында су тапшылығы белең алуына байланысты эко-

логия-шаруашылық тұрғыдан үлкен қиындық болып тұр. 

Мысалы, 2000 жылы Шардара су қоймасынан 7,6 км 

3

 cу 



жіберіледі деген жоба болған еді, бірақ ол орындалмады. 

Сонан Қызылорда облысы өзіне климит бойынша тиесілі 

судың 81%-ін ғана алды. Су тапшылығының қиындығын 

атырау басында орналасқан Жаңақорған мен Шиелі ау-

дандары көбірек көрді.

Көпжылдық шөптердің бүркемелі дақылдары: ерте 

егілетін дәнді дақылдар: бидай (күздік, жаздық), арпа, 

рапс және соя, ал техникалық дақылдардан — мақсары 

(оны тек жоңышқаны бүркемелеп егуге болады).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет