Молотов-Лучанский В. Б., Туймебаева А. Т., Туймебаев А. А. Клиникаға кіріспе


Мақсаты: механикалық тәсіл арқылы қолдағы микрофлораны жою. Пациент және персоналдың инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Көрсеткіш



бет6/22
Дата31.01.2023
өлшемі0,55 Mb.
#64216
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Мақсаты: механикалық тәсіл арқылы қолдағы микрофлораны жою. Пациент және персоналдың инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Көрсеткіш: қолды әлеуметтік өңдеу қолды тазалаудың ең қарапайым әдісі, қолғаппен және қолғапсыз емдік емшараларды жүргізер алдында, сонымен қатар одан кейін де жүргізіледі; тамақтану алдында және кейін; әжетханадан кейін; науқастың биологиялық сұйықтығымен қолы былғанбаса да пациентті күтуге қатысқаннан кейін.
Жабдықтар: кір сабын бір рет қолданатын, стерильді салфетка, секунд көрсететін тілі бар сағат, жылы ағынды су, жеке орамал (электрлі кептіргіш).
Міндетті жағдай: терісі сау тырнақтары боялмаған қол. Алдымен тырнақ астындағы кірді тазалап қолды ағынды сумен жуу.
Дайындық:
1. саусақтағы сақинаны шешіп, терінің бүтіндігін тексеру
2. халаттың жеңін шынтаққа дейін түріп, сағатты
3. шүмекті ашып, судың температурасын ретту (35-40)
Орындау:

  1. Қолды сабындап, су ағатын шүмекті сабындап жуады, (шынтақпен жабылатын шүмек жуылмайды) сабынды таза салфеткаға немесе сабын салғышқа салады.

  2. Ағынды судың астында қолды сабындап алдымен білектің 2/3 бөлігіне дейін, саусақтың арасын мұқият 30 секунд жуады, содан кейін алақанды және қолдың сыртқы бөлігін саусақтармен айналдырмалы қозғалыс жасап жуады.

  3. Қолдағы сабын көбіктерін тазалау үшін қолды ағынды сумен шаяды

Ескерту: қолдың басындағы су шынтаққа қарай ағу үшін саусақтарды жоғары қаратып қолды көтеру керек (қолды су ағатын шүмекке тигізбейді).

  1. Қолды жууды осы тәртіппен қайталаңыз.

Аяқтау:
1. салфетка арқылы шүмекті жабады (шынтақпен жабылатын шүмекті шынтақпен басып жабады).
2. Қолды жеке орамалмен немесе кептіргішпен кептіреді.
Қолды гигиеналық деңгейде өңдеу.
Қолды гигиеналық тазалау ең нәтижелі болып саналады.
Мақсаты: гигиеналық деңгейде қолды деконтаминациялау.
Көрсеткіш:

  • қолғапты киер алдында және шешкеннен соң;

  • организмнің биологиялық сұйықтықтарымен жұмыс істегенде;

  • иммунитеті төмендеген науқастарды күту алдында.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет