Ішек, зәр шығару жүйесі, мұрын-жұтқыншақ, тері, шаш, ауыз қуысы пациенттің де, персоналдың да;
Қоршаған орта: персонал, шаң, су, тамақ өнімдері ;
Құралдар;
Жабдықтар;
Дәрілік заттар және т.б.
АІИ-ның таралу механизмі. АІИ-ның таралуында маңызды роль атқаратын инфекцияның аэрозольді (ауа-тамшылы), тұрмыстық-қатнас және жасанды, сонымен қатар қанмен және басқа биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда жұғу механизмі бар.
АІИ-ны алдын-алудағы қауіпсіздік және қадағалау шаралары. Стационардағы қызметкерлердің екінші жұмыс киімдер жиынтығы болу қажет: халаттар, аяқ киім және басқа да санитарлы киімдер күнделікті ауыстырып отыруға жеткілікті болу керек. Олар арнайы жеке шкафтарда сақталынады. Кірлеген жағдайда шұғыл түрде ауыстырып киетін санитарлы киімдердің жиынтығы бар болуы қажет.
Емдеу мекемесінің мейірбикесі әр уақытта таза және ұқыпты болу керек. Жұмыс киімі үстіндегі киімін толығымен жауып тұру қажет. Шашы толығымен қалпақтың ішіне салынады. Екінші аяқ киімі дезинфекциялауға ыңғайлы, тығыз материалдан тігілу керек. Босандыру бөлімшесінде, инфекциялық бөлімшеде, операциялық блокта емдеу мекемесінен тыс жерлерде жұмыс киімімен және екінші аяқ киіммен жүру үшін арайы екінші киім қажет.
Қорғану киімдерін қолдану ережелері. Халаттар, алжапқыштар – науқасты күту, инфекцияның таралуын алдын-алу үшін қолданады және оларды науқастың үстіндегі киімі немесе астындағы төсек жаймасы сияқты әрбір емшараны аяқтаған соң ауыстырып отырады. Қолғаптар –таза және стерильді түрде қолданылады. Оларды киеді
Кез келген биологиялық сұйықтықтармен жанасқан кезде (қанмен, шәует немесе қынап сұйықтығымен, мұрынның шырышты қабатындағы бөліністермен, сілекей және жас сұйықтығымен, сонымен қатар зәр, нәжіспен, жұлын сұйықтығымен, экссудатпен және т.б.)
Пациенттің, сол сияқты медицина қызметкерлерінің терісінің бүтіндігі бұзылған жағдайда
Қанмен немесе басқа да биологиялық сұйықтықтармен былғанған материалдармен жұмыс істегенде.
Маска ауа-тамшылы жолмен жұғатын микроорганизмдерден минимальді қорғануды қамтамасыз етеді (шамамен 10%). Төрт қабатты дәкеден жасалған, микроорганизмдерді жақсы сүзетін бетперделер қолданылады, бірақ олар бетке тығыз түрда жабылмаса олардың қорғаныш қасиеті жоғалады.
Бетпердені кию қажет, бірақ екі сағаттан артық емес. Егер батперде дем алған ауамен ылғалданса оны ауыстыру қажет.
Аяқ киім және медициналық аяқ киімдер инфекциядан қорғамайды. Көзілдіріктержәне щиттер көзге, мұрынға, құлаққа қан және биологиялық сұйықтықтардың шашырауынан қорғайды.