Оң қолдың саусақтарын бір-бірімен біріктіріп қолғапқа саусақтарды енгізеді.
Қолғапты киіп, оң қолдың саусақтарының арасын ашады.
Қолғап киілген оң жақ қолдың екінші, үшінші және төртінші саусақтарымен сол жақ қолдың қолғабын оның ішкі жағына оң қолдың саусақтырын тигізбей етіп алады.
Оң қолдың саусақтарын сол қолдағы қолғаптың сыртқы жағына тигізбей, оның ішкі жағына енгізіп, қолғапты сыртқа қарай қайырады.
Сол қолдың саусақтарын қолғаптан суырып, қолғапты сыртқа қарай қайыру.
Оң қолмен сол қолдағы қолғаптың қайырылған шетінен ұстап оны шешу.
Сол қолмен оң қолдағы қалғаптың қайырылған шетінен қолдың ішіне қарай енгізіп шешу.
Екі қолғапты да дез.ерітінді құйылған ыдысқа салады.
Ескерту: бір рет қолданылатын қолғаптарды дезинфекциялағаннан соң жояды, ал көп рет қолданылатын қолғаптарды медициналық тағайындауларға арналған құралдар сияқты өңделінеді.
Емшара бөлмесінде кәсіптік жұқтырулардың алдын-алу.
Емшара бөлмесінде жұмыс жасау кезінде пациенттің ақпаратты статусы туралы білу мүмкін емес, сондықтан да «Еліміздегі гепатитпен ауырытындардың санын төмендету шаралдары туралы» деген 12.07.89ж №408 бұйрықта ұсынылған сақтану ережелеріне бағынуға тура келеді.
Жұмыс істеу кезінде бір рет қолданылатын құралдарды пайдаланған дұрыс.
Құралдар 90100176 от 06.08.97 ж. СанПин «Медициналық тағайындауға арналған құралдарды стерилизациялау және дезинфекциялау» бойынша өңделінеді.
Пациенттің қаны және биологиялық сұйықтықтары арқылы аурулар жұғуы мүмікн барлық манипуляцияларды орындағанда міндетті түрде латексті қолғап, маска, клеенкалы фартук кию қажет
Қолды щеткамен жууға болмайды.
Қанмен былғанған құралдарды дезинфекциялық ерітіндіге салғаннан кейін ғана тазалайды.