Этаптар
|
Ескертулер
|
Дайындық
|
1. Қолды қарапайым әдіспен жуу
|
Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
|
2. Стерильді жаймалар бар биксті дайындап, оның маркировкасын және стерильділігін тексеру.
|
Инфекциялық бақылауды қамтамасыз ету
|
3. Педаль арқылы немесе көмекшінің көмегімен биксті ашу
|
Инфекциялық бақылауды сақтау
|
4. Стерильділікті тексеретін индикаторды алып оның жағдайын қарайды
|
Стерилизацияның сапасын бақылау
|
5. Корцанг арқылы бикстен алдымен орамалды, одан соң масканы алып, оларды киеді.
|
Стерильділікті сақтау
|
6. Корцангті лотокқа салады
|
Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
|
Орындау
|
1. Ағынды сумен қолды шынтаққа дейін және саусақтың арасын бір минут уақыт бойы жуады.
|
Құм сағатқа қарау керек
|
2. Сабын көпіршігін жуу үшін қолды ағынды сумен шаяды
|
|
3. Қолды салфеткамен сүртеді
|
|
4. Хлоргексидиннің 0,5%- спирт ерітіндісіне батырылған салфеткамен әрбір қолды саусақтың ұшынан бастап шынтаққа дейін екі рет 3 минут уақыт бойы сүртеді.
|
Қолды хирургиялық өңдеу жүзеге асырылады.Сағатқа қарау керек
|
Аяқтау
|
1. Стерильді киім және қолғап киеді
|
Асептиканы сақтау керек
|