Молотов-Лучанский В. Б., Туймебаева А. Т., Туймебаев А. А. Клиникаға кіріспе


Бөлім 3 Науқасты тасымалдау. Науқастарды бөлімшеде тасымалдау



бет4/22
Дата31.01.2023
өлшемі0,55 Mb.
#64216
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
KLINIKA 1170 A KIRISPE

Бөлім 3 Науқасты тасымалдау.

Науқастарды бөлімшеде тасымалдау.


Науқасты таысмалдау туралы мәселені дәрігер шешеді. Науқасты тасымалдаудың үш түрлі әдәсі бар – науқас мейірбикенің көмегімен өзі жүре алады, орындық арбады отырған күйінде және жатқан қалпында каталкамен тасымалданады.
Науқасты каталкаға ауыстыруға 2-3 адам қатысады. Каталканы науқас жатқан төсекке жақындатып науқасты каталкаға ауыстырады немесе науқастың өзі мейірбикенің көмегімен абайлап каталкаға қарай жылжиды. Науқастың жағдайы ауыр болса медицина қызметкерлерінің үшеуі бірігіп каталкаға жатқызады. Олардың екеуі науқастың бір жағынан, ал үшіншісі екінші жағынан тұрады. Науқастың орнын каталкаға ауыстыру оған қатысушы адамдардың біреуінің бұйыруымен басталады, көбінесе дененің ауыр бөлігі - бас жағынан ұстаған адамның бұйыруы бойынша. Науқасты каталкаға ыңғайлы орналастырғаннан кейін оның үстіне жайма жауып бөлімшеге тасымалдайды.
Кей жағдайда науқасты бөлімшеге 2 – 4 адамның қатысуымен зембіл арқылы тасымалдайды. Тасымалдаудың бұл түрінде тасымалдаушылар асықпай, аяғының адымын алшақтатпау керек. Баспалдақпен көтерілгенде немесе түскенде зембілдің бас жағы мен аяқ жағын бірдей деңгейде төмендеу түсіріп, көлденең жағдайда ұстайды. Егер тасымалдаушының біреуі шаршаса ол туралы басқаларына айтып, барлығы шамалы тынығып алу керек, әйтпесе тасымалдаушының қолы шаршағандықтан әлсіреп науқасты құлатып алуы мүмкін.
Науқасты отырған немесе жатқан күйінде тасымалдауда өте сақ болып, жылдам қозғалыс жасамау керек.
Кейінгі жылдары жедел жәрдем және қабылдау бөліміндегі жабдықтар түпкілікті өзгерді, яғни науқастарды тасымалдауға ыңғайлы, әрі жеңіл функциональді каталкалармен жабдықталды. Сондықтан бұрын кең қолданған зембілдер қазіргі кезде тек шұғыл жағдайларды, каталкалар жетіспегенде қолданады (мысалы, катастрофа кезінде). Сонымен қатар балаларды және салмағы 60 кг-нан төмен науқастарды бұрынғы, әрі сенімді тәсіл – қолмен көтеру арқылы тасымалдауға болады. Бұл жағдайда тасымалдаушыға жеңіл және ыңғайлы болу үшін науқас көтерген адамның мойынынан құшақтап алады.
Кез келген медицина қызметкері оның лауазымына байланыссыз тасымалдаудың ережелерін дұрыс орындайды: науқас жатқан каталканы алдыға қарай оның бас жағымен жылжытады, ал мәйітті жатқызған каталканы аяқ жағымен жылжытады.
Операциядан кейінгі науқастарды каталкадан төсекке ауыстыру кезінде сақ болған дұрыс, себебі олардың кейбіреулерінда наркоздан кейін белсенділік байқалады. Жүре алатын науқастар өз бетімен төсекке жатады, дегенмен де кезекші мейірбикелер науқастың төсегі оған ыңғайлы болу керектігін ескерген жөн.
Ентігетін науқастардың төсегінің бас жағын жоғарлатып, оған жартылай жату жағдайын тудырады. Кейде аяғында ісігі бар науқастардың төсегінің тізе буыны аймағын шамала көтеріп қоюға болады. Анасарка, асцит дамыған қан айналым жеткіліксіздігінің ауыр түрімен сырқаттанатын науқастар төсекте көлденең жағдайда жата алмайды, оларға отырған жағдай ыңғайлы болады. Бұндай науқастардың арқасына бірнеше жастық сүйеп отырғызып аяғының астына орындық қойып, аяғын көрпемен орап қойған дұрыс.


Қабылдау бөлімінде жұмыс істейтін мейірбике орындайтын тәжірибелік дағдылар.
Науқаста кенеттен өлім жағдайы болғанда мейірбике реанимациялық шараларды орындауға белсенді түрде қатысу керек:
• АМБУ аппаратының көмегімен науқасқа тыныс беру керек. Тыныс берудің нәтижелілігі науқастың басын дұрыс қойып, жағын дұрыс ұстауға байланысты.
• электрокардиограммаға тез түсіру;
• дефибрилятормен жұмыс істеу;
• ранимациялық шаралардың алғашқы этабын орындауға тек 5 минут уақыт бөлінетіндігін ескере отырып, шұғыл жағдайда қолданатын дәрілердің қайда тұратынын білу, ампуланы тез сындырып, ондағы дәріні тез жинап, енгізу;
• қай дәріні қандай шприцпен енгізудің дұрыс екендігін білу; мысалы, адреналинді жүрек қуысына ұзын инелі көлемі 20 мл шприцпен енгізу ыңғайлы, ал гипогликемиялық кома кезінде екі адам осындай екі шприцті қолданған дұрыс: біреу глюкозаны шприцке сорып алады, екіншісі оны көктамырға енгізеді. Реанимациялық шараларды орындау кезінде көптеген емшаралар және іс-әрекет мұқият және қатесіз орындалады (көктамыр ішіне инъекция, электрокардиограммаға түсіру және т.б.). Сондықтан кезекшілікке кірісер алдында қандай дәрілір бар екендігін және олардың қайда тұрғанын тексеру қажет (реанимацияға қажет дәрілер тұратын алғашқы көмек қорабы болған дұрыс); электрокардиограф аппаратының қандай жағдайда екенін, ондағы қағаздың жеткілікті екендігіне көз жеткізу керек.
Қабылдау бөлімінің мейірбикесі тері астына егуді, көктамырға тамшылып дәрі енгізуді, қажет болған жағдайда тамырдан қан алуды нақты және тез орындау қажет. Кей жағдайда емшара бөлмесінің мейірбикесі тәулік бойы кезекшілік атқарып жүргенде де бір мезетте көптеген науқастар бірден түскенде басқа мейірбикелер де көктамырға инъекцияны өздері жасауға міндетті.
Химиялық заттармен жұмыс жасау кезіндегі мейірбикенің қауіпсіздігі
Күн сайын мейірбике организміне жалпы және жергілікті өзгерістер тудыратын химиялық заттармен жұмыс істейді.
Организмге химиялық заттар шаң және бу түрінде тыныс жолдарына еніп, тері және шырышты қабаттар арқылы абсорбцияланады. Оладың әсері терінің реакциясы, бастың ауруы, бас айналу түрінде байқалады. Кей жағдайда олардың әсерінің нәтижесі өкпе, бауыр, бүйрек аурулары, түсіктер, бедеулік және т.б. аурулардан көрінеді. Химиялық заттармен жұмыс істеудің кері әсері ретінде әр түрлі дәрежеде теріні қабындырып, тітіркендіретін кәсіптік дерматит жиі кездеседі. Бұндай қауіпке мейірбикелер қолын жиі жуу қажет болғандықтан, фармакологиялық препараттардың әсерінен, дезинфекциялық заттардың әсерінен және тіпті резеңкелі қолғап кигендіктен де ұшырауы мүмкін. Дерматитті тудыруы мүмкін:

  • Бірінші ретті тітіркендіргіштер, құрамында хлор және фенолы бар залалсыздандырғыш заттар тиген тері аймағында ғана терінің қабынуын тудырады.

  • Сенсибилизаторлар - аллергиялық реакция тудыратын заттар. Алғашқыда аллергиялық реакция дерматит түрінде байқалуы мүмкін. Сенсибилизацияға ұшыраған сайын аллергиялық реакция ауыр түрде өтеді, бетінің ісінуі, жрегінің айуы, құсу байқалады. Сенсибилизацияға ұшырайтын заттардың тобына көптеген фармакологиялық препараттар, мысалы, антибиотиктер, антибактериалды сабындар да жатады.

Химиялық препараттармен жұмыс істеген кезде қауіпті минимальді деңгейге азайту үшін қажет:

  • Жұмыс істейтін химиялық препарат туралы толық ақпарат алу қажет: атауы,сауда белгілері, зиянды факторлар, сақтау және қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары жөнінде.

  • Химиялық заттармен арнайы қоғаныш киімімен жұмыс істеу керек (қолғап, халат, алжапқаш, көзілдірік, маска немесе респиратор). Маска және респиратор токсикалық шаңдардан және аэрозольден қорғану деңгейін қамтамасыз етеді. Резеңкелі қолғапқа аллергиялық реакция байқалса силиконнан немесе поливинилхлоридтен жасалған қолғаптар пайдаланылады..

  • Жұмыс орнын желдету, әсіресе сақтау, дайындау және химиялық препараттардың көп мөлшерін қолданған орындарды.

  • Кәсіптік зияндыққа ұшыраған персоналға бақылау жүргізу: медициналық қарау, тері сынамасын алу, өкпе, бауыр, бүйрек қызметін бақылау.

  • Дерматиттің және басқа да тері белгілері туралы хабар беру керек.

Дезинфекциялық заттармен жұмыс жасау кезіндегіеңбекті сақтау ережелері.

  1. Химиялық дезинфекциялық заттарды сақтау ережелерін орындау.

  2. Химиялық заттың қорабында оның атауы, тағайындалу түрі, дайындалған және жарамдылық мерзімі көрсетілу керек.

  3. Дезинфекция жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз ( арнайы халаттар, орамал, көзілдірік, респираторлар, қолғап, екінші аяқ киім)

  4. Дез. ерітінділер иісі сорылатын шкафтарда немесе арнайы желдетілетін бөлмелерде дайындалады.

  5. Көзге шашыраған жағдайда көзді 2% содасының ерітіндісімен жуады, қажет болған кезде альбуцид тамызады, көзде ауырсыну сезімі сақталса 2% новокаин нің көзге арналған тамшын тамызады.

  6. Теріге тамса дереу таза сумен жуады.

  7. Тыныс алу жолдарын тітіркендірген болса дереу бөлмеден шығып, таза ауамен дем алу керек, сода қосылған сүт ішіп, ауыз қуысын 2% тұзды ерітіндімен шаяды, қажет болса жүрекке арналған, тыныштандыратын, шокқа қарсы дәрілерді қабылдайды.

Дезинфекция және стерилизация тәсілдерін қолдану біздің елімізде мынадай санитарлы ережелермен және нормалармен регламентируется жүреді (САНПИН) № 9.01.001.76 6.08.1997ж. «Медициналық тағайындауға арналған заттарды (МТЗ) стерилизациялау және дезинфекциялау»


САНПИН дезинфекция құралдарын және режимін, оның тәсілдерін, стерилизация алдындағы өңдеуді МТЗ-ды стерилизациялауды устанавливает.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет