Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет153/181
Дата20.09.2023
өлшемі5,92 Mb.
#109312
түріДиссертация
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

барлық, тәндік, молдық


197 
семантикасын білдіреді. Бұл формалардың түркілік кезеңде сөзжасамдық 
қызметі кең болғанға ұқсайды 
(бедүк бағырлық).

қазіргі қазақ тілінде 
-рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -
теу
шырай қосымшалары заттар мен құбылыстардың шамасын, қимыл-әрекет 
мөлшерінің түрліше деңгейін, дәрежесін білдіреді. Бұл форма XIII–XIV
ғасырларда 
-рақ, -рәк, -рак, рәг,
одан бұрынғы X–XII және V–IX ғасырларда
-
рақ, -ырақ 
формасында кездеседі. Аталған тарихи кезеңнің бәрінде шырай 
қосымшасының грамматикалық қызметі, семантикалық ерекшелігі ұқсас. Тек
XV–XVIII ғасырлар ескерткіштерінде шырай формасы мөлшер семантикасын 
беруде кездеспейді. Бұл хандық дәуір тілінің поэтикалық ерекшелігінен және 
жауынгерлік рух тілінің нақтылыққа құрылатын қасиетінен болса керек.
3. «Мөлшер» ұғымы бес тарихи кезеңде де синтаксистік деңгейде кеңінен 
көрініс табады. Мұнда мөлшерлік семантика аналитикалық, аналитика-
синтетикалық формалар арқылы беріледі. Бұлар негізінен үш түрлі: 1) тіркестер, 
2) синтаксистік модельдер, 3) синтаксистік конструкциялар.
- мөлшер семантикасы тіркестер арқылы берілгенде екі немесе одан да көп 
сөздер тіркесіп, бір ұғымды білдіреді. Мұндағы сөз тіркестері анықтауыштық, 
пысықтауыштық, толықтауыштық қатынаста болады. Тіркесім тәсілі бес тарихи 
кезеңнің ішінде XV–XVIII ғасыр мұраларында аса белсенді қолданыс тауып
мөлшер семантикасын берудің ең оңтайлы тәсіліне айналған. Бұл жыраулар 
поэзиясы тілінің айқындауыштық құрылымдарды сүйетін табиғатын танытады. 
Өзге тарихи кезеңдерде тіркесім семантикасы көбіне тура мағыналы болып келсе, 
хандық дәуірде образды, бейнелі, ауыспалы мәнде болып келеді.
- мөлшер семантикасы синтаксистік модельдер арқылы берілгенде, көбіне 
септік формалар мен демеулік шылаулар, көмекші сөздер, үстеудің мағыналық 
топтары синтаксистік байланыста болады. Мұнда көмекші сөздер мен 
синтетикалық формалар негізгі сөздерді семантикалық жағынан тоғыстырып, 
грамматикалық жағынан байланыстырып, бір бүтін мөлшерлік ұғымды береді. 
Бұл модельдердің түрлері біршама мол және әр микроұғымдікі кейде әртүрлі.
- мөлшер семантикасы синтаксистік конструкциялар арқылы берілуі 
мөлшер категориясының төл тәсілдерінің біріне жатады. Синтаксистік 
конструкция негізінен екі түрлі болып келеді. Олар мыналар:
Ф
1
: [(сан + мөлшерлік) + зат есім 
не
 етістік сөздер] = мөлшер ұғымы 
Ф
2
: [зат есім 
не 
етістік сөздер + (сан + мөлшерлік)] = мөлшер ұғымы 
Бұл құрылымдар арқылы шексіз мөлшер мәнді тілдік бірліктер құрастыруға 
болады және мөлшерлік семантиканың мазмұны да шексіз болады. Мұнда үштік 
компоненттің әр құрамы өзара аналитикалық тәсілдер арқылы да, аналитика-
синтетикалық тәсілдер арқылы да байланысады және ортақ бір мөлшерлік 
ұғымды білдіреді. Конструкцияның мөлшерлік компоненті көбіне өлшем бірлік 
болып келеді. Нақтырақ айтқанда, осы синтаксистік конструкция өлшем 
бірліктерді қалыптастырушы құрылым саналады. Бұл көне түркі дәуірінде де 
нақты қалыптасқан. Әсіресе X–XII ғасырлардағы орта түркі кезеңіне жататын 
«Диуани лұғат-ит-түрік» еңбегінде кеңінен көрініс табады. Осыған орай түрлі 
өлшемдік ұғымдарды тудыратын
-ым, -ім, -ұм, -үм, -ум, -ам (-ым, -ім) 
аффикстері аса өнімді жұрнақтардың қатарына жатады.
«Диуани лұғат-ит-түрік» еңбегіндегі өлшем бірліктер қалыптасу 
ерекшелігіне қарай соматикалық атаулар, құрал-жабдықтар, металл, бағалы 


198 
бұйымдар және кірме тілдік элементтерді негіз етеді. Мұның өзі негізсіз, 
кездейсоқ құбылыс емес. Көне түркі кезеңінде ең бағалы бұйымдар және 
заттардың мөлшерлік шамасын өлшеу процесінде ең жақын, әрі қолайлы заттар 
дене мүшелері болғандықтан, ол семантикалық дамудың нәтижесінде өлшем 
бірліктерге айналған. Бұл заңдылық әлем тілдерінің көпшілігіне тән құбылыс. 
Сонымен қатар осы өлшем бірліктер ішкі және сыртқы лингвистикалық 
факторлардың әсеріне, өзге үстем тілдердің ықпалына ең тез ұшырайтын қабат. 
Бұл тілдегі жаһандану үдерісінің алғашқы сипаттарын көрсетеді. Өлшем 
бірліктер орта ғасыр кезеңінде де мөлшер категориясы семантикалық өрісінің 
өзегінде орналасқан. Өлшем бірліктер жүйесі дамыған және оның мәні нақты 
сандармен стандартталған тіл өміршең тіл саналады. Осыған негізделгенде ерте, 
орта ғасырдағы түркі тілі өлшем бірліктер жүйесі қалыптасқан, кең қолданысқа 
түскен қуатты тіл екені айқындалады. Тұтас бір дәуір тілінің келбетін көрсететін 
«Диуани лұғат-ит-түрік» сөздігінде 260-қа тарта мөлшерлік бірліктердің кездесуі 
мөлшер категориясының
сол дәуірдің өзінде өте ауқымды тілдік категория 
екенін түсіндіреді. Ал осынша сөздің 40-қа таяуы, яғни 15 % соматикалық 
мөлшерлік болып келуі тілдегі мөлшер категориясының ең үлкен бөлігін 
соматизмдер құрайтынын түсіндіреді.
Өлшем бірліктер тілдің ең актив қабатындағы сөздер тобына жатады. Ол 
басқа тілдік бірліктерге қарағанда сол тілді тұтынушы халыққа барынша 
танымалдығымен, түсініктілігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар өлшем 
бірліктер халықтың рухани кеңістігіндегі ең қажетті ұғымдарды сипаттайды. Әрі 
сол тілді тұтынушылардың тілмен арақатынасын, тілдің әлеуметтік статусын да 
көрсетеді. Сондықтан ғасырлар бойы ұлтпен, этноспен бірге туып, біте 
қайнасқан осы ұлттық өлшем бірліктерді заман талабына сай қайта жаңғыртудың 
тіл үшін де, руханият үшін де маңызы зор.
Мөлшер категориясының қалыптасуы мен дамуында халықтың, этностың, 
ұлттың тұрмыс-тіршілігі, арман-мұраты бағдарлаушылық сипатқа ие және бұған 
тарихи оқиғалар, саяси шешімдер тікелей ықпал етеді. Осындай тілден тыс 
факторлардың нәтижесінде «мөлшер» ұғымында сол тілді тұтынушы халықтың 
рухани кодтары қалыптасады. «Мөлшер» ұғымына кодталған мұндай күрделі 
рухани құбылыстарды ашу ұлттық құндылықтарымызды қайта жаңғырту үшін 
маңызды. Сондықтан мөлшер категориясы тұтас бір ұлттың, халықтың, 
этностың рухани-мәдени өмірі мен құндылықтарын ғасырлар бойына 
тоғыстырып жатқан тін іспетті.
Сонымен, зерттеу нәтижесі көрсеткендей, мөлшер категориясының 
мынадай екі түрлі ерекшелігін анықтауға болады: бірінші, мөлшер категориясы 
– әр тарихи кезеңнен екінші кезеңге көшіп, үздіксіз сақталып отырған, алайда әр 
тарихи кезеңнің өзіндік ерекшелігі бар категория; екінші, мөлшер категориясы 
қазіргі қазақ тілінде өте белсенді қолданыстағы категория болғанымен, әр 
стильдік мәтіндерде өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, ауызекі сөйлеу стилінде 
«бұл жұмысты жазуға бір жыл керек» 
деп қысқартылған құрылыммен айтылса, 
ғылыми, ресми ісқағаздар стилінде мұндай қысқартуларға көбіне ерік беріле 
бермейді, сондықтан «бұл жұмысты жазуға 
бір жыл уақыт
керек» деп 
мөлшерлік 
конструкция 
толық 
құраммен 
айтылады. 
Бұл 
мөлшер 
категориясының адамзаттың рухани-мәдени өзгерістеріне тікелей байланысты 
екенін түсіндіреді. 


199 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет