лексикалық бірліктердің бір тобы заттардың
сандық мөлшерінің көп не аздығын, енді бір тобы тік және көлденең бағыттағы
«қашықтық»
ұғымын , келесі бір тобы «уақыт мөлшері» ұғымын білдірсе, тағы
бір тобы «көлем», «салмақ мөлшері» ұғымдарын білдіреді. Аталған тілдік
бірліктер нақты шаманы емес, сипаттау мәніндегі мөлшерлік мағынаны
білдіреді. Бұл мөлшерлік лексемаларды семантикалық ортақтығына қарай
мынадай ұғымдарға жіктеуге болады: «сандық» ұғым, «көлем» ұғымы,
«қашықтық» ұғымы, «уақыт» ұғымы, «салмақ» ұғымы. Мөлшерлік лексемалар
осы микромөлшерлік ұғымдар шеңберінде өзара
тіресім (оппозиция) құрайды.
Төменде олардың «мөлшер» ұғымын беру ерекшелігіне назар аударайық.
«Сандық» ұғым аясында топтасқан лексемалар
аз және
көп семантикасы
негізінде градуалды
тіресім құрайды. Ескерткіштерде «көптік» ұғымы
қоп, үкүш, улуғ сөздері
берілсе, «аздық» ұғымы бір ғана
аз сөзі арқылы беріледі. Бұлар
деректі зат есім сөздерімен тіркесе келіп, сол заттың саны
көп не
аз екенін
жалпылама сипаттайды. Мұнда сандық мәннің нақты болуы шарт емес, көптігі
немесе аздығы жалпылама берілсе жеткілікті. Мысалы:
Аз будунығ үкүш қылтым, ығар еллігде йег қылтым (КТү., 29)
; Төрт булундақы будунығ қоп баз қылтым, йағысыз қылтым, қоп маңа көрті. Ісіг-күчіг бірсер бунча төрүг қазғанып (КТү., 30)
// Аз халықты көп қылдым, тату елге жақсылық қылдым; Төрт бұрыштағы халықты көп бейбіт еттім, жаусыз қылдым, бәрі маған бағынды, ісін-күшін жұмсап сонша жұртты жиып Мысалда
аз / үкүш (аз / көп) сөздері өзара
тіресім құрап, халық санының
есебін жалпылама, салыстырмалы түрде білдіреді. Мәтіндегі мөлшерлік
семантиканың жалпылама немесе нақты болуы белгілі ұғымдық қажеттілікке
қарай анықталады. Мәнмәтінде халықтың нақты саны емес, өзге шамалармен
салыстырмалы түрде
көп не
аз болуы тірек (доминанта) семантика. Бұл сөз
М.Қашқаридың сөздігінде де
үкүш тұлғасында кездеседі. Ғалым бұған:
Үкүш нәң // көп нәрсе (МҚ, Т
1
-90), – деп түсініктеме береді. Ал Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат
сыйы» еңбегінде
4
өкүш тұлғасында беріліп, мұнда да
көп мағынасында
қолданылады. Мысалы:
Санып сөзлаган ер сөзи сөз сағы, Өкүш йаңшаған тил ей алмас йағы // Ойланып сөйлеген кісінің сөзі сөздің асылы, Көп шатып 4
Ахмет Йүгнеки. «Ақиқат сыйы». – Алматы: Ғылым. 1985, 135 б. («Һибат-ул хақайық» // Ә.Құрышжанов,
Б.Сағындықұлы транскрипциясы бойынша).
54
мылжыңдаған тілді алдырмайтын жау /деп түсін/ (АЙ, 133-134). Бұдан
аталмыш сөз орта ғасыр түркі тілінде өте жиі қолданыста болғаны байқалады.
Сөз бойындағы көптеген мағыналардың біреуі контексте актуалдануы
улуғ сөзінен де көрінеді. Мысалы,
Біргерү табғач тапа улуғ сү екі йегірмі ... /сүңүшдім/ (КТү., 28)
// Түстікте табғашқа қарсы көп әскермен он екі /рет/ соғыстым. Бұл мысалда
улуғ сү тіркесі
көп әскер мағынасын білдіреді.
Улуғ –
әлденеше мағынада кездесетін көпмағыналы сөз. Соның бірі – көптік
семантикасы. Жыраулар поэзиясында
улуғ сөзі
ұлы формасында беріліп,
ұлы