-ша / -ше қосымшасының зерттелу
тарихына шолу жасағанымызда, оның үш бағытта анықталғанын байқаймыз:
1.
- ша / -ше сөз тудырушы аффикс деп анықтау;
2.
-ша / -ше қосымшасын форма тудырушы аффикс деп анықтау; 3.
-ша / -ше қосымшасын екі функциялы деп
анықтау»
[184, 67 б.]. Мұның өзі аталған жұрнақты бір сөз табы шегінде қарауға
болмайтынын және оның әлденеше түрлі семантикалық қызметі бар күрделі
морфологиялық бірлік екенін айқындай түседі. Біздіңше, қазақ тіл біліміндегі
және түркологиялық зерттеулердегі әрұдай пікірлердің тууы аталмыш аффикстің
табиғатын толық тани алмаудан емес, керісінше, түркі тілдерінің әр
бұтақтарында
белгілі
семантикалық
айырмашылық,
грамматикалық
ерекшеліктердің болғандығынан туындап отыр. Яғни қазіргі қазақ тілі мен өзге
түркі тілдері ортақ көне түркі тілінен бөлінген кезеңнен бастап бүгінге белгілі
семантикалық, грамматикалық дамумен жеткен. Ендеше, аталмыш жұрнақтың
шынайы тілдік табиғатын тану салыстырмалы-тарихи, салғастырмалы-тарихи
зерттеулердің нәтижесінде мүмкін болмақ. Бұл – арнайы қарастыруды қажет
ететін ауқымды тақырып. Біздің мақсат аталмыш жұрнақтың мөлшер
семантикасын анықтау болғандықтан, оның таптық статусы мен «мөлшер»
ұғымынан өзге де семантикалық өрістеріне, лексика-грамматикалық
ерекшеліктеріне, этимологиясына тереңдеп бармаймыз.
А.Жаңабекова аталмыш еңбегінде
-ша, -ше аффиксінің қызметін толығымен
форма тудырушы деп танып, оның сөз тудыру, сөз түрлендіру қызметін лексика-
семантикалық тәсіл арқылы біртіндеп бүтінделумен байланыстырады [184, 81 б.].
Біз де бұл тұжырымды құптаймыз. Өйткені көне түркі тілі материалдарында бұл
жұрнақ есімдіктерде
(анча // анша, бунча // бұнша) , сан есімдерде
(елігче // елуше, йүзче // жүзше), зат есімдерде
(суча // суша, тағча // тауша) кездеседі. Бірақ
бәрінде де мүлде жаңа сөз жасамайды, керісінше, сөздің тұлғасын түрлендіріп,
белгілі грамматикалық мағына үстейді және ол негізінен қалыптасқан
лексикалық бірлік ретінде қолданылады. Үстемелейтін грамматикалық
мағынасы жағынан көбіне мөлшерлік семантикада жұмсалады.
-Ча, -че аффиксінің көне түркі тіліндегі семантикалық ерекшелігіне назар
аударғанда, көбіне шама салыстыру, шегін көрсету мәнін білдіреді. Ал қазіргі
қазақ тілінде шама салыстыру қызметін көбіне
-дай, -дей, -тай -тей жұрнағы
атқарып,
-ша, -ше қимыл-қозғалысқа немесе тірі заттарға қолданатын, заттардың
ішкі қасиетін ұқсату немесе заттарға белгілі қасиеттің тәндігін білдіру
семантикасына ауысқан тәрізді. Мысалы:
Ілгерү барығыма бардығ, қурығару барығыма бардығ, бардуқ йірде едгүг ол ерінч. Қаның субча йүгүрті, сүңүкүң тағча йүгүрті. Бегіліг уры оғлың қул болты, сілік қыз оғлың күң болты (КТү., 24)
67
// Біресе ілгері шаптың, біресе кері шаптың, барған жерде не игілік таптың. Қаның судай ақты, сүйегің таудай жатты. Бек ұлдарың құл болды, сұлу қыздарың күң болды .
Үзіндіде түркі тайпаларының қайда барарын білмей сенделіп жүргенде
жаулары (табғаш) тарапынан көп қырғынға ұшырағаны айтылған. Мұнда адам
өлімінің мөлшері аққан судың мөлшерімен, үйілген таудың көлемімен
сипатталған. Судың бір қасиеті – ағу да, таудікі – көз алдын көлегейлеп,
үймектеліп жату.
Қаның субча йүгүрті // қаның судай ақты тіркесінде қанды
судың төгілуіне ұқсату семантикасымен қатар, «көп ақты» семантикасы да бар.
Ал