Байланысты: Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностарды-emirsaba.org
Найманмен Керей ұлыстары Наймандар-ежелгі түрік тайпаларының бірі. Наймандар Ертіс өзенімен Орталық Монғолия арасындағы жерлерді мекендеген. Монғол тілінде найман сөзі “сегіз” деген мағынаны білдіреді. Наймандар керей, меркіт, қырғыздармен көрші болған. ХІ ға- сырдың бас кезінде наймандар христиан дінін қабылдады. Мұ- ның өзі наймандардың ертефеодалдық кезеңде басқа мемлекет- термен және халықтармен этно-мәдени байланыста болғанын дәлелдейді. Қидандар мемлекеті құрылғаннан кейін наймандар оның құрамына кірген, бірақ Елюй Даши өлімінен кейін тәуел- сіздік алып, өздерінің билеушісі етіп Инанч-Білге Буху ханды тағайындады.
Найман мемлекеті батысында керейлерден бастап, Батыс Монғолия мен Шығыс Қазақстан аумағын мекендеді. ХІІ ғасыр- дың аяғында ХІІІ ғасырдың басында найман хандығы екіге бөлінді, оны Инанчтың екі ұлы: Даян хан мен Бұйрық хан бас- қарды. 1204 жылы монғолдар Даян ханды, 1206 жылы Бұйрық ханды талқандады. Кейін елді Даянның ұлы Күшлік хан басқар- ды. Күшліктің қуаты тез күшейді. Ал, наймандардың Қазақстан- ның жеріне қоныстануы ХІІ ғасырдың аяғында болатын. Найман конфедерациясына сегіз тайпа кірді. 1208 жылы Монғо- лиядан ығыстырылған наймандар Жетісуға ауып келді. Ал, ХІІІ ғасырдың басында наймандар қарақытайларды Жетісу өңірінен ығыстырды.
1218 жылы монғолдар наймандарды талқандап, қашып кет- кен Күшлікті Бадахшанда өлтірді. Шығыс Түркістан мен Жетісу монғолдардың қол астына өтті. Ал, керейлердің шығу тегі туралы ғалымдар әр түрлі пікір ұстанады. Біреулері монғол тип- тес десе, енді біреулері ежелгі түрік тайпасы дейді. Керейлер ту- ралы алғашқы мәліметтер олардың христиан дінін қабылда- нуына орай ХІ ғасырдың төртінші ширегінде кезедеседі. Керей- лер Солтүстік Монғолиядағы Селенга, Онон өзендерінің жаға- сын мекен еткен. Астанасы Орхон өзенінің жағасындағы Қатын- балық қаласы болған. Керейлердің билеушісі Тұғырылхан Шың- ғыс ханның әкесі Есукей батырдың досы болған. Шыңғысхан- ның әскерінен жеңілген керейлер Шығыс Қазақстан, Алтай өңіріне өтеді. Кейіннен Алтын Орда мен Ақ Орданың құрамын- дағы тайпалардың бірі болады. Керейлер Ашамайлы және Абақ керей деп екі тармаққа бөлінді. Керейлердің этнонимі Қара теңіз жағалауындағы далалық жер атауларында кездеседі. Керейлер- дің екінші бір бөлігі Солтүстік Қазақстанда қалып, Орта жүз қазақтарына (қара-керей, абақ-керей) атауымен енді, сөйтіп бұ- рынғы “кереит” деген этноним атауындағы “т” жалғауы алынып қалды. Бұл кезде Орта Азия, Жетісу және Қашқария жерінде өзіндік жаңа этникалық түрге айналып, жаңарған әлеуметтік, экономикалық құрылымдар, рухани мәдениет қалыптасты. Со- ның нәтижесінде феодалдық мемлекет құрылып, түрік тайпа- лары отырықшылыққа көше бастады, қалалар салынды. Өкініш- ке қарай монғол шапқыншылығы осындай жүйелі дамудың табиғи процесін бұзып кетті. Керейлер салық жинаушыларды “шерби” деп атады. Керей орта жүздің бас тайпаларының бірі. Қазіргі кезде керейлер Қазақстаннан басқа ТМД, Қытай, Монғо- лия, Түркия сияқты мемлекеттерде өмір сүруде.