Монография // Мұқанов Сәбит. Таңдамалы шығармалар. Он алты томдық. Он алтыншы том. Алматы



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата21.01.2017
өлшемі1,7 Mb.
#2370
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
халге не себепті түсуінің сырын былайша ашады: 
 
Еңбек жоқ, харекет жоқ, қазақ кедей. 
Тамақ аңдып қайтеді тенгіремей. 
«Ет пен қымыз сықылды ас жоқ» дейді, 
Ол немене жоқтықтың әсері емей? 
Ет, қымыз тамақ болса әркімге арзан, 
Тәтті, дәмді іздер ең одан да арман. 
Өз пұлыңмен халің жоқ күнде тояр, 
Құлдық ұрып асайсың асы бардан. 
Өз үйіңнен тоярға қолың қысқа, 
Ас берер ауыл іздеп жүрсің босқа, 

 
86
Бір жілік пен бір аяқ қымыз берген, 
Дереу сені жұмсайды бір жұмысқа. 
 
Міне,  қайдан  кеп  шығады  шындық.  Тамақ,  екінші  сөзбен 
айтқанда,  дәулет,  байлық  кімде  болса,  күш  соның  қолында.  Тамағы 
жоққа  тамағы  барлар  тамағын  есіркеп  бермейді,  сол  берген  тамағы 
арқылы «дереу бір жұмысына жұмсау үшін» береді, «Өз пұлымен күнде 
тоятын  халі  жоқ»,  «асы  барларға  құлдық  ұрып»  «тамағын  асырайтын» 
«пысықтардың» «ит» болып «айтаққа» шабатын себебі осында. 
 
Ел қыдырып, ас ішіп, 
Еркек арын сатады, 
Бала-шаға, ұрғашы, 
Үйде жарап қатады,- 
 
деп  Абай  ол  «пысықтардың»  үй  ішінің  де  күн  көрісі  нашар  екенін 
айтады. 
Бұл  хал  «пысықтың»  ғана  трагедиясы  емес,  сол  кездегі  барлық 
замандастарының трагедиясы деп ойлаған Абай былай дейді: 
 
Жас өспірім замандас қапа қылды, 
Сабыр, ар жоқ, аял жоқ, ілді-жұлды, 
Тұрлау қылып еш нәрсе басқара алмай, 
Сенімі жоқ серменде өңкей жынды. 
Жамандық, жақсылықпен оған бір бәс, 
Дін ісін, құдай ісін айыра алмас, 
Арын сатып, ант ұрып іздегені - 
Бір семіз ат, аяғы бір табақ ас. 
Тұрлаусыздың қолынан не келеді? 
Ынтасыз қайтіп өнер үйренеді? 
Еңбегі жоқ, еппенен мал табам деп, 
Сендіре алмай, сене алмай сенделеді. 
Онда оны алдайды, мүнда мұны, 
Жанын берсе, табылмас сездің шыны. 
Алты жақсы, жүз жылқы болған басы, 
Бір семіз ат болады оның құны. 
 
Тағы бір өлеңінде: 
Заман ақыр жастары, 
Қосылмас ешбір бастары, 
Бір-біріне қастыққа  
Қойнына тыққан тастары. 
Саудасы - ар мен иманы. 
Қайрат жоқ бойын тыйғалы. 

 
87
Еңбекпен етті ауыртпай, 
Құр тілменен жиғаны, - 
 
деп  әлгі  пікірін  қайталайды.  Замандастары  туралы  осындай  пікірді  көп 
өлеңіне өзек етіп, айыптаушы күшке айналдырады. 
Абайдың,  өлеңдеріне  сенсең,  өзі  мен  замандастарының  «ар, 
иманын  саудаға  салуына»,  «еңбекпен  етін  ауыртпай,  құр  тілмен  мал 
жинауына»,  «қу  тілмен  қулық  саууына»,  «терін  сатпай,  телміріп  кәзін 
сатуына» олар ғана айыпты смес, заман айыпты. 
Ол: 
Әркімді заман сүйремек 
Заманды қай жан билемек 
Заманға жаман күйлемек. 
Заманы оны илемек - 
 
дейді. Бұл қандай заман? 
Бұл  -  жоғарыда  В.  И.  Ленин  сипаттаған  1861  -  1905  жылдың 
арасындағы  заман.  Бірақ  осы  заманның  -  Россияда  капитализм  оты 
тұтанып,  арты  қалың  өртке  айналған  заман  екенін,  сол  өрттің  ұшқыны 
қазақ  даласы  сияқты  отар  елдерге  де  кеп  түскенін,  қоғам  тіршілігіндегі 
қанау-қаналудың,  содан  туған  әділетсіздіктің,  азаптың,  қайғылардың 
бәрі  сол  өрттен  екенін  Абай  ақындық  жанымен  сезсе  де,  оның  шын 
мәнін жыға түсінбеді. 
Абай  заманының  экономикалық  жағдайын,  ол  жағдайды  Абайдың 
қалай  түсінуін  осымен  доғарып,  енді  сол  заманның  саяси  халіне 
тоқтайық. 
Абайдың  шығармаларында  көп  кездесетін  кейіпкерлер  -  болыс, 
старшын,  би.  Абай  бұларға  өшіге,  жауласа,  қаламын  рақымсыз  түйрей 
жазады. Осылар кімдср? 
Бұл  сұраудың  жауабын  жоғарыдағы  бір  сөзінде  жер  қүмар,  мал 
құмар,  жалшы  құмар  байлар  туралы  Абай  айта  кеп,  «жауластық, 
дауластық,  партияластық,  осындай  тұстарда,  сөзім  өтімді  болсын  деп 
қызметке, болыстыққа, билікке  таластық» деген. 
Абайдың, бұл сөзінен қазақ байларының әкімдікке таласуы - саяси 
үстемдікке таласуы екендігі айқын көрініп тұр. 
Сондай  үстемдікке  қазақ  байлары  қалай  таласатын  еді  және 
оларды патша өкіметі қалай қолдаушы еді? 
1868  жылдың  заңы  бойынша,  қазақ  елінде  округке  бөліну 
системасы  жойылып,  оның  орнына  қазақ  елі  губернияларға,  уездерге, 
болыстарға,  старшындарға  бөлінді.  Бұларды  басқаратын  әкімдердің 
ішінде,  тек  болыстық  әкімдер  мен  старшындық  әкімдер  ғана  халықтың 
дауыс 
беруімен 
сайлануға 
тиісті 
де, 
өзгелері 
жоғарыдан 
тағайындалатын. 
Абайдың: 

 
88
Орыс айтты: өзіңе ерік берем деп, 
«Кімді сүйіп сайласаң, бек көрем» деп, 
Бұзылмаса, оған ел түзелген жоқ, 
Ұлық жүр: бұл ісіңді кек көрем деп,- 
 
деуі  осыдан.  Абайдың  «сайлау  елді  бүзуға  себеп  болады»  деген  сөзіне 
қосылуға  болады  да,  ол  бұзылуды  «ұлық  кек  көрді»,  ұнатпады  деуіне 
қосылуға  болмайды,  себебі  -  оның  «ұлық»  деп  отырғаны:  орыстан  ғана 
тағайындалатын  уездіқ  я  губерниялық  әкімдер.  Одан  әрі  барсақ,  жалпы 
патша  өкіметі.  Шынында,  патша  өкіметі,  оның  қазақ  аулын  басқарып 
отырған  губерниялық  және  уездік  әкімдері,  қазақ  аулының  әкімдері  - 
старшындарды,  билерді,  болыстарды  сайлағанда,  сайлау  туралы 
шығарған заңын дұрыс жүргізді ме? 
Бұл  сұрауға  жауап  берерден  бұрын,  патша  өкіметінің  осы 
сайлауды қандай мақсатқа пайдаланғанына тоқталайық. 
Патша  өкіметінің,  әсіресе  капитализм  дәуірленен  кездегі  патша 
өкіметінің,  ұлт  пен  ұлтты  араздастырып  ұстау  саясатын  қолданғаны,  әр 
ұлттың  өз  ішін  алалықта  ұстау  саясатын  қолданғаны  баршаға  мәлім. 
Рулық 
жүйеге 
бөлінген 
қазақтың 
«алтыбақан 
ала 
ауыздығы» 
бұрынғыдан да күшейе түсті. 
1868  жылдың  заңынан  кейін  шыққан  болыстық  сайлауларда 
губерниялық,  уездік  әкімдердің  пара  алуы  шектен  асты.  Олар  параны 
жасырып  алмай,  көзге  керсетіп  алатын  болды  және  параны  кім  көп 
берсе,  қайткенде  де  ретін  тауып  соны  сайлады.  Ол  кездің  сайлауы  үш 
жылда  бір  қайталайды,  губерния  мен  уезден  де  сайлау  өткізуге  келетін 
ұлықтар,  бұл  сайлауда  параны  кеп  бергенді  сайласа,  келесі  сайлауда 
одан  артық  беретіндер  табылса,  соны  сайлап  кетті.  Қысқасы, 
сайлаушынын, сүйейтіні - параны мол бергендер. Абайдың: 
 
Бірде оны жарылғап, бірде мұны, 
Қуды ұнатты-ау Семейдін, бұл қаласы, - 
 
дейтін себебі де осында. 
Өзге  байлардан  үстем  болу  мақсатымен  болыс  болуға  тырысқан 
байлар,  сайлауға  дауыс  беретін  атқа  мінерлерді  қайткенде  өз  кісім  ғып 
алам  деп,  малын  шашып  басы  катса,  оның  сол  мал  шашуы  атқа 
мінерлердің  де  басын  аз  қатырмайды.  Атқа  мінерге  алым  керек.  Кім 
алым  берсе,  ол  -  соның  кісісі.  Дауысты  сатып  алу  ашық  саудаға  түскен 
соң,  қай  атқа  мінердің  кімге  сатылса  да  еркі.  Сондықтан  бір  рудағы 
атқа  мінерлердің  қайсысы  кімге  сатылғысы  келсе  соған  кетеді.  Бір 
ауылда  екі  атқа  мінер  болса,  екеуі  екі  жаққа  сатылуы  мүмкін,  болмаса 
аға  мен  іні,  әке  мен  бала  екі  жаққа  сатылуы  мүмкін.  Мүмкін  ғана  емес, 
шыны  да  солай  болған.  Әкесі  сайлауға  таласушылардың  бір  жағыг, 
баласы екінші жағын жақтап кеткенді өзіміздің де көзіміз керді. 

 
89
Әке  мен  бала,  аға  мен  іні,  тұқымдас,  рулас  атқа  мінерлердің  екі 
партияны жақтауы аяқсыз қалмайтын. Бұл жақтаудың арты бір ауылдың 
екі  бөлініп  қонуына,  бір  ағайынды  екі  адамның  екі  ауылға  бөлінуіне, 
әкенің  аулынан  баласының  көшіп  кетуіне  себеп  болды.  Олар  кей  кезде 
іргелесін  бөлектеумен  ғана  қанағаттанып  қалған  жоқ.  Осы  араздықтан 
бірінің-бірі  малын  барымталау,  қонысын  тартып  алу,  жанжалдасу, 
төбелесу,  кісі  өлу,  өтірік  жаламен  де,  шын  қылмысымен  де  абақтыға 
жаптыру, жер аударту, берген қыздарын қайтып алу, қыз-келіешектерін 
ұрласу... Абайдың заманында қазақ елінің дертіне айналып кеткен. Осы 
халдің бәрі де Абайдың шығармаларынан кең орын алады. 
 
Болды да партия, 
Ел іші жарылды, - 
деуі, 
 
Алыс, жақын қазақтың бәрі қаңғып, 
Аямай бірін-бірі жүр ғой аңдып, - 
 
деуі замана шындығы екені аян. 
Заманның  саяси-экономикалық  халінен  қазақ  аулында  пайда 
болған  осындай  мінезді  адамдардың  бәріне  Абай  «пысық»  деген  ат 
қойып, олар туралы пікірін былай қоры тады:  
 
Мал мен бақтың дұшпаны, 
Кеселді пысық көбейді. 
Күшік иттей үріп жүр, 
Кісіден кеммін демейді... 
Қызмет қылған кісісін 
Құрытуға таяйды. 
Қылып жүрген өнері, 
Харекеті - әрекет, 
Өзі оңбаған антұрған, 
Кімге ойлайды берекет? 
Кімді ұялып аяйды? 
Расы жоқ сөзінің, 
Ырысы жоқ өзінің, 
Өңкей жалған мақтанмен, 
Шынның бетін бояйды. 
Бұл сөзімде жалған жоқ, 
Айтылмай сөзім қалған жоқ, 
Абайлаңыз, байқаңыз 
Елдің жайы солай-ды. 
 
Ондай пысықтардың не көздейтінін Абай: 

 
90
 
Ар мен ұят ойламай тәнін асырап, 
Ертеңі жоқ бүгінге болған қүмар, - 
 
деп  түйеді  де,  өзінің  замандастары  туралы  мынадай  зілді  қорытынды 
жасайды: 
 
Дос, жарың, ағайының бәрі екіұшты, 
 Сол себепті досыңнан дұшпан күшті.  
Сүйсе жалған, сүймесе аямаған, 
Бұл не деген заманға ісім түсті! 
 
«Пысықтарды»  сатып  алып  болыс,  би  я  старшын  болатындар 
ақшаны  желге  шашпаған.  Есеппен  шашқан:  сайлау  өтісімен,  келесі 
сайлауға  шейін  олар  өткен  сайлауда  шығарған  ақшасын  «елден» 
жиюмен  және  еселеп  жиюмен  шұғылданады.  «Елден»  деген  сөзді 
тырнақшаның  ішіне  алатын  себебіміз:  әкімдерге  шығын  төлейтіндер 
жалпы  ел  емес,  оның  ішінде  момындар  ғана.  Келесі  сайлауда  қарсы 
шығар  деп  қауіптенетін  «пысықтар»  мен  байларға  әкімдер  тимейді. 
Абайдың тұрғыласы Шортанбай ақынның қазақ кедейін: 
 
Аш-жалаңаш бейнетпен, 
Жүдеп, арып талады. 
Бір ешкісі бар болса, 
«Шығын» деп тілмаш алады. 
Ол «шығынын» бермесе, 
Төбесін тілмаш ояды. 
Кедейге салып шығынды, 
Араны бидің тояды. 
Қағаздатып бұзауын 
Ноғайына
1
 қояды, 
Кедей қайтіп күн көрер: 
Борышқа белден батады, 
Жалғыз сиырын сатады, - 
 
деп  сипаттауы  сондықтан.  Абайдың  өзі  де  ол  әкімдерді  «қазақты  жеген 
қайратты ер» деп кекетеді. 
Абай  заманындағы  ауылда  таласпай  сайланатын  әкім  жоқ, 
Парасыз  талас  жоқ.  Паралы  таласта  бай,  әсіресе  ақшалы  бай,  жеңеді. 
Бірақ  осы  жеңіп  әкім  болғандардың  қандай  екенін  айқын  көрсету  үшін 
Абайдың  «Болыс  болдым  мінекей»  деген  сатирасына  ерекше  тоқталған 
жөн,  өйткені  ол  «пысықтар»  мен  «атқа  мінерлердің»  қай  тұрпаттағы 
адам екендігін айна қатесіз көрсетеді: 
 

 
91
Болыс болдым мінекей, 
Бар малымды шығындап. 
Түйеде қом, атта жал, 
Қалмады елге тығындап. 
Сөйтсе-дағы елімді 
Ұстай алмадым мығымдап, - 
 
деп өкінеді. Неге олай өкінетінін ол болыстың өзі былайша баяндайды: 
Кәкір-шүкір, көр-жерді. . 
Пайда көріп ептеймін, 
Мынау арам, тентек деп, 
Еш кісіні теппеймін. 
Өзімдік бол деп ел жиып, 
Бұзақының бүлігін 
«Жақсы ақыл» деп «құп» деймін... 
 
Ел  басқару  тәртібі  осындай  болған  соң,  болыс  өзінің  келешегіне  
сенбеуін былайша баяндайды: 
 
Қайтіп көмек болады. 
Ант ұрған өңкей ұры-қар? 
Көргенім әлгі, ойлашы,- 
Ұят, намыс, қалды ма ар? 
Енді сайлау болғанда, 
Түсе ме деп тағы шар?! 
Бұл күніме бір күні 
Боламын ғой деймін зар. 
 
Осындай қауіпке түскен болыс: 
 
Ел жайылды, жетпей ме 
Оязға да бір хабар? 
Араны бидің тояды. 
Қағаздатып бұзауын  
Ноғайына қояды, 
Кедей қайтіп күн көрер: 
Борышқа белден батады, 
Жалғыз сиырын сатады, - 
«Тағы бүйтіп кеттің» деп, 
Қозғау салар, қолға алар. 
Қатты қысым қылған соң,   
Басым сотқа айналар, 
Кірлі болып түскен соң, 
 
Көрген күнім не болар, -   

 
92
 
деп  үрейленеді,  Өзіне  де,  еліне  де  сенбейтін,  ел  басқарудың  өнерін 
білмейтін  мұндай  болыстардың,  өзінен  үлкен  ұлықтың  алдында  өзін 
қалай  ұстайтынын  Абай  сол  болыстың  өз  аузымен  былайша 
сипаттайды: 
 
Күштілерім сез айтса, 
Бас изеймін шыбындап... 
Жай жүргенде, бір күні  
Атшабар келді лепілдеп, 
«Ояз шықты. Сыяз бар», 
«Ылау» деп, «үй» деп дікілдеп, 
Сасып қалдым, күн тығыз, 
Жүрек кетті лүпілдеп, 
Тың тұяқ кезім, сөйтсе де 
Карбаңдадым өкімдегі. 
«Ат жарамды, үй жақсы 
 Болсын, бәрің күтін» деп, 
Қайраттанып халқыма, 
Старшын, биді жиғыздым, 
«Береке қыл» деп, «бекін» деп, 
Сөз айтып жүрмін күпілдеп: 
«Құдай қосса жұртымның 
 Ақтармын осы жол сүтін» деп. 
 
Ояз  келер  деп  осылай  сасқан  болыс,  ояз  келгенде  қандай  халде 
болғанын мына сөздерімен кәрсетеді: 
 
Күн батқанша шабамын, 
Әрлі-берлі далпылдап, 
Етек кеткен жайылып  
Ат көтіне жалпылдап. 
Оязға жетсін деген боп, 
Боқтап та жүрмін барқылдап, 
Кейбіреуге таяғым, 
Т иіп те кетті бартылдап, 
Пысықтың көбі бүғып жүр, 
Беттесе алмай шаңқылдап, 
Ашылып омырау, күн ыстық, 
Қойын кетті алқылдап 
 
Осынша  үрейленген  болыстың  оязға  жолыққанда  не  бітіретіні 
оның мына сөзінен көрінеді: 
 
Оңашада оязға. 

 
93
Мақтамаймын елімді, 
Өз еліме айтамын 
«Бергенім жоқ, - деп, - белімді». 
Мақтанамын кісімсіп, 
Оязға сөзім сенімді. 
 
Ел  басқару  әдісін  де,  өзінен  жоғарғы  әкімге  жағыну  әдісін  де 
білмеген мұндай болыстардың келетін қорытындысы: 
 
Ақыл айтар туғандар, 
Бұл сезімді ойлаңдар, 
Каталашка көбейді, 
Сөгіс естіп тозды ажар, 
Мынау елді ұстарлық 
Кісі емеспін, кел, құтқар! 
 
Бұндай  қорытындыға  келетіндер  болыс  атаулының  бәрі  емес. 
Олардың  ішінде  елді  қатал  ұстау  арқылы  бұқтырудың,  жоғарғы 
әкімдерге  жағыну  арқылы  панасында  болудың  неше  түрлі  айласын 
білетіндер  де  аз  болмаған.  Қазақтың  әр  руынан  табылатын  «40  жыл 
болыс  болғандар»  немесе  «болыстығы  атадан  балаға  көшкендер»  Абай 
сипаттаған болыстан басқа сипаттағылар. Олар да Абайға мәлім. 
Абай  осының  екеуін  де  ұнатпайды.  Ояздың  алдында  қадірі  жоқ 
болысты  ол  жоғарыда  мысалға  алған  «Болыс  болдым  мінекей»  деген 
өлеңінде сықақтаса, оязға жағымды болыс туралы былай дейді: 
 
Мәз болады болысың, 
Арқаға ұлық қаққанға, 
Шелтірейтіп орысың 
Шенді шекпен жапқанға... 
Оқалы тон тола ма 
Ар-ұятын сатқанға? 
Куанарлық қыз емес, 
Жылтырауық таққанға... 
Осы да есеп бола ма, 
Ар, абұйыр тапқанға? 
Миың болса, жолама 
Бос желігіп шапқанға... 
Жайы мәлім шошқаның, 
Түрткенінен жасқанба 
 
Бұндайларды  «ар-ұятын  сатқан...  шошқа»  деп  неге  атайтындығын 
Абай  насихат  сөздерінде  былайша  толықтырады.  «Ол  болыс  болғандар, 

 
94
өзі  болыстыққа  қулық,  арамдықпен  жеткен  соң  момынды  қадірлемейді, 
өзіндей арам қуларды қадірлейді. 
Осы  күнде  қазақта  «ісі  білмес,  кісі  білер»  деген  мақал  шықты. 
Оның 
мәнісі: 
ісіңнің 
түзулігінен 
жетпессің, 
кісінің 
амалшы, 
айлалығынан жетерсің деген сөз». 
Өз  тұсындагы  болыс  атаулының  бәріне  наразылығын  біз  Абайдың 
барлық шығармаларынан да айқын көреміз. Ол бір шығармасында: 
 
Елі жөнді болыстар, 
Мақтанып жүр тарқылдап, - 
 
дегенмен, 
осы 
пікірін 
өзге 
шығармаларының 
ешбіреуінде 
қайталамайды. Оның барлық шығармаларында қайталайтыны күштілері 
сөз айтқанда, бас изеп шыбындайтын, ар-ұяттан безген, әділдікке қадам 
баспай, ұры-қарымен табақтас болып, жөнсіздікті жен көрген болыстар. 
Өз  заманындағы  жалпы  өкімет  билеу  системасын  яғни  патша 
өкіметін  өзгерту  керек  деген  пікірге  келе  қоймаған  Абайдың  «алыс-
жақын 
қазақтың 
бәрін 
көргенде», 
барлық 
жерде 
кездестірген 
қиянатшыл әкімдерден ауылды құтқаруға ұсынатын жолы қайсы? 
Бұл  сүраудың  жауабын  Абайдың  езіне  айтқызып  көрейік.  Ауыл 
әкімдерінің  яғни  старшын,  би,  болыстардың  елді  рақымсыз  жәбірлеуін 
баяндай  кеп,  Абай  былай  дейді:  «Осы  қазақ  халқы  осылай  жылдан-
жылға  төмендеп,  бұзықшылық  та  тарап  бара  жатқан  соң,  менің  ойыма 
келеді: 
Қазақтың  болыс  сайлаймын  деген  кісісі,  пәлен  дәрежелі,  орысша 
образование  алған  кісі  болсын.  Егер  де  орталарыңда  ондай  кісі  жоқ 
болса  яки  бар  болса,  жоғарғы  ұлықтың  атауымен  назначениемен 
болады десе, бұл халыққа пайдалы болар ма еді деймін. Оның себебі, ол 
қызмет құмар қазақ балаларына оқу-білім алуға о да пайдалы іс; екінші, 
атаумен  болған  болыстар  халыққа  міндетті  болмас  еді,  ұлыққа  міндетті 
болар  еді.  Атаумен  сайлау  қылғанда,  тергеу  мен  сұрауының  барлығына 
қарамаса, өтірік арыз берушілер азаяр еді, бәлкім жоғалар еді». 
Орысша образованиесі бар адамды болыстық әкім сайлаудан, егер 
ел  сайламаса,  назначениемен  тағайындаудан  Абайдың  екі  мақсаты 
барлығын көріп отырмыз: біреуі - орысша оқыған адамнан әділдік күту, 
екінші  -  оны  көріп,  өзге  қазақ  балалары  да  орысша  оқыр  еді  деп 
дәмелену. Абайдың осы ойларын біраз талқылап көрейік. 
Бірінші,  орысша  оқыған  кісі  сайлансын,  я  тағайындалсын  деген 
пікірді  Абай  неге  айтады?  Оның  айтатын  себебі:  Абай  заманында 
болыстыққа  таласып  сайланатын  қазақтардың  жүзден  тоқсан  тоғызы 
орысша  сауатсыз  десек  қателеспейміз.  Олардың  көпшілігі  сауат  түгіл, 
орыстың тілін де білмейді. 
Ол  кездің  заң-законы  орыс  тілінде  ғана  жазылады.  Кеңсе 
жүмыстары орыс тілінде ғана жүреді. Орыс тілін білмейтін, орысша хат 

 
95
танымайтын  болыс  жоғарыдан  келген  бұйрық-жарлықты  өзі  де 
түсінбейді,  басқарып  отырған  еліне  де  түсіндіре  алмайды.  Ел  мен 
өкіметтің  арасындағы  дәнекер  сияқты  болыстың  мұндай  халде  болуы 
шыдарлық қылық емес. Тілмаш арқылы ұлықпен сөйлесуде мән шамлы, 
өйткені  екі  жақ  та  құр  нобайын  түсінгенмен,  шын  мәнін  аңғармайтын. 
Сондықтан  да  ұлыққа  жағу  үшін  болыстар  әйтеуір  үкімет  кәріне 
ілікпеуді  көздеп,  өз  еліне  әңгір  таяқ  ойнатуды  ғана  білетін.  Абайдың 
орысша оқыған кісі болыс болсын дейтін бір себебі осы. 
Екінші, Абайдың ұғымында: 
 
Біреуден біреу артылса, 
Өнер өлшеніп тартылса. 
Оқыған, білген - білген-ақ. 
Надан - надан-ақ сан қылса. 
Оқыған білер әр сөзді, 
Надандай болмас ақ көзді, 
Надан жөндіге жөн келмей. 
Білер қайдағы шәргезді. 
 
Абайдың  бұл  арада  «оқыған»  деп  отырғаны  мұсылманша  оқыған 
емес,  орысша  оқыған  адам;  олай  дейтін  себебіміз:  Абайдың  түсінуінде 
«хикмет  те,  мал  да,  өнер  де,  ғылым  да,  бәрі  де  орыста  тұр».  Бұл 
мәселеге, 
Абайдың 
ағартушылық 
пікірін 
талқылағанда 
толық 
тоқтаймыз.  Бұл  арада  айтайын  дегеніміз:  Абай  мұсылманша  оқуды  дін 
үшін ғана қажет деп үғады, дүниеде жақсы тіршілік жасауға керекті оқу 
-  орыс  оқуы  деп  біледі.  Оның  ойынша,  орысша  оқыған  кісінің  сана-
сезімі  жоғары  болады,  олай  болса,  орысша  оқығандардан  сайланған 
болыстар сауатсыз надан болыстардай қиянаттылыққа бармайды. 
Үшінші,  орыста  мемлекеттік  тәртіп  бар  екенін  көрген  Абай,  егер 
орысша  оқыған  қазақ  болыс  сайланса,  сондай  тәртіп  қазақ  арасында  да 
орнар  еді  деп  үміттенеді.  Оның:  «Егер  мұндай  болыстар  сайланса, 
«өтірік  арыз  берушілер  азаяр  еді,  бәлкім  жоғалар  еді»,  -  деуі  де 
сондықтан.  Абайдың:  «Ондай  болыстар  халыққа  міндетті  болмас  еді, 
ұлыққа  міндетті  болар  еді»,  -  деуінен,  орысша  оқығандардан  сайланған 
болыстар  халық  қамын  ойламай,  ұлыққа  ғана  жақсын  деген  мағына 
шықпайды.  Оның  бұл  арада  «халық»  деп  отырғаны  -  еңбегімен  күн 
көріп  жүрген  момындар  емес,  еңбексіз  күн  көретін,  әрі  момындарды 
жеу, әрі байларды жалынышты қылу қолынан келетін «пысықтар». Егер 
орысша  оқыған  кісіні  Абай  ұсынған  жолмен,  жоғарғы  ұлықтар 
сайлаусыз, назначениемен тағайындаса, ондайлар «пысықтарға» тәуелді 
болмайды  да,  олардың  ырқына  жүрмейді.  Сөйтіп,  олардың  елге 
көрсететін қиянатын тежейді. 
Төртінші,  Абайдың  ұғымында,  өкімет  басындағы  адам  өз  елінің 
жетекшісі  ғана  емес,  өктемшісі  де.  Абай  өкімет  басындағы  адамның 

 
96
қолындағы  өкімін  қиянатқа  жұмсалуына  қарсы  да,  жақсылыққа 
жұмсауына  қарсы  емес.  «Қазаққа  ақыл  берем,  түзетем  деп  қам  жеген 
адамға, - дейді Абай, - екі түрлі нәрсе керек; бірінші - зор әкім болу. Ол 
әкім  үлкендерін  қорқытып,  жас  балаларын  еріксіз  қолдарынан  алып 
медреселерге  беріп,  бірін  ол  жолға,  бірін  бұл  жолға  салып,  дүниеде 
есепсіз  көп  жолдар  бар,  сол  әрбір  жолда  бір  медресе  бар,  соларға 
тоздырып,  бірін  «сен  бұл  жолды  үйрен,  сен  бұл  жолды  үйрен»  деп 
жолға  салып,  мұндағы  халыққа  шығынын  төлетіп  жіберсе,  хәттә 
қыздарды  да  ең  болмаса  мұсылман  ғылымына  жіберіп,  жақсы  дін 
танырлық  қып  үйретсе,  сол  жастар  жетіліп,  бұл  аталары  қартайып 
сөзден қалғанда, түзелсе болар еді». 
Қазаққа  орыс  білімін  берудегі  Абайдың  мақсаты  қазақты  орыспен 
мәдениет  мәселесінде  ғана  теңестіру  емес,  саяси  және  хұқұқ  (право) 
жағынан  да  теңестіру.  Орыстан  тағайындалатын  жоғарғы  ұлықтарға 
қазақтың  оқымаған  надан  болыстарының  не  үрейленіп  жолай 
алмайтынын,  не  ондайлардың  ұлықтар  шенді  шекпен  жауып,  арқасына 
қаққанына  мәз  болатынын  Абай  қатты  сөгеді.  Өзінен  зор  ұлықтың 
алдында  кісілік  бейнесін  жоғалтып  жалпақтайтын  болыстар  туралы 
Абай тағы да былай дейді: 
«Жорғалықпен  (жоғарғы  ұлықтың)  көңілін  алсам  екен  деген 
(қазақтан  болыс  сайланған)  надан,  әке-шешесін,  ағайын-жұртын,  дінін, 
адамшылығын  (ұлық)  жауырынан  бір  қаққанға  сатады...  Орыстың 
ғылымы,  өнері  -  дүниенің  кілті...  Бірақ,  осы  күнде  орыс  ғылымын 
баласына  үйреткен  жандар,  соның  қаруымен  тағы  қазақты  аңдысам 
екен дейді. Жоқ, олай ниет керек мес, малды қалай адал еңбек қылғанда 
табады  екен,  соны  үйретейін,  мені  көріп  жаңа  үйренушілер  көбейсе, 
ұлықсыған  орыстардың  (чиновниктерін  айтады.-С.  М.)  жұртқа  бірдей 
закүні  болмаса,  закүнсіз  зорлығына  көнбес  едік.  Қазаққа  күзетші 
болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, жұрт болудың қамын 
жейік деп, ниеттеніп үйрену керек». 
«Балаңа  қатын  әперме,  -  дейді  Абай  замандас  қазақтарына,  -  енші 
берме, барыңды салсаң да, балаңа орыстың ғылымын үйрет». 
Осы  арада  Абайдың:  «Осы  күні,  орыс  ғылымын  баласына 
үйреткен  жандар,  соның  қаруымен  тағы  қазақты  аңдысам  екен  дейді» 
деген  пікіріне  біраз  тоқталып,  оны  әбден  толықтыра  түсу  үшін 
Абайдың өлеңдеріне жүгінейік. 
 
Интернатта оқып жүр, 
Талай қазақ баласы, 
Жаңа өспірім, көкөрім, 
Бейне қолдың саласы. 
Балам закон білді деп, 
Қуанар ата-анасы... 
Орыс тілі, жазуы 

 
97
Білсем деген таласы. 
Прошение жазуға 
Тырысар, келсе шамасы. 
Ынсапсызға не кереқ 
Істің ақ пен қарасы, 
Нан таппаймыз демейді, 
Бүлінсе елдің арасы... 
Аз білгенін көпсінсе. 
Көп қазаққа епсінсе 
Кімге тиер панасы? 
Орыс теріс айтпайды, 
Жаман бол деп оларды, 
Қаны бұзық өзі ойлар, 
Қу менен сұм боларды. 
Орыста қалар жаласы, 
Бұл іске кім виноват? 
Я Семейдің қаласы? 
Я қазақтың аласы? 
 
Абайдың  байқауынша,  «бұл  іске  Семейдің  қаласы  да,  қазақтың 
аласы  да  виноват».  Семей  қаласының  «виноват»  болатын  себебі:  бірде 
оны,  бірде  мұны  жақтап,  қуды  үнатады;  екінші  сөзбен  айтқанда,  ел 
арасына  іріткі  сап,  бірімен-бірін  жауластыратын  Семейдегі  уездіқ 
губерниялық 
ұлықтардың 
өздері. 
Сол 
ұлықтар 
араздастырған 
ауылдардың  байлары  мен  «пысықтары»  бірінің  үстінен  бірі  өтірікті-
шынды  арыздарды  жаудырады.  Оған  әлгі  «интернатта  оқып  жүрген», 
«прошение  жазуға  тырысатын»  қазақ  жастары  жәрдемдеседі.  Оларды 
«прошениеге»  «қаны  бұзық  сұм-сұрқия  болуға»  баулитын  Семейдің 
әкімдері  ғана  емес,  «ата-анасы  мен  ағайын-туғаны  да  бір  жағынан 
бұзады». 
Бұл сияқты ел қамы үшін емес, өз қамы үшін, елді бірлестіру үшін 
емес,  араздастыру  үшін  оқитын,  ойында  «я  тілмаш,  я  адвокат  болу» 
жүрген  қазақ  балаларына  Абай  қарсы.  Бірақ  бұлардың  «қаны  бұзық 
сұм-сұрқия  болуына»  орыстың  оқуы  айыпты  емес,  өскен  ортасы,  сол 
ортаның бұзық мінезін қабылдаған өздері айыпты. Абай оларға: 
 
Ойында жоқ бірінің 
Салтыков пен Толстой,- 
 
деп ұрсады. Абай оларға ұрсумен ғана қанағаттанбайды. Ол: 
 
Ақылы кімнің бар болса, 
Демес мұны тілі ащы. 
Айтыңызшы, болсаңыз 

 
98
Здравомыслящий! 
Ақыл айтпай ма ағасы? – 
 
деп  ақыл  айта  бастайды.  Оның  жастарға  ең  алдымен  айтатын  ақылы  - 
талапты болу. Ол: 
Пайда ойлама, ар ойла, 
Талап қыл артық білуге,- 
 
дейді  де,  осы  «талап  қыл»  деген  сөзін,  насихат  сөздерінде  кеңейтіп 
былай  дейді:  «Білім-ғылым  үйренбекке  талап  қылушыларға  әуелі 
білмек  керек.  Талаптың  өзінің  біраз  шарттары  бар,  оларды  білмей 
іздегенмен  табылмас.  Әуелі  ғылым-білім  табылса,  ондай-мұндай  іске 
жаратар  едім  деп,  дүниенің  бір  қызықты  нәрсесіне  керек  болар  еді  деп 
іздемеске керек. Оның себебі: білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық 
болып,  бір  ғана  білмектің  өзін  дәулет  білсең  және  әрбір  білмегеніңді 
білген  уақытта  көңілде  бір  рақат  хұзур  хасил  болды.  Сол  рақат 
білгеніңді  берік  ұстап,  білмегеніңді  тағы  да  сондай  білсем  екен  деп 
үміттенген  құмар,  махаббат  пайда  қылды.  Сонда  әрбір  естігеніңді, 
көргеніңді көңіл ұғып, анық сөз суретімен ішке жайғастырып алады. 
«Егер дін  көңілің өзге  нәрседен болса, білім-ғылымды бірақ соған 
себеп қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі, асырап 
алған  шешенің  мейірімі  секілді  болады;  бастапқыдай  болғанда,  тапқан 
шешеңнің  мейірімі  секілді  болады.  Адамның  көңілі  шын  мейірленсе, 
білім-ғылымның
 
өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі». 
Ғылым  іздеудің  жолы  -  жарыстың  жолы  деп  ойлаған  Абай, 
ғылымға  жарысушыларға  мынадай  ақыл  айтады:  Білмек  үшін  үйренбек 
керек  бақасқа  (жарысқа  деген  мағынада.-С.  М.)  бола  үйренбе,  азырақ 
бақас  көңілді  пысықтандырмақ  үшін  залалды  емес,  көбірек  бақас 
адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі: әрбір бақасшыл адам хақты 
(шындықты.-С.  М.)  шығармақ  үшін  ғана  бақас  қылмайды,  жеңбек  үшін 
бақас  қылады.  Ондай  бақас  хұсідшілікті  зорайтады,  адамшылықты 
зорайтпайды, бәлкім, азайтады». 
Үлгісіз,  жетектеушісіз,  құрғақ  талаппен  адамның  ғылымды 
меңгере  алмайтынын  Абай  жақсы  біледі.  Сондықтан  ол  қазақтың  оқуға 
талабы бар жастарына: 
 
Ғалым болмай немене, 
Балалықты жеңсеңіз. 
Болмасаң да ұқсап бақ, 
Бір ғалымды керсеңіз. 
«Ондай болмақ қайда» деп 
Айтпа, ғылым сүйсеңіз, 
Дүние де езі, мал да езі, 
Ғылымға көңіл бөлсеңіз,- 

 
99
 
дсген  ақыл  айтады.  Тіршіліктің  рақатына  қажетті  ғылым  Европада, 
әсіресе  орыста  деп  ұққан  Абай  оларды  «дін  ұстазымыз  емес,  дүние 
басшымыз»  деп  есептейді  де,  оларға  «хакімдер»  деген  ат  қойып  былай 
дейді:  «Бұл  хакімдер  ұйқы-тыныштық,  әуес-қызықтың  бәрін  қойып, 
адам  баласына  пайдалы  істер  қылмақта,  яғни  электрді  тауып,  аспаннан  
жайды  бұрып  алып,  дүниенің  бір  шетінен  қазір  жауап  алып  тұрып,  от 
пен  суға  қайласын  тауып,  мың  адам  қыла  алмастай  қызметтер  істетіп 
қойып  тұрғандығы,  оның  бер  Жағында,  адам  баласының  ақыл-пікірін 
ұстартып,  хақ  пенен  батылдықты  айырмақты  үйреткендігі,  баршасы 
нефығлық  (пайдасы.-С.  М.)  болған  соң,  біздің  оларға  міндеттілігімізде 
дау жоқ». 
Орысша  оқыған  қазақ  жастарына  Абай  осы  «хакімдердей»  ғалым 
бол дегенді ұсынады. Ол: 
 
Военный қызмет іздеме 
Оқалы киім киюге, 
Бос мақтанға салынып, 
Бекер көкірек керуге, - 
 
деп, сыртын жылтыратумен мәз болып, іші халыққа жат болудан: 
 
Қызмет қылма оязға, 
Жанбай жатып сөнуге. 
Қалай сабыр қыласың, 
Жазықсыз кунде сөгуге? – 
 
деп  тілмаштыққа  құмартудан  қазақтың  орысша  оқыған  жастарын 
сақтандырады. Оның айтар ақылы: 
 
Алыс та болса, іздеп тап 
Кореннойға кіруге. 
 
Бұл  -  Абайдый,  оқығандарға  тілмаш  сияқты  қосаққа  ерген 
«жандайшап»  болма,  түпке  жегілетін,  екінші  сөзбен  айтқанда,  біреудің 
жүгін сүйресетін емес, жүкті өзің сүйрейтін бол деген ақылы.  
«Кореннойға» жегіл дегенде, Абайдың ұсынатын қызметі екеу. 
Біріншісі:  
 
Я байларға қызмет қыл, 
Ерінбей шауып желуге; 
Адал жүріп, адал тұр, 
Счетың тура келуге 
Жаныңа жақса, соңынан 

 
100
Жалқауланба еруге. 
Қисық болса, закон бар 
Судьяға беруге. 
 
Екіншісі: 
Я өз бетіңмен тәуекел, 
Занимайся прямотой, 
Жеңіл көрме, бек керек 
Оған да ғылым, оған да ой. 
Екеуі  де  ашық  пікір:  «байларға  қызмет  қыл»  дейтін  себебі:  завод, 
фабрика,  сауда  солардың  қолында,  байлық  соларда,  сондықтан  кәсіп 
қып  мал  табам  деген  кісі  оларға  соқпай  кете  алмайды.  «Байға  қызмет 
қылғысы» келмеген адамға Абайдың: 
 
Я өз бетіңмен тәуекел, 
Занимайся прямотой, - 
 
деген ақыл бергенде айып отырғаны: 
 
Егіннің ебін, 
Сауданың тегін 
Үйреніп, ойлап, мал ізде. 
 
Яғни  егіннен  қалай  мол  өнім  алудың,  сауданы  қалай  ұтымды 
жүргізудің  амалын  білсең,  байға  қызмет  қылмай-ақ,  өз  бетіңмен  өнерлі 
шаруа жасап алуың мүмкін. 
Абайдың қорытынды ақылы: 
 
Бір ғылымнан басқаның 
Кеселі кеп асқанға. 
Олай болса: 
Дүние де өзі, мал да өзі, 
Ғылымға кеңіл берсеңіз. 
 
«Дүние  де,  мал  да  өзінен  табылатын»  осы  ғылымды  Абаймен 
замандас қазақтардан ізденетіндер кімдер? 
Бұл сұраудың жауабын да Абайдың өзіне бергізейік. 
 
Амалдап қарағайды талға жалғап, 
Әркім жүр алар жердің ебін қамдап. 
Мақтан қуған мал құмар нені үға алсын, 
Шықпаса мыңнан біреу талғап-талғап. 
Мал жиып арамдықпен ұрлап-қарлап, 
«Қусын» десе қуанып жүр алшаңдап. 

 
101
Қақса-соқса бір пайда түсе ме деп, 
Елдің байын еліртіп «жау мұндалап». 
Ынсап, ұят, ар, намыс, сабыр, талап, 
Бұларды керек қылмас ешкім қалап, 
Терең ой, терең ғылым іздемейді, 
Өтірік пен есекті жүндей сабап. 
 
Бұлар Абайдың тілімен айтқанда, қазақтың: 
 
Еңбегі жоқ еркесіп, 
Бір шолақпен серкесіп... 
Қызмет қылып мал таппай, 
Ғылым оқып ой таппай... 
Ел қыдырып, ас ішіп, 
 
арын  сататын  «пысықтары»,  Абайдың  ойынша,  бұлардың  ішінен 
«мыңнан бірі болмаса», «оқы, ғалым бол» деген сөзді ұғары жоқ. 
Қазақтың  байлары  туралы  Абайдың  айтатыны:  «Олардың  діні, 
құдайы,  халқы,  жұрты,  білімі,  ұяты,  ары  -  бәрі  мал.  Сөзді  қайтіп  ұқсын 
және ұғайын десе де қолы тие ме: суармақ, тойғызбақ, саудасын жимақ, 
күзеттірмек  бақтырмақ,  ұры-бөрі,  қыс,  суық-сұғанақ,  -  солардан 
сақтамақ, солардан сақтарлық кісі таппақ». 
Абайдың  байқауынша,  мұндай  байлардың  ғылым  үйренуге  «қолы 
тимейді».  
Қазақтың  «пысықтары»  мен  байларының    ғылымға  көзқарасы  осылай 
деп  ойлаған  Абайдың  кедейлер  туралы    айтатыны:  «Қой  жүнді  қоңырлар 
күнін де көре алмай жүр».  
Олай  болса,  қанша  «оқыңдар,  ғалым  болыңдар»  дегенмен,  оның  бұл 
ақылын  іске  асыратын  кісі,  Абайдың  ойынша,  өзімен  замандас    қазақ 
арасында жоқ. 
Бұлай  «жоқ»  болудың  объективтік    бір  жағдайы  барын  Абай  ешбір 
шығармасында    айтпайды.    Ол  жағдай  –  Абай  заманындағы  қазақ  елінің 
отарлық  халі.  Отарланып  отырған  қазақтың  я  басқа  елдердің  арасына    білім 
таратайын,  мектептер  ашайын,  оқытайын  деген  мақсатты    патша  өкіметі 
алдына қойған емес. 
Ұлттық  мектеп  жоғын  еске  алып,    қазақтың  тіршілігін  өркендетуге 
себепкер    болатын  оқу  деп,  патша  өкіметінің  алдында,  қазақ  балаларын 
орысша  оқыту  туралы    мәселе  көтерген  кісі    -  қазақтың  атақты  ғалымы  
Шоқан  Уәлиханов.  Шоқанның  іске  асыра  алмай  кеткен  бұл  арманын,  оның 
тетелес рухани інісі  Ыбырай Алтынсарин жүзеге асырды. 
Ең  алдымен,  Шоқан  мен  Ыбырайдың  патша  өкіметінен    «  Қазақ 
балаларына  арнаулы  орыс  школасын  аш»,  -  деп  өтінуі  балаларды  ғылымға 
баулитын қазақтың ұлттық мектебі жоқтығынан  ғана емес,  қазақ балаларын 
орыс  школаларына    бірен-сарандап  қана  алып,  көпшілігін  алмағандықтан. 

 
102
Сондаықтан Шоқан мен Ыбырай  «егер қазақ балалары үшін арнаулы школа 
ашылса, балалар көбірек тартылар еді» деген мақсатты көздеген. 
Екінші,  патша  өкіметі,  қазақ  арасынан  өзіне  қызметкер  даярлау 
мақсатымен,  XVIII-XIX    ғасырларда  орыс  школасында  аздаған  қазақ 
балаларының  оқуына  рұқсат  еткенмен,  өкіметпен  қатынасы    бар  хан 
тұқымдары  мен  бірен-саран  бектер  болмаса,  ислам  дінінің  әсеріндегі  өзге 
қазақтар,  осы    оқудан  қашқан.  Патша  өкіметінің  уездік  және  губерниялық 
әкімдері    қадағалап  сұраған  кезде,  қазақтың  надан  байлары  жалшыларының  
балаларын  я  жетімдерді  ұстап  берген.  Абайдың:  «Қайдағы  кедейдің 
балаларын орысқа қорлап  береді»,- дейтіні осыдан. 
Үшінші, Ыбырай Алтынсариннің қадағалап сұрауымен,  ХІХ ғасырдың 
60-жылдарынан 
 
бастап, 
патша 
өкіметі 
ашуға 
рұқсат 
берген 
Русско-киргизский  деп  аталған        школалар    Батыс  Қазақстанның  және 
бұрынғы Торғай облысы атанған елдердің уездік қалаларында ғана ашылған. 
Бұл  школалар  өзге  қазақ  облыстарының   балалары  түгіл,    сол  екі  облыстағы  
қазақ  балаларының    жүзден  бірін  ғана  орналастырған.  Оған  Ыбырай 
Алтынсариннің  1884    жылы    30  сентябрьде    Оқу  министрлігіне    жазған 
запискасының мына жері куә:  «300 мың халқы бар Торғай облысында  бес-ақ 
училище  бар, олардың да төртеуі  екі класты ғана, біреу-ақ қолөнер кәсібінің 
(ремесленное)    школасы.  Бәрін  қосқанда  оқитын  баланың  саны  екі-ақ  жүз». 
Алтынсариннің  бұл  запискасында    қойылып  отырған  екі  мәселеге  көңіл 
аудара кетейік: 
1.  Бүкіл  Торғай  облысында  қазақ  балаларына  арналып    ашылып 
отырған  бес  училищенің  төртеуі  екі-ақ  класты  деп  Алтынсарин  жай  айтып 
отырған  жоқ.    Алты  жыл  ғана  оқытатын  бұл  екі  класты  школадан,  қазақ 
балаларының  алып  шығатын  мамандығы  -  учительдік.  Өздері  оқып  шыққан 
школада  олар,  әрине,  учитель  бола  алмайды;    орыстың  бастауыш 
школаларына    сабақ  беруге  тілдері  де  ,  білімдері  жетпейді,  қазақ 
ауылдарында  олар  бала  оқытатын    бастауыш  школа  жоқ.  Олай  болса  екі 
класты  училищені    бітіріп  шыққан  қазақ  балаларына      білімін  пайдаға 
асыратын  орын  жоқ.      Сондықтан  да  Алтынсарин    осы  запискасында  
өкіметтен  қазақ  болыстарында    орысша  бастауыш  школалар  ашуды  өтінеді. 
Оның  бұл  өтінішін    өкімет  1888  жылы  ғана  еске  алып,  Торғай  облысына 
қарайтын  25  облыстағы    қазақ  елінің  бес  болысына  ғана  бір-бір    бастауыш 
мектеп ашуға рұсат берген. 
2.  Жоғары  а  аталған  запискасында  Алтынсарин  оқу  министрлігінің  
алдына қазақ аулына аты школа ғана емес, учительдік бағыттағы школа ғана 
емес,  қолөнер  кәібінің  школасын  көп  ашуды  өтінеді.    Бұл  Алтынсариннің 
төрт аяқты  мал бағумен шұғылданған қазақты өнеркәсіпке  тарту мақсатына 
туған пікір.  Абай да осы пікір де болған.  «Егер де мал керек болса, қолөнер 
үйрен,- дейді Абай,- мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай қолөнерлі 
болу-қазақтың әулиесі сол. »  Алтынсариннің де, Абайдың да «қолөнер» деп 
отырғаны  сол  кездегі  қазақ  ауылдарының  көбінен  табылатын  етікшілік, 
өрмекшілік,  балташылық,  зергерлік  сияқты  көп  заманнан  келе  жатқан 

 
103
жабайы  кәсіптер  ғана  емес.    Европа  техникасын  қолданған  өнерлі  кәсіптер. 
Пташа өкіметі Алтынсариннің бұл ұсынысын қабылдамаған.  
 
Төртінші,  Алтынсариннің  ынтасымен    Торғай  облысында  және 
Батыс  Қазақстанда    ашылған  аз  ғана  школаларда  оқитын  азғаан  балалардың 
халі өте ауыр болғанын  Алтынсариннің Орынбордағы оқу инспекторы В. В. 
Крестинскийге жазған мына хаттарынан көреміз.  
 
Қазақ  балалары  оқитын  школаның  үйі  туралы  1880  жылы  18 
февральда    былай  деп  жазады:  «  Торицк  қаласындағы    қазақ  школасына 
уездік начальник  өз үйінің екі бөлмесін, жылына 300 сом алатын боп жалға 
берген  екен,  бөлмелер  лас,  оқу  кезінде  балалардың  үстінен  жүріп  жатқа 
кісілер.  Бұл  сияқты  үйшікте  бала  оқып  оңа  ма?..  Ырғыз  қаласындағы  қазақ 
балалар  оқитын  үй  одан  да  жаман.    Қалалық  управа  балалар  оқитын 
бөлмелерге  бір  саудагер  қатынды    орналастырған.    Ол  қатынның 
келімді-кетімді кісілері сабақ кезінде топырлап жатады.  Жатарда балаларды 
ауыз бөлмеген қамайды.  
 
 Школаның  директоры  қазақ  балаларын  қалай  тәрбиелейтіні 
туралы    1889  жылы    20  февральда  жазған  хатында  былай  дейді:  «Ор 
қаласындағы қазақ школасының  директоры А. Г. Бессонов  жынданған болар 
деймін,  әйтпесе  мына  қылықтарын    не  деуге  болады:  4-кластан  бастап  
балаларға  інжілді    (евангелие)  оқытып,  христиан  дініне  баулымақ  болған. 
Балалар  бұнысына  көнбесе,  бұзылған  иттер  деп  балағаттап,  кйбіреуін  үйден 
тепкілеп,  сабап  қуып  шыққан.  Сұмдық  емес  пе  мынау!    Бұлй  тәрбиелеумен 
қазақ  балаларын    орыс  білімін  алудан  қашырмаймыз  ба?»    Осы  жылы    8 
мартта жазған хатында Алтынсарин интернаттағы қазақ балаларының  киімі, 
төсек-орнының нашарлығын, тамақтарының аштығын айтады. 
 
Бесінші,  осындай  қиындықпен  екі  класты  орысша-қазақша 
бітірген  қазақ балаларына ілгері барып оқуға орын жоқ,  орта дәрежелі орыс 
школалары    олардың  бірен-саранын  ғана    алады.    Қазақ  ауылдарын  барып 
бала  оқытуға  школа  жоқ;    ауылдан  олардың  табатын  қызметі    старшындар 
мен  болыстарға  писарь  болу.  Алтынсарин  1887  жылы    28    майда 
Крестинскийне  жазған  хатында  осыны  айтады.  Сондықтан  Абайдың 
интернатта оқып жүрген қазақ балаларын: 
 
Прошение жазуға 
Тырысар келсе шамасы,- 
 
деп, немесе: 
 
 
 
 
Я тілмаш, я адвокат 
 
 
 
 
Болсам деген бәрінде ой,- 
 
деуінде өкінішпен қатар, объективтік себеп барында аңғарамыз. 
 
Жоғарыда  баяндалғандардан    қазақ  балаларының  оқуында    көп 
қиындықтар бар екендігі айқындалса керек. Қиындықсыз табылған мал харам, 

 
104
осы  аз-мұз    оқығандардың  өзі  халқына  адал  еңбек  етсе,  көрген  жоқтық  пен 
қорлық еселеп қайтуға тиіс. 
 
Өзінің    дінге,  дүниеге,  тіршілікке  көзқарасында  рационалист 
Абай, қазақ балаларына  «орысша оқы, ғалым бол» дегенде, ғылымды ғалым 
болу үшін ғана емес,  сол ғалымдығын, білімін, туған халқы -қазақтың  төмен 
дәрежедегі мәдениетін, экономикасын көтеру үшін, сана-сезімін көтеру үшін, 
сойтіп  Россиядағы    ең  мәдениетті  орыс  халқы    мен  қазақ  халқын  мәдениет 
міселесінде де  теңестіру үшін оқы, ғалым бол деген. 
 
Өзінің  аағартушылық  идеясын  насихаттаудан  тартынбаған  Абай 
қазақ  қауымының  білімді,  түгелдеей  сауаттыболуына  қажетті  жағдайлар 
жоқтығын  аңғарып,    орыс  білімі  арқылы    өз  елінің  шаруасын  ,  мәдениетін 
көтеру      жөніндегң  мақсатының  орындалмайтынын  шамалайды  да,  алдына 
«не  істеу  керек?»  деген  сұрау  қояды.    Абай  сияқты  халқына  кқсем  болғыс 
келген  адамның  өзіне  мұндай  сұрау  қоймауы  мүмкін  емес.    Өйткені  ауыл 
экономикасы  ақша  араласқанымен  ,  бұрынғы  төрт  аяқты  мал  бағатын  , 
көшпелі күйінде тұр.  Отар ауыл бұл халде  тұрып, шаруасын да, мәдениетін 
де    орыс  халқымен  теңдестіре  алмайды.  Қалай  теңдестіреді?  Көшіп  жүрсе 
қала  сала алмайды. Қала сала алмаса мекетеп аша алмайды. Мектеп ашпаса 
білім  ала  алмайды.    Білім  алмаса,  Абай    «үйрен»  дейтін  егін  мен  сауданың 
«ебін»  біле  алмайды.    Егін  мен  сауданың  тегін  білмесе,  қазақ  шаруасы  төрт 
аяқты мал бағудан арыла алмайды.  Одан басқаны білмесе,  Абайдың тілімен 
айтқанда, жоғарғы мәдениетті орыс былай тұрсын, қазақ өзбек пен татарға да 
жете алмайды.   
Экономикалық  жағынан    капитализмнің  қанды  тырнағана  ілігіп, 
өрмекші  торына  түгелдей  шырмала  қоймаған    қазақ  даласы  саяси  жағынан  
1868  жылдың  заңына  маталды.    Абай  заманындағы  сол  заң  қазақ  заманына  
қазақ  аулына  бүліншілік,  берекесіздік,  дау-жанжал  ала  келді  де,  «қызмет 
қылып  мал  таппай,  ғылым  оқып  ой  таппай»  жүрген  «пысықтарды» 
бұрынғыдан  да  көбейтті.  Олар  Абайдың  оқы  дегеніне    құлақ  асудан  қалды, 
әлдеқалай  олардың  ішінен  «ал  оқиын»    деп  білегін  сыбанушылар  табыла 
қалса, оларға оқитын орын табудың өзі қиямет болды.  
Енді не істеу керек? 
Бұл сұраудың тұйығанан Абай өзінше жол таппақ болады.  
Ең алдымен Абай таппақ болған шаруашылық жолға  тоқтайық.  Шаруа 
мәселесін  шығармаларында  көп  айтқанмен,  Абайда  белгілі  экономикалық 
программа  бар  дей  алмаймыз.    Жалпы  алғанда  оның  мақсаты:  күн  көрісте 
біреуді  біреу  жемеу  екенін  ,  әркім  өзінің  адал  еңбегімен  күн  көру    екенін, 
еңбек иелеріне өнерлі, өнімді еңбек атқару қажет екені жоғары да айтақамыз.  
Осылай  дей  отыра,  рационалист  Абай  бұл  мәселені  теориялық 
дәрежеде  ғана  қалдырмай,  оның  тәжірибелік  жағына  да  көңіл  бөледі.    Қазір 
қазақ аулында: 
 
Мал иен бақтың дұшпаны, 
Кеселді пысық көбейді. 

 
105
Күшік иттей үріп жүр, 
Кісіден кеммін демейді,- 
 
деп қатты сөгіп, адал әрекетке ұмтылғандарға  мынадай ақыл береді: 
 
Мінер атын,  киімін ып-ықшам қып, 
Сымбаттанып, сымпиып тамақ аңдып, 
Бұраңдап жылы жүзін асқа сатқан, 
Антұрғанға қосылма кеткін қаңғып! 
Күлдіргіштеу, күлкішіл, қалжыңға ұста, 
Кезеген ит тым-ақ көп біздің тұста. 
Өз үйінен жиреніп қашып жүрген 
Антұрғанға қосылма қапылыста,- 
дейді де:  
 
 
 
Асаған, ұрттағанға ез жұбанар,  
 
 
 
Сенімді дәулет емес сен қуанар. 
 
Олай болса: 
 
 
 
Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел, 
 
 
 
Малың болса, сыйламай тұра ламас ел. 
 
Абайдың  «кет»  деп  отырған  «жат  жері»  қазақпен  көршілес  отырықшы 
елдердің, әсіресе орыс елінің поселкілері, қалалары, завод-фабрикалары болу 
керек.  
 
Абайдың өз заманындағы жастарды: 
 
 
 
 
Заман ақыр жастары 
 
 
 
Қосылмас еш бастары 
 
Бір-біріне қастыққа  
 
 Қойнына тыққан тастары; 
 
 Саудасы -ар мен иманы, 
 
Қайрат жоқ бойын тыйғалы, 
 
 Еңбекпен етті ауыртпай, 
 
 Құр тілмен мал жиғаны,- 
 
деп    сөгетіні  бізге  мәлім.    Бірақ  бұл  кінәны  Абайдың  барлық  қазақ  жасына 
артпайтынын,  «Құйрығы  шаян,  беті  адам  пысықтардан»  түңілгенмен,  көкіре 
гі  сезімді,  ойы  орамды»    жастардан  түңілмейтінін,  оларды  «шыға 
ойлап,шығандап  қылық  қылуға»,  «жат  жерге  кетіп,  жалға  жүріп,  мал  тауып 
келуге»,    «қаруының  барында  қайрат  қылып»,  жалынын  адал  еңбекке 
пайдалануға шақыратынын көреміз. Оның айтатыны: 
 
 
 Жастықтың оты жалындап, 
 
 Жас жүректе жанған шақ, 

 
106
 
 Талаптың аты арындап, 
 
 Әр қиынға салған шақ, 
 
 Уайым – аз, үміт–көп, 
 
 Ет ауырмас бейнетке, 
 
 Бүгін-ертең жетем деп 
 
 Көңілге алған дәулетке... 
 
 Қайратқа сеніп қақтықпай, 
 
 Жазасын тауып жауласар, 
 
Қатынша тілмен шаптықпай, 
 
Майданға шықса жарасар, 
 
Жалыны қайтар дененің, 
 
Үнемі тұрмас осы шақ, 
 
 Талайғы кәрі дүниенің  
 
Бір кетігін ұстап бақ! 
 
«Талайғы кәрі дүниенің» қай кетігін табу туралы абайдың айтатыны: 
 
 
Әсемпаз болма әрнеге, 
 
Өнерпаз болсаң арқалан. 
 
 Сен де бір кірпіш дүниеге, 
 
Кетігін тап та бар қалан!.. 
 
 
 Пайданы көрсең бас ұрып, 
 
Мақтанды іздеп, қайғы алма, 
 
Мініңді ұрлап жасырып,  
 
Майданға түспей бәйге алма! 
 
 
 
Өзіңде бармен көзге ұрып, 
 
Артылам деме өзгеден. 
 
Күндестігін қоздырып,  
 
Азапқа қалма езбеден. 
 
 
Ақырын жүріп, анық бас, 
 
Еңбегің кетпес далаға. 
 
Ұстаздық қылған жалықпас, 
 
Үйретуден балаға. 
 
Еңбек  майданында  дал  жүріп,  әсемпаз  болмай,  өнерпаз  боп,  еңбек 
сарайына    өзінің  білімі  сыятиын  кетігін  тауып  қаланып,  ойынан  шыққан 
жасқа абайдың айтары: 
 
 
Адалдан жиған тиынды 
 
Салд жа сақта қапшыққа. 
 
Қолдағыңда қорғап бақ,  

 
107
 
Мал арзан деп аптықпа. 
 
Сыпайы жүр де шаруа ойла, 
 
Даңғойланып қаптықпа. 
 
«Жат  жерге  кетіп  жалға  жүріп»  адал  адал  еңбңгімен  шаруа  жинаған 
қазаққа,  одан  кейін  шаруаның  қандай  түрін  бағу  жөнінде  Абайдың  не  жол 
ұсынатыны мәліміз. Ол бір өлеңінде: 
 
 
 Егіннің ебін, 
 
Сауданың тегін, 
 
Үйреніп, ойлап, мал ізде. 
 
Адал бол, бай тап. 
 
Адам бол, мал тап, 
 
Қуансаң, қуан сол кезде,- 
 
десе,    бұл  айтып  отырған  әсірессе  «егіні»,  отырықшы  елдің  кәсібі  болса, 
отырықшы елдің кәсібі болса, екінші өлеңінде: 
 
 
Осы қымыз қазаққа, 
 
Мақтаның ба, асың ба? 
 
Қымызы басар артынан 
 
Ет даяр ма қасыңда? 
 
Бойыңа сіңіп өрт  болған 
 
Қызба бастық жасыңда. 
 
Қызылшыл семіз, жас қымыз– 
 
Бір үлкен   борыш басыңда. 
 
Жуасты мін де, айран іш, 
 
Жоқ немеге шатылма.. 
 
Жылқыны аңдып ұры жүр, 
 
Әр төбенің тасында. 
 
Ой көзімен қарасаң, 
 
Қойдан жылқы асыл ма? 
 
Мақтанға бола жиям деп, 
 
Жылқы үшін жұртқа бас ұрма. 
 
Қымыз, семіз дегенің 
 
Бір мақтан ғой,  жасырма. 
 
Мақтан қума, керек қу, 
 
Ойсыздарға қосылма, 
 
Қойныңда ақша, қолда қой, 
 
Күзетке оңай шошынба!- 
 
деп көшпелі халыққа бағуға оңай мал түрін малдануды ұсынады.  

 
108
Егін  салсын,  сауда  істесін,  мал  бақсыын,  қолөнер  кәсібімен 
шұғылдансын, әйтеуір адал кәсіппен шұ,ылданатын адамдар, әсіресе жастар, 
қазақ арасынан табыла қалса, оларға Абайдың айтар насихаты: 
 
 
Керек іс бозбалаға талаптылық, 
 
Әр түрлі өнер мінез жақсы қылық. 
 
Кейбір жігіт жүреді мақтан күйлеп, 
 
Сыртқа пысық келеді, көзге сынық. 
 
 
Кемді күн қызық дәурен тату өткіз, 
 
Жетпесе біріңдікін бірің жеткіз, 
 
Күншіліксіз тату бол шын көңілмен. 
 
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз. 
 
 
 Бр жерде бірге жүрсең басың қосып, 
 
Біріңнің бірің сқйле сөзін тосып. 
 
Біріңдің бірің ғиззат, құрмет етіс, 
 
Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып. 
 
 
Жолдастық, сұхбаттастық–бір үлкен іс, 
 
Оның қадірін жетесіз адам білмес. 
 
Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас, 
 
Артыңнан бір ауыз сөз айтып күлмес. 
 
Еңбек  майданында  теңдесу  арқылы  шын  көңілмен  достасу  сарыны 
Абайдың  шығармаларынан  еш  уақытта  үзілмейді.  Қоғамдық  тұрмыста 
халықты  осылай  бірлікке,  достыққа  шақырған  Абай,  қоғамның  жеке 
мүшелеріне  семьялық  тұрмыста  да  осы бірлікті,  осы  шын  көңілмен  сүйіскен 
достықты ұсынады. 
 
 
Махаббатсыз дүние бос, 
 
Хайуанға оны қосыңдар. 
 
Қызықтан өзге қалсаң бос, 
 
Қатын,бала–досың бар,–   
 
дейді  Абай.  Осы  мәселеге  біраз  тоқырайық.  Әйелі  мен  ері  бірін-бірі  қалай 
құрметтеу керектігі туралы Абайдың өлеңмен ұсынатын программасы бар. 
 
 
Қатының сені сүйсе, сен де оны сүй, 
 
Қоржаң суық келеді кей сасық ми, 
 
Ері ақылды, қатыны мінезді боп 
 
Тату болса райыс үстіңдегі үй. 
 
 
Жоқ болса қатыныңның жат өсегі, 

 
109
 
Болмаса мінезінің еш кесегі. 
 
Майысқан бейне гүлдей толықсыған 
 
Кем емес алтын тақтан жар төсегі... 
 
 
Үйіңе тату құрбың келсе кіріп, 
 
Сызданбасын қабақпен имендіріп. 
 
Ері сүйген кісіні о да сүйіп, 
 
Қызмет қылсын көңілі таза жүріп. 
 
 
Құрбыңның тәуір болсын өз мінезі, 
 
Абыройлы қалжыңмен келсін өзі.  
 
Сен оған мойын бұрып сөз айтқанда, 
 
Қатыныңда болмасын оның көзі. 
 
Ерін  сүюде  әйеліне  осындай  ақыл  айтқан  Абай  әйелін  сүюде    еріне  де 
ақыл айтып, екеуіне де төресін әділ беруге тырысады. Ерге оның айтары: 
 
 
 Күйлеме жігітпін деп үнемі ойнас, 
 
Салынсаң салдуарлық қадір қоймас. 
 
Ер жігіт таңдап тауып, еппен жүрсін, 
 
Төбетке өлекшінің бәрі бір бәс. 
 
Абайдың  «еппен  жүрсін»  дегені  «жігітшілік»  құру  емес,таңдап  жүріп, 
өзіне лайықты жар табу  екенін оның мына сөздерінен  көреміз: 
 
 
Біреуді көркі бар деп жақсы көрме, 
 
Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме. 
 
Әйел жақсы болмайды көркіменен, 
 
Мінезіне көз жетпей көңіл берме. 
 
Көп жүрмес, жеңсікқойлық тез-ақ тозар, 
 
Жаңғырар жеңсік құмар, жатқа қозар, 
 
Күнде көрген бір беттен көңіл қайтар, 
 
Қылт еткізбес қылықты тамыршы озар. 
 
Ондай әйел табылса: 
 
 
Толқынын жүрегіңнің хаттай таныр, 
 
Бүлк еткізбес алайша соқса тамыр. 
 
Жар көңіліне бір жанын пида қылып, 
 
Білместігің бар болса қылар сабыр. 
 
Әйел мінезіне қара, көркіне қарама дегенге Абай ерекше тоқталады. Ол: 
 

 
110
 
Шу дегенде көрінер сұлу артық, 
 
Көбі көпшіл келеді ондай қаншық, 
 
Бетім барда, бетіме кім шыдар деп, 
 
Кімі паңдау келеді, кімі тантық. 
 
 
Ақыл керек, іс керек, мінез керек, 
 
Ер ұялар іс қылмас, қатын зерек, 
 
Салақ, олақ,ойнасшы, керім-кербез, 
 
Жыртаң-тыртаң қызылдан шығады ерек,– 
деп: 
 
Әуелден сұлу жайы бізге мәлім, 
 
Жігітті жұрт мақтаған, қыз жақтаған,– 
 
деп,  сұлуға  құмартатындарды  ойландырады.  «Қандай  қызды  алған  жөн?» 
деген сұрауға оның берер жауабы: 
 
 
«Жасаулы» деп, «малды» деп, байдан алма, 
 
«Кедей қызы арзан» деп құмарланба. 
 
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар, 
 
Ата-ананың қызынан қапы қалма! 
Мұндай  жар  таппақ  жігітке  Абайдың  ұсынатыны:  «Әкенің  құда 
болуымен үйлену емес, өзі таңдап үйлену» және  «көрсе қызарлықпен» емес, 
сынын,  сырын,  мінезін  ұғып  алып,  өзінің  ақыл  таразына  дәл  келгенде  ғана 
үйлену.    Абайға,  әйелді  таңдаудың  екі  жолы  бар.  Біреуі–  «құмарлық»,  бұл– 
жеңіл жол; біреуі – «ғашықтық», бұл – ауыр жол. 
 
 
Ғашықтық, құмарлық пен ол екі жол, 
 
Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол. 
 
Егер ғашық болса: 
 
 
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым, 
 
Мен не болсам болайын, сен аман бол.  
 
Көңілімнің рақаты сен болған соң, 
 
Жасырынба, нұрыңа жан қуансын. 
 
Бірге жаққан біреуге жақпаушы еді, 
 
Сүйкімді тірі жанға неткен жансың? 
 
 
Ғашықтық келе жеңер бойыңды алып,  
 
Жүдетер безгек ауру сықылданып! 
 
Тұла бойы тоңар, суыр үміт үзсе, 
 
Дәмеленсе, өртенер күйіп-жанып. 
 

 
111
Дәмеленген  ғашықтың  ойын  Абай  «Айттым  сәлем,  қалам  қас,  
«Қиыстырып мақтайсыз» деген өлеңдерінде көрсетеді. Бұл өлеңде біз: 
 
 
Айттым сәлем, қалам қас, 
 
Саған құрбан мал мен бас, 
 
Сағынғаннан сені ойлап, 
 
Келер көзге ыстық жас. 
 
 
 
 
Сенен артық жан тумас,  
 
Туса туар артылмас. 
 
Бір өзіңнен басқаға 
 
Ынтықтығым айтылмас. 
 
 
Асыл адам айнымас, 
 
Бір бетінен қайрылмас, 
 
Көрмесем де, көрсем де, 
 
Көңілім сенен айрылмас,– 
 
деген жігіттің  қызға құмарлығын: 
 
 
Ақылыңа сөзің сай, 
 
Сіз–жалын шоқ, біз–бір май. 
 
Ыстық сөзің кірді ішке, 
 
Май тұра ма шыжымай. 
 
 
Қабыл көрсең, көңілім жай, 
 
Тастап кетсең, япырмай, 
 
Ит қор адам болар ма, 
 
Бұл жалғанда сорлыңдай?! 
 
 
Тілегімді бермесең, 
 
Амалым не жерлесең? 
 
Үйір қылма бойыңа, 
 
Шыны жақсы көрмесең. 
 
 
Қайғың болар шермен тең 
 
Қара көңілім жермен тең, 
 
Сенсіз маған жат төсек, 
 
Болар бейне көрмен тең... 
 
 
 
Көңілің тұрса бізді алып, 
 
Шыныменен қозғалып, 
 
Біз–қырғауыл, сіз–тұйғын, 

 
112
 
Тояттай бер, кел де алып,– 
 
деген қыздың  жігітке құмарлығын көреміз. Осы құмартқан екі ғашық үйлесе 
қалған  күнде,  екеуінің  табысқан  минутындағы  жан  жүйелерін  Абай  мына 
өлеңмен көрсетеді: 
 
 
 Қызарып, сұрланып, 
 
Лүпілдеп жүрегі, 
 
Өзгеден ұрланып, 
 
Өзді-өзі керегі... 
 
 
Аяңдап ақырын, 
 
Жүрекпен алысып, 
 
Сыбдырын, тықырын, 
 
Көңілмен танысып. 
 
 
Иығы тиісіп, 
 
Төмендеп көздері, 
 
Үндемей сүйісіп,  
 
Мас болып өздері. 
 
Бірақ бұлай ғашық боп қосылу оңайлықпен болмайтынын жігіт те, қыз 
да  бірін-бірі  сынап  барып,  көңіліне  толған  күнде  ғана  серт  байласатынын, 
жігіттің қызға айтатын мына сөзінен көреміз: 
 
 
Тереңдеп қарайсың, 
 
Телміріп тұрмайсың,  
 
Бихабар жүргенсіп, 
 
Бек қатты сынайсың. 
 
 
Сан кісі мұңайсын, 
 
Сабырмен шыдайсың. 
 
Күйемін, жанамын, 
 
Еш рақым қылмайсың. 
 
Қыздың  «рақым  қылмауы»,  оның  ғашықпын  деген  жігітті  «бихабар 
жүргенсіп,  бек  қатты  сынауынан»  болуы  да  мүмкін.  Егер  қыз  жігіттің  шын 
ғашық  болуына  өзі  де  ғашық  болуымен  жауап  бермесе,  я  ғашықпын  деп 
жүріп, алдаса, жігіт қызға: 
 
 
Ғашықтық– қиын жол, 
 
Жетсең жеттің, 
 
Жетпей өттің. 
 
Не болды? 

 
113
 
Арманда өмір 
 
Өтті. 
 
Ойлар ма екен бір мені сол? 
 
 
Салдырып аяқ, қол, 
 
Жетпей сертке, 
 
Ішім дертке, 
 
Тез толды. 
 
Ажал уақыты 
 
Жетті. 
 
Мен өлейін, сен сау-ақ бол,– 
 
деген зарын айтады. Ғашығынан күдер үзген жігіттің ақтық айтар сөзі: 
 
 
Қор болдым,жаным, 
 
Сенсіз не менің күнім. 
 
Бек бітті халім, 
 
Тағдырдан келген зұлым. 
 
Тағдыр етсе алла, 
 
Не көрмейді пәндә? 
 
 
Сайрай бер, тілім, 
 
Сарғайған соң бұл дерттен. 
 
Бүгілді белім, 
 
Жар тайған соң әр серттен. 
 
Қамықты ғой көңіл, 
 
Қайтсе болар жеңіл? 
 
Сонда  да  «үмітсіз  –  шайтан  болсын»  дегенді  медеу  қылған  жігіт,  осы 
өлеңін: 
  
 
 
Сағындым сені, 
 
Көрмедім деп көп заман, 
 
Адам деп мені, 
 
Салмадың сен хат маған. 
 
Жай таба алмай жүрек, 
 
Жасыған соң сүйек. 
 
 
 
Бұл қылған изарым 
 
Барса жардың  маңына, 
 
Ол– қылған дәрім, 
 
Ғашығымның жанына. 
 
Оңалдырып ойды, 
 
Түзетпей ме бойды?– 

 
114
 
деп бітіреді.  
Үй  тұрмысын,  семьялық  тіршілікті  алғанда  ,  Абай  әйелдің  рөліне 
ерекше маңыз береді. «Еркек–бас, әйел–мойын» деген қазақтың  мақалын бұл 
мәселеде  өзіне  тезис  қып  алған  Абай  осы  пікірді  қолдамайтындарды  ойға 
түсіру  үшін,  Шығыс  ертегілерінен    алып,  «Масғүт»  деген  поэма  жазады. 
Поэманың  мазмұны:  араб  елінде  Һарун-Рашид  патша  заманында  Масғұт 
деген  жігіт  болады.  Бұл  жігіт  бір  күні  ерт  е  шәһәрдан  саяхатқа  шығып  келе 
жатып,  ұры  тонап  жатқан  шалға  кездеседі.  Масғұта  шалды  аршалап  алады. 
Шал  Масғұтты  сыйламақ  болып  бақшасына  алып  келеді  де,  пісіп  тұрған  үш 
түрлі  жеміс ұсынады: ақ,қызыл,сары.  
 
 
Ағын жесең, ақылың жаннан асар, 
 
Сарыны алсаң, дәулетің судай тасыр, 
 
Егер де қызыл жеміс алып жесең, 
 
Ұрғашыда жан болмас сенен қашар,– 
 
дейді шал, Масғұт қызыл жемісті таңдайды да, себебін былай баяндайды:  
 
Мен болсам, егер ағын жемек едім, 
Ақылды болдым елден бөлек дедім, 
Мен ақылды билемен не қылсам да, 
Мені ақыл билесе керек дедім... 
Сарыны жеп мен болсам байдың өзі, 
Аузында тамам жанның болдым сөзі, 
Пәленшеден бір нәрсе алсақ-ау деп, 
Жан біткеннің тігілер маған көзі... 
Қызылды жесем, мені әйел сүйер, 
Арамдыққа жүрмесем, не жан күйер? 
Ұрғашы да көп жан ғой, досым болса, 
Деп едім бір пайдасы маған тиер. 
Еркектің еркек адам болса қасы, 
Қатын, шеше, қызы жоқ кімнің басы? 
-Хан қаһар, қара кісі қастық қылса, 
Сонда ұрғашы болмай ма арашашы? 
 
Масғұт  әйелді  таңдағанда  тән  құмарын  басу  үшін  емес,  әйелден 
досын  көбейту  арқылы  барлық  адаммен  бауырласу  үшін  таңдады. 
Осындай  көркем  шығармамен  Абай  әйелдің  қоғам  тұрмысындағы 
ролінің салмақты екендігін дәлелдейді. 
Семьяда,  қоғамдық  тұрмыста  әйелдің  ролі  үлкен  екенін  көрсеткен 
Абай  қазақ  өміріндегі  ғашықтықты  қиялынан  туғызып  отырған  жоқ,  өз 
ұлты  қазақтың  шындық  өмірінен  алып  отыр.  Қазақтың  жігіті  қазақтың 
қызына 
құмарлана 
да 
біледі, 
ғашық 
бола 
да 
біледі. 
Оның 

 
115
құмарлығының  да,  ғашықтығының  да  басқа  ұлттардың  құмарлығы  мен 
ғашықтығынан,  солардың  ішінде  мәдениетті  елдердің  құмарлығы  мен 
ғашықтығынан  ешбір  айырмасы  жоқ.  Қазақ  өмірінен  туған  Қозы 
Көрпеш  -  Баян  сұлудың  ғашықтығы  еш  Ләйлі  -  Мәжнүннен,  ешбір 
Ромео - Джульеттадан кем емес. 
Абай  бұл  мәселеге  арнайы  тоқтаған  уақытта,  ең  алдымен  жан 
ләззәтін,  сезім  дүниесін  айрықша  ардақтап,  әйел  мен  еркектің  тең 
болуы  идеясын  көрсетеді.  Махаббатсыз  семьяның  тірлігінде  береке 
жоқ,  қалың  малмен  еріксіз  қосақталған,  шариғатпен  матастырылғандар 
құр сүлделер екендігін Абай өлеңдерінен айқын аңғарамыз. 
Исламдық  Шығыста,  Октябрь  революциясына  шейін  Россияға 
қарайтын  Орта  Азияда,  ер  мен  әйел  сүйісіп  қосыла  алмауына  «харам» 
себеп  болса,  ислам  дінін  шалағай  тұтып  келген  қазақ  елінде  сүйісіп 
қосылуға бөгет «харам» емес, «қалың мал» деген індет болды. 
Қалың  малдың  қазақ  ғұрпына  қай  кезде  сіңген  дерт  екенін  біз 
білмейміз.  Біздің  білетініміз:  бала  туған  хабарды  естігенде  қазақ  «ат 
ұстар  ма?»,  «қырық  жеті  ме?»  деп  сұрайды:  «ат  ұстары»-  ұл,  «қырық 
жетісі»-  қыз.  «Қырық  жеті»  деген,-  қызға  қалыңға  төленетін  малдың 
саны:  жеті  бас  төлдейтін  мал,  олардың  жеті  құнан-құнажыны,  жеті  тай-
танасы,  жеті  құлын-бұзауы,  жеті  бүкбесі  (ұрығындағы  төлі)-  барлығы 
35  мал;  оған  жеті  той  малын  қосса  -  42  мал;  оған  «өлі-тіріге»  беретін 
бір  малды,  шеге  атты,  мінгі  атты,  босаға  атты,  жанама  атты  қосса- 
барлығы 47 бас мал болады. «Қыздың құны -47» деген осы. 
Қазақ  ғұрпында  «47»  беретін  қызды  күйеу  таңдап  жүріп  айттыру 
ілуде  біреуден-ақ  кездеседі.  (Қыз  Жібекті  Төлегеннің  таңдап  жүріп 
айттыруы сияқты) Әдетте көңілдес, дәрежесі я малы теңдес адамдардан 
ұл  мен  қыз  туса,  я  жас  күнінде  атастырып  құда  боп  қояды  (Қозы 
Көрпеш-Баянның  әкелері  Қарабай  мен  Сарыбай  балалары  тумай  тұрып 
құда боп қоюы сияқты). 
Ата-аналарының  құда  болуы  арқылы  жастай  атасқан  ұл  мен 
қыздың 
ішінен 
әлдеқалай 
теңдестері 
ұшырап 
қалуы 
мүмкін- 
Ондайлардың 
сағынып, 
құмартып 
қосылатынын 
біз 
Абайдың 
«Жазғытұры»  деген  елеңінен  көреміз.  Бұл  өлеңде  Абай  қыстай  қар 
астында  жатқан  жерді  -  қалыңдыққа,  қыстай  жерді  көре  алмай  аңсаған 
күнді - күйеуге теңеп былай дейді: 
Күн  -  күйеу,  жер  -  қалыңдық,  сағынышты  Құмары  екеуінің  сондай 
күшті. 
 
Күн қырындап жүргенде, көп қожаңдап, 
Күйеу келді, ай, жұлдыз к... қысты... 
Күн күйеуін жер көксеп ала қыстай, 
Біреуіне-біреуі қосылыспай, 
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң, 
Жер толықсып түрленер тоты құстай. 

 
116
 
Бірақ  өмірде  мұндай  бақыттылар  сирек  кездеседі.  Ата-  ананың 
құда  болуымен  жастай  атасқандардың  көпшілігі  біріне-бірі  тең 
болмайды. 
Теңдес 
болмаған 
соң, 
сүйісіп 
қосылмайды, 
әкенің 
күштеуімен,  әдет  күшімен  еріксіз  қосылады.  Осыдан  талай  зарлар, 
бақытсыздықтар, трагедиялар туады. 
Қалың  малдың  мылқау  күшін  құрал  ғып  жұмсайтын  әсіресе 
байлар.  «47»  төлеп  көп  қатын  алатын  солар.  «47-нің»  күшімен 
сексендегі  шалдың  18-дегі  қызды  алуы  да  сол  байларда  ғана  болатын 
әрекет. Сүйген қызына қосыла алмаған жігіттің: 
 
Өй, қалқа, қайғы тарттым сені ойлай, 
Күйдірді ғашық отың ерікке қоймай, 
Қолымнан ақ тұйғыным кетті ұшып, 
Жылқы екен қыздың байы, сығыр, ойбай! - 
деп зарлануы, 
 
Өй қалқа, сен маған жоқ, мен саған жоқ, 
Шекеңде бұлғақтаушы ед үкіден шоқ. 
Түсімнен ұйықтағанда бір кетпейсің, 
Оянып тұра келсем, дәнеңе жоқ! - 
деп қыздың өкінуі, 
 
Қамыстың көлден тарттым қоғаларын, 
Айтады әркім көрген қасірет-зарын, 
Арылмас басқа қара түсті туман, 
Білмеймін оның қашан ашыларын! – 
 
деп жігіттің құса болуы, 
 
Базардан алып келген қара қиық, 
Қорқамын той қылғаннан жұртты жиып, 
Балаңды іштен шыққан малға сатып, 
Әкетай, неғып бердің көзің қиып? – 
 
деп  қыздың  зарлануы  «47-нің»  кесірінен  екені  айдан  анық.  Қазақтың 
белгілі ақыны Ақан серінің сүйген қызына: 
 
Аулым қонған Сырымбет саласына, 
Ғашық болдым ақ сұңқар баласына, 
Лашынға лайық ғашық жарым, 
Бөктергіге қор болып барасың ба? - 
 
деп зарланып, арашалар амалы болмаған соң,- 

 
117
 
Олай көшкен ауылым, бұлай көшкен, 
Сырымбеттің тауынан құлай көшкен, 
Жарты бидай ауыздан жарып жескен, 
Ғашық жарым, қош сау бол құдай дескен,= 
 
деп қоштасуы қазақ елін жайлаған қалың малдың кесірі екені мәлім. 
 
Дегенге бал Қадиша, бал Қадиша, 
Күйеуің алпыс бесте шал, Қадиша. 
Ноқтаға кірген басың шыға қоймас, 
Қайтейін, қош аман бол, бар, Қадиша! - 
 
деген  өлең  де  қалың  мал  салдарынан  туған  ызалы  қоштасудың  сарыны. 
Қалың  мал  салдарынан  туған  қазақ  әйелінің  бақытсыздығын  арнайы 
әңгімелесе,  ол  жөніндегі  әдебиетті  толық  талқыласа,  жеке  кітап  жазуға 
болар  еді.  Сондықтан  біз  қалың  мал  туралы  пікірді  осымен  аяқтап,  осы 
мәселеге 
Абайдың 
қалай 
қарағанына 
келейік. 
Қазақ 
әйелінің 
бақытсыздығына  себепкер  болған  бұл  пәленің  бір  ғана  тамырын  қазбақ 
боп, Абай бір өлеңінде былай дейді: 
 
 
Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында, 
Хан да жанын қияды қыз жолында. 
Алтын, күміс кигені қамқа, торғын, 
Күтуші қыз, келіншек жүр соңында. 
Деген сөз: «Бұқа буға, азбан дуға», 
Хан қарық боп түсіп жүр айғай-шуға 
«Етімді шал сипаған құрт жесін», - деп,  
Жартастан қыз құлапты терең суға.  
 
Абайдың бұл сипаттап отырғаны, - исламдық Шығыс еліндегі «храмда» 
(гарема)  тән  ләззәті  үшін  торға  түскен  қыздың  келбеті.  Қысқа  ғана  ғып 
сипатталған  бұл  оқиғаға  Абайдың  өзі  қалай  қарайтыны  оның  мына  өлеңінен 
көрінеді:  
 
Сән-салтанат жұбантпас жас жүректі,  
Кім де болса, тұрғысын көксемек-ті.  
Мезгілі өткен дәуренді қуалаған,  
Неғылсын бір қартайған қу сүйекті.  
 
Кәрі, жас дәурені өзге, тату емес,  
Епке көнер ет жүрек сату емес.  
Кімде-кім үлкен болса екі мүшел, 

 
118
Мал беріп алғанменен қатын емес.  
 
Шалдың  жас  қызды  алуы  хан  заманында  ғана  болған  оқиға  емесін,  өз 
заманында да болып жатқан оқиға екенін  Абайдың мына сөздері көрсетеді.  
 
Бай қартайса, малына берер шылбыр,  
Мал өмірі жаңғыртпас, құдай ұрғыр.  
Біреудің қызын алып малға сатып,  
Баяғыны іздеген қандай құрғыр.  
 
Мұндай байға Абай былайша ұрсады:  
 
Қатыным қалай демес ақсақал бай.  
Сонымен дос болып жүр, япырым-ай!  
Қу қатының майысса, сәз боласың,  
Шайтанның шәкіртінің қылығын-ай!  
 
Кінәсіз бәйбішемен болады араз,  
Жастың көңілі ылымас, ол өзіне аз!  
Біреуі – көк балдырған, бірі – қурай,  
Бір жерге қосыла ма қыс пенен жаз.  
 
өмірдің  өзге  мәселелерінде  замандастарына  өзін  ұстаз  көріп  ақыл 
айтатын,  қисықты  ақылмен  түзетуге  тырысатын  Абай  ұрсып  отырған  бұл 
шалына да ақыл айтқан болады.  
 
Қартаң бай, қатты сақ бол, тілге көнсең,  
Мүйіз шықпас қатынның тіліне  ерсең,  
Тіпті оңбассың өзіңе-өзің мәз боп,  
Дастарқанның байлығын мақтан көрсең.  
 
Абайдың  бұл  ақылын  құдай  атқан  шал  ала  қоя  ма?  Соған  ызаланған 
Абай өлеңін:  
 
Үнем болмас құйрықты бұлғаңдатқан.  
Сауырсына шапақтап сүйіп жатқан.  
Екі көңіл арасы жылшылық жер,  
Оны қайтіп қосады ол антатқан! –  
 
деп бітіреді. 
Бұл  шірік  тамырды  Абай  одан  әрі  қазбайды,  ешбір  шығармасында  бұл 
таұырыпқа  енді  қайтіп  оралмайды.  Егер  түгелдей  ақтарса,  бұл  шірік 
тамырдың  тармақтары  әрі  көп,  әрі  тереңде  жатқан  болар  еді  және  оларды 
түгел  қопарып  шығып,  үстіне  өскен  зұлымдықтың  өркендеуін  тоқтатуға 

 
119
Абайдың  әлі  келмес  еді.  Қалай  келсін:  бұл  әшейін  ғана  зұлымдық  емес, 
әлеуметтік  зұлымдық.  Себебі:  қалың  малға  жалпы  әйел  заты  сатылғанымен, 
жаңағы  шалдар  алатын  жас  тоқалдар  жалпы  қазақтың  қызы  емес,  олардың 
ішінде  кедейлердің  қызы  еді.  Егер  бұл  мәселенің  тамырын  қызы  бастаса, 
Абай  талай  ласқа  және  өзінің  аршуға  шамасы  келмейтін  батпақтарға 
кездеседі.  Сондықтан  Абай  бұл  зұлымдықтың  шетін  байқап  қана  көреді  де, 
әрі  барса,  батып  кететін  болған  соң,  тайқып  қайта  шығып,  оны  ақтаруға 
жүрегі  айнып  жоламайды.  Қазақ  әйелдерін  бақытсыздыққа  ұшыратып 
отырған  бұл  зұлымдықты  қайткенде  жоюдың  жолын  таппаған  Абай  ол 
туралы ақылдымсынып ешбір сөз айтпайды да.  
*    *    * 
 
Қазақтың  қоғамдық  тіршілігіндегі  экономикалық,  саяи  теңсіздіктен 
туған  зұлымдықтарды  сынай  отыра,  сол  зұлымдықтардан  арылудың  айқын 
жолын  таба  алмаған  Абай  қоғамның  тең  жарасы  әйелдердің  басындағы 
зұлымдық  бұлтын  арылтудың  да  айласын  таба  алмайды.  Қазақ  халқының 
басындағы  өзге  қайғыларын  арылта  алмаудан  қандай  торықса,  әйел 
мәселесінде де сондай торығады. Қоғам тұрмысындағы өзге әділетсіздіктерді 
түзетуде  замандастарынан  өзіне  серік  таба  алмай  жалғызсыраған  ол  әйелдің 
жүрек бостандығын көксеуде де өзіне серік таба алмай жалғызсырайды.  
Жалғыздық  сарыны  Абайдың  шығармаларынан  кең  орын  алатыны 
мәлім. Оның негізгі түпкі себебі: Абай заманындағы қазақ халқының тұрмыс-
тіршілігінде,  сол  кездегі  қоғамдық  қарым-қатынаста  екендігі  жоғарыда  әр 
тараптан  баяндалған  қазақ  өмірінен,  оған  азамат  ақынның  көзқарасынан 
айқын аңғарылуға тиіс.  
Абай  –  қоғамшыл  ақын.  әрбір  қоғамшыл  ақын  –  ең  алдымен  –  үгітші. 
өзі  сенген  идеяны  шығармасы  арқылы  үгіттемейтін  ақын  болмайды.  Біздің 
Абай да сондай. Ол қоғам тұрмысындағы әділетсіздікті сынап қана қоймайды, 
сол  әділетсіздікті  қайткенде  жоюдың  жолын  іздейді,  өзі  тапқан  «жолмен 
жүрейік»  деп  халқын  үгіттейді.  Бірақ  Абайдың  үгіті  жалаң  тілмен  айтылған 
үгіт  емес,  көркем  тілмен  айтқан  үгіт.  Ол  күнделік  өмірден  туған  тіршіліктің 
неше  түрлі  жабайы  мәселелерін  тамаша  көркем  тілмен,  көркем  бейнемен 
береді.  Абайдың  шығармаларына  қарағанда,  қоғамдық  тіршілігінде  көркем 
сипаттап  беруге  жарамайтын  тақырып  жоқ  сияқты.  Осы  көркемдікті  Абай 
қалай жасады. Енді соны баяндайық.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет