VI.
Абайдың әдебиетке көқарасы және ақындық шеберлігі
«Абай қандай ақын?» деген сұраудың жауабын берер алдында,
оқушыларға В.Г. Беринскийдің орыстың данышпан ақыны А.С.Пушкин
туралы айтқан мына сөзін ескерте кетуді қажет деп ойлаймыз:
«Тарту-таралғы әкелген сияқтанып, барлық суларын сарқа құйған ұсақ
өзендерден ұлы өзендер құралады. Ока мен Кама өзендерінің суын тану үшін,
120
Еділ суының химиясын кім ажырата алар еді? Еділ өзге өзендердің
үлкендерін де, кішілерін де қосып ап, көрнекті келбетпен толқындана ілгері
тартады. Осы Еділдің кең арнасында жүзген адамдардың ешқайсысы да
мұндай пәлендей өзеннің суы бар екен дей алмайды. Пушкиннің ақындық
дарынын азықтандарғын – одан ілгері жасаған ақындардың шығармалары.
Одан да анығырақ айтқанда, Пушкиннің дарыны өзінен бұрынғы
дарындарды заңды қазына есебінде бойына сіңірді де, сол бойына сіңгенде
дүниеге жаңарған, түсін өзгерткен түрде қайта щығарды. Державинсіз,
Жуковскийсіз, Батюшковсыз Пушкин де болмайтынын айтуға да, дәлелдеуге
де болады. Пушкин – солардың шәкірті. Бірақ Пушкин сол ұстаздарынан,
үлгі
алған
адамдарынан
көшіріп
жазды
деп,
олардан
барлық
щығармаларында да өлшеусіз жоғары емес деп ешкім айта да, дәлелдей де
алмайды».
Белинский осы пікірін бірнеше ғылыми еңбектерінде қайталай айтып,
орыстың шын мағынасындағы бірінші ақыны – Пушкин дейді. Және осы
пікірін ол таласуға болмайтын дәлелдермен бекітеді.
Белинский: «Орыстың әдебиеті Пушкиннен басталады, неге десеңіз,
орыстың қан тамыры соның поэзиясында ғана соғады»,- десе, «Пушкиннің
қасиеті – оның орыс ақыны екендігінде; орыстың өмңрі бірінше рет
Пушкиннің қуаты күшті жылдарында ғана көрінді»,- десе, біз де Абай туралы
осы пікірді айтамыз. Абай – қазақтың Пушкині.
Егер орыстың халық әдебиетісіз, Державинсіз, Жуковскийсіз,
Батюшковсыз Пушкин болмаса, қазақтың халық әдебиетісіз, Бұхар
жыраусыз, Махамбетсіз, Шортанбайсыз Абай да болмас еді. Қазақ
әдебиетінің қайнар бұлағы - Абай емес, Абайды туғызған -халық.
Халық өзінің өмірінде талай ақынды туғызған, ол ақындар халықтың
қуаныш пен қайғысын өздерінің шығармаларында тамаша етіп
сипаттаған. Абай - солардың бірі. Әрине, «бірі» болғанда, қатардағы
емес, бірегейі. Сөйте тұра, Абайды туғызған халық жалғыз оның ғана
шығармаларымен
рухани
азықтанбайды,
басқа
ақындарының
шығармаларымен де азықтанады.
Өзінен бұрынғы қазақ ақындарынан Абайдың бақыттылығы оның
солардың
бәрінен
ақындық
дарыны
артықтығында
ғана
емес.
Табиғаттан бойына біткен оның ақындық дарыны, мүмкін, Бұхардан,
Махамбеттен, Шортанбайдан артық болмауы. Мәселе ақынның бойына
біткен дарынында ғана емес, сол дарынды өсіріп, өндіретін жағдайда.
Ақынды өсіретін жағдай - қоғам тіршілігі. Оның ой-пікірінің
қазығы - сол тіршілік. Қоғамдық ойдың өресі мен екпіні қаншалық
күшті болса, ақын ойы биік деңгейден табылмақ.
Қоғамдық ой әр дәуірде бір екпінмен толқындана бермейді; оның
әлді де дәуірі бар, әлсіз дәуірі де бар. Әлсіз дәуірде әлді ақын
шықпайды. Абайға дейінгі қазақ ақындары Абайдай бола алмаса, ол
олардың ақындық дарынының әлсіздігінен емес, үлкен ойға меңзей
121
алмаған дәуірдің әлсіздігінен. XIX ғасырда тумай, мәселен, XVIII
ғасырда туса, Абай да көп жыраудың бірі ғана боп қалуы да ықтимал.
Әрбір экономикалық, саясаттық дәуірдің өзіне лайық ой-пікірі
бар. Мәселен, ескі гректің эпосы «Илиаданың» мазмұны сол заманның
ой-пікіріне жарасып тұр, себебі - адам ол кезде табиғаттың жетекшісі
емес, жетегіндегісі. Ол кезде адамға табиғаттың мылқау күшінің бәрі -
тәңірі: желдің де тәңірі бар, судың да тәңірі бар, көктің де тәңірісі бар...
Адамның да күштілері ол кезде - жарты тәңірі (Ахиллдың көк тәңірісі
Аполлоннан тууы сияқты). Сондықтан ол кездің ақыны Гомер
шындықта болмайтын қиялдардың тасқынына қалқып кетсе, заманына
қарай әдемі-ақ.
Европада Қайта өрлеу (эпоха Возрождения) басталғаннан
қейін
Гомердің стилінде поэма шығарам деп талпынса, көптің көзіне ол күлкі
болар еді. Себебі бұл кезде Европадағы қоғам табиғат күшіне
бағынумен қанаттанбай, оны бағындыруға кіріскен болатын. Осы
процесс күшейген XVIII ғасырда «Илиаданың» стилінде эпос жазуға
тырысқандарды Белинский былайша сықақтайды: «Ломоносовтың
«Петриадасы» мен Вольтердің «Генриадасының» аралары алшақ емес.
«Петриадада» Ломоносов Нептунның ордасын Ақ теңіздің астында еді
деп сипаттайды. Жерорта теңізін жайлаған грек аралының тұрғын
адамына, біздің ақын тым суық пәтер берген. Ұлы Петр мен Нептунды -
ескі гректің теңіз тәңірісін - қалай жақындастырады!.. Бұл сияқты
көптірме тағылық поэманы Ломоносовтың бітірмей тастауы да ұғымды:
табиғатында дұрыс пікірлі және ақылды боп жаралған Ломоносов бұл
сияқты қиялдан туған елірме «Гоич де Форсені», әрине, бітіруге мүмкін
емес. Ломоносовтың трагедиялары да «Петриадаға» ұқсас» (Белинский,
«Избранное», 1914 ж.)
XVIII ғасырда «Илиадаға» ұқсатып «Генриада» жазған Вольтер
мен «Петриада» жазған Ломоносовты Белинскийдің неге сықақтау
себебін біз Карл Маркстың грек эпосы туралы айтқан мына сөздерін
оқығанда түсінеміз: «Гректің мифологиясы оның қазынасы ғана емес,
өсетін
топырағы да екені мәлім. Мәселен, сельфакторлар, темір жолдар,
локомотивтер, электрлік телеграфтар шыққан кезде, гректің қиялынан,
сондықтан грек искусствосынан туған табиғатқа немесе қоғамның
қарым-қатынасына көзқарас мүмкін бе? Roberts С° мен Вулканды
1
қатар қоюға бола ма? Юпитерді нажағай тартатын құралмен, Греместі
3
Credit Mobilierгмен
4
қатар қоюға бола ма? Әрбір мифологияның
табиғатты жеңуі де, бағындыруы да, құрастыруы да қиялмен ғана,
қиялдың жәрдемімен ғана болатын іс, олай болса, табиғаттың сол
күштері меңгерілумен қабат (мифология да) қойылады. Printing
Pousesquarенің
5
қасында, әйел тәңір Фаманың несі қалады?”» (К.
Маркс және Ф. Энгельс, «Искусство туралы», 1957 ж., I том, 134-135
бет).
122
Ескі гректің қиялынан туған пікірді XVIII ғасырдың пікіріне
үйлестіру қандай күлкі болса, XVIII ғасырдың романтизмін XIX
ғасырдың реализміне үйлестірем деу де сондай күлкі болар еді. Әр
нәрсенің орны бар, әр іс пен әрекеттің жасалатын кезеңі, заманы бар.
Кешегінің
бүгін
ескіретін,
бүгінгінің
ертең
басқаша
болатын
диалектикалық заңын еске ала білсек қана қателеспейміз, дұрыс жол
таба аламыз.
Біздің Абай - қалам ұстап әдебиет майданына аттанарда осыны
өзінің озық ой өрісімен түсініп, өзінің қай заманда туғанын, ақындық
талантын не мақсатқа пайдалануға қажетті екенін анықтай алған ақын.
Мұндай пікірге Абай әулиелікпен келген жоқ, туған елі қазақтың
өмірін, әдебиетін білу, Шығыс елдерінің әдебиетін, орыс әдебиетін
терең зерттеу арқылы келді.
Өзінің бұрынғы және өз заманындағы қазақ әдебиетін Абайдың
қаншалық білгендігі оның шығармаларынан көрінеді. Жалпы қазақ
өмірінде поэзияның орны қандай екендігін Абайдың қалай ұққандығы
оның мына өлеңінен көрінеді:
Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол,
Қаза көрген жүрегі жаралы ол.
Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,
Зарланып неге әнге салады ол?
Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл,
Қыз таныстыр, қызыққа жұрт ыржаңшыл.
Қынаменде, жар-жар мен бет ашар бар,
Өлеңсіз солар қызық бола ма гүл?
Бала туса, күзетер шілдехана,
Шуласып өлең айтар онда жана,
Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған
Биде тақпақ, мақал бар, ойлап қара.
Өмірі поэзияға бөленбеген халық жоқ. Солай бола тұрса да,
Абайдың жоғарыда мысалға алған өлеңін оқығанда, оқушының көзіне
елестейтін өзге халықтың өмірі емес, қазақ өмірі, қазақтың ұлттық
өмірі. Екі мысал алайық: біреуі - шілдехана, екіншісі - жоқтау.
Шілдехана-бала туумен байланысты сауық. Баланың тууын
барлық халық та, барлық ата-ана да қуаныш көреді. Сөйте тұра бала
туған күннен бастап, үш күн ұдайымен «шілдехана күзетіп», бала
жатқан үйде қыз-бозбала жиналып сауық кешін жасау, ол кешті іңірден
таң атқанша ән-күймен өткізу, мәселен, Европа елдерінде жоқ. Ондай
әдет Шығыс елдерінде, қазақпен көршілес отырған және туыстас татар
мен өзбек елдерінде де жоқ. «Шілдехана»- тұрмысы көшпелі салттағы
елдерде ғана кездеседі де, отырықшы елдерде кездеспейді. Батыс
елдерінің, орыстың жасқа толғанын тойлау (именины жасауы) қазақтың
123
«мүшел» тойына ұқсайды, айырмасы - орыстар жасқа толуын жыл
сайын мерекелейді, қазақ бір мүшел толғанда мерекелейді. Мүшел
әрбір он екі жыл өтіп, он үшінші жыл толғанда басталады. Мәселен, 13
бір мүшел, 25-те бір мүшел, 37- де бір мүшел, 49-да бір мүшел... осы
мүшелдерде, қазақтың әдетінде, той жасап, мүшелі толғанның
құрдастарына астына ат, үстіне киім береді екен.
Жоқтау-адамның өлуімен байланысты «сауық». «Сауық» дейтін
себебіміз: өлетін адамды да, қазақтың ескі салтында өмірден өлімге
өлеңмен жөнелтіп салады; өліп бара жатқан адамға, оның шешесі,
әйелі, апа-қарындастары келіні жылап қана, жай қара сөзбен ғана
қоштаспайды, өлеңмен, сол өлеңді әндетіп айтумен қоштасады. Өлікті
көмгеннен кейін де, оның әйелі, жақындары өлгенге жыл толып, «асын»
бергенше, ол туралы айтатын жоқтау өлеңін тоқтатпайды. Әдетте,
өлікке 40 күн толғанша, туысқандары, әйелі жоқтауды күніне үш
мезгіл: таңертең, түсте, кешке айтады да, «қырқын» берген соң, үйіне
елеулі кісілер келгенде, еске түсіру есебінде ғана айтады.
Біз бұл арада «шілдехана» мен «жоқтау» өлеңдерінің тарихын
қазалық деп отырған жоқпыз, я сол түрлі поэзияларды зерттегелі
отырған жоқпыз. Ол біздің бұл жолғы міндетімізге жатпайды. Егер
тексере, зерттей бастасақ, бұл тақырыпқа қалың кітап жазуға болар еді.
«Шілдехана» мен «жоқтауды» біз:
Бала туса, күзетер шілдехана,
Шуласып елең айтар онда жаңа, -
деп,
Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол,
Қаза көрген жүрегі жаралы ол,
Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,
Зарланып неге әнге салады ол? -
деп Абай жазғандықтан ғана еске түсіріп отырмыз. Қазақтың өмірінде
поэзияның осындай ерекше орны барлығын ұққан және сол туралы елең
жазған Абай пікірін былайша қорытады:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдін, қызығының бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең.
Екінші сөзбен айтқанда, анасынан. шырылдап, дүниеге келген
баланың қазақ тұрмысында бірінші еститін дыбысы-өлең, олай болса,
оған өмірдің есігін өлең ашады; аз ба, көп пе жасап, өмірмен
қоштасатын адамның, қазақ тұрмысында соңғы еститін дыбысы да
124
өлең, олай болса, өмірдің шығар есігінен де оны жөнелтіп сап
қоштасып қалатын да өлең. Адамның тууы мен өлуінің арасындағы
өмірі өлең араласқанда ғана қызық, өлеңсіз қызық өмір жоқ... Абайдың
өмір мен өлеңге, қазақ өміріндегі поэзияның роліне көзқарасы осындай.
Қазақтың әсіресе әдет-ғұрыптық поэзиясын Абайдың жақсы
білетіндігі және жақсы көретіндігі оның жоғарыда мысалға алған
өлеңінен айқын көрініп тұр.
Бірақ қазақ фольклоры жалғыз әдет-ғұрып поэзиясынан ғана
құралмайды, оның толып жатқан тармақтары бар, солардан Абайдың
тағы да сүйсініп қарайтындары бар ма?
Қазақ фольклорынан өзінің шығармаларында Абайдың өте көп
қолданатын бір тармағы - тақпақ, мақалдар, мәтелдер.
Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған,
Биде тақпақ, мақал бар, ойлап қара, -
дегенде Абайдың тақпақ пен мақалды сүйсіне атап отырғаны көрініп
тұр. Бірақ Абай қазақтың өткен өміріне де, өз заманындағы өміріне де
сын көзімен қарағаны сияқты, қазақтың мақалына да сын көзімен қарап,
ескіргендері мен ескірмегендерін жіктейді. Мәселен, ол қазақ тарихы
туралы пікір айтқанда, қазақтың «Алаш - алаш болғанда, Алаша хан
болғанда» «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би», «Ұлыстың ұлы
күні», «Жылан жылы жылыс болды, жылқы жылы ұрыс болды, қой
жылы зеңгер тоғыс болды», «Самарқанның сар жолы, Бұланайдың тар
жолы», «Күл төбенің басында күнде кеңес» деген сияқты мақал-
мәтелдеріне қатты сүйенеді және олардан көп тарихи шындық табады.
«Бас-басыңа би болсаң, Манар тауға сыймассың, бас алқаңыз бар
болса, жанған отқа күймессің», «Өзіне ар тұтқан, жаттан зор тұтады»,
«Аз араздық көп пайданы кетіреді», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
төртеу түгел болса, төбедегі келеді», «Жол қуған қазынаға жолығады,
дау қуған пәлеге жолығады» деген қазақ мақалдарын Абай өз
замандастарына үлгі ғып ұсынады.
«Біздің
қазақтың
мақалдарының,-дейді
Абай,-көбінің
іске
татырлығы да бар. Іске татымақ түгіл, не құдайлыққа, не адамшылыққа
жарамайтыны да бар: «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен
соң тірі боп жүргені құрсын... «Атың шықпаса өрт сал»,-дейді. Жер
өртеп шыққан аттың несі мұрат? «Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден
жан тәтті» дейді. Ата анасынан мал тәтті көрінетін ант ұрғанның
«тәтті» дерлік не жөні бар? Ата-ананы малға сатсақ, ең арсыздың бірі
емеспіз бе?!.»
«Көкірек толған қайғы,-дейді Абай тағы бір сөзінде- қайғы не
десең, (қазақтың) мақалдарынан танырсың. «Түстік өмірің болса,
күндік мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де - жат», «Мал - адамның
бауыр еті», «Малдының беті жарық, малсыздың беті шарық», «Ер азығы
125
мен бөрі азығы жолда», «Ердің малы елде, еріккенде қолда», «Берген
перде бұзады», «Алаған қолым береген», «Мал тапқан ердің жазығы
жоқ», «Қарының ашса, қаралы үйге шап», «Қайраңы жоқ көлден без,
қайыры жоқ елден без» деген, осындай сөздер есепсіз толып жатыр. Бұл
мақалдардан не шықты? Мәлім болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым
үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, бірақ мал үшін қам
жейді екен...»
Бұл сынап отырған мақалдардың кейбірінің мағынасы және
маңызы туралы Абайдың пікіріне қосыла қоймайтыны бар. «Малдының
беті жарық, малсыздың беті шарық» деген мақал - қанаушы мен
қаналушының қоғамдық халдерінің қандайлығын көрсететін сөз.
«Қайраңы жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без» деген де орынды
айтылған. Алайда біз бұл жолы Абайдың халық мақалын қаншалық
білгендігіне және оны өз шығармаларында қалай пайдаланғандығына
ғана назар аудармақпыз.
Абай қазақтың мақал, мәтелдерін біліп қана, жақсы, жаманын
талдап қана қоймайды. Ол өзінің кейбір шығармаларында, әсіресе
өлеңдерінде, өз пікіріне қазық ретінде мақал, мәтелдерді алып отырады.
Мәселен, қазақ мәтелінде мақтаншақты «аузымен орақ орады» деп
сипаттайды, Абай елдің надан салтын сөгіп жазған елеңінде, өз пікіріне
қазық ретінде мақал, мәтелдерді алып отырады. Мәселен, қазақ
мәтелінде мақтаншақты «аузымен орақ орады» деп Абай елдің надан
салтын сөгіп жазған өлеңінде осы мәтелді алып:
Ұқпайсын, өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузыңмен орақ орған өңкей қыртың! -
дейді. Қазақ берекесіз елді «алтыбақан, ала ауыз» десе, Абай да:
Сабырсыз, арсыз, еріншек,
Көрсеқызар, жалмауыз,
Сорлы қазақ сол үшін Алтыбақан, ала ауыз, -
дейді. Қазақ тентекті «қазан бұзар» десе, Абай да ел бұзғыштарды:
Қалжыңы теріс, сөзі - ұрыс,
Айтқан сөзге көнбейді,
Өз тентегін көрмейді,
Қазан бұзар бір қырыс, -
деп сипаттайды. Қазақ ұрыларды «байлағанда бау кеседі» десе, Абай
пысықтарды:
Ұрлық пенен қулыққа,
126
Байлағанда кестің бау, -
деп сөгеді. Қазақта «берерменге бесеу көп, аларманға алтау аз» деген
мақал бар, Абай соны пайдаланып, жаңағы пысыққа:
Берерменде бесеусің,
Аларманда және алтау,-
дейді. Қазақ «қайта көрер есікті қатты серіппе» деген мақал айтса, Абай
жаңағы ұрсып отырған пысығына:
Қайта келер есікті
Қатты серіппе, жарқын-ау! -
деген ақыл да айтады. Осындай халық мақалынан, халық мәтелінен
пайдаланған мысалдар Абайдың өлеңдерінде толып жатыр.
Абай насихат сөздерінде де, өлеңдерінде де қазақ фольлорының
өзге түрлерінен гөрі мақал мен мәтелдерді көбірек пайдаланғанын
байқаймыз. Осыған қарағанда, Абайдың өмірбаянын жазушылардың:
«Ол 14 жасында Семейдегі медреседен қайтқаннан кейін, әкесінің
ықпалымен елдің билік жұмысына араласа бастады. Ел билеу
жұмысында, қазақтың билерімен, шешендерімен кездесіп, солардан
үлгі алып, 17-18 жасында өзі де шешен бидің бірі болды»,- деген сөзі
рас сияқты. Неге десеңіз, қазақта би болу ақыл табуға ғана байланысты
емес, сөз таба білуге де байланысты. Шешен сөйлей білу -қазақ
билерінің салты. Және олардың көбі жабайы шешен сөз емес, тақпақты,
өлеңді шешен сөзбен сөйлеген, өздерінің өлеңді сөздеріне халықтың
мақалдарын араластыра сөйлеген. «Түгел сөздің түбі» атанған
Майқыдан, Каз дауысты Қазыбектен, Үйсін Төле биден, Шақшақ ұлы
Жәнібектен, Керей Тоқсан биден, Мөңке биден қалды деген сөздердің
бәрі де тақпақты, өлеңді келетін себебі осыдан. Қазақ фольклорының
дүние жүзіндік фольклормен қабысып жататын бір тармағы - осы
шешендік сөздері. Біздің билер ескі гректің ораторлары сияқты.
Қазақ билерінің осындай қасиетін таныған Шоқан Уәлиханов,
оларға мынадай баға берген: «Билерді дауыс беріп ешкім сайламайды
да, ешкім бекітпейді де. Европаның ақындары, ғалымдары, адвокаттары
сияқты, қазақтың билерінің де қадірі өздерінің қара басына тәуелді
беделдеріне негізделеді. Шекспир мен Гетені барлық жұрт ұлы ақындар
деп санайды. Ал олардың данышпандығы ешбір өкіметтің декретіне, еш
халықтың сайлауына сүйенген емес».
Одан әрі қарай Шоқан осы еңбегінде, қайткенде халық көзінде би
бола алудың шарттарын санайды. Сондағы ең үлкен шарттар:
ақылдылық пен сөзге ұсталық.
127
Ақылдылық жағынан да, көркемдік жағынан да шешендік сөздер -
қазақ фольклорының ең бай тарауының біреуі. «Шешен сөз,- дейді
Белинский,-поэзия сияқты толық мағынасындағы көркемөнер емес, неге
десең, онда белгілі тәжірибелік іске арналғандық бар. Оның таянышы-
шығарма емес, талас, айтыс. Солай болғанмен де ол- көркемөнер. Неге
десең, шешендік сөз шешеннен таланттылықты, шабыттылықты, көркем
сөйлеушілікті тілейді» (В. Г. Белинский, Таңдамалы шығармалары,
1914 ж., 871 бет).
Абайдың қара сөздері де, өлеңдері де ақылды, шешен, көркем
келуіне бір себеп - оның жасынан қазақтың шешен, көркем сөздерімен
танысуы екендігінде дау болмасқа тиіс. Шешендер әдетте көп сезді
болмаған. Олар «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» деген қазақ
мақалын өздеріне программа көріп, айтыста көп сөйлемеуге, ретін
тапқан аз сөзбен үлкен мәселенің түйінін шешуге тырысқан және
шешкен де. Абай да өзінің шығармаларында аз сөзді болған, азғантай,
бірақ ақылды, шешен көркем сөздер айтқан кісі.
Абай 40 жасына шейін елдің билігіне араласып, жазушылық
жұмысқа қырықтан шыға кіріскенін біз оның өмірбаянынан жақсы
білеміз. Біздің білмейтініміз: билік құрған кезінде Абай бұрынғы
билердей тақпақты шешен сөздер айтты ма, жоқ па? Бұл сұраудың
жауабын ешкім бере алмайды, себебі бұл жөнде ешкімнің де қолында
материал жоқ. Қырықтан аса жазған Абайдың өлеңдерінде де, насихат
сөздерінде де ақыл айту басым, бірақ ол билік сөз емес, олардың көбі -
дидактикалық поэзияның үлгісі.
Абай - ақын. Және сауатсыз ақын емес, қазақ әдебиетін де,
исламдық Шығыс әдебиетін де, орыс әдебиетін де білген сауатты ақын.
Осы сауатты ақынның өзінен бұрынғы я өз тұсындағы қазақ әдебиетіне,
әсіресе поэзиясына көзқарасы қандай?
Бұл сұрауға жауап беру үшін, ең алдымен, Абайдың әдебиеттегі
орнын анықтап алу қажет, ол үшін Абайға шейінгі және Абай
тұсындағы қазақ әдебиетінің хал-жайына біраз тоқтау шарт.
Кейбір зерттеушілер қазақтың ауыз әдебиетінің алғашқы өкілдері
деп ауызша жырларда аттары кездесетін Сыпыра жырауды, Асан
қайғыны атағысы келеді; енді біреулер, қазақтың жазба әдебиетінің
тарихын ертеден бастамақ боп, XIII ғасырда жасаған Қожа Ахмет
Ясауиді «қазақ ақыны еді» дейді. Біз бұл пікірлердің екеуіне де
қосылмаймыз. Қазақ ауыз әдебиетіндегі Сыпыра жырау мен Асан
қайғы, бізше, мәселен, орыс ауыз әдебиетіндегі Баян сияқты ақындар.
«Сәуегей» аталатын Баянды ешбір орыс тарихшысы әдебиетші
қатарына қосқан да емес, орыс әдебиетінің тарихын одан бастаған да
емес. Себебі: Баянның болған адам екендігіне ешбір документ жоқ.
Мүмкін, Баян атты бір ақын адамның болуы, бірақ оның осы «болуы»
документте сақталмай, ол орыс елінің аузында қиялдан туған адам
сияқтанып, ертегіге айналып кеткен.
128
Біздің Сыпыра жырау мен Асан қайғы да сол Баян сияқты. Бір
жақтан қарағанда, олар тарихта болған адамдар сияқты. Себебі, ескі
жырларда, Сыпыра жырау Тоқтамыс ханмен тұстас боп, Асан қайғы
Жәнібек ханмен тұстас боп сипатталады. Бұл хандар тарихта болған
адамдар және Сыпыра жыраудың да, Асан қайғының да өздерімен
тұстас хандарға, өзі жасаған заманға арнаған сөздері де бар. Солай бола
тұра, оларды тарихи ақындар деп алып, қазақ ауыз әдебиетінің алғашқы
белгілі өкілдері солар еді деу, әрине, ғылымдық дәлел боп шықпайды.
Орыстың ауыз әдебиетінде Баян қандай ертегі болса, қазақтың ауыз
әдебиетінде де Сыпыра жырау мен Асан қайғы сондай ертегі. Аттары
солардай ертегі боп кеткен ақындар талай халықтардан кездеседі,
оларды ешбір халықтың әдебиет тарихының басына қоймайды. Бұл
жөнде өзге ертегі ақындардан тағдыры өзгеше ескі грек елінің ақыны
Гомер ғана. Ескі гректің әдебиет тарихы Гомерден басталады. Сөйте
тұра, «гомер белгісіз бір тайпаның аты ма, я әйгілі ақынның өз аты
ма?» деген сұрауға ғылым әлі жауап іздеуде. «Ендеше неге Гомерден
бастайды?» деген сұрауға ғылымның берер жауабы: егер Айсадан алты
жүз жыл бұрын жасаған Афины әміршісі Писистрат өз тұсының
жыршыларын жинап алмаса, ол жыршылар гректің «Илиада» мен
«Одиссея» дейтін көлемі зор, көркемдігі тамаша халық эпостарын
Гомерден қалған демесе, әрине, Гомер ертедегі ақынның бірі ғана боп
қала берер еді де, грек әдебиетінің тарихын бастамас еді.
Біздің Сыпыра жырау мен Асан қайғының трагедиясы - олардан
сақталған қазақтың «Илиадасы» жоқ. «Қобыланды» я сол сияқты қазақ
эпостарын Сыпыра жырау мен Асан қайғынікі еді деуге, біздің қолда
әзірге дәлел жоқ. Сондықтан қашан ғылым анығын ашқанша, Сыпыра
жырау мен Асан қайғының, біз, гректің Гомері емес, орыстың Баяны
сияқты ғана көре тұрамыз.
Қазақтың жазба әдебиетін XIII ғасырда жасаған Қожа Ахмет
Ясауиден бастауға да біздің қосылмайтын себебіміз: оның қабыры
Қазақстанның қаласы Түркістанда болғаны болмаса, одан қалған
шығармада «Хикматта», қазақ түгіл, қазақтың ешбір руының тіршілігін
сипаттаған белгі
жоқ.
Егер ол парсының жазушысы, ақыны
Фирдоусидай, азер- байжанның ақыны Низамидай, өзбектің ақыны
Науаидай, белгілі бір халықтың, яғни қазақтың ең болмағанда оның
жеке руларының өмірін шығармаларында көрсетсе, оны біз қазақ ақыны
дер ек. Қожа Ахмет Ясауидің шығармаларынан, қазақ түгіл, қазақтың
ешбір руына жанасатын ештеңе табылмайтындығын және оның
шығармаларын қарапайым қазақтың түсіне алмайтындығын еске алсақ,
оны қазақтың жазба әдебиетінің басы деу орынсыз. Қазақ әдебиетінде
жазушы ақынның емес, әдебиетте аты-жөні сақталған ақынның өзі
XVIII ғасырдың бер жағы ғана. Әрине, XVIII ғасырға шейін де қазақта
бай ауыз әдебиеті болды. Ол әдебиет не көктен түскен жоқ, не жерден
шыққан жоқ, оны жасаушы белгілі адамдар, яғни ақындар бар. Бірақ ол
129
кезде қазақ халқы сауатсыз болғандықтан, көркем шығарма жазылып
қағазға түспегендіктен, шығаратын ақындардың жырлары өзі өлген соң
халық қазынасына айналып, шығарушыларының аты-жөні ұмытылып,
«халық әдебиеті» боп кеткен. Осы «халық әдебиетіндік» арнадан қазақ
ауыз әдебиетінің саралануы XVIII ғасырдың екінші ширегінен бастап
қана. Бұл басталу қазақ әдебиетінің тарихында Бұхар жырау
Қалқаманұлының атымен байланысты.
Әзірге қазақ әдебиетінің тарихында жасаған дәуірі, аты-жөні
мәлім бірінші ақын - Бұхар жырау. Оның кім екендігі туралы бұрынғы
бір еңбегімізде айтылған мәліметтерді бұл арада қайталамаймыз.
Бұхардан кейін жасаған қазақ ақындарының біразының аттары да,
шығармалары да мәлім.
Бұл арада тоқтала кетуге қажетті бір мәселе - қазақ жазба
әдебиетінің басы қай ақынның шығармасынан басталатындығы туралы.
Кейбір жорамалға қарағанда, Бұхар жырау да, оның ізін баса
шыққан ақындар: Дулат, Шортанбай тағы басқалар да және кейбір
документтерге қарағанда Байтоқ, Жанұзақ, Махамбет те мұсылманша
хат білгенге ұқсайды. Соған қарап, кейбір әдебиетінің басы еді дегісі
келеді. Біз бұл пікірге де қарсымыз, себебі, біріншіден, солардың хат
білетіндігін дәлелдейтін документ мықты емес (егер Махамбет
Өтемісұлы архивтен табылған документтерде «Мұхаммед Отамыш
ұғли» деп қол қойса және осы «қол қоюға» жататын сөздері
арабшылаумен
қатар,
дауысты
әріптер
араласпайтын
араб
грамматикасының заңымен жазса, ол қазақша хат білгендікке куә емес);
екіншіден, олардың ешбірінің қолынан жазылған шығарма сақталған
емес, сондықтан олар өз қолдарымен өлең жазды ма, ол арасы бізге
мәлімсіз; үшіншіден, және негізгісі, ол ақындардың қолымен өлең
жазуы жазба әдебиеттің өкілі болуына дәлел бола алмайды. Өйткені,
шығармаларының көбі ауыз әдебиетінің стилі мен образының
аумағынан шыға алмай жатады. Олай болса, оларды «қазақ жазба
әдебиетінің өкілдері еді» деп қалай атай аламыз?
Әрине, атай алмаймыз. Бізше, олар - жазба әдебиеттің өкілдері
емес, ауыз
әдебиетінің өкілдері. Олардың өздерінен бұрынғы
ақындардан айырмасы тек тарихта аттары мәлім болуда ғана. Әйтпесе,
шығармаларының стилінде де, сөздік материалдарында да ешбір
айырма жоқ, екеуі де - фольклор.
Фольклор
мен
жазба
әдебиеттің
арасындағы
негізгі
бір
айырмашылыққа тоқтап өтейік: фольклорлық шығарманың мазмұнында
тақырыптық бірлестік үнемі бірыңғай келе бермей, көбіне ала жаулы,
әр тараулы боп кетеді. Мәселен қазақтың:
Базардан алып келген жезді құман,
Пәлеге ұшырайды сөзді қуған.
Бал шайнап, шекер жұтқан, беу қарағым,
130
Көзіңнен айналайын жаудыраған, -
деген өлеңнің төрт жолы үш түрлі мағына береді: бастапқы «Базардан
алып келген жезді құман» деген жол бір мағына, «Пәлеге ұшырайды
сөзді қуған» деген жол екінші мағына, соңғы екі жол үшінші мағына.
Шығарушыға керегі бастапқы екі жол емес, соңғы екі жол. Олай болса,
керексіз бастапқы екі жолды неге қолданады?
Қолданатын себебі: төрт жолдан құралатын бір ауыз өлеңнің
барлық жолдарын бір мағынаның арнасынан ғана өткізуге өлеңді табан
аузында шығарып отырған адамның уақыты да, мүмкіншілігі де жоқ.
Сондықтан ол өз ойын білдіретін сөздерді тауып алғанша, халық
фольклорында бұрын айтылып жүретін даяр сөздерді тыныс есебінде
қолданады да, өз ойын соған үйлестіріп қоса салады. Оқиғасы да,
тақырыбы да әр түрлі фольклорлық шығармалардың ішінде бір
сарынды теңеулер, салыстырулар, әсірелеулер араласып жатуы осыдан.
XVI ғасырда жасапты-мыс дейтін Асан қайғы мен XVIII ғасырда
жасаған Бұхардың сөздері көп жерде ұқсап қалатын қалатын себебі:
«Қобыланды», «Қарасай Қазы» сияқты жырлардың сөздері мен
Махамбеттің кейбір өлеңдері ұқсап қалатын себебі: біздің заманның
кәттә
қарт
ақындары
Жамбылдың,
Нұрпейістің,
Шашубайдың
жырларынан, ескі жырлардың жолдары, сөздері көп ұшырасатын себебі
де осында. Қазақстанның күнгей жақ облыстарының елінде күні бүгінге
шейін кездесетін ай- тыс өлеңдерінің көпшілігінде, бір ауыз өлеңнің
алғашқы екі жолы үнемі халық әдебиетіндегі:
Қара кемер, замандас, қара кемер,
Кара інгенді айналып ботасы емер, -
деген сияқты,
Шыны кесе, ендеше, шыны кесе,
Шыны кесе толады, құйса есе, -
деген сияқты дайын трафареттен алынып, аяғына:
Қараңғы іңір болғанда жолығып кет,
Жарық кезде жолықсаң. шешең көрер, -
деген жалғау қосуы,
Сонда көңілім дауалар, ай-ау, қалқам,
Жарты бидай ауыздан жарып жесе,-
деген жалғау қосуы, ауыз әдебиетінің заңды жолынан шыққан. Ауыз
әдебиеттің осындай табиғатын Абай оның кемшілігі деп ұғып:
131
Шортанбай, Дулат пенен Бұхар жырау,
Өлеңі бірі жамау, бірі құрау.
Әттең дуние-ай, сөз таныр кісі болса,
Кемшілігі әр жерде-ақ көрініп тұр-ау! -
деп ренжиді. Тағы бір өлеңінде:
Ақындары ақылсыз, надан келіп,
Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап, -
деп сөгеді. Рас, Абайдан бұрынғы қазақ ақындары да, Абай тұсындағы
қазақ ақындары да талант жағынан, сөзге шеберлік жағынан бір
қалыпта емес. Олардың екпіндеген жүйріктері де бар, шоқақтан артығы
жоқ жортақтары да бар, кібіртіктеген аяңшылары да бар. Абай «өлеңі
бәрі жамау, бәрі құрау» деп атақ тағып отырған Бұхар, Дулат,
Шортанбай осы жүйелі ақындардың алғашқысына жатады. Бұхар мен
Дулатта жалпы қазақ фольклорының сөздері кейде кесек, кейде аз
араласып отырса, Шортанбайда фольклордан даяр пікірлер, даяр
шумақтар,
даяр
жолдар,
даяр
сөздер
өте
сирек
ұшырайды.
Шортанбайдың
фольклормен
байланысы:
тақырыбы
заманына
арналғанмен, өзінен бұрынғы қазақ фольклорын идея жағынан да,
көркемдік жағынан да, техника жағынан да тереңдете алмауында.
Өзінен бұрынғы және өзімен тұстас қазақ ақындарын Абай
«жамаулы, құраулы» өлең жазғандықтан ғана өлеңнің көркемдігі, түрі
«нашарлықтан»
ғана
мінемейді,
олардың
мән-мақсатының
жадағайлығынан да мінейді. Ол:
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен сөз қосарлап.
Ақындары ақылсыз, надан келіп,
Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап.
Қобыз бен домбыра алып, топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап,
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап,
Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап,
Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап,
Жат елде қайыршылық қылып жүріп,
Өз елін бай деп мақтап, құдай қарғап,
Қайда бай мақтаншаққа барған таңдап,
Жиса да, бай болмапты, қанша малды ап.
Қазаққа өлең деген бір қадірсіз,
Былжырақ көрінеді бәрі даңдақ.
132
Абай бұл өлеңінде «ақындар» деп қазақтың ақын атаулысын түгел
алмай, олардың ішінен «мал үшін тілін безеп, жанын жалдағандарды»
екшеп алса, не сол «жанын жалдаған» кім екенін атап айтса, біз бұл
арада «онысы дұрыс» дер едік те жүре берер ек. Себебі қайдағы
мақтаншақ байға барып, қайыршылық қып мақтау өлең айтып, сөзін
малға сатып, өлеңнің қадірін кетіретін «ақындар» қазақта Абайға шейін
де, Абай тұсында да, Абайдан кейін де аз болмаған. Бірақ бұлар қазақ
ақындарының бәрі емес, олардың бір жүйесі ғана. «Өлеңі бірі жамау,
бірі құрау» деген уақытта Абай Бұхар, Шортанбай, Дулаттардың «сөз
сатқандығы» үшін емес, өлеңдерінің сыртқы құрылысының «теп-тегіс
жұмыр, іші алтын, сырты күміс» болмағандығы үшін, бұрынғы
сарыннан сытылып шыға алмағандары үшін мінейді.
Абайдың эстетикалық талабы мен талғамы биік болғандықтан
творчествоны кәсіпке айналдырғандарды аямай өлтіре сынаса, ол
талапты ақындардың «қиыннан қиыстыра» алмағандығына ренжиді.
Бұл заңды да. Өйткені Абай қазақ халқын сөз өнеріне икемдеп таниды
да, қатаң талаптар қояды. Абайдың өз аузынан шықпаған, бірақ халық
әдебиеті жөнінде түйген ойын Шоқан Уәлихановтың сөзімен айтсақ,
мынандай болар еді:
«Татар халықтарының ішінде,-дейді Шоқан, - ақындық қабілетінің
күштілігі жағынан қазақ бірінші орын алады деуге болады. Бұл туралы
біздің еңбегі сіңген ориенталист Сенковскийдің арабтар туралы айтқан
мына сөздерін алайық: «Бәдәуилер табиғатында өлең шығарғыш келеді
және
ақындыққа
бейім
тұрады».
Қазақ
жыршыларының
шығармаларында,
арабтың
поэзиясындағыдай
өлеңнің
шарты
сақталмағанмен, қазақ жырларында да белгілі заң, үйлес бар. Қазақ тілі
түрік
тұқымдас
елдердің
тілдерінеп
ерекше
таза.
Өйткенмен
жұмсақтығы, әсірелеуі астарлылығы араб тіліндей шыңдалмаған.
Сондықтан көркемдік қасиетінде айырма бар. Қазақ поэзиясы далалық
поэзия болғандықтан, арабтың шөлдік поэзиясына ұқсап, сюжет
жағынан бір жақтылау келеді де, көшпелі өмірді, рулардың таласын
сипаттайды; бұл жағынан алғанда, араб поэзиясына ұқсастығы жақын.
Өмірдің шын сипатшысы болғандықтан, қоғамның ұғымын, қарым-
қатынасын көрсететіндіктен қазақ поэзиясының аса қызғылықты және
көңілді аударатын жақтары көп. Негізгі мақсатымызға оралайық.
Тарихы жағынан (қазақ) халқының поэзиялық рухы мына мәселелерде
тамаша: 1. тіл жағынан бүгінгі ұрпаққа түсініксіз сөздері аз, Алтын
Орда дәуіріне жататын батырлардың жорығын сипаттайтын ескі
поэзиялардың көбі, ақындардың ұғымы күштіліктен, біздің заманға
шейін бұзылмай сақталды. 2. Әр дәуірде жасаған ақындар өз дәуірінде
болған ерекше оқиғаларды жырлары арқылы халықтың есінде
қалдырып, сол жырлардың бәрі жиналғанда тұтасқан бір зор шығармаға
айналды. 3. Сол тұтасқан поэмалар әдеттің, мақал-мәтелдердің, мінез-
құлық заңдарының толық суретін жасап, халықтың өткен тарихының,
133
рухани өмірінің айнасы болды, тарихи оқиғаларды толықтырды,
олардың шыққан себебін ашуға жәрдемдесті. Таң қаларлық нәрсе:
қазақтар өздерінің ескі ертегілерін, ескі сенімдерін тамаша таза
сақтаған! Одан да артық таң қалатын нәрсе: далиған даланың әр
шетінде елде ауыз әдебиеттің бұлай дәл сақталуы ғажап қалдырарлық
жағдай
болғанмен,
ешбір
күдіксіз,
шындықта
бар
фактілер»
(«Шығармалар жинағы», С.-Петербург, 1904 жыл, 193-194 беттер).
Шоқан осы пікірін кейде қысқа, кейде ұзақ қып, жазған
еңбектерінің әр жерінде айтады. Бірақ ол «ақын» атаулының бәрін
жақсылай бермейді. Әлі баспаға шықпаған, Ленинградтағы архивте
«23-фонд» боп саналатын қолжазба еңбегінде Шоқан «сөзін малға
сататын» ақындарды былай сипаттайды: «Шығарып айтқан жырды,
сөзді қазақтар «өлең» дейді, шығарушыны «өлеңші», «жыршы» я
«ақын» дейді. Шығарғыштардың ішінде арсызы да бар; олар -
байлардан, билерден, сұлтандардан сыйлық алу үшін жағынып
жырлайтын шарлатандар». Осы пікірін Шоқан көп дәлелдермен
бекітеді. Бірақ оның бұл бағасы, қазақтан шыққан ақын атаулының
бәріне емес, шын мағынасында сөз сататындарына ғана айтылған. Абай
өзіне дейінгі және замандас ақындарды өнерді мал табу жолына
жұмсағандығы үшін сынайды, ал таланттыларын жаңа түр, соны леп,
айқын мағына таппағаны үшін мінейді.
Жалпы қазақ тілінің, оның ішінде поэзия тілінің байлығымен
пайдаланғаны болмаса, Абайды өзінен бұрынғы қазақ ақындарында я
өзімен замандас қазақ ақындарына еліктеді деу, солардан үлгі алды деу
қиын. Мазмұндық жағынан алып қарағанда, Абайдың өлеңдерінің
Шортанбайдың жырларымен түйісетін жерлері бар, бірақ:
Шортанбай, Дулат пенен Бұхар жырау,
Өлеңі бірі жамау, бірі құрау, -
деуіне қарағанда Абайдың Шортанбайдан үлгі алайын деген ниеті
болмаған. Сондықтан егер оның бірнеше өлеңі мазмұн жағынан
Шортанбайдың кейбір жырларымен сарындас болса, бұл оның
Шортанбайдан алған үлгісі емес, замандары бір болғандықтың әсері
ғана.
Қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын ауыз әдебиетінің стилінен
өзгеше жолмен, европалық стильмен өлең жазуға талаптанған Ыбырай
Алтынсарин. Бірақ Ыбырайдың сан жағынан аз өлеңдерінің ішінде
«Жаз», «Жаз шыққанда», «Өзен» деген өлеңдері жаңа, европалық
стильде жазылады да, «Ей достарым», «Ей жігіттер» деген өлеңдері,
мазмұны жаңа болғанмен, ауыз әдебиетінің стилінде жазылады.
Сондықтан біз Ыбырайдың жазушылық майданына аттаған адымның
бір аяғы ескі қазақ фольклорында, екінші аяғы европалық поэзияда
дейміз, Ыбырай толық мағынасындағы европалық ақын емес дейміз.
134
Ендеше ол европалық стильге көшкен, қазақтың жаңа поэзиясының
күні емес, сіберлеп атқан таңы сияқты ғана. Қазақ поэзиясының жаңа
күні - Абай.
Абайдың Ыбырайды білу-білмеуі туралы алдағы тарауда аздап
айтқан ек, сол мәселеге тағы да аздап оралайық.
Әлі де айтарымыз: Ыбырайдың Абайды білуі туралы біздің қолда
ешбір документ те, мәлімет те жоқ. Өйткенмен біздің ойымызша,
Ыбырайдың 1879 жылы шыққан «Хрестоматиясын» Абай оқыған
сияқты және оқып қана қоймай, кейбір үлгілерін алған сияқты.
Замандарының бірлігінен бе, қоғам өмірін зерттей келе,
әрқайсысы өз бетімен келгендіктен бе, әйтеуір, Ыбырай мен Абайдың
шығармаларындағы аса қабысатын өзекті арнасы - екеуінің де
ағартушы-демократтығы. Екеуі де елін, қазақты сүйеді және оның
қанаушыларын емес, өз еңбегімен күнін көрген көпшілігін сүйеді,
оларды надандық торынан құтқаруға талаптанады. Мұны олар көркем
сөздің қуаты арқылы байқатады. Әрине, олардың өлеңдері идеялық
жағынан біріне-бірі қаншама жақын болса да, көркемдік жағынан мүлде
ұқсаспайды. Ыбырайдың қанаушыны жамандаған, еңбекшіні жақтаған
өлеңдері түр жағынан ажарсыздау, ойы шашыраңдылау боп келеді. Ал
Абай өлеңдерінің мазмұны жинақы, түрі көркем. Прозамен жазылған
шығармаларда Ыбырайдың Батыс Европа, әсіресе орыс, прозаиктерінен
үйренгені мол екендігін байқаймыз. Әрі ықшам, әрі көркем новеллалар
тек педагогикалық мақсатты орындап қана қоймай, көркем шығарма
дәрежесіне көтеріле алғандығын байқамасқа болмайды. Абайдың
прозасы көркем шығарма емес, тек нақыл ғып айтқан насихат қана. Ал
Ыбырайдың «Бай баласы мен жарлы баласы», «Киіз үй мен ағаш үй»,
«Қыпшақ Сейітқұл» тағы бірнеше оригиналдық шығармалары қазақ
тілінде жазылған тұңғыш әңгімелер. Мектеп балаларына арналған
орысша қысқа әңгімелерді де қазақ тіліне бірінші аударған Ыбырай.
Ағартушылық пікірлері, әсіресе, қазақ балаларын орыс біліміне
суару туралы пікірлері, бір арнадан шығатын Ыбырай мен Абайдың сол
балаларды оқытудағы халыққа пайдалы іске шақыратынын жоғарыда
айтқамыз. Бірақ осы оқуға халықты, әсіресе жастарды үгіттеуге
келгенде де, Абайдан Ыбырай тереңірек кетіп, орыстың педагогикалық
школасында оқығандығын, оқуын бітірген соң, әрі педагог, әрі
инспектор болғандығын көрсетеді. Абайдың «оқыңдар» деуі жалпы
ағартушылық сарында ғана айтылса, Ыбырай «оқыңдардың» үстіне, сол
оқуға қызықтырудың әдісін таба білген.
Поэзияның
шеберлік
мәселесінде,
Ыбырайдың
Абаймен
маңайласып
қалатын
саласы
-
табиғатты
суреттеу.
Абайдың
«Жазғытұры» деген өлеңі Ыбырайдың «Жаз» деген өлеңімен стиль
жағынан да, сюжет жағынан да, мазмұн жағынан да, көркемдік жағынан
да өте ұқсас. Ыбырай «Жаз шыққанда» деген өлеңінде:
135
Жаз шығып, қыс өткенде, қыспақ өтіп,
Жауатын рахмат жаңбыр күні жетіп,
Азамат, жан-жануар жадырайды,
Сай-сайдан су ағады гүрілдетіп,-
десе, «Жаз» деген өлеңінде:
Сәуірде көтерілер рахмат туы,
Көрінер көк жүзінде қаз бен қуы.
Көктен жаңбыр, таулардан сулар журіп,
Жайылар жер жузіне қардың суы,
Ұшпақтың бір сәулесі жерге түсіп,
Өсірер жерден шөпті нұрдың буы,-
десе, Абайдын, «Жазғытұры» деген өлеңінде:
Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен,
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен,-
дейді. Екеуінің сөз құрастары басқа болғанмен, сипаттайтын табиғат
бейнесі, ол сипаттаудың көркемдік мөлшері де қатарлас. Ыбырай
табиғатты суреттегеннен кейін, қазақ ауылының көктемдегі бейнесін:
Сәуірдің әрбір күні дертке дәрмен,
Кұдайым дәрмен бол деп етер пәрмен.
Бір малы шаруаның екеу болып,
Қыстаудан ел шығады алуан-алуан.
Күлісіп, құшақтасып әзіл етер,
Әйелдер кеш жөнелтіп кейін қалған...
Адамзат сайран етер көңілі жай,
Секіріп ойын салар құлын мен тай,
Қой маңырап, сиыр мөңіреп шат б
ОЛАДЫ
,
Тасиды күркіресіп өзен мен сай.
Аяғын алшаң басып, түйе шығар,
Каратқан мұнша таңсық жаббар құдай!
Кеш болса күн қонады таудан асып,
Шапаққа қызыл алтын нұрын шашып,
Аһ ұрып, шүкірлікпен құшақтасар
136
Рақатпен кеш уақытында неше асық...
Құдайға шүкір етіп жас пен кәрі,
Бердің деп жанға рақат мұндай дәрі...
Қырда орман, жер жүзінде бәйшешектер -
Шуылдап шүкір етіп мұның бәрі,-
деген бейнемен берсе, Абай да осыған ұқсас:
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып,
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.
Түйе боздап, қой қоздап - қорада шу,
Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұлаңдап ағады су...
Жазға жақсы киінер қыз-келіншек,
Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек.
Қырда торғай сайраса, сайда бұлбұл,
Тастағы үнін қосар байғыз, көкек...
Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер
Мейірбандық дүниеге нұрын төгер,
Анамыздай жер иіп емізгенде,
Бейне әкеңдей үстіңнен аспан төнер,-
деп бейнелейді. Бұл жөнде де Ыбырай мен Абайдың көркем ойлары
дәлме-дәл шығады. Екеуінің қазақ ауылына келген көктемді сипаттауы
да, көктемдегі көркемдік пен рақаттың бәрін тәңірінің мейірімі деп
ұғуы да бірдей. Тек бөлінетін жерлері - Ыбырай «Жаз» деген өлеңінде
мағыналық, көркемдік, мазмұндық жағынан жалғас болса, «Жаз
шыққанда» деген өлеңінде сүйіскен жастардың көңіл-күйін бейнелеп,
сезімдерін сипаттап кетсе, Абай «Жазғытұры» деген өлеңінің аяғын
символикалық теңеумен қыстай көріспеген күн мен жерді біріне-бірін
жігіт пен қыздай ғашық қып, көктемде жолғастырып, құмарларынан
шығарады. Бірақ Ыбырайдың өлеңі қыз бен жігіттің шындық
махаббатын сипаттаумен біткенмен, Абайдың өлеңі күн мен жердің
символикалық махаббатын сипаттаумен біткенмен, екеуінің сарқар
арнасы бір - құмарлық, құмарлық ләззаты.
Ыбырайдың «Өзен» деген өлеңі европалық стильде көркем
жазылған шығарма. Абай бұл тақырыпқа арнайы шығарма жазбай, тек
қана:
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
137
Ұзарып, есіп толғанда,
Күркіреп жатқан езенге,
Көшіп ауыл қонғанда,-
деп жол-жөнекей айтып кетеді. Бірақ қазақ аулының жазғы бейнесін
сипаттағанда Абай сөз құдіретін әбден танытады. Абайдың «Жаз» деген
өлеңі сөз арқылы жасалған тамаша картина. Бұл өлеңді оқығанда, ұлы
суретші салған жазғы ауылдың тамаша сұлу картинасына қарап
отырғандай рақаттанасың.
Қазақтың күзгі, қысқы өмірін сипаттау, аңшылығын сипаттау
Ыбырайда жоқ. Ал Абайда бұл тақырыпқа жазылған өлеңдерінің
суреттілігі «Жаздан» кем емес. Реалист Абай қазақ аулының жазғы
рақатын мақтағанмен, көшпелі салтқа байланысты күзгі, қысқы
тұрмысындағы
жүдеушіліктің
бейнесін
де
көзге
елестерліктей
суреттейді. Жазды сипаттағанда, ол:
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып ыңқылдап...
Арасында құлын-тай,
Айнала шауып бұлтылдап,
Жоғары-төмен үйрек-қаз,
Ұшып тұрса сымпылдап,
Қыз-келіншек үй тігер
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп, сыңқылдап,
Мал ішінен айналып,
Көңілі жақсы жайланып,
Бай да келер ауылға,
Аяңшылы жылпылдап.
Сабадан қымыз құйдырып,
Ортасына қойдырып,
Жасы үлкендер бір бөлек,
Кеңесіп, күліп, сылқылдап...
Шапандарын белсенген,
Асау мініп теңселген,
Жылқышылар кеп тұрса,
Таңергеңнен салпылдап.
Мылтық атқан, құс салған,
Жас бозбала бір бөлек,
Су жағалап қутыңдап
Қайырып салған көк құсы,
138
Көтеріле бергенде,
Қаз сыпырса жарқылдап,-
деп Достарыңызбен бөлісу: |