Жиырмасыншы. «Антпенен тарқайды» деген өлең. 36 жолды бұл
өлең тұтасымен бір-ақ шумақ, себебі:
Антпенен тарқайды, - а
Жиылса кеңеске. - б
Ор қазып байқайды - а
Туа жау емеске.- б
Анттасын алқайды,-а
Сен тентек демеске,-б
деген сияқты өлеңнің өн бойында а, б, үйлесі үнемі аралас келеді де отырады:
1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19, 21, 23, 25, 27, 29, 31, 33, 35 жолдардың аяғы
«тарқайды», «байқайды», «алқайды» деген сияқты бір жүйелі үйлес боп, 2, 4,
6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20, 22, 24, 26, 28, 30, 32, 34, 36 жолдар «кеңеске»,
«емеске», «демеске», «жемеске» деген сияқты бір жүйелі үйлес боп отырады.
Абайдың қазақ поэзиясына қосқан жаңалықтары осылар.
Бірен-саран өлеңдерінде ғана болмаса, осы жаңалықтарын Абай ешбір
өлеңінде бұзбай, өлеңнің бастапқы шумағы неше жолды болса, әр жолында
неше буын болса, жолдары өзара үйлессе, кейінгі шумақтарын да түгел осы
өлшеуден, осы үйлестен бүлжытпайды. Өзгесін былай қойғанда, «Сен мені
не етесің» деген жолдан басталып, бір шумағында 12 жол боп отыратын,
197
құрылысы, үйлесі аса қиын келетін өлеңнің алты шумағын да Абай бастапқы
шумақпен дәл шығарады.
Жоғарыда біз қазақ поэзиясының өлшеуіне кіргізген жаңалығында
Абай орыс поэзиясынан үлгі алды дедік қой. Орыстың өлең өлшеуінен
Абайдың қолданғандары: бір шумағында төрт жолы бар, үйлесі - а, б, а, б боп
келетін.
Я погибал...
Мой злобный гений
Торжествовал
Злодей созрелый.
(С Полежаев)
Мы пьем из чаши бытия
С закрытыми глазами,
Златые омочив края
Своими же слезами, -
(Лермонтов)
деген сияқты, жолдарында төрттен сегізге шейін буыны бар өлеңмен,
шумағында алты жол бар айқыш ұйқасты:
И я б заслушивался волн,
И я глядел бы, счастья поли,
В пустые небеса.
И силен, волен был бы я.
Как вихорь, роющий поля.
Ломающий леса, -
(Пушкин)
деген сияқты өлең. Орыстың өзге өлең өлшеулерін Абай алмайды.
Дүние жүзілік поэзияның, оның ішінде түр жағынан кең өрістеген
европалық поэзияның, өлеңнің өлшеуіне, үйлесіне қосқан жаңалықтарын
түгел ақтарып көрген кісі Абайды солардың ең алдыңғы қатарынан табар еді.
Поэзияға Абайдың түр жағынан қосқан жаңалықтары оны дүние жүзілік
сахнаға шыққан ұлы новаторлардың қасынан таптыртады. Абайдың «Бойы
бұлғаңы», «Сегіз аяғы», «Сен мені не етесіңі» және тағы басқалары түр
жағынан қазақ поэзиясының профессионалды арнамен өркендеуіндегі асқар
асу екені аян.
Өзінің жаңашылдығы жағынан үлкен мәні бар бұл өркендеуде, ең
алдымен «қазақтық» деп ұлттық таңба тағатын себебіміз: ол, біріншіден,
қазақ ақыны Абай тапқан жаңалық болса, екіншіден, осы жаңалықтарында
Абай қазақ поэзиясына тән заңы (өлеңге төрт буыннан артық буыны бар сөз
қоспау, қазақ сөзінің буын құрылысын сақтау) бұзбайды, қатты сақтайды.
Абайға шейінгі қазақ поэзиясы - түгелімен әнге келетін поэзия. Әнмен
айтылмайтын өлең түрі қазақта жоқ.
198
Қазақ поэзиясына қосқан жаңалықтарында Абай қазақтың осы заңын да
қатты қолданады.
Бірақ Абайдың жаңадан жасаған өлең түрлерінің ешқайсысы қазақтың
халық әніне келмейді. Сондықтан Абай өзінің жаңа түрлерінің көбіне өз
жанынан арнаулы ән шығарған. Ондай әндердің саны Абайда он алты.
Біз музыка зерттеуші емеспіз. Сондықтан Абай шығарған бұл әндердің
негізі қайда жатқанын және олар қандай стильде жазылғанын талдау біздің
міндет емес. Әйткенмен Абайдың ән шығаруына байланысты үш мәселеге
тоқтап өтуді қажет деп білеміз.
Бірінші. Абайдың жаңа әндер шығаруы - қазақ поэзиясына өзінің
жаңадан қосқан түрлерін халыққа қайткенде де тез тарату мақсатымен
байланысты. Ол кезде қазақ тілінде газет, журнал жоқ, баспасөз жоқ.
Абайдың өлеңдерін бастыратын орын жоқ. Бір шеті Каспий теңізіне, бір
шеті Алатау, Алтай тауына ұштасып жатқан, кеңдігі алты Германиядай
қазақ даласына шығарманы қолжазбамен таратып жеткізу мүмкін емес.
Таратпау және мүмкін емес, Себебі; Абай өз шығармаларын өз руы
Тобықтыға ғана ақылшы боп жазу мақсатымен емес, бүкіл қазақ
халқына ақылшы болу мақсатымен жазған.
Қолжазба түрінде қоныстас, жақын елдерге таратқанмен, Абайдың
жаңа өлең түрлерін ол түрлерге дағдыланбаған қазақ оқушылары ұға
қоймауы мүмкін.
Не істеу керек?
Қазақтың әнге құмар халық екенін Абай жақсы біледі. Егер ол
поэзияға жақадан қосқан түрлеріне арнап жаңадан ән шығарса, жаңа
түрлі өлеңдерді жұрттың тез ұғуына да жәрдем етеді, әншілер арқылы
шығармалардың алыстағы елдерге тарауына да себеп болады.
Әндерін осы мақсатпен шығарған Абайдың арманы тез іске асады.
Әншілерден-әншілердің аузына көшкен оның жаңа түрлі өлеңдері мен
оларға сәйкес шығарған жаңа әндері, Абайдың көзі тірісінде-ақ
қазақтың кең даласының түкпіріне тарап, халықтың көпшілігі оның
шығармаларымен әншілер арқылы танысады, әншілер Абайдың тірі
газеті болады.
Екінші. Абайдың әндері халық арасына тез тарауына бас себеп: ол
әндердің құлаққа жағымдылығынан, көркемдігінен. Көркем емес әнді
халық еш уақытта қабылдамайды. Олай болса, Абай - ірі ақын ғана
емес, оған қосымша ірі композитор да.
Үшінші,
Көркем
әдебиетке
Абайдың
өзіндік
эстетикалық
көзқарасы барлығы сияқты, музыкаға да эстетикалық көзқарасы бар.
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда көңілдің есері бар, -
199
дейді ол.
Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Дүние ойдан шығады,
Өзімді-өзім ұмытып,
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып, -
дейді тағы. Жақсы ән туралы Абайдың тағы да айтары:
Шырқап, қалқып, сорғалап тамылжиды,
Жүрек тербей, оятар баста миды
Бұл дүниенің ләззаты бәрі сонда,
Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды.
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Оның тәтті оралған мәні оятар,
Кейі зауық, кейі мұн, дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы уатар.
Қосымша түсіндірмені керек қылмайтын пікір.
Қорытып айтарымыз: поэзия және музыка туралы өзіндік
эстетикалық кезқарасы бар Абай-әрі зор ақын, әрі зор композитор.
***
Абайдың өзін де, сөзін де шын мағынасында терең ұғып, сүйіп
оқитындар 1917 жылғы Үлы Октябрь революциясының бержағында ғана
көбейді. Кемеңгер Ленин партиясының мәңгі жасайтын бақыт туының
саясынан мекен алған бақытты қазақ халқы, ұлтын сүйген, ұлтының
қанаушыларын емес, еңбекшілерін сүйген, гуманист, бұқарашыл Абайдың
арманы боп қалған мына тілектерді Совет өкіметі іске асырғанын көрді.
Бірінші. Абайдың жан-тәнімен қарсы болған ұлт теңсіздігі, патша
өкіметінің отаршылдық саясаты күл-талқан боп жойылды, қазақ халқы Совет
Одағындағы тең праволы елдің бірі болды.
Екінші. Абай өлтіре сынап-мінеген қанаушы байлар табы жойылып,
саяси, шаруашылық, мәдениет істерінің бәрін еңбекші халық өз қолына алды.
Абай сүйген еңбектің өркендеуіне айқын жол ашылып, социалистік қоғам
құру ісіне, еңбектің, ең биік сатысына қазақ халқы туысқан өзге ұлттардың,
еңбекшілерімен қатар көтерілді.
200
Үшінші. Абай арман еткен өнер-білімге қааақ халқының қолы еркін
жетіп, Қазақ республикасының ауылдарында, қалаларында мыңдаған
мектептер, ондаған жоғары оқу орындары ашылды. Олардан өкімет, шаруа,
мәдениет істеріне басшылық ететін талай мамандар шықты. Үлт көркемөнері
өркендеді. Қазақстанда ұлт баспасөзі құрылып, қазақ тілінде миллиондаған
даналы ғылым мен білім, көркем әдебиет кітаптары, журналдар, газеттер
шықты. Абай шығармаларының толық жинағы революциядан кейін әлденеше
рет басылды.
Төртіниіі. Абай арман еткен әйел бостандығы жүзеге асты. Қалыңмал
тұсауынан құтылған қазақ әйелдері, жүрегі сүйгендерге еркімен қосылды.
Қазақ әйелдері мемлекет ісіне, шаруашылық, мәдениет жұмысына белсене
араласып, түрлі мамандыққа ие болды.
Бесінші. Өз заманында Абай өзін әдебиет майданында жалғызбын деп
ойласа және расында да солай боп, қазақтың жазба әдебиетінің салаларын
онымен тізелесе отырып есіретін жазушылар болмаса, көп міндетті мойнына
жүктеген Абайдың қазақ әдебиетінде, поэзия жанрынан басқа жанрларды
өркендетуге мұршасы келмесе, жалғыз поэзия - ұлт әдебиетін толық
мағынасындағы профессионалдық әдебиеттің дәрежесіне кетере алмаса, сол
тұйықтан да қазақ әдебиетін шығарған Октябрь революциясы, революішядан
кейін қазақ жазушыларының саны да өсті, шығармаларының сапасы да
артты: проза, драматургия, журналистика, әдеби сын, әдебиет тарихын жасау
- осылардың бәрі де қазақ әдебиетіне революция шығарған жеміс және
халықтың мейірін қандыруға жарайтын дәні толық, дәмі тәтті, піскен жеміс.
Социалистік реализм әдісін басшылыққа алған қазақ совет әдебиеті - реалист
Абайдың шығармаларымен ұштасып жататын соның заңды ілгерілеуі.
Олай болса, қазіргі қазақ халқының бақытына өзі жете алмай, оның
қуаты күшті, нұрлы сөздері ғана жеткен Абай да ортақ.
Абайдың бұл «қуаты күшті, нұрлы сөздері» бізге қандай асыл болса,
келешек замандарға да сондай асыл болады.
Абай өлеңін сәл өзгертіңкіреп, өзіне арнаған орынды:
Ол жазған жоқ өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жазды үлгі жастарға бермек үшін.
Мұндай жастар - социализмнің, оның жоғарғы сатысы - коммунизмнің
жастары. Абай - солармен бірге мәңгі жасайтын ақын.
1944- 1945 жыл,
Алматы.
201
Достарыңызбен бөлісу: |