төрт
162
түрге бөлінеді. Оның ішінде қазактың қонақ күту рәсімдеріне карай:
«кұда табақ», «күйеу табақ», «кыз-келіншектер табагы», «әйелдер
табагы», «омыртка табақ» дегендері де бар.
Қүда табақтың белгісі - бас, жамбас, ортан жілік, белдеме
омыртқа жэне күйрық- бауыр. Қүдагилар табагына жамбас немесе
асықгы жілік пен сүбе салынады. Күйеу табақтың белгісі - төс жэне
сан жіліктің біреуін салады. Қыз-келіншектер табагының белгісі -
жүрек, бүйрек, жагы мен тілі, кабырга сапынады, ап кэрі жілікті
«қартайганша отырып каласындар» деп, жастарга салмайды. Әйелдер
табагынын белгісі - жауырын, үлкен малдың еті болса, жамбастың
ойыгы т.б.
Табақтагы басгы дастархандагы ең үлкен ақсақалга немесе
«жолы үлкен» адамдарга үсынады. Қазак қай кезде болмасын
адамдардың белгілі бір әлеуметтік ортадагы мэртебесін өте жогары
сыйлаган. Мәртебе деп отырганымыз, бүл жерде, сол адамның казаки
нормаларга сэйкес келетін «жолы». Ягни, бас қүда, нагашылы -
жиенділер отырса, жиеннің жолы үлкен. Жастар отырса, жасы кіші
болганымен, кұда бала болса, сол үлкен т.с.с. Қазак халқындагы
осындай карым-қатынас нормалары адамдар арасында ерекше
біртектіленуді талап етеді. Себебі, бұл қатынас жүйелері адамдардың
санасьшда сыйластык, инбатгылық, үлкен-кішіге деген ерекше
көзқарас қалыптастыратын оң және теріс жаңсақ нанымдардың пайда
болуына негіз болады.
Ерекше айта кететін этностық жаңсақ нанымдардың пайда болу
генезисін анықтайтын табақ тарту дэстүрінің бірі - жерік асының
табагы. Бүл салттардан вербалды емес коммуникацияның оптико-
кинетикалық жүйесін көруге болады.
Адамзаттың қай-қайсысы болмасын ананы ерекше қүрметтейді.
Ал, қазақ үшін «Ана» - ерекше түлга. Ананың аяулы алақанын, жылы
жүрегін, ыстық ниетін ешбір адам білдіре алмайды. Келешек үрпақ
бойындагы қасиеттердің барлыгы ананың ақ сүтімен қалыптасады.
Сондықган оган деген күрмет, ілтипат, сүйіспеншілік сиякты жаңсақ
нанымдар осы қасиеттердің мінез бітісі болып калыптасуына түрткі
болады. Сол себептен, әйелдің аягы ауырлаганнан бастап, оган ерекше
көңіл бөлінеді. Екі кабат әйелді кұрметтеудің бір түрі - оган арнап,
мол салып табақ жасап, жерік асын апару. Жерік асының табагына
кексе эйел болса жамбас, жас әйел болса, асықгы жілік, төс, ұлтабар
салынып, үстіне жаңа соғылган болат кездік (пышақ) салып апару
салты болган[ 193,78]. Табақтың осылайша жасапуы болашак ананың
денсаулығы мықты болсын, туылатын бала болатгай шымыр, дені-сау
болып тусын деген жаңсақ (ілкі) нанымдардың адам санасында
163
қалыпалыптасуын реттейді. Ал, табакқа болат кездік салуы - «ұл
тусын немесе кіндігі тез кесіліп, бала қиындықсыз дүниеге келсін»
деген ырыммен пайда болатын жаңсақ нанымдар негізі болмақ.
Сол сияқгы жаңа түскен келінге арналған «беташар» табағы да
бар. Бұл келінге деген құрметті білдіретін жэне келіннің жаңа
элеуметтік ортасына, өзінің элеуметтік рөліне бейімделуіне жеңілдік
беретін рэсімдер.
Келесі бір этностық жаңсақ нанымдардың пайда болу генезисін
анықтайтын қазақ халқына тэн ұлтгық құндылықтардың бірі - эдет-
гұрыптар.
Әдет-ғұрыптар
-
халық дэстұрлерінің
қалыптасқан
ым-
ишаралық, эрекетгік, қимылдық белгілермен көрінетін эмоционалдық-
мотивациялық құбылыстары, ұғымдары. Бұл әдет-ғұрыптар тұрақты
белгілі механизмдері қалыптасқан адамдардың қарым-қатынасындағы
өзара эрекет ету жағдайларын анықтайтын ұлттық өзіндік сананың
жаңсак нанымдарын белгілейтін антропогенездік-психологиялық негіз
деуге болады. Себебі, ым-ишаралық қарым-қатынас белгілрі жалпы
адамзат тарихының психикапық құбылыстарының қалыптасуының
бастапқы көрінісі екендігі бізге мэлім. Адамдар ез көңіл-күйлерін,
ашу-ыза, қайғыру, жеңілу, ұялу, куану, макұлдау, келіспеушіліктерін
осы әдет-дағдылар арқылы білдірген.
Мэселен, үйге кіргенде немесе шыққанда «тізе бүгу» ишарасы
сол отбасына деген сый-құрметті, адал ниетті білдіреді. Осыдан
қалған асығып келген қонақ айтатын «тек тізе бүгіп шығайын деп
едім» деген сөз.
Адал ниетпен ақ көңілмен келгенін бічдіруші қонактар үйге
келмей тұрып, найза, сойыл, шоқпарларын дәдегеге іліп, тек
қамшысын бүктеп ұстаған күйі үйге енеді. Себебі қамшысы жүрген
жерде, жын-шайтан, жаман ниет жүрмейді деген жаңсақ наным
туындайтын болған. «Қонақпен еріп, құт келеді» деген оң жаңсақ
нанымдар бойынша, қонагын қарсы алған отағасы есігін озі ашып,
алдымен үйге қонағын енгізу, ап шығарып салуда үй есігін қонаққа
ашқызу ишарасы да соған байланысты деп көрсетуге болады.
«Халық психологиясында,-дейді ғалым Сейіт Кенжеахметұлы,
көңіл аударарлық түрлі жайттар көп кездеседі. Соның ішінде кей
сезімді, іс-эрекетті сөзбен айтпай-ақ, ыммен, ишарамен, қимылмен,
еппен сездіретін түрлі қызықты эрі сесті ұғымдар бар. Мұны әдет-
ғұрып деп атайды. Осындай эдет-ғұрыптар арқылы адамдар келісу,
ашу-ыза, жеңілу, қайғыру, ұялу тағы басқа сол сияқты
к ө ң іл -к ү й
сезімдерін білдіріп отырады» [172,34].
Қазақ халқының тұрмыстық дэстүрлерінде адам санасында оң
және теріс жаңсақ нанымдарды калыптастыратын ырымдар мен
тыйымдар да өте кеп. Солардың бірі - қыз үзатылып бара жатқанда
«артына мойын бұрмау» - деген ырым бар. Бұл ырым қыздың оң
жагынан жат жұрттыкка кетудегі жолының сэтті болуын, отбасында
сіңімді болып, сыйлы болуын қалауды білдіретін жэне кыз баланың өз
ата-анасынан қол үзіп, жеке отбасы мүшесі болгандыгын анықтайтын
жаңсақ нанымдарды қалыптастырады. Ал, сол сиякты «отқа май
құйгызу», «бетін ашу», «шашу шашу», «ақ мата жаю», «бата алу»
деген ырымдар мен рәсімдер барысында жас жұбайлардың ара-
қатынасының
тазапығын,
тұрақтылығын,
бір-біріне
деген
сыйластықтың нышанын, келін мен күйеудің қайын жұртына деген оң
катынасының қалыптасуын бағытгайтын жаңсақ нанымдар пайда
болады.
Бұл дәстүрлер жайлы Ш.Уалиханов та өз еңбектерінде
көрсеткен: «Қазактарда от үйдің киесі, шамшырагы, сондықтан да
жаңадан түскен жас келіншек үлкен үйдің отына тағзым етуге тиіс.
Бүл салт монғодцарда неке қию үрдісінде жасалады. ... Қалындык
босаганы аттай салысымен тізе бүгіп, сәлем етеді, содан соң
калындыкты ошак жанындагы тулаққа отырғызады, келіннің мінезі
илеген тулактай, жұмсак.биязы болсын деп, ... содан кейін ошақтағы
отқа май тамызады, сол кезде жас келін отка еңкейіп: от ана,май ана
шапағатынды тигізе көр... . Осы кезде әйелдер отқа қолдарын
қыздырып, қалыңдықтың бетін сипайды» [132,179], - деп саптындағы
ырымдардан туындайтын нанымдар жайлы айткан. Сол сиякты Шокан
адамның
нанымдарын
тудыратын
қазақтың
көптеген
салт-
дәстүрлеріне, ырым-тыйымдарына сипаттама берген. Бірақ галымның
пікірі сол кездегі догмапық нанымдардың теріс эсерін көрсетуді
сипатгайды. Ал, біздің зерттеуімізде осы этнографиялық дэйектердің
негізінде жақсақ нанымдардың ілкі танымдардан пайда болып, толық
танымдық
үдерістерге,
өзгерістерге
ұшырауы.
Яғни,
жаңсақ
нанымдардын
алғашұы
әлеуметтену
кезеңдерінде
тлолық
қалыптаспайтындығы сөз болады.
Ырымдар м ен тыйымдар адамның тұлғалык бағытгылығының
қалыптасуын реттеуші механизмдер деп айтуға болады, Себебі
ырымдар да, тыйымдар да белгілі тұрмыстық-тіршіліктік жэне жүріс-
тұрыстық ережелер негізінде жүзеге асады. Бұл кейбір гылыми
психологиялык тұжырымдармен де сэйкес келеді. Мысапы, сэби
шалкасынан, алаңсыз ұйықтаса - елге белгілі азамат болып, өседі, бүк
түсіп ұйыктаса, уайымшыл, жігерсіз болып шығады, етпетінен жатып
ұйықтаса - ойшыл болады, ал егер аяқ-қолын еркін созып ұйықтаса -
165
болашақ батыр, кемеңгерліктің белгісі деген ырымнан туындаган
халқымызда жаңсак наным бар [194,18].
Осы сияқгы казак халкының адам өміріне байланысты эр түрлі
ырымдары көп. «Жас балага бұғана ұстатпа, бойы еспей қалады. Сәби
анасын ұстап отырып төсін емсе, сараң болады, еркін емсе жомарт
болады немесе балага асыктын етін мүжітпейді. «Алты жыл аш
болсаң да асық етін мүжіме» деген бар.
Қазақгың кең далада, табиғат аясында өсіп-өнуінің өзі көптеген
өзіндік-психологиялық эдет-гұрыптарды қалыптастырды. Мэселен,
бала алғаш рет жолға немесе аңға шықса, «тоқымкағар» жасаған. Бұл
жолаушының жолы болсын, дегеніне жетсін, тоқымы олжапы, майлы
болсын деген жаңсақ нанымдарды калыптастырады. Ал, кішкентай
баланың «жол қарауы» жолаушылардың немесе үйге қонақтың
келетіндігін болжайтын жаңсақ нанымдар қалыптастырады.
Келесі бір түрмыс-салтгык эдет-ғұрып - «әмеңгерлік», «сүйек
жаңғырту». Бұлардың қай-қайсысы болса да адам санасында
туысқандықтың,
бауырмалдықтың,
қамқамқорлықтың
нышанын
тудыратын жаңсак нанымдар қалыптастырады. Міне, қазақ халқының
ұлттық мэдени құндылықтарының ішіндегі өте кең тараған, ұлттық
тұлғаның әлеуметтенуіндегі этногенездік мэні мен маңызы зор салт-
дәстүрлері мен эдет-гүрыгттары сан килы.
Осы айтьшған ұлттық-мэдени құндылықтардан басқа да
халқымыздың тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын жэне ұлтгық сана-
сезімді қалыптастыратын кұндылықтар бар.
Олар: қазақгың төрт түлік малы, той - домалақгары, ұлттық ойын -
сауықгары, ою - өрнектері, қол енер мен зергерлік кэсіптері т.б.
Қазақ халқында мал шаруашьшығы - ең негізгі кәсібі.
Халкымыздың бүкіл жан дүниесі малмен байланысқан. Қазақтың
«Малым- жанымның садағасы, жаным-арымның садағасы» деген
канатты сөзінің өзінен-ақ халкымыз үшін малдын каншалықты
маңызды екендігін білуге болады.
Төрттүлік деп түйе, жылқы, қой, сиырды атайды. Мұндагы түйе
-
байлықтың,
сабырлыктың,
маңғаздықтың,
шыдамдьшықтын,
сұлулықтың символы деген жаңсак нанымдарды атап көрсеткен
зерттеуіміздің нэтижелеріне «Ауырды нар көтереді, өлімді ер
көтереді», «Қабырғалы қара нар кабырғасын сөксең, бақ етпес» -
деген мақалдар дәлел бола алады.
Жьшқы- тазалыктың, батырлықтың, тұрақтылыктың белгісін
анықтайтын жаңсақ нанымдар қалыптастырады. «Жьшқы - ердін
қанаты» -деп түсіндіреміз.
166
Ал, кой - жуастықтын, жалкаулықтың нышанын білдіреді. Мұны
«Қой аузынан шөп алмайды» деген сипаттау анықтайды.
Сиыр - молшылыктың, тоқшылықтың, жершіл, кей жағдайда
шадыр-шапшаң мінезділікті аңгартады - деп көрсеткен. Оны казақгың
«сиыр бүйректеніп», «сиыр бақгым -сидаң қақгым» деген сөз
тіркестерінен аңгаруга болады. Сонымен қатар, бұл төрт түліктің
сақгаушы иесі бар деген де жаңсақ нанымдар бар. Сол себепті
сақгаушыларын: ойсыл қара, қамбар ата, жылқышы ата, шопан ата, шек-
шек ата, зеңгі баба деп атаган. Бұл аталган төрт түліктің өзін жастарына
қарай, еркек, ұргашысына қарай жеке-жеке топтаган [195,3].
Бұл аталган салт дэстүрлер қазақ баласының жүрегінде казақи
жай-күйді, ұлттык-тұлғалық өзіндік сананы қалптастырады. Оның
тұпкі тамыры сол өзіндік сананың негізі этникалық жаңсақ
нанымдарды дұрыс анықтату мақсатында болуы керек. Ұлттық өзіндік
сананың көрсеткіштері ретінде ұлттық сезімнің, ұлттық талғамның,
ұлттык намыстың тұлға бойындағы даму деңгейлерін алуға болады.
Ұлтгык сезім дегеніміз- адамдардың туған жерге, оскен елге,
ана тіліне, ұлттық салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін білдіру деседі
бір ғалымдар[193,8]. Екіншілері, «ұлттық сезім ұлттық қауымдастыру
факторларының бірі ретінде ұлттың қалыптасуынан бұрын пайда
болады»,- дейді ғалым Н.Елікбаев [147,14].
Әрине, сезім психофизиологиялық негізде пайда болатын
адамзаттың өзіндік қалпы, бірақ ол белгілі сыртқы факторлардан
туындап, тек негізгі психологиялық механизм бола алады. Сол
себептен бұл пікірге келісу қиындау. Мысалы, қазақтың «Елім-ай»
әнін ести отырып, сол кездегі ел басына түскен ауыртпалықтарды,
шапқыншылықты елестете отырып, елге деген, ұлт азаматтарына
деген, жерге деген құрмет - қасиеттерді сезінуге болады. Сол арқылы
қазақ еліне деген ұстамдыпық, табандылык, шыдамдылық, ерлік
қасиеттерді қалыптастыратын жаңсақ (ілкі) нанымдар пайда болады.
Ал, Ақан серінің «Құлагер» әнін ести отырып, қазаққа тэн
малжандылықты қалыптастыратын жаңсақ нанымдарды аңғарамыз.
¥лтгы қ талғам - тұрмыстық тұтыну жиһаздарын және оларды
пайдалану мен әсемдеуден, өнерден, киім киюден т.б. анық
байқалатын өзіндік ерекшелік рең. Бұның қалыптасуына негізгі сипат
беретін фактор-георафиялық орта. ¥лтгық талғам тарихи өзгерістерге,
әлеуметтік-экономикалык жағдайларға байланысты өзгеріп жетіліп
отырады. Бұп туралы қыргыз ғалым-жазушысы Шыңгыс Айтматов
былай деген: «Қырғыз әдебиетінде тезек түтінінің, қымыздың жэне
тері
тонның
иісіне,-
«ұлттық
ерекшеліктің»
осы
«міндеті»
қасиеттеріне жаттану... біздің мандайымызға жазылып қоймаған.
167
Бүгінгі таңда бізге бензиннін, машиналардың, тракторлардың иісі
анағүрлым жақын, түрмыстан шыгып, жогалып жаткан нәрселерге
қарағанда, механизмнің жэне қазіргі өмір қарқынымен байланысты
нэрселерге жақынырақ». Ғалымның бүл сөздерінен адам талғамына
қоғамдық факторлардың әсерінің күшті екенін байкаймыз.
Ұлтгық намыс - үлттың тілін, дінін, салт-дэстүрлерің
сақтаудагы үлттық пайымдауларды жоғалтпауға негізделген сезім,
Бүл үлт өкілінің өзіндік жекебастық қүндылық жүйелерін сақтауға
мүмкіндік береді. Кей жағдайда үлттық намыс халықтық реңге де ие
болуы мүмкін. Мүндайда үлт мүдцесін жақгауда үлт өкілі болмауы да
ықтимап. Мысалы: спорт сайыстарынаа қатынасқан басқа үлт өкілі
казақ халқының намысын қорғап, үлт мүдесін қанагаттандырады.
Ұлттық мінез-қүлык - өмір сүрудің нақты жағдайы барысында
жэне адамдардың үйреншікті мінез-қүлқын, өмір сүру типін, олардың
еңбекке,
басқа
халықтарға,
ез
мэдениетіне
қарым-қатынаын
белгілейтін тарихи қалыптасқан мінезінің этносқа тэн психологиялық
қасиеттерін анықтайтын жиынтықтары. Ұлттық мінез-қүлық сол
үлтқа тэн қызуқандылық, жай-күй, рухани сапамен ерекшеленіп, көзге
түседі.
Мысалы,
қазақтарга тэн
бауырмалдық,
ақжаркындық,
қонақжайлық мінез болса, өзбектерге тэн майда, сыпайы мінезділік,
тілі тэтті, салтқа беріктік; орыс халқына тэн қарапайымдылық пен
кеңпейілділік; американдықтарға тэн салқынқандылық, қүнттылық;
немістерге
тэн
үқыптылық;
француздарға
тэн
жинақылық;
испандықтарға тэн қызуқандылык еркшеліктер байқалады [146,9]. Бүл
жөнінде И.С. Кон өзінің «¥лттық мінез ерекшеліктері проблемасы»
атты еңбегінде: «¥лттық мінездерді аныктауда эр үлтқа тэн этностық
мінез-қүлықты шартты түрде алып қарау керек» - деген [196,123].
Бүл
аныүтауларга
сүйене
отырып біз
қазақ халқының
топырағымен біткен өзіне тэн бінез бітістері бар екндігін, үлттық ана-
сезімінің қалыпасу генезисі тереңде екендігін аңғарамыз.
3.2 Қ азақ ертегілері мен мақал-мэтелдері - түлганын
этносты к ж аңсак (Іік і) наны м дары ны ң калы птасу генезисін
аны қтайты н үлтты к қүнды лы ктар
¥лттық түлғаның өмірге келгеннен кейінгі кездесетін алғашқы
мәдени қүндылыктары ертегілер мен бесік жырлары. Бүл оның сол
ортада элеуметтенуінің алғашқы сатысы. Балалардың бесік жыры мен
ертегілерді естіп-өсуі аркылы адамгершілік, рухани, мотивациялық-
эмоционалдық
жүйелері
қалыптасып,
соған
орай
түлғалық
168
бағытгылығы
аныктала
бастайды.
Тұлға
бағыттылығының
көрсеткіштері: оның езіндік санасының даму деңгейі, мінез-кұлык
таптаурындары,
бағыт-бағдары,
жаңсак нанымдары, танымдық
ерекшеліктері.
Біздің жагдайымызда, қазақ ертегілері - бала жүрегінде ұлттык
сезімнің, талғамның, намыстың қалыптасуындағы этностық жаңсак
нанымдардың генезисін белгілейтін негізгі ұлттық құндылықтар.
Айнапаны коршаған объектілер белгілі кұбылыста болады. Біз
бұл
құбылыстармен
тығыз
байланыста боламыз.
Олар адам
психикасын дамытып, жетілдіріп отырады да, әлеуметтік қарым-
қатынаста жанданып, дамып, калыптасып және өзгеріп отырады. Осы
жағдайда бұл құбылыстар балалардың кабылдау, түйсіну, ойлау,
сөйлеу, сезім, эмоция, ерік, мінез, қабілеттерінің қалыптасу барысын
көрсетеді.
Балалар
ертегілерді
олардың
топтасуы
мен
кызығушылықтарына байланысты жеке-жеке кабылдайды. Олардың
эртүрлі жагдайға байланысты құрылғанын жеке қасиеттері бойынша
түйсінеміз. Түйсінген материалды санамызда бейнелеу арқылы
ойланамыз. Ойлаудың мағыналық жэне логикалық түрі терең дамиды.
Осы қасиеттерді колдану аркылы тіл байлығымыз дамиды. Оны
сыртқа сөйлеу арқылы шығарамыз [197].
Ертегілердің
кандай
түрлері
болса
да,
танымдық
процестеріміздің дамуына үлкен үлес косады. Сонымен бірге
этностық және эстетикалык тэрбиелеуде де маңызы зор.
Ертегілер
туралы
А.С.
Пушкиннің
«Алтын
әтеш»
шыгармасындағы «Ертегі алдамшы, бірак негізінде мейірімді сабақтар
бар»,- деген сөзін ескерсек, ертегі еріккеннің ермегі емес, ондағы ой
мәнінде талай мағына жатқанын байқаймыз. Олардың, әрине,
халықтың шығармаларының ең мәнділерінің бірі екендігіне көзіміз
жетеді.
Ертегілердің барлық түрлеріндегі жағдайлар адамдарга эмоция,
сезім, ерік тудырады. Өйткені әр ертегіге байланысты тындаушының
куануы, ренжуі байқалады.
Сезім - элеуметтік жэне табиги өмірдің сан алуан жақтарына
эмоциялық қатынас.
Оның күнделікті әмірде адамның басқа адамдармен де карым-
қатынасына тигізетін эсері үлкен, ол барлық қарым-қатынасты
жүйелейді.
Ерік - адамның өз мінез-құлкын меңгере алу қабілеті. Ертегілер
еріктің қасиеттерімен, салаларымен байланысты беріледі. Мэселен,
ертегідегі батырлардың тоқтамга келгіштігі, табандылық, ұстамдылық
169
сияқты ерлік қасиеттері көрінеді. Осыған байланысты жас ұрпақгы
батырлар сияқты ерікті, жігерлі болуыға икемдейді [5,223].
Бұл психикалық қасиеттер ертегілердін негізгі мазмұнын
кұрайды. Окушы қауымға көбірек танысы - қазак даналық кенші
болған. Мәселен, Аяз биді апсақ, ол аспай-саспай, баппен, байыппен
жай ғана, бірак өте салмақты, тұжырымды, тындаушыларын ұйытып
әкететіндей етіп сөйлейді. Оның даналығы, көркемдігі, сыйластық
сиякты т.б. болып жатқан парасат, адамгершілік қасиеттері талай
айтылып жүр. Осындай тамаша қасиеттерге жас ұрпақтар бейімделеді.
Сонымен бірге интеллектуалды даму қабілеттері жоғарылай түседі.
Ал, ертегіні тыңдаудағы қалыптасатын психикалық процестер
барлық құбылыстарды байланыстыра отырып, адам санасында тұлга
қасиеттерін дамытатын жаңсақ нанымдарды ұйымдастырады. Барлық
ертегілердегі
кейіпкерлердің
акылдылыгы,
тапқырлығы,
сабырлылығы, батырлығы, адамгершілік қабілеттер жаңсақ нанымдар
негізінде көрінеді дей аламыз. Осыған байланысты жас ұрпақ
«жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге» бағытталган жансақ
нанымдарды қалыптастыруға талпынады.
Жас ұрпақтың дамуында барлық ертегілердің тагізетін эсері өте
жоғары дәрежеде екенін ертегі мазмұнындағы теріс, оң сапапарды өз
саналарынана өткізіп,
эр түрлі
жансақ
нанымдарды
бойына
сіңірулерінен көреміз. Сол себептен баланың алгашқы еміріндегі
қогамдык әлеуметтенуі немесе ұлттық сапапарды меңгеруі олардың
болмысына жақын ертегіден басталады дей отырып, оны ең тиімді
эсер етуші тәрбие құралы дейміз.
Оларда
халықтың
тыныс-тіршілігі,
эдетнгұрыптары
мен
дэстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-
қатынасы мен мінез-құлықтары, халқының ең жақсы қасиеттері -
еңбек сүйгіштігі, өз халқына, отанға, туып- өскен габиғатқа жэне т.б.
деген сүйіспеншілігі бейнеленген. Қай халықтың да ертегілері
бапалардың жас ерекшеліктеріне, олардың максат-мүддесі мен талап-
тілектеріне сай құрылып, өзінің тартымдылығымен, бейнелілігіменен
жэне сезімге ықпал етуімен ерекшеленіп отыратыны аян.
Орыс педагогі
К.Д.
Ушинскийдің:
«ертегілер
орыстың
халықгық педагогикасының апғашқы және тамаша талпыныстары,
сондықтан
әлдекім
бұл
жағдайда
халыктық
педагогикалық
данышпандылығымен бэсекеге түсе апады деп ойлаймын», - деуінде
терең мэн жатыр [198].
Басқа халықтар сияқты, қазақтың халықтық педагогикасында да
ертегі жас ұрпакка тэрбие беруде орасан зор рөл атқарады.
Қазак
халкының
ертегілері
тереңдігі,
шыншылдыгы,
тапқырлыгы, тапқыр әжуа-мысқылы және элеуметтік мәні жагынан
апганда көрнекті көркем құбылыс болып табылады. Қазақтардың
алгыр ойлылыгын, тапқырлыгын эпостық дастан мен ертегілерді
жатқа айтып шыгу жэне оларды ұзак мерзім есте ұстау кабілетін
езіндік ерекшелігі ретінде кезінде көптеген зерттеуші-гаііымдардың
атап көрсеткені белгілі. Осы касиетгер ұрпақтан-ұрпакка, атадан
балага беріліп отырды.
Халық шыгармашылыгында, эсіресе эпостық дастан мен
ертегілерде жекелеген құбылыстар фантастикалық бейнелермен
эсірелеп көрсетілгенімен, олардың мазмұны шындыгында болмыстан
алынган көріністер болып табылады.
Ертегілердің жанрлары сан қилы: қиял-гажайып, хайуанатгар
жэне шыншыл ертегілер (салт ертегі, күлдіргі ертегі, аңыз ертегі)
болып бөлінеді.
Соның ішінде көпшілік ертегілер балаларды адамгершілікке,
асыл қасиетгерді меңгеруге, еңбектену аркылы өнердің бір түрін
меңгеруге, өнер иесі болуга уагыздайды. Мэселен, «Жеті өнерпаз»
ертегісінде жеті агайынды жігіг өздерінің өнерімен: үлкені аспанга
ұша білуді - ержүрекгілікке, екіншісі - мерген, үшіншісі - суға
сүнгігіш икемділкке, төртіншісі - асқан ұста -шеберлікке, бесіншісі -
жер астынан жол сапғыш-тапқырлыққа, алтыншысы - жол болжағыш
еңбекқорлыққа, жетіншісі - аспазшы - талгампаздылыққа баулитын
толык аңгарылмаған, ой елегінен өтпеген (ілкі) жаңсақ нанымдар
негізінде, ханның «ай десе аузы, күн десе көзі» бар сұлу қызы
Қаншайымды көктен келген алып қара құстан аман-есен құтқаруы
адамдардың
гумандылық
қасиетгерін
көрсетсе,
«Ер
Төстік»
ертегісінде Төстік жер асты өнерпаздарының таптырмас өнерінің
көмегімен кездескен қиыншылыктарының бэрін жеңіп шыгады. Бұдан
қазақ халқының өнердің қай түрін болса да жоғары багалағанын,
оларды қадірлеп, күнделікті тұрмыс карекетінде қолдана білуге
балаларды жастайынан үйреткенін байқауға болады. «Өнер мұратқа
жеткізеді», «Өнерлі адам өлмейді», «Өнерлінің өмірі ұзак» деп ақыл-
кеңес бергені де белгілі.
Ертегіде суретгелген кейіпкерлердің көркемдік-поэтикалық
бейнелері, парасатты істері таза рухани жан-дүниесі, арман-тілегі,
сондай-ак адамдардың рухани сұлулық пен нэзіктікке берген жогары
бағалары баланың адамгершілік қасиеттерін жетілдірудің жэне
әдемілікке деген қызығушылығын артгырудың құралы болады.
Ертегіде адамдардың, эсіресе қыздардың сыртқы сүлулыгы - көркі,
түр-сипаты, жүріс-тұрысы ерекше эсерлі суреттеледі. Халық сыртқы
171
сұлулыктың адамның ішкі рухани байлығымен, онын ақыл-ойымен,
моральдық қасиеттерімен - ерлігі, батырлық, батылдық, ержүректігі,
патриоттық, гуманистік терен сезіммен - үйлесімді болуын талап
етеді. Бүл қасиеттердің көріну шегі адамның өзіндік санасының
қалыптасуы десек, оның негізгі төркіні жаңсақ нанымдардың адам
санасында пайда болып, дамуынан басталады. Оны «Күн астындағы
Күнікей қыз», «Патша мен бүркіт», «Жігіт пен өнерлі қыз», «Ермек»
ертегілерінен айқын аңғарамыз. Мэселен, «Ермек» ертегісінде қыздың
сүлулығы «ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, қасы қиылған, аузы
оймақтай, ерні жүп-жүқа, беті қып-қызыл, белі қүмырсқаның
беліндей, нэп-нэзік, саусағы тезге салгандай сүп-сүйрік, орта бойлы»
деп суреттеумен шектелмейді, оның ақылдылығы, тапқырлыгы,
өнерлілігі де баяндалады [199].
Кептеген
ертегілер
балаларды
өзінің
көркемдігімен,
әсемділігімен, тартымдьшығымен баурап қана қоймай, олардың
қиялын үштап, қиындықты жеңуге, қиналган кезде ақылмен шешімді
эрекетке баруға, зерек, тапқыр болуға икемдейді. Айналадағы
әдемілікті түсіне, қызықтай, қабьшдай білуге үйретеді. Мэселен,
«Қара батыр» деген ертегіде түрікпен елі жортуьшшьшарының колына
түскен Қара батыр деген баланың төзімділігі, ақылдылығы, кішкене
кезден үлкендерден естіп, көңіліне тоқыганын өмірде орынды
пайдалана білуі_суреттеледі. Қүстарға мүңын шағып, көмек сүрауда
(қарга, сауысқан, тырна, аққу, қарлыгаш, т.б.) олардың өзіндік
ерекшелігін қылыктарын тауып айтуы, қарлығаш бейнесінен өзіне
сенімді дос көре білуі сүйсіндіреді. Қарлығаштың кайырымдылыгы
мен табиғаттың мына бір әсерлі көріністері: «Қарлығаш үшты
аспанмен, баланың айтқан жоспарымен, аскар-асқар таулармен,
айдын-шалқар
көлдермен,
батпақ-лай
шөлдермен,
түрлі-түрлі
жерлермен, қос қанатын қамшылап, аспаннан қатер көрінсе, таса
жерді жамшылап, үстінен тері тамшылап, неше мерзім жерді өггі,
неше мерзім елді етті, нақ отыз күн болғанда, бір ауылға сол жетгі»
деп,
баланың
ертегіні
эмоционалдық
сезіммен
қабылдауына
көркемдік-эстетикалык талғамының дамуына игі әсерін тигізді
[200,106].
Бүл сипаттаулардың барлығы адамның қабылдау, түйсіну
ерекшеліктерінің
заңдьшықтарына
байланысты
пайда
болатын
нанымдарды керсетеді.
Сондай-ақ, әкесінің «Ау, шырағым-қүлыным, маңдайымда
түңгышым,
көлге біткен
қүрағым, жалғыз үлым
шырағым»,
шешесінің: «Жалгыз біткен талшыбық келбетің келген қарағым, бір
дерегін білуге, дүниені кезіп қарадым, аш бурадай жарадым, он екі
мүшем сөгілді, аш күзендей бүгілді, таулардың пасат тасындай, берік-
ақ еді сүйегім, өрт жангандай егілді. Қайда кеттің, сункарым, үміт
еткен тұлпарым, бір көрсетіп алмадым, сол гана болды-ау іңкэрім», -
деген жоқтау елеңдеріндегі метафоралар Қара батырдың әдемі
келбеті, мінез-құлкы, жаксы қасиетгері небір тамаша теңеулермен
еске түсіріліп, оның бойындагы қасиеттері негізінде орны толмас
өкініш байқататын гештальт бейнелеулерді елестетеді. Ягни, эке-
шеше
мен
баланың,
арасындағы
мәдени
қарым-қатынасты,
сыйластықты,
сүйіспеншілікті,
ізгілікті
көрсететін
жаңсақ
нанымдарды қалыптастырып, өзінің тартымды — мазмұндылығымен
тындаушыларын жоғары адамгершілік белестеріне жетелейді.
Халықтық рухани үйлесімділіктегі сұлулықты дұрыс түсінуінің
психологиялық маңызы да, міне, осында болса керек. Яғни ертегі
сұлулықты адамгершілік ұгымымен дұрыс қабылдауға, айналадағы
ортаны эстетикалық жэне морапьдық тұрғыда бағалай білуге
тәрбиелеумен бірге, «Адамның сұлулығы - ісінде» деп ескертуді де
ұмытпайды. Ертегілерде суреттелген туған жер байлығы, табигат
сұлулығы мен ғажайып көріністері, адамдардың үлгі істері, ақыл
парасаты ертедегі батырлардың өз халқының бақыты үшін күресі,
киген киімі, мінез-құлкы, жүріс-тұрысы, пайдаланған қару-жарағы,
мінген аты, музыкалық аспаптардың әуендері балаларға жақсы жэне
жаманды айыра білуге, сұлулықты сезініп түсінуіне, өмірді ерте
танып білудегі жаңсақ нанымдарды калыптастыруға түрткі болады.
Адамдардың эн айту, музыкалык аспаптарда ойнау шеберлігі
мен өнердің басқа түрлерімен айналысуы да бапаның рухани сезіміне,
талғамына эсерін тигізеді. Мэселен, «Есер мен есті Ермек» жэне т.б
ертегілердегі қыздың сырнайда ойнауы, қыздардың жіп иіріп, кесте
тігуі қыз балалардың бойындағы инабаттылық, парасаттылық,
еңбекқорлық,
әсемдік-әдемілік,
нэзіктік
сапаларды
анықтауға
мүмкіндік беретін жаңсак нанымдарды қалыптастырады.
Әрине, ертегіні мэнерлеп, накышына келтіріп айту ертекшінің
шеберлігіне, жеке басының ерекшелігіне, тіл өнері мен сөз өнеріне,
тыңдаушысының сезіміне эмоционалдық эсер етуіне байланысты.
Ертекші өнер адамы болса, ертегіде табиғаттың эсем көрінісі,
музыкалық аспаптар, эн-күй, халықгың сэндік қолданбапы өнері
туралы баска басымырақ сөз қозғапады. Осының бэрі ертекшінің жеке
басының бала тәрбиесіне қосатын үлесінің зор екендігін көрсетеді
[201,145].
Ертекшінің бір ерекшелігі - ертегінің мазмұнын домбыра,
қобыз, сыбызгы, ән-күйлерімен сүйемелдеп отыруы. Бұл балалардың
естігендерін эмоционалдық тұрғыдан кабылдауына әсер етеді,
173
сезіміне, түйсігіне ықпал жасайды, қиялына қанат бітіріп, эр түрлі
елестер туғызады, музыкалық есту қабілетін дамытады, сейтіп
бейнеленген образдар оның жүрегі мен зердесінде мэңгі сақталып
қалады.
Ертегілерде күлдіргі өлеңдер, өтірік өлеңдер көптеп кездеседі
(«Қаңбақ шал», «Қу Тазша», «Тазшаның өтірік өлендері»), Күлдіргі
эңгіменің бір ерекше қасиеті - өзі жан иесінің бэріне мэлім, бэріне
үғымды көріністерді, жанды-жансыз табиғат көріністерін алады.
Солардың болмысы, көнбес қигаш суретін таңдаушының көз алдында
ез басының ісімен, қатыиасымен байланыстыра айтқанда, еріксіз
өрескел күлкі, эмоциялық сезім туғызып, олардың саналарында теріс
жаңсақ нанымдарды да тудырады. Ұғымдылығы мен күлкілігі тек
қазақ тіршілігіне ғана емес, эр қазақ, эр адам баласына түгел жетерлік
мөлдір айқындыгында. Әдетге күлдіргі эңгімелерді өтірік өлеңдер
жандандыра түседі. Өтірік өлеңдерде қиялга, арманға мейлінше
еркіндік берілген. Алайда ол күнделікті тіршіліктен, күн көру
кәсібінен
туындап
жатады.
Өтірік
өлеңдер
адам
бойында
тапқырлықты, креативті ой жүйесін, қазак баласының бойындағы
ерекше тапқырлықты, терең ойлылықты, сөз үштару ерекшелігін
қалыптастыруға
бағытталган
түлғаның
өмір
бағытгылығын
белгілейтін жаңсақ нанымдарды туғызуға негіз болады.
Алдар Көсе, Жиренше шешен, Қорқыт, Асан Қайғы туралы аңыз
ертегілердің мазмүны да балапарға үлгі-өнеге болған, болашақ
тіршілік, әділетгілік жайлы ой салған.
«Ертегінің эрбір сөзі мэңгілік фресконың өте нэзік нақышы
секілді, эрбір сөзде, эрбір бейнеде халық рухы шығармашылық
күшінің этногенездік белгісі бар. Ертегі-халык мәдениетінің рухани
байлығы, оны тану арқылы бапаға туған халқын жүрегімен танып
білуді
үйретеді.
Ертегі
ақыл-ойды,
адамгершлік
қасиеттерді,
эстетикалық талғамды нэзік сезімді тэрбиелеудің кажетті қүралы
болды. Ол балалардың қиялына қанат бітіріп, ойлау қабілетін, тілін
дамытуга, шешендікке, тапқырлықка, олардың бойында элеуметтік,
моральдық-эстетикапык, имандылық, үлтжандылық жэне музыкалык-
эстетикалық түсініктерді қапыптастыруга септігін тигізеді жэне күні
бүгін де септігін тигізіп отыр» [202,54]. Бүл сапалардың барлығы
адамның өзіндік санасы мен өмір бағытгылығын керсететін жансақ
нанымдар негізінде пайда болады.
Молдаван
жазушысы
П.Боцу
«Ертегілер
ешуақытта
картаймайтын жанр, ол жанрдан біз балалық дәуірімізді көрсек,
екіншіден, ертегі біздің жанымызды жасартады, пәле-жаладан
тазартады, сөйтіп рухани- лылығымызды танытады» - деген еді. Сол
174
сиякты М.Горькийдің: «ауыз әдебиетінде жан-жақты жетілген міисіз
образдар жасалады», - деген қағидасы да айқын болса керек. Сол жан-
жакты бейнелерден не көркем сұлу, не батыр, адамгершілік, акылды,
көреген, жігерлі адам тәрбиелейтін жаңсақ нанымдар да пайда
болады. Ертегінің адам санасына тікелей танымдык әсер етуін және
оның ұлт өкілі ретіндегі өзіндік санасының қалыптасуына негізгі
механизм бола алатыидығын біздің зерттеулеріміз де нақтылы
кәрсетті.
Қазақ
халкының
өзіндік-психологиялық
ерекшеліктерін
қалыптастыратын, оның негізін кұрайтын этномэдени кұндылықтар
өте көп. Оларды жоғарыда тапданган салт-дәстүрлермен қатар жүріп
отыратын,
халықтың
ойлау,
сөйлеу
жүйелерінің
ерекшелігін
байқататын кейбір әдет-гұрыптардан да көрсетуге болады. Себебі,
солардың ішіндегі мақал-мэтелдерді алатын болсак, олар да ертегілер
сияқты адамның дүниетанымын калыптастыруға, тіл байлығы мен
ойлау жүйесін дамытуға мүмкіндік береді.
Қазақ хапқының осы қасиеттерін дәлелдеуге мүмкіндік беретін
ерекше мэдени қүндылық - маңал-мятелдер. Оның адам санасының,
сана-сезімінің дамуындағы қайталанбас маңыздылыгын, мэнділігін
кезінде Ахмет Байтүрсынов айтқан екен: «... Макал да тақпаққа жақын
салт-санасына сэйкес айтылатын пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал
маңызды, шын келеді. Мэтел дегеніміз кезіне келгенде кесегімен
айтылатын белгілі-белгілі сөздер. Мэтел мақалға жақын болады.Бірак
мақал тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылады. Мэтел ақиқат
жағын қарамай, эдетті сөз есебінде айтылады» [203,1].
Мақал-мэтелдердің терең мағыналылығы - қазақ хапқының ой
тереқдігін анық көрсететін фактор. Әр адамның бойындағы езіндік-
психологиялық ерекшеліктерін қарым-қатынас процесінде анықтауға
болады десек, астарлы сөйлеу, жабық сөйлеу казақтың өзіне тэн тіл
мәдениетін, қарым-қатынас мәдениетін белгілейтін көрсеткіш.
Қазақ халқының өзара қатынасындагы қарым-қатынас эртүрлі
өзіндік ерекшеліктерімен көзге түседі. Бұл ерекшеліктер атадан балаға
мирас болып келе жатқан өзара қатынас ережелерімен тұрақтанған.
Ендеше, олар қалыптасқан мінез-кұлық таптаурындарынан көрінеді.
Бұл таптаурындар адамның бала кезінен қалыптастырылып келе
жатқан жаңсақ нанымдар нәтижесі болып табылады. Жаңсақ
нанымдар - белгілі ережелер негізінде пайда болып, эр түрлі
танымдық процестсрге байланысты өңделіп отыратын адамның ішкі
өмір бағыты. Ол адам бойында оң және теріс қылықтарды да
қалыптастыруы мүмкін. Бірақ белгілі жагдайда өзгерістерге ұшырап
отырады.
175
Қазақ халкы - шешендік сөзді өте жоғары багалайтын халық.
«Өнер алды кызыл тіл» деп ұккан ата-бабапарымыз бұрынғы
ғасырлардағы нелер ділмар шешендердің өсиет сөздерін, табан
аузында айтып беріп, олардың ұлағатты ойларын бір ауыздан макал-
мәтелмен жеткізген. Бұл жағдай біздің халқымыздың ауыз әдебиеті
негізінде өмір сүріп келе жаткан халықтың еміршендігін, сөз
құдіретін багалайтындығын аңғартады.
Халықтардың психологиясы - ұлттың рухани бейнесінің
маңызды жағының бірі. Оларға ұлттық сезім, ұлттық талғам, әдет-
гұрып ұлттың қалыптасқан мінез-кұлқы жатады. Бұп көрсетілгендер
сол ұпттың ішкі жан дүниесінің анықгалуына мүмкіндік береді және
өзін қоршаған ортаға өз жанынын, психикалық құрылымының
қызметінің нәтижесін көрсетеді.
Ұлтгың мінезі оның элеуметтік-тұрмыстық ортаға, өзін
коршаған
дүниеғе,
еңбекке,
этностық
қауымдастыққа
деген
катынастарынан
көрінетін,
калыптасқан
әдет,
мінез-кұлық
көріністерінің тарихи тұрақтанған жэне психикапык рең ретінде
қалыптасқан тұлға құрылымының ерекшелігі. Мінез бітістерінің
ретгелуі оның саналык қызметінің белгілі түрткілерге байланысты
жүйеленуімен ретгеледі. Сол себептен психологияда мінез туа пайда
болып, ортамен байланыс, қарым-катынас, өзара эрекет барысында
өзгеріске ұшырайтындығын көрсетеді.
Халық даналығы адамның осы құбылмалы мінез бітістерінің
табиғатын,
генезисін
эртүрлі
адамзаттық
эрекеттермен
байланыстырған.
Оларды макап-мәтелдер,
метафоралар сиякты
сапыстырмалы ұғымдармен түсіндіре білген. Ендеше, қазақ халкының
тек өзіне тэн ұлттық мінезі, дүниетанымы, сезімі, эдет-гұрпы ата-
бабаларымыздан келе жаткан мұрамыз, рухани байлығымыз, мәдени
құндылықтарымыз - халық ауыз әдебиетінде айқын көрініс тапқан.
Сол халық ауыз әдебиетінің негізгі саласының бірі - мақал-мэтелдер.
Мақап-мэтелдер
халықтың
ой
орамының
деңгейін,
дарындылыгын, даналылығын анықгауға мүмкіндік беретін табиғи
құрал болып есептеледі. Бұл жөнініде хапық жазушысы, қайраткері
Мұқтар Әуезов былай деген: «Мақал-мэтелдердің молдыгы, олардың
тамаша поэтикапық формасы, шебер түрде берілген терең, тіпті
философиялық мэн-мағынасы - осындай тамаша үздік шығармалар
тудырған қазақ хапқының өзінің де асқан ақындық дарынының, оның
саркылмас даналылығының анық айғағы» [204].
Мақап-мэтелдер - халықгың көрген-білген, бастан кешкен
оқиғапарын қорытқан, сан гасыр уакыт ой-елегінен өткен ақыл-
ойының
жиынтығы,
анықтамасы,
табиғаты,
өмірде
үнемі
176
кайталанбайтын окиғалар мен құбылыстарға байланысты пайда
болган ой-пікірлердің «тобыктай түйіні». Мақал-мәтелдердің адам
өмірінде колданылуы, оның ой жүйесінің деңгейін байқагады. Себебі,
адам жанының мазмүндық қызметін көрсетеді. Аяқ астынан сез
тауып, мақал-мэтелдеп өз әңгімелесушісіне, пікірлесіне ойын жеткізуі,
адамның психикалық үйлесімділігін аңғартады.
Мақал-мәтелдер
адам
сана-сезімінің
калыптасу
барысын
байқауға, аңғаруға мүмкіндік береді.
Макал-мәтелдің психологиялық мән-мағынасын профессор
Қүбығүл Жарықбаев өзінің «Қазак психологиясының тарихы» атты
еңбегінде карастырады. Ғалым қазақ фольклорының жанрларының
ішіндегісі мақал-мәтелдер екендігін айтып, оның психологияның
зерттеу объектісі бола алатындығын былайша көрсетеді: « ... Бүларда
- халықтық өмір туралы сан-алуан пайым-байқауларының, ойға
түйгендерінің нақты да дәл сипатгамаларының мәйегі сүзілген. Әрине,
осынау халык даналылығында шындықты бейнелейтін, білім-іліммен
катар қоршаған орта жөнінде, әсіресе, әлеуметгік өмірдің кейбір
жақтары туралы жекелеген жаңсақ ойлар да жоқ емес. Бірақ осыған
карамастан бүлар халыктык дүние-танымның күрделі де қайшылыкты
даму процестерін негізінен дүрыс керсетеді. Мақал мэтелдер адам іс-
әрекетінің себебін тікелей бақылау аркылы өзінше түйіндейді»
[205,19].
Мақал-мәтелдер адамдардың тіршілік болмысын аныктауға
мүмкіндік беретін мәдени-кұндылык компонентіндегі ерекше фактор.
Себебі, олар аркылы адамның, оны қоршаған ортаның, әлеуметтік
жағдайлардың адам санасындағы қызметін көруге болады. «... мақал-
мәтелдер белгілі бір шешім мен істің дүрыстығын анықтайтын
логикапык қызметгің эталоны тәрізді адамның ой-әрекеттерінде
маңызды рөл атқарып отырады. ... Ол айналадағы сыры мол дүние
туралы білімнін сүрыпталған жиынтығы, халықтың өзінше шағын
ауызша энциклопедиясы ғана емес, үстаздық, тәлімғерлік рөл де
атқарады,
адам
бойындағы
барлық
жақсылықты
асқақтатып,
жамандықты жерлеп, күлкіге айналдырады. Мүндағы ақыл-кеңестер
қысқа да нүсқа, әрі түжырымды болды», - деп түсіндіреді
Қ.Жарықбаев.
Мақал-мэтелдер
адам
өмірінің
барлық
аспектілеріне
байланысты болып келеді. Мэселен, бала тәрбиесіне, адамгершілік
сапаларға,
қарым-қатынаска,
ілім-білімге,
әсемдік-әдемілікке,
шаруашьшыққа, еңбек жэне оқу іс-әрекеттеріне, адам қызметінің түр-
түрлеріне, эмоционалдык жай-күйіне т.с.с. байланысты. Мақалдың
осыидай адам өміріндегі күнды фактор екендігін, соған орай калайша
177
топтастыру қажеттігін ғапым былай көрсетеді: « ... мақал-мәтелдер
қай халыктың болмасын ілкі психологиялык түсінігі болды, оларда
қазіргі жалпы педагогикалык, жас ерекшеліктік, медицина, музыка,
спорт, қогамдық психология деректерімен астарлас нақты іс-
тәжірибеге негізделген кызықты идеялар топтасқаны хақ» [205,20].
Адамның
мінез
сапаларын,
мінез-құлқын,
эмоционалдық
қалпын қалыптастыруга негіз болатын этностық жаңсақ нанымдардың
да пайда болуының /генезисі/ негізі осы макал-мәтелдерде де деп
түсіндіруге болады. Себебі олар адамның сана-сезімінің реттелуіне,
өзін-өзі багалауына, өзіне сырт көзбен карауга, өмірге деген
талпынысын
аныктауга жэне жагымды-жагымсыз
қыпықтарын
аңгаруга мүмкіндік береді. Мысалы, адамгершілік сапалары -
сыйластық, қүрмет, кішіпейілділікті білдіретін жаңсақ нанымдардың
көрінуін: «Адалдықтың белгісі - иіліп сәлем бергені. шын достықтың
белгісі - көп кешікпей келгені» немесе «Еңкейгенге еңкей, атаңның
қара қүлы емес. Шалқайганга шалқай, пайгамбардың үлы емес» деген
маңызды жолдар достықтың, адапдыктың, теңдіктің, ізеттіліктің
нышанын байқатады.
Қазақ халқы шешен, тілі жанга сүйкімді адамдарды өте жогары
бағалаған. Халқымыз ойға олақ, сөзге шолақ жанды эжуалап, аз
сөйлеп, көп, ойлап, логикаға жүгініп отыру қажеттігін ерекше
ескерткен. Мэселен, «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады», «Сөз
сүйектен, таяқ еттен өтеді», «Жылы-жьшы сөйлесең, жылан інінен
шығады», «Шешеннің тілі-шебердің бізі», «Жүйелі сөз жүйесін
табар», т.б. мысалдар, сөз қүдіретінің психологиялық астары кандай
болатынын жақсы аңғартады - деп, ғалым Қ.Жарықбаев мақал-
мэтелдердің сөз арқылы жүйеленетіндігін, олардың адамның мінез
бітісін, мінез-қүлкын, өмірге деген көзқарасыи реттеуші қүрал
екендігін баса айтқан.
Мэдени күндылыктардың ішіндегі ауыз эдебиетіне жататын
мақал-мэтелдерді
халықтың
тұрмыс-салтына,
дэстүріне,
эдет-
ғұрыптарына, қарым-қатынас ерекшеліктеріне жэне танымына қарай
бірнеше топка бөлуге болады.
Ж.Малайсарин өзінің «Қазақ мақал-мәтелдері» атты кітабында:
Отан, туған жер, ел-халык турапы; еңбек-байлық, кәсіп-нәсіп туралы;
қырағылық пен сақтык туралы; жанұя, туыстык қатынастар туралы;
салт-дәстүр, эдет-ғұрып туралы; денсаулық, ас-дәм, сергектік, тазалық
туралы; тіл жэне сөз өнері туралы; емір, орта, қоғам туралы деп
бірнеше топка бөлген [206]. Ғалымның осылайша бөлуінің өзінен
мақал-мэтелдердің адамзатгың өміріндегі маңыздылығын аңгаруға
болады.
Қазақ ертегілері мен макал-мәтелдеріндегі этностық жансақ
(ілкі) нанымдардын дамуы мен қалыптасуын анықтау, олардың
адамның (балалардың) езіндік санасына, мотивациялық өрісінің
дамуына жэне құндылык жүйесінің дамуына әсер етуін зерттеуді
талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |