Монография алматы, 018ж Әмірбекова Айгүл Байдебекқызы



Pdf көрінісі
бет12/30
Дата17.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#83566
түріМонография
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
картошке, картоф, темекі, нөмір, қамыс, алмас, шашке, кеңсе, газет, 
зәретке, ушаске, облыс, өкірік.  
Қазақ тіліне кейіннен енген термин сөздердің орысша формасын сақтап 
жазамыз, совет, депутат, конференция, пленум, химия, физика, 
архитектура, музыка сияқты. Бұлардың жігі орфография сөздігінде 
көрсетіледі»[17]. 
Жалпы орфография саласындағы ең күрделі мәселе – қысқарған 
сөздердің емлесі. Қоғам дамып, өркендеген сайын, жаңа атаулар әсіресе 
мекеме немесе қызмет атаулары көбейіп, олар бірнеше сөздердің тіркесуімен 
аталып жатады. Сондықтан қысқарған сөздердің өзі мәнмәтін құрамында 
немесе жеке аталғанда құлаққа жағымды, тілге иірімді болу үшін сан алуан 
түрде қысқартылып жатады. Ал олардың түрі көбейген сайын, 
орфографиялық заңдылыққа сәйкестендіру де қиындыққа соғатыны сөзсіз. 
Орфографиядағы осы мәселе күні бүгінгі тіл біліміндегі күрделі мәселелердің 
бірі ретінде өзекті болып отыр. Алғашқы қазақ тілінің орфографиялық 
заңдылықтарын қалыптастыру кезінде де қысқарған сөздердің жазылуы 
емлесін беру даулы мәселе болған еді. Сол кезде Н.Сауранбаев орыс тілінен 
енген қысқарған атаулардың қалай жазылатыны жөнінде өз ұсыныстарын 
айтқан болатын: «Жаңа сөздердің тағы бір ерекше түрі бар. Ол қысқарған 


26 
сөздер. Мысалы: МТС (машина трактор станциясы), СССР (ССРС) Советтік 
Социалистік Республикалар Союзы, Партком (партия комитеті) сияқты. 
Мұндай сөздердің барлығы орыс тілінен қысқартылып енген. Қазақ сөздері 
көп қысқармайтыны сияқты. Орыс тілінде сөздердің қысқаратын себебі бар, 
ол - мынау. Бірнеше сөздерден құралған атаулар бар. Олар өте ұзын, 
сөйлегенде, жазғанда барлығын шұбатып қайта-қайта айтып жату қиын-ақ. 
Сондықтан ондай ұзын атаулар қысқартылып қолданылады. Қысқартудың 
үш түрлі орныққан түрі бар:
1.Басқы әріптен қысқару. Мысалы: МТС
2. Басқы буыннан қысқару. Партком. 
3. Буыннан, әріптен аралас қысқарған – ҚазПИ – (Қазақтың 
педагогикалық институты). 
Қысқарған сөздердің қазақша қолданылуында белгілі қайшылық бар. 
Ол - мынау. Көпшілігі қазақ тілінде орысша қысқарған түрде қолданылады. 
Бірақ қазақша аталуына ол тура келмейді. Сондықтан оның мағынасын халық 
толық ұғынбайтын болады. Мысалы: НКВД дейміз бұл қазақшасына тура 
келмейді. Қазақшасы – Ішкі Істер Халық Комиссариаты (ІІХК). 
Ал енді қысқарған сөздердің кейбіреулерінің орысшасы қазақшасына 
сай келеді. Мысалы: КазССР - ҚазССР (Қазақстан Советтік Социалистік 
Республикасы).
Асылында, қысқарған сөздердің барлығын біркелкі не орысша, не 
қазақша қолдану дұрыс. Біздіңше, қазақша қысқартып қолданылуы керек. 
Алғаш құлаққа дөрекілеу болған, бара-бара үйреншікті болып кетеді. 
Қысқарған сөздердің орыс тілінде де айтылуы жағынан да ұғынылуы 
жағынан да ыңғайсыздары бар. Мысалы, Америка құрама штаты дегенді 
кейінгі уақытта АҚШ деп қолдана бастадық. Бірақ бұдан қиыншылық келіп 
жатқан жоқ. Қазақша қысқарған сөзді қазақша толықтай айтып, оның шын 
мағынасын түсіну оңай болады»[17].
Расында да қазақ тілінде қысқарған сөздер аз, себебі қазақ тіліне 
қысқартып айту тән емес. Ал орыс тілінің өзіндік ерекшелігі сонда - сөзді 
қысқартып айтуға дыбыс үйлесімдігі бейім келеді. Орыс және қазақ тіліндегі 
жеке ерекшеліктердің бірі ретінде қарайтын болсақ, бұл уникалий жеке тіл 
білімінде де, жалпы тіл білімінде де бұрын соңды айтылған емес. Сондай-ақ 
бұл жерде Н.Сауранбаевтың қысқарған шеттілдік сөздерді аударып, қазақ 
тіліне икемдеп жазуды ұсынуы өте дұрыс деп ойлаймыз. Себебі шеттілдік 
сөздер сөздік құрамға, тіпті сөздік қорға еніп кетуі мүмкін. Ал қысқарған 
сөздер сол қалпында сөздік құрамға ене алмайды және оны мәнмәтін 
құрамында қысқарған түрінде емес, толық айтып баяндайтын сәттері де 
болады. Сондықтан тұтас кірме фразаның тілімізге ене алмайтыны айдан 
анық. Осы тұрғыдан алғанда Н.Сауранбаевтың тұжырымы ана тілінің қоғам 
ағымына қарай мәдени, әдеби болмыста таза дамуы қажет екенін дәйектей 
түсетін секілді.


27 
Н.Сауранбаевтың әліпбиге қатысты пікірлері мен емле жайлы 
ұсыныстарын 
Ә.Құрышжанов 
арнайы 
зерттеген 
болатын. 
Себебі 
Н.Сауранбаевтың ғылымға енді кіріскен кезінде латыннан кириллицаға көшу 
реформасы басталды. Жас ғалымның тың ізденісіне саяси идеологияның 
тұсау болғаны туралы шынайы ақпараттар Ә.Құрышжановтың еңбегінде 
кеңінен айтылған. Сондықтан оның зерттеулерін тұтастай беруді жөн көрді: 
«Алфавит пен орфография мәселелеріне байланысты Н.Т.Сауранбаевтың 
ұстанған негізгі принциптері мынадай болды: жазу ережелерінің жатықтығы, 
оқушы қауымға түсініктілігі, халық сауатын тез көтеруге, қазақ әдеби тілінің 
даму заңдылығына бейім келуі. Алфавит жасау мен ережелерге түзуге 
Н.Т.Сауранбаев күнделікті өсіп келе жатқан өмір талабының тұрғысынан 
қарады. Сол бағытта жұмыс істеді. Қазақ алфавиті мен орфографиясының 
даму тарихы туралы ойларын, олардың әр кезеңге сәйкес табыстары мен кем-
кетік жерлерін Н.Сауранбаев өзінің «Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде 
дамуы және оның келелі мәселелері» (1947,1948), «Қазақ әдеби тілінің даму 
тарихына» (1947) деген мақалаларында атап көрсеткен болатын. Ғылыми 
негізге сүйеніп түзілген, шын мәніндегі жалпы халықтық алфавит тек 
Октябрь революциясынан кейін ғана жасалған еді. Сондықтан оның қазақ 
әдеби тілінің совет дәуіріндегі даму барысымен қатар қаралғандығы заңды 
да. Н.Т.Сауранбаевтың бағалауы бойынша, араб алфавитінің негізінде 
жасалған қазақ жазуы қазақ тілінің дыбыс (фонетикалық) жүйесін айқын 
таныта алмады. Консонанттық принципке құрылған араб жазуында дауысты 
дыбыстарды таңбалау үшін үш-ақ әріп қолданылатын еді. Қазақ тіліндегі 9 
дауысты дыбыстарды бейнелеу үшін оларды қалай өзгертіп, қалай 
құбылтқанмен де, ойдағыдай алфавит шықпай қойды. Оның есесіне қазақ 
тіліндегі кейбір дауыссыз дыбыстар бір емес, бірнеше (екі не үш) таңбамен 
берілетін болды. Дыбыс пен әріп өзара үйлесім таппай, сөздердің бұзылып 
жазылуы мен қате оқылуына әкеліп соқты, үндестік заңы сақталмай, сан 
қилы бұлаңға түсті. Бұрыннан бері талғамсыз қолданылып келген қазақ 
жазуына 1924 жылы реформа жүргізілді. Оның өзі де толассыз өсіп, 
қарыштай дамыған қазақ әдеби тілінің барлық талап-тілегін түгел 
қанағаттандыра алмады. Күн тәртібіне латын алфавитінің негізінде жасалған 
жаңа жазу жүйесіне көшу міндеті қойылды. Латын алфавитіндегі (1929-1940 
жылдар арасында қолданылған) кейбір әріптердің қазақ тіліндегі дыбыстық 
мазмұны мен олардың жазылу ережелері жөнінде Н.Т.Сауранбаев бір топ 
мақалалар сериясын жазды. Ол серия «Қазақ тілінің емлесі туралы» деген 
мақаладан басталады (1938ж). «V» мен «u» әріптерінің жазылуы, «і» мен «j» 
әріптерінің жазылуы», «Ƣ», «х», «v» әріптерінің жазылуы туралы, Қысаң «ь» 
«j» әріптерінің жазылуы туралы, «Емле жөнінде бірқатар ұсыныстар (1938ж) 
деген мақалалары осыған куә. Жаңа алфавит пен жаңа жазу емлелері жөнінде 
болып жатқан күресте Н.Сауранбаев бел ортасында жүріп, белсене қызмет 
көрсетті. Бүкіл совет халықтарының алфавит жүйесін унификациялау 
мәселесімен байланысты, қазақ тіл мамандарының алдында орыс 


28 
графикасының негізінде жасалған жаңа алфавит жасау мақсаты тұрды. 1940 
жылы бұл алфавит түзіліп, іске қосылды. Жаңа алфавитпен байланысты 
жасалған орфографиялық ережелерде бұған дейін орын алып келген кем-
кетік, қателіктердің бәрі де еске алынды, қайта қаралды. Жазу ережелерінің 
нормалары бір ізге түсіп, тұрақты түрге ауысты. Бұрынғы фонетикалық 
принциптің орнына енді сөздер фонетикалық және морфологиялық 
принциптер бойынша жазылатын болып белгіленді. Орыс тілінен, болмаса 
орыс тілі арқылы ауысқан сөздер орыс тілінде жазылатын қалпында өзгермей 
берілетін болды. «Қазақ тіл білімпаздары жасап шығарған қазіргі қазақ 
алфавиті мен орфографиясы (дұрыс жазу нормалары), - деп жазады 
Н.Сауранбаев , - өткен уақыттардың іс тәжірибелерін есептей отырып, қаақ 
тілінің келешек даму перспективаларының мақсатына құрылған. Олар 
барынша жетіліп, жеңіл қолданылатын болғандықтан көпшілік бұқараның 
арасына кең тарап, терең сіңіп кетті». 1941 жылы жаңа жазу ережелері 
бойынша жасалған орфографиялық сөздікті редакциялап, Н.Сауранбаев өз 
ойларын осы сөздікті жасау үстінде іс жүзіне асырып отырды. Арнайы 
бірнеше мақалалар жазды. «Жаңа әліпе» (1941ж), «Орыс тілінен енген 
сөздердің орфографиясы» деген туындылары жаңа жасалған ережелердің 
негізгі принциптерін түсіндіріп, насихаттай түсу мақсатын көздеген. Алфавит 
пен орфография қағидаларын одан әрі жетілдіре беру мәселесі
Н.Сауранбаевтың назарынан еш уақытта тыс қалып көрген емес. Ол осы 
мәселеге арнап, оқтын-оқтын пікір алысу ретінде мақалалар жазып тұрды. Ал 
«Әдеби тілдің әліппесі мен емлесін жетілдіру мәселелері», «Қазіргі қазақ 
алфавитін рационализациялау мен унификациялаудың жолдары жайлы 
(1950ж)» деген жазбалары қазақ алфавиті мен орфографиясын шыңдаудың әр 
алуан мәселелеріне арналған еді». 
Сонымен қазақ тіл білімі тарихында орфографиялық реформалардың 
қауырт заманында жазу сауаттылығын арттыруда, жазудың таңбалану 
жүйесін реттеуде, таңбаланған жазуды тұрақты қалыптандыруда, 
қалыптанған норманы халық арасында насихаттап сіңіруде, біркелкі жазылу 
ережесін белгілеуде лингвист-ғалым Н.Сауранбаевтың еңбегі қазақ тіл білімі 
тарихында орны толмас құндылығымен ерекшеленіп, келешек ұрпаққа мұра 
болып қалды.


29 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет