Бап №1. Мемлекеттік, қалалық ресми орындарда жазу жұмыстары мен есеп-қисап жұмыстарында халықаралық сандардың қолданылуы қажет. Бап №2. Бұл заң 1 маусым 1928 жылынан күшіне енеді [30].
Ұлы ұлттық мәжіліс 20 мамыр 1928 жылғы жиналыста халықаралық
сандардың қолдануы жөнінде заң қабылдады, 1 маусым 1928 жылы Түркияда
халықаралық сандар ресми түрде қолданыла бастады. Бұл жиналыста
көптеген адамдар әріптердің де өзгертілуі туралы әңгіме қозғады. Осыған
байланысты газет пен журнал беттерінде Латын әрпінің қабылдануы мәселесі
жөнінде тартыстар басталды. Араб әріптерінде қалу пікірін қолдағандар да
болды.
Мемлекетте дайындық жұмыстары жүріп жатқанда, кейбір адамдар
латын әріптерін түрік тіліне қолдана бастады. Парижде оқыған Доктор Рыза
Нур 1928 жылы «Огузнама» атты кітабын латын әрпінде бастырды.
Бұл жағдайға байланысты Білім және Ғылым Министрі жазушы мен
педагогтерден құрылған комиссия тағайындады, комиссияның жұмысы
латын әрпі негізінде түрік тілінің құрылымына сәйкес келетін тиімді және
оңай «Жаңа Түрік Алфавитінің» шығатынына кәміл сенді.
Осындай болымды нәтиже бойынша, Министрдің Білім және Ғылым
Министрлігіне 20.V.1928 жылы берілген бұйрығына сәйкес маусым айының
ортасында қолданыста болған араб алфавитіндегі жазулардың латын
негізіндегі Түрік әріптерімен жазылу жұмыстарын түзету мақсатында Білім
және Ғылым Министрлігі ресми Тіл комиссиясын құрды. Комиссия француз,
неміс, ағылшын, итальян, венгр секілді бірнеше ұлттың алфавитін зерттеді.
Гази Мустафа Кемалдың басшылығымен алғашқы жиналысын 26 маусым
1928 жылы жасады. Комиссияда үш депутат, министрлік жағынан үш адам,
үш маман барлығы 9 адам болатын, кейіннен тағы да бес адам қосылып,
комиссия құрамында 14 адам болды. Осы комиссияның берген есебі
бойынша Түрік тілі мекемесінің жетекші маманы А.Дилачардың
энциклопедия үшін дайындаған «Тіл төңкерісі» атты жұмысында латын
әліпбиімен жазатын тілдерді зерттеуден шыққан нәтижені былайша ұсынды:
«Әліпби есебі. Тамыз айында жарияланған 41 беттік «Әліпби есебіндегі»
бөлімдер мыналар: 1) Түрік тіліндегі дыбыстардың саны және ерекшеліктері,
2) Латын әріптерінің тұрақтылық ерекшеліктері, 3) Европада қолданылған
латын негізіндегі әріптер: Латын, итальян, испан, француз, ағылшын, неміс,
швед, фин, венгр, поляк, чех, хорват, албан, әзербайжан, Совет одағындағы
түркітілдес халықтар, 4) Осы алфавиттегі әріптердің таңбалары мен
36
тұрақтылық ерекшеліктері, 5) Түрік тіліне тән латын әріптерінің таңдалуы
және осыған қатысты негіздер, 6) Әртүрлі алфавиттердегі қос таңбалы
әріптер, таңбалы әріптер, Латын алфавитіне қосылған әріптер, 7) Түрік
алфавитін құрайтын әріптердің басқа тілдердегі баламалары, 8) Алфавиттің
сапасы, тілімізге сәйкес келуі, дыбыстық ұғымдар арасында түсінбестік
болмауы тиіс, басқа дыбыстармен арадағы өлшемді сақтау, ұлттық болуы,
оқу және жазу барысында оңай болуы, стеоротип түрінде болмау, емледегі
түсінбестікті жою, эстетикаға сай болу....».
29 әріптен тұратын жаңа түрік әліпбиінде барлық дауыссыз әріптердің
соңына «е» әрпі қойылып айтылды. Мысалы: f-fe, l-le, m-me. Бірақ «к» әрпіне
«ка», «һ» әрпіне һа дегендер де болды. Бұл қате болып саналды. Кейін түрік
алфавитінде бұл әріптердің айтылу да басқа әріптер секілді «е» әрпінің
жалғануымен айтылуы тиіс болды.
Латын алфавитін қолданатын көптеген халықтар бұл алфавитті өз
тілдерінің ерекшеліктеріне сәйкестендіру үшін «диакритик» атты бірнеше
таңбалар қолданады. Түрік алфавитінде де кейбір әріптер осы мақсатта
диакритикалық таңбалар алған: «ч-ç», «ш-ş», «ғ-ğ» сияқты.
Анықталған жаңа түрік жазуында шетелдік алфавиттердегі ch, sch секілді диграф пен триграф жоқ, кестеде әр әріптің бір ғана таңбасы бар.
Қорытындылай келе, Түрік алфавиті 29 әріптен тұрады. Төмендегідей:
A, b(be), c(ce), ç(çe), d(de), e(e), f(ef),g(ge),h(ha), i(i), ı(ı), j(ji), k(ka), l(el), m(em), n(en), o(o), p(pe), q(ku), r(er), s(es), (eş), t(te), u(u), v(ve), w(қос ve), x(iks), y(ye), z(ze). Есепте кейбір әріптер көрсетілмегенмен, бұлар кейіннен алфавитке
енгізілген, олар ö,ü,ğ, ал q,w,x әріптері алынып тасталған. Әріптердің
айтылуы f(fe), ğ(yumuşak ge), h(he), k(ke), l(le), m(me), n(ne), ö(ö), r(re), s(se), ş(şe), ü(ü) болып өзгертілген. Әліпби есебі соңында көзбен көріп қабылдау
үшін жаңа түрік әліпбиінде жазылған көркем әдебиеттер ұсынылған.
Осындай дайындық жұмыстары мен баспаларға жарияланған
материалдардан кейін Түрік еліднегі латын әліпби төңкерісінің көшбасшысы
Гази Мустафа Кемал (Ататүрік) тілге қатысты мәселенің уақыты келгенін
көреді. Тіл комиссиясының жаңа Түрік алфавитіне қатысты жұмыстарының
нәтижелі болғаны оны қанаттандырды.
Осы мақсатпен Мұстафа Кемал 1928 жылы тамыз айының 8-інен 9-ына
қараған түні Стамбулда Гюлхане саябағында Республикалық халық
партиясының ұйымдастырған және халықтың да көп шоғырланған бір кеште,
кешті біраз уақыт тыңдаған соң орнынан тұрып әріп төңкерісінің
басталғанын сүйіншіледі. Бүкіл халық ұйып тыңдап қалды. Жаңа түрік
алфавитіне қатысты өз ойы мен кеңесін былай деп мәлімдеді:
«Достар, көрікті тіліміз үшін жаңа Түрік алфавитін қабылдаймыз. Біздің әдемі, ырғақты, бай тіліміз жаңа Түрік алфавитімен өзін көрсететін болады. Қаншама ғасырдан бері басымызды темір тордың ішіне қойған, түсіне алмайтын және түсінбейтін таңбалардан өзімізді құтқаруымыз
37
керек және мұны түсінуге тиіспіз. Бұл жаңа әріптерді тез арада өте жақсы меңгеріп кетеміз. Түсінетінімізге жақында бар әлем куә болады. Мен бұған сенемін, сіздер де сеніңіздер». Көп істер жасалды. Бұл соңы емес, жасауға тиісті көп нәрсе бар. Жаңа Түрік әрпін тез арада үйренуіміз керек. Әрбір отандасқа, әйелге, ер адамға, жүк тасымалдаушыға, жұмысшыға үйретіңдер. Мұны отансүйгіштік, ұлтқа құрмет деп біліңіздер. Бұл міндетті орындап жатқан кезде ойлаңыз, бір халықтың жүзден оны/жиырмасы ғана оқып жаза алады, жүзде сексен/тоқсаны білмейді. Бұл өте ұят нәрсе. Осы үшін, өзін адам деп білетіндер ұялуы керек. Ұлтымыз ұялу үшін жаратылған жоқ, мақтану үшін, қуану үшін жаратылдық. Себебі тарихымызды мақтанышпен толтырған халық. Халықтың жүзде тоқсаны оқып жазуды білмесе қате бізде емес. Қате, Түріктің жаратылысын, мінезін түсінбей, басын шынжырмен орағандарда. Өткен күннің қателерін тамырынан бастап тазарту сәті келді. Қателерді түзетеміз. Бұл қателарды түзету шараларына барлық отандастардың қатысуын қалаймын. Ең кеш 1 жылдың ішінде барлық Түрік халқы жаңа әріптерді үйренеді»[31]. Мұстафа Кемалдың бұл үндеуі бүкіл халыққа әсер етті, толқытты.
Медиа әлемі тіпті Батыстың медиасы бұл істі кең көлемде жариялап жатты.
Осылайша әріп төңкерісінің дайындық кезеңі бітіп, басталу және қолдану
кезеңі ашылды.
Жаңа түрік әріптерінің ресми қабылдануынан кейін Түркия баспасөзі
жаңаша бір белең алды. Долмабахче сарайының сабақтары, бұдан кейін
барлық жерде, қалада, аудан, ауылда осы әріптерді үйрететін курстар, Ұлт
мектептері ашылды. Стамбулда Мұғалімдер бірлігі конгрессі жаңа әріптерді
меңгерді, осы салада нәтижелі жұмыстар жасалды.
Жаңа түрік алфавитін құрастыруда жетістікке жеткен Тіл комиссиясы
таратылмады, жаңа мүшелермен толықтырылды. Жаңа құраммен
толықтырылған Тіл комиссиясы Тіл бойынша кеңес беретін комитет деп
атауын өзгертті. Міндеттері төмендегідей белгіленді:
1.Барлық мектеп кітаптарының негізін қалайтын сапалы грамматика
кітабын дайындау.
2. Негізгі талаптарға жауап беретін Түрік тілі сөздігін құрау. Сөздік
құрастыру барысында қолдан келгенше араб пен парсыдан енген кірме
сөздердің орнына халық тілінен және ескі кітаптардан таңдап алынған
түрікше сөздерді қою.
3. Стамбулда қолданатын әдеби тілге сәйкес емле ережелерін анықтау.
Тіл бойынша кеңес беретін Комитет түсіндірмелі сөздік, грамматика, жинақ
және терминдер бойынша жұмыстар жасаған, халық диалектілерінен сөздер
жинау үшін Рагип Хулусиді жауапты етіп тағайындаған. Комитет
ауылшаруашылық терминдерін де түрікшелендіруге тырысты.
Осылайша 1928-29 жылдары Түрік мемлекеті жаппай латын әліпбиін
бірауыздан қабылдап, аса күрделі қиындықсыз түрік жазуына жаңа реформа
38
алып келді. Дегенмен, Түрік елі осы күнге дейін сан ғасырлар бойы
сақталған мәдениетін, әдебиетін, дәстүрін, салтын, рухани құндылығын еш
жоғалтқан емес, керісінше, халықаралық кеңістікте дамыған мәдениетті
жеңіл танып, еркін қабылдауға, сол арқылы өзінің өркениетін дамытуға
толық мүмкіндік алды.