Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім



Pdf көрінісі
бет14/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   82
жақсы деген сөз тіркесі де, 鸡叫了[Ji jiao le] әтеш шақырды деген 
сөйлем де ‒ бастауыш-баяндауышты құрылымдық үлгі. Қытай тілінде 
бастауыш-баяндауыштық құрылымдық үлгі сөзге де, сөз тіркесіне де, 
сөйлемге де тән құбылыс болып табылады. 


40
Қытай ғалымдары Лүй Шушяң, Жу Дыший, Жаң Жыгоң, Го Шауюй
(郭绍虞), Жаң Жің , Шуан Шаң (玄常), Шуй Шыиың (许世瑛), Лу Жянмиң 
(陆俭明), Жаң Бін (张斌), Фан Шяу, Хуаң Бороң (黄伯荣), Ляу Шүйдоң 
(廖序东), Лу Фубо (卢福波), Шүй Сыий (徐思益), Ло Анюан (罗安源) 
т.б. предикативті тіркесті еркін сөз тіркесінің қатарына жатқызады. 
Қытай тілінде бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі, яғни 
предикативті тіркес мектепке және жоғары оқу орындарына арналған 
оқулықтарда толығымен қолдау тауып отыр. Сондай-ақ, шетелдік 
студенттерге арналған оқулықтар мен академиялық грамматикаларда 
да еркін сөз тіркесінің қатарында қаралып жүр. 
Біздің пікірімізше, бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі қытай тілі 
сияқты сөз түрлендіруші формалары өте аз немесе жоқ тілдердің 
табиғатына тән елеулі өзгешелік болып табылады. Ал сөз түрлендіруші 
формаларға бай тілдерде, мысалы, қазақ тілінде бастауыш-баяндауышты 
тізбектің құрамындағы баяндауыштардың (әсіресе, етістіктердің) 
жақтық, шақтық, көптік және рай сияқты грамматикалық формалары 
болатындықтан, тұтас конструкция сөйлемдік қасиетке ие болады да, 
сөз тіркесі болмайды. Сондай-ақ, бастауыш пен баяндауыш жіктік 
жалғаулары негізінде құралып, субьектілік-предикаттық қатынаста 
жұмсалатындықтан, сөз тіркесінің емес, сөйлемнің нысанына жатады. 
Қытай тіліндегі бастауыш-баяндауышты сөз тіркесінің құрамындағы 
бастауыш пен баяндауыштарды бір-бірімен байланыстыратын жіктік 
жалғаулар жоқ, олар тек орын тәртібі арқылы байланысады. Бастауыш-
баяндауышты сөз тіркесі белгілі бір интонациямен айтылса немесе 
сөйлемнің соңынан келетін демеуліктер қосылып айтылса, бастауыш-
баяндауыш құрылымды сөйлемге айналады.
Қазақ тілінде предикативті қатынас негізінде жасалған тіркестерді 
сөз тіркестерінің қатарына жатқызамыз ба, әлде сөйлемнің қатарына 
жатқызамыз ба деген сұраққа әр түрлі жауап алуға болады.
Сөз тіркесі мен сөйлемді бір-бірінен ажырата білу түркі тілдері, 
оның бірі қазақ тілінде өте күрделі мәселе болып табылады. 
Бірқатар ғалымдар сөйлем аяқталған ойды білдіреді де, сөз тіркесі 
ондай қасиетке ие емес деген қағидаға сүйеніп, бастауыш пен 
баяндауыштың байланысын тек сөйлемнің нысаны деп қарайды. 
Мысалы, Н.А.Баскаковтың пікірінше, атқа мінді деген сөйлем, ал 
атқа мінген, атқа мініп дегендер сөз тіркесі. Бұл жайында М.Балақаев 
жоғары оқу орындарына арнап жазған «Қазіргі қазақ тілі» атты 
оқулығында былай дейді: “Сөйлемді сөйлемдік қасиеттеріне қарап, 


41
сөз тіркестерін де өзіндік қасиеттеріне қарап танып, мысалы, жазық 
дала дегенді сөз тіркесі деп танысақ, атқа мінді дегенді әрі сөйлем, 
әрі сөз тіркесі деп қарау керек” [68, 25 б.].
Бірақ К.Аханов бұл айтылған пікірді теріске шығара келіп
“Бұлайша, бір ғана құбылысты (атқа мінді) әрі сөйлем, әрі сөз тіркесі 
деп қарау сөйлем мен сөз тіркесінің жігін ажыратпауға, оларды бір-
бірімен араластырып жіберуге әкеп соғады” деп жазады [70, 186 б.]. 
Біз де К.Ахановтың пікірін қуаттаймыз. 
Бұл құбылысты Ә.Аблақов, С.Исаев, Е.Ағмановтар: “атқа 
мінді деген сөйлем емес, сөз тіркесі. Өйткені мұнда сөйлемге 
тән бастауыш-баяндауыштық құрылымдық үлгі жоқ, меңгерудің 
бағыныңқы байланысына тән тәуелді, бағынышты септік бар, ол барыс 
жалғаулы сөз, яғни ат деген сөз мін етістігінің лексика-грамматикалық 
мағынасына орай барыс септігінің -қа жалғауын қабылдап тұр. Атқа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет