ҚАЗІРГІ ҚЫТАЙ ЖӘНЕ
ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ
СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТҮРЛЕРІ
ҚАЗІРГІ ҚЫТАЙ ЖӘНЕ
ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ
СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТҮРЛЕРІ
Монография
Алматы, 2021
Қалибекұлы Толқын
«Полилингва»
баспасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар
және әлем тілдері университеті
______________________________________________
Қалибекұлы Толқын
ҚАЗІРГІ ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ
ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТҮРЛЕРІ
Монография
Алматы, 2021
ӘӨЖ 811 (035.3)
ҚБЖ 81.2
Қ 26
Монография баспаға Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық
қатынастар және әлем тілдері университетінің
Ғылыми Кеңесімен ұсынылған
(Хаттама № 5, 28 желтоқсан 2020 ж.)
Пікір жазғандар:
М.С. Жолшаева – филология ғылымдарының докторы, доцент
Ф. Оразақынқызы – PhD докторы, қауымдастырылған профессор
Р.Б. Джелдыбаева – филология ғылымдарының кандидаты
Қалибекұлы Т.
Қ 26. Қазіргі қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркесінің
құрылымдық түрлері /Монография. – Алматы: “Полилингва” баспасы,
2021. – 172 бет.
ISBN 978-601-7998-45-5
Бұл еңбекте қазіргі қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркесінің
зерттелу тарихы, басқа тілдік бірліктермен арақатынасы, байланысу
тәсілдері мен жасалу жолдары, құрылымдық түрлері мен мағыналық
ерекшеліктері қарастырылған.
Монография
жоғары
оқу
орындарының
шығыстану
факультетінде «шетел филологиясы: қытай тілі» және «аударма ісі:
қытай тілі» мамандығы бойынша оқитын студенттер мен
магистранттарға, оқытушыларға арналған.
ӘӨЖ 811 (035.3)
ҚБЖ 81.2
ISBN 978-601-7998-45-5
© Калибекұлы Т., 2021
© "Полилингва" баспасы, 2021
3
КІРІСПЕ
Шығыстағы көршіміз Қытай мен еліміздің арасындағы
байланыстың тамыры тым тереңде жатыр. Оның ежелгі хунну, үйсін
дәуірінен бастау алатыны белгілі. Дербес қазақ хандығы дәуірінде,
яғни Абылай хан тұсында қазақ пен қытай арасында қалыптасқан
қарым-қатынастың саяси-дипломатиялық байланыс аясында өткені
белгілі. Кешегі Кеңес дәуірі тұсында екі ел арасындағы байланыс
үзілмей, Мәскеу арқылы өтсе де, ғылымда, соның ішінде тілші-
ғалымдар арасындағы байланыс біржақты дамып келді. Нақтырақ
айтсақ, зерттеушілер қазақ тілі мен қытай тілінің арасындағы
байланысты емес, қазақ тілі мен Қытайдағы қазақ тілі арасындағы
айырмашылықтар мен ерекшеліктерді қарастырумен ғана шектеліп
келді. Бұған Бафин Балжан Алимғазыұлының “Китайские элементы
в языке казахов Синьцзана” (1973) атты кандидаттық диссертациясы
дәлел бола алады.
Қазақстан тәуелсіз ел болып ту көтергеннен кейінгі жаңа тарих
тұсында Қытаймен қарым-қатынасымыздың сапасы жаңа сатыға
көтеріліп, мазмұны толыға түсті. Екі жақты байланыстардың ауқымы
кеңейіп, ғылым мен білімге жаңаша көзқарас қалыптасты. Қарым-
қатынасымызды уақыт талабына сай бейімдей түсуге күш салынып,
екі тілді салғастыра зерттеу күн тәртібіне қойылды.
Қытай мемлекеті біздің елмен арадағы тату көршілік пен өзара
тиімді байланыстарды (мәселен, ғылыми, мәдени, экономикалық,
дипломатиялық т.б.) дамытуға баса мән беріп отырған уақытта екі тілді
мамандар дайындау қажеттілігі туындайды. Соңғы кезде қытайтанушы,
дипломат, экономист, екі тілді еркін меңгерген аудармашылар
дайындау мәселесін тиімді әрі тез шешу үшін қытай тілі мен қазақ
тілін салғастыра зерттеу өте қажет. Оның ішінде синтаксистің орны
ерекше. Өйткені, тіл қарым-қатынас құралы ретінде сөйлем, сөйлесім
құру арқылы ғана өзінің толыққанды қызметін өтейді. Сөздердің
өзара тіркесу қабілеті әдеби тілдің дамуынан, тілдік фактордың
әсерінен өзгеріп, жаңа мәнге ие болып отыратындықтан, қазақ, қытай
тілдеріндегі сөз тіркестерінің құрылымын, өзіндік ерекшеліктері
мен айырмашылықтарын танып білу өте маңызды. Бұл факторлар
жұмыстың өзектілігін дәлелдейді.
Зерттеу жұмысының барысында қытай және қазақ тілінің
синтаксисіне қатысты ғылыми зерттеулер, оқулықтар, монография-
4
лардағы ғылыми теориялар басшылыққа алынды. Атап айтқанда, сөз
тіркестері туралы қытай ғалымдары: Лүй Шушяң (吕叔湘), Уаң Ли
(王力), Жау Юанрын (赵元任), Дің Шыңшу (丁声树), Жоу Дыший
(朱德熙), Жаң Жыгоң (张志公), Ху Үйшу (胡裕树), Жаң Жиң (张
静
), Фан Шяу (范晓), Чин Лижүн (秦礼君), Гао Гыңшың (高更生),
Шің Фуий (邢福义), Шие Шяуан (谢晓安), Ли Зыюн (李子云), Лу
Жянмің (陆剑明), Жаң Бін (张斌), Сун Дыжің (孙德金) Ма Чіңжу (马
庆株
), Тян Шяулін (田小琳), Не Ян (聂焱) т.б. және қазақ ғалымдары:
М.Балақаев, С.Аманжолов, К.Аханов, Т.Қордабаев, К.Аханов, Р.Әміров,
М.Томанов, Т.Сайрамбаев, Ә.Аблақов, С.Исаев, Е.Ағманов, Н.Оралбаева,
М.Серғалиев т.б. көзқарастары мен тұжырымдары жұмысымызға негіз
болды.
Зерттеудің мақсаты – шетелдік және отандық грамматикада
қалыптасқан әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, туыс емес екі
тілдің сөз тіркесінің құрылымдық жүйелеріндегі ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын, әр тілдің өздеріне ғана тән ерекшеліктерін
анықтау, сонымен қатар қазіргі қытай және қазақ тілдеріндегі сөз
тіркестерінің басқа тілдік бірліктермен арақатынасын, құрылымдық
түрлерін, жасалу жолдарын, семантикасын салғастыру мәселелері
зерттеу жұмысының мақсаты болып табылады.
Зерттеудің осы мақсаттарына жету үшін мынадай міндеттерді
шешу қажет:
– қытай және қазақ тіл біліміндегі сөз тіркестерінің зерттелу
тарихы мен қалыптасу кезеңдерін анықтау;
– қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркестерінің синтаксисте
алатын орнын көрсету;
– қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркестерінің басқа тілдік
бірліктермен арақатынасын ашу;
– қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркестерінің байланысу
тәсілдері мен жасалу жолдарын көрсету;
– қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркестерінің құрылымдық
түрлері мен мағынасын айқындау.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес, жалпы тіл
білімінде қалыптасқан байқау, салғастырмалы әдіс, сипаттамалы
әдіс, синтаксистік талдау әдісі, пікірлерді қорыту әдістері сынды
лингвистикалық әдіс-тәсілдер пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Салғастырмалы тіл білімінде алғаш
рет зерттеліп отырған қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркестерін
5
салғастыра зерттеу барысында төмендегідей ғылыми мәселелер
шешімін тапты:
– қытай және қазақ тіліндегі сөз тіркестері жайында айтылған
ғылыми тұжырымдарды салыстыра келе, оларға қатысты пікір
қайшылықтарының бар екені анықталды;
– қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркесі синтаксисі нысанының
арасындағы айырмашылықтар айқындалды: екі тілде де толық
мағыналы сөздердің өзара тіркесі синтаксистік тіркес болып табылады,
қытай тілінде негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесі сөз тіркестерінің
қатарында қарастырылуы бұл тілдің ішкі заңдылықтарымен
байланысты;
‒ қытай тілінің грамматикалық ерекшелігін танытатын сөздердің
орын тәртібі мен көмекші сөздердің қызметі сөз тіркестерінің
табиғатын да анықтауға тікелей қатысты екендігі көрсетілді;
‒ қытай тіліндегі предикативтік қатынастағы сөз байланыстарының
сөз тіркестері қатарында қаралуы олардың құрамындағы сөздердің
байланысу тәсілдеріне қатысы тұрғысынан түсіндірілді;
‒ қытай және қазақ тілдерінде сөйлем мен сөз тіркесін ажыратуда
интонацияның ерекше рөл атқаратындығы көрсетілді;
‒ қытай және қазақ тілдерінде сөз тіркесінің басқа тілдік
бірліктерден (сөз, күрделі сөз, сөйлем) өзіндік ерекшеліктері мен
ұқсастықтарын көрсетуде ұстанатын ұстанымдар белгіленді;
‒ қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркестерінің құрылымдық
модельдері беріліп, өзара салыстырылды.
Зерттеудің теориялық мәні. Зерттеу жұмысының кейбір
тұжырымдары мен нәтижелері қытай және қазақ тілдерінің сөз
тіркесі синтаксисін теориялық жағынан толықтырады. Сондай-ақ
қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркестерінің табиғаты мен мәнін,
байланысу формалары мен тәсілдерін, синтаксистік қатынастары мен
құрылымдық түрлерін, тіл білімінде алатын орнын жете түсінуге
септігін тигізеді.
Зерттеудің практикалық құндылығы. Зерттеу барысында қол
жеткізген теориялық тұжырымдар мен нәтижелер тіл біліміне
кіріспе, жалпы типология пәндерін жаңа деректермен толықтырады.
Университеттерде қытай және қазақ тілдерінің салғастырмалы
грамматикасын, қытай тілі грамматикасын, қытай тілі грамматикасы
бойынша мамандандыру пәнін оқытуда, сонымен қатар методикалық
әдістемелер мен оқулықтар жазуда, аударма ісінде пайдалануға болады.
6
Достарыңызбен бөлісу: |