Монография Қарағаиды 009 Ре по зи то ри й к ар гу қаз ббк 83. (5 Қаз) я Ж32



Pdf көрінісі
бет18/20
Дата29.10.2022
өлшемі2,65 Mb.
#46148
түріМонография
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
төртінші ірі дәуір» [216,7]. Ғалымның айтуынша, постмодернизм – 
постмодерн дәуірінің алғашқы кезеңі. Ежелгі, ортағасыр, Жаңа уақыт (модерн), 
постмодерн – дәуірлер, ал Ренессанс, реформация, барокко, классицизм, 
романтизм, реализм, модернизм, постмодернизм – кезеңдер. «Ең қиыны – біз 
постмодерндік кезеңнің басында, алғашқы сатысында өмір сүріп 
отырғандықтан, постмодернизмнің ең жалпы деген қырларын ғана білеміз, 
оның болашақтағы тарихи мүмкіндіктері бимағлұм болып отыр», – деп жазады 
ол [216,8]. Постмодернді модернизмнің ұстанымдарын жаңартқан қазіргі 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


261 
мәдени дәуір деп қарау біршама тұрақтанып қалды. О.Б. Вайнштейн 
«постмодерн» дегенде «өркениеттің соңғы онжылдықтағы жалпы жағдайы, 
мәдени құбылыстар мен философиялық тенденциялардың бүкіл жиынтығы» 
түсінілуі тиіс екенін айтады [217,31]. Әдебиет пен өнердегі белгілі бір 
тенденциялардың табиғатын анықтауда қолданатын, «постмодерн» ұғымы 
негізінде пайда болған «постмодернизмнің» идеялық-эстетикалық негіздері 
туралы алуан түрлі көзқарастарға байланысты кейінгі 10-15 жыл ішінде 
көптеген іргелі энциклопедиялық және анықтамалық еңбектер жарық көрді 
[218]. Сол тәрізді постмодернизм теориясына қатысты ұсынылған 
концепцияларды жүйелеп шыққан И.С. Скоропанова: «Аталмыш ұғым мына 
жағдайларға байланысты қолданылады: 1) мәдениет дамуының жаңа кезеңіне; 
2) постклассикалықемес (постнеклассический) ғылыми ойлау стиліне; 3) қазіргі 
өнерге тән жаңа көркемдік стильдерге; 4) жаңа көркемдік бағыттарға (сәулет 
өнеріндегі, сурет өнеріндегі, әдебиеттегі т.б.); 5) ХХ ғасырдың екінші 
жартысында 
қалыптасқан 
көркемдік-эстетикалық 
жүйелерге; 
6) 
ол 
құбылыстарға 
деген 
теориялық 
рефлексияларға 
(философиядағы, 
эстетикадағы)», – дейді [219,9]. Зерттеуші постмодернизмнің өзіне дейінгі бүкіл 
классикалық және архаикалық дәстүрлермен байланыс орната отырып, 
өнердегі бір-бірімен ымыраға келмейтін әр түрлі стильдер мен бағыттарды 
араластырып жібере алғанына назар аударып келеді. Постмодернизм 
«мәдениетте не бар, соның бәрін иемдене алады» [219,63]. И.С. Скоропанова 
поструктурализм мен деконструктивизмнің теориясы мен практикасына 
сүйенуден пайда болған постмодернизмнің бірнеше типтерін анықтайды. Олар: 
нарративті 
постмодернизм, 
лирикалық 
постмодернизм, 
лирикалық-
постфилософиялық, шизоаналитикалық постмодернизм, меланхолиялық 
постмодернизм, экологиялық постмодернизм, феминистік постмодернизм 
[219,351-353]. Бұлар – қалыпты көркемдік танымға түбегейлі өзгерістер әкелген 
посмодерн дәуірінің жемістері. Постмодернизм тәрізді жаңа парадигмалы 
әдебиеттің алдыңғы кезеңдер әдебиетінен айырмашылықтарын анықтау 
үдерісінде бірнеше жаңа ұғымдар келді. Мәселен, М. Эпштейн 1980 жылдар 
поэзиясын әлденеше түрге (ағымдарға) жіктейді. Олар: концептуализм, 
постконцептуализм, нольдік стиль немесе «ұлы жеңіліс», неопримитив, 
ирониялық, шарждық-гротескілік поэзия, метареализм, континуализм, 
презентализм, полистилистика, лирикалық мұрағат немесе жоғалып бара 
жатқан «мен» поэзиясы [216,138-141]. 
Әдеби постмодернизмнің теориясына қатысты соңғы жылдары қарқынды 
өрістеген осындай көзқарастарды шектен тыс келтіре беруге болар еді. Алайда 
ол мәселелерді бұл еңбектің көлемінде қамту мүмкін еместігінен және негізгі 
мақсатымыз болмағандықтан аз-кем сипаттап өтуді ғана жөн санадық.
Постмодернизм құбылысына назар сала кетуіміздің мынадай себебі бар: 
Басқа елдер әдебиетінде ХХ ғасыр соңында модернизмнен кейін постмодерндік 
ахуал қалыптасып, постмодернистік ағымдардың пайда болуына әкелсе, 
жаһандық әдеби қозғалыстың бөлшегі болып табылатын қазақ әдебиеті ол 
үдерістен сырт тұрды ма? Әлде дәстүрлі танымдар инерциясының күші 
посмодернистік эстетиканың өрістеуіне мүмкіндік бермеді ме? 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


262 
Бұл сұрақтар мүлде жауапсыз қалып жатыр десек, қателескен болар едік. 
Соңғы жылдары қазақ әдебиеттанушылары тарапынан байыпты пікірлер 
айтыла бастады. Профессор Б. Майтанов модернизм мен постмодернизмді бір-
бірімен сабақтастыра зерделей отырып, аталған ағымдардың алғашқы 
белгілерін ХХ ғасырдың алғашқы ширегінен бастайтыны белгілі. «С. Ерубаев 
пен С. Сейфуллин туындыларындағы интертекст, реминисценция, авторлық 
тұлғаның еркіндігі көзге ұрса, 1960-1970 жылдардағы қазақ прозасында
Т. Әлімқұлов, А. Нұрманов, Ә.Тарази, С.Мұратбеков, Ж. Молдағалиев,
Ә. Кекілбаев, М. Мағауин, Т. Әбдіков, Р. Сейсенбаев, Т. Нұрмағанбетов,
Д. Досжанов т.б. туындыларында қалыптағы жағымды, жағымсыз тұлғалардың 
орнына жан дүниесі мен сыртқы ортаның алшақтығына байланысты дәстүрлі 
этномәдени талаптар үшін оғаш қылықты «өзгеше» кейіпкерлердің пайда 
болуы, сайқымазақ (пародия) элементтерінің кездесуі, шартты түрдегі 
түсініксіздік, «қара» юмор нышандары модернизммен бірге постмодернистік 
дүниесезіну модустары дүниеге келгенін аңғартты», – дейді ол [62,9]. Ғалым 
қазақ прозасындағы постмодернизмнің тұрақты орын теуіп ағымдық мән 
иелене бастауын ХХ ғасыр соңы және ХХІ ғасыр басында туған 
шығармалармен тығыз байланыстырады. Атап айтқанда, Р. Мұқанова,
А. Жақсылықов, А. Алтай, Д. Амантай, А. Ихсанов сынды жазушылардың 
шығармаларында 
жаңа 
поэтикалық 
өлшемдер 
анықталады. 
Ал
Г. 
Елеукенованың 
негіздеуінше, 
постмодернизмге 
телінетін 
жаңа 
тенденциялардың элементтері Ғ. Мүсіреповтің «Этнографиялық әңгімесінде» 
айқынырақ көрінді де, кейін жалғасын таппай, біраз уақытқа үзіліп қалды. 
«Алайда, – деп жазады ол, – бұл уақыттағы әдеби үдеріс бірқалыпты және 
бірыңғайда жүрген жоқ. Бұл жерде екі кезең анық түрде оқшауланады, бірі - 
1950 жылдардың ортасынан 1980 жылдардың ортасына дейінгі кезең, мұнда 
белгілі бір тенденциялар үстемдік етті, екіншісі – постмодернистік деп 
аталатын тенденциялар алдыңғы қатарға шыққан 1980 жылдардың ортасынан 
1980 жылдардың аяғына дейінгі кезең» [220,196]. А. Ишанова болса 
постмодернистік ойын поэтикасының қазақ әдебиетіне қатыстылығын 
анықтауға іргелі зерттеу жүргізді [204].
Бұдан шығатын қорытынды - әлемдік көркем ой дамуының соңғы кезеңінде 
пайда болған мәдени-эстетикалық, танымдық құбылыстардан қазақ әдебиеті 
мүлдем сырт тұрмауы себепті, модернизм ағымдарымен қатар постмодернистік 
құбылыстар да ұлттық прозамызда орын тебе бастады. Әлемдік рухани-мәдени 
үдеріс қалыптастырған құндылықтарға ортақтасу арқылы ұлттық әдебиеттен 
модернизмді 
постмодернистік 
поэтикамен 
ұштастыра 
бастаушылық 
ұмтылыстарды танимыз. Әрине, қазақ прозасындағы постмодернизм дәстүрлі 
поэтикалық құрылымдарды ығыстырып шығарған аса қуатты ағымға айналып 
үлгерген жоқ. Алайда ол құбылыстың бар екенін, рухани ықпалын үдете беруі 
мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Қазақ әдебиетіндегі постмодернистік 
ағымдардың табиғаты мен оның ұлттық рухани кеңістігіміздегі орны – өз 
зерттеушісін күтіп тұрған, болашақта жан-жақты тексерілуі тиіс іргелі 
мәселелердің бірі.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


263 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет