Монография Астана, 2010. 250 бет



Pdf көрінісі
бет11/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   112
жаңартуда  –  жас  ерекшелігіне  сәйкес  берілетін  білім,  білік,  дағдылар 
жиынтығын  және  ол  арқылы  баланы  мектепке  дайындап,  мектептегі  білім 
мазмұнындағы  сабақтастықтың  сақталуын  қамтамасыз  етіп,  қоғамның 
әлеуметтік  дамуын  жүзеге  асыру  көзделеді.  Мектепке  дейінгі  білім  мазмұнын 
жаңарту – негізінен білім мазмұнының мәнін ашу және оны дұрыс таңдай білу, 


 
21 
бiлiм мазмұнын жүйелеу, білім сапасын арттырумен және оны қалыптастыруда 
дәстүрлі  әдіс-тәсілдердің  орнына  жаңа  педагогикалық  технологияларды 
пайдалана  білумен  де  тығыз  байланысты.  Қазақстан  Республикасында  білім 
мазмұнын  ізгілендіру  тенденцияларын  айқындай  отырып,  соңғы  жылдардағы 
мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  білім  мазмұнын  жүзеге  асыру  барысына 
байланысты ғылыми зерттеулерге талдау жасай келе, білім беру құрылымы мен 
мазмұны  жаңаша  бағыт  ала  бастағанадығы  байқалады.  Ақпараттар  ағымы 
дәуірінде білім мазмұны тез ескіріп, үнемі жаңартуды және оқу материалдарын 
берудің  әдіс-тәсілдерін  жаңартуды  талап  етеді.  Бұл  білім  беру  саласындағы 
шешімін табуда кезек күттірмейтін негізгі мәелелердің бірі. Білім мазмұны оқу 
материалдарының  мазмұнына  ғана  емес  оны  балаға  жеткізудің  тиімді  әдіс-
тәсілдері  мен  формаларына  және  тәрбиелеу  мен  білім  беруде  баланың  ақыл-
ойының  дамуына  тікелей  де  жанама  да  әсер  ететіндей  сипатының  болуымен 
маңызды болмақ.  
    Білім  беру  мазмұнының  сипатын  жеке  тұлға  бойында  саналы  өзгеріс  болған 
жағдайда  көруге  болады.  Жеке  тұлғаның  өзгеру  динамикасы  дегеніміз–
субьектінің санасы мен қасиетіндегі елеулі өзгерістер. Бұл  мәселе тұрғысында 
В.С.Леднев  білім  алушылардың  бірлескен  іс–әрекетінің  мазмұнына  көңіл 
аудару теориясын негізге алу керек деп санайды. Білім беру мазмұны шынайы 
педагогикалық  өлшем  бойынша,  негізінен,  нақты  оқу  процесін  игерумен 
байланысты.  Жалпы  білім  беру  мазмұнының  жобасын  құрастырғанда  оның 
ұстанымдары  мен  технологияларын  меңгерту  қажеттілік  екенін  басшылыққа 
алған  дұрыс.  Оның  негізгі  құрылымдық  ұстанымын  әртүрлі  деңгейде 
қалыптастыру  барысында  теориялық  мазмұнының  негізі  болып  табылатын 
пәннің оқу материалдарымен, педагогикалық іс–әрекет, білім алушының тұлға 
ретінде бейнесімен сәйкес болуы қадағаланады. Жалпы білім беру мазмұнының 
ізгілендіру  ұстанымы  ең  алдымен,  білім  алушылардың  жалпы  адамзаттық 
мәдениетті  белсенді  шығармашылық  және  практикалық  тұрғыдан  игерулеріне 
жағдай  жасауға  тікелей  байланысты.  Білім  мазмұнының  негізгі  компоненттері 
жоғарыда  айтылған  мәдениет  түрлерін  қалыптастыруға  тікелей  байланысты. 
Білім  беру  мазмұнының  тұжырымдамасындағы  мақсат  ізгілік  тұрғысынан 
ойлануға,  әлеуметтік  тәжірибенің  барлық  құрылымдық  бөліктерінде 
педагогикалық  бейімделуге  сай  келеді.  Білім  алушылардың  дүниетанымын 
қалыптастыруға  және  қазіргі  қоғамдық  жағдайды  ескере  отырып,  жеке 
тұлғаның  ізгілік  мәдениетінің  негізгі  компонентін:  өмірде  өзін–өзі  анықтау 
мәдениеті,  экономикалық  және  еңбек  мәдениеті,  саяси  және  құқықтық 
мәдениеті, интеллектуалдық,  адамгершілік,  экологиялық,  көркемдік  және  дене 
мәдениеті,  имандылық  мәдениеті,  отбасы  және  қарым-қатынас  мәдениетін 
қалыптастыруға  байланысты.  Жалпы  білім  беру  мазмұны  оның  негізгі 
компоненттеріне  байланысты,  яғни  жалпы  адамзаттық  мәдениетпен 
кіріктіріледі.  
    Жоғарыда  аталған  ғалымдар  еңбектерін  зерделей  келе,  олар  өз  еңбектерінде 
білім  беруді  ізгілендіру  идеясына  сәйкес  білім  мазмұнын  анықтаудың  мәні 
«жеке  тұлғаға  бағытталған»-деп  түйіндейді.  Осыған  орай,  білім  мазмұны–ол 


 
22 
білім  алушылардың  оқылатын  пәндер  бойынша  меңгерген  білім,  білік, 
дағдылары деген тұжырымға тоқталдық. 
 Аталған  пікірге  орай  балалар  тек,  білім  мазмұнын  игеріп  қана  қоймайды, 
олардың  жеке  тұлғалық  сапалары:  өз  ісіне  жауапкершілікпен  қарау,  өз  елінің, 
жерінің  тағдыры  толғандыру,  қоршаған  ортаны  қорғау,  әділетсіздікке  төзбеу 
және  қиындықты,  кездескен  кедергілерді  жеңе  білуге  деген  шыдамдылығы 
қалыптасады. Авторлар білім мазмұнын педагогикалық бейімделген әлеуметтік 
тәжірибе  деп  қарастырып,  оның  құрылымдық  ерекшелігін  төрт  түрлі 
элементтен тұрады деп есептейді. Олар: - білім  - нәтижеге жетудегі танымдық 
іс-әрекет ретінде қарастырылуы; (табиғат, қоғам, техника, іс-әрекеттің тәсілдері 
және ойлау туралы); 
-  үлгі бойынша белгілі іс-әрекеттің жүзеге  асырылуы (интеллектуалдық және 
тәжірибелік білік пен дағды); 
-  шығармашылық  іс-әрекет  –  бұл  кездескен  жағдаяттар  мен  іс-әрекет 
барысында  дәстүрден  тыс  шешім  қабылдай  білуі  (экспериментке  қатысу, 
көркемдік және техникалық шығармашылық жұмысқа қатысу); 
-  тұлғалық  бағдар  негізінде  эмоционалдық-құндылық  қатынастардың  жүзеге 
асырылуы  (қоршаған  ортаға,  адамдарға,  өзіне-өзі,  моральдық  нормаларға, 
әлемдік дүниетанымдық көзқарастарға); 
    Білім  мазмұнының  бұл  элементтері  бір-бірімен  тығыз  байланысты 
қарастырылады.  Сондай-ақ,  бұл  элементтерді  меңгеруде  жас  ұрпақ  тек  оны 
орындаушы  ретінде ғана қарамай, әлеуметтік тәжірибе тұрғысынан өздігінен 
әрекет  етуге,  шығармашылыққа  және  сол  жүйеге  өз  үлесін  қосып  ықпал  ете 
білуге тиіс. Осыған орай, енді біз білім мазмұнының құрылымын қарастырып 
көрейік. Білім мазмұны ол үш біртұтас үдерісті сипаттайды. Біріншіден, өткен 
аға  ұрпақтың  тәжірибесін  меңгеру,  екіншіден,  жеке  тұлғаның  тәрбиесіндегі 
типтік  сапаларды  ескеру,  үшіншіден,  адамның  ақыл-ой  және  дене  дамуының 
ерекшеліктеріне баса назар аудару. Мұндағы жетекші іс-әрекеттің түрі оқыту, 
білім берудің ең жақын уақыттағы және тікелей қатысты мақсаты-тәжірибені 
меңгеру.  Білім  мазмұнының  құрылымы,  ол  қоғам  талаптарынан  туындап, 
ғылым  мен  техниканың  дамуына,  тарихи  кезеңдердегі  әлеуметтік 
экономикалық  жағдайларға  байланысты  анықталады.  Дегенмен  де,  қоғам 
талаптарының  ең  басты,  маңызды  бөлігі,  білім  мазмұнының  философиялық 
негізі  болуында  және  адамның  қоғамдағы  орны  мен  ролі  білім  беру 
мақсатымен  тығыз  байланысты  қарастырылуында.  Бұл  білім  беру 
теориясының  тамырын  терең  философиялық  ой  түйіндерден  алатындығында 
жатыр. 
Білім 
берудің 
классикалық 
теориясының 
дидактикалық 
көзқарастарында мақсат, міндеттер, білім беру мазмұны, оқулықтың ролі және 
мұғалім жайында анықтамалар берілген. Мұнда, білім мазмұны білім  көздері-
деп түсіндіріледі.  
    Білім  беру  тарихы  қоғамның  дамуының  нақты  дәуірімен  тікелей 
байланысты.  Біріншіден,  білім  беру  мақсаты  мен  міндеттері  қоғамның 
сұраныстарымен анықталады. Екіншіден, қоғамның даму жағдайы білім беру 
жағдайына  да  байланысты.  Білім  беру–елдің  әлеуметтік-экономикалық  және 
рухани тұрақты дамуын, тұлға мен қоғамның адамгершілік, интеллектуалдық, 


 
23 
эстетикалық, дене жағдайларын үнемі жетілдіруді қамтамасыз ету мақсатында 
жас ұрпаққа білімді, мәдениетті жеткізу және жетілдіру, сақтауға бағытталған 
қоғам,  мемлекет  қызығушылығындағы  оқыту  мен  тәрбиелеу  үдерісі.  Білім 
беру  мен  ғылым  интеллектуалдық  жетекшілікке  ие  болуы  тиіс.  Оқытудың 
теориясы  мен  тәжірибесінде  оқу-тәрбие  үдерісі  туралы  жиі  айтылады. 
Шындығында  білім  беру  көпқырлы.  Ол  балалардың  дамуы,  олардың 
тәрбиешімен,  бір-бірімен,  сыртқы  әлеммен  өзара  әрекеті,  оқу-тәрбие 
жұмыстарын  ұйымдастыру  шарттары,  реттеу  нормалары,  әлеуметтік 
факторлар  және  т.б.  қамтиды.  Осы  орайда,  зерттеу  барысында  білім  беру 
үдерісін  неғұрлым  тиімді  құруға  мүмкіндік  беретін  білім  мазмұнын 
жаңартудың әдіснамалық негіздерін қарастыруға баса назар аудардық. Оқыту 
мен  білім  беру  теориясының  әдіснамасы  ретінде  ғылыми  негіздеменің 
Э.Г.Юдин төрт деңгейін анықтады:  
-  философиялық–ғылыми  таным  процедураларын  ұйымдастырудың  негізгі 
нормативтерімен байланысты; 
-  жалпы  ғылыми–қолданылатын  тұрғылардың  мәнін  көрсетеді  (жүйелілік, 
әрекеттік, аксиологиялық, герменевтикалық және т.б.) 
-  нақты  ғылыми–аталған  әрекет  аумағының  негізгі  қағидалары  мен 
заңдылықтарына бағдарлауды ұйғарады; 
-  нақты  зерттеу  деңгейі–танымдық  міндеттері  адекватты  қойылған  жеке 
әдістемені сұрыптау логикасын анықтайды;  
    Әдіснаманың  бұл  төрт  деңгейі  белгілі  бір  өзара  бағынуға  тәуелді  күрделі 
жүйені құрайды. Әдіснама әрекетті ұйымдастыру туралы ілім ретінде ғылыми 
білімге негізделеді.  
    Әдіснама  ғылымда  ұзақ  уақыт  зерттеу  әдістері  туралы  ілім  ретінде 
қарастырылады. Бұндай түсінік зерттеу әдістерінің мүмкіндіктерін талдаумен 
шектеледі.  Педагогикада  әдіснамаға  кең  тараған,  тұрақты  жалпылауға 
қарағанда  абстракцияның  неғұрлым  жоғары  сатысында  тұрған  барлық 
теориялық  құрылымдар  жатқызылды.  Сөйтіп,  педагогикада  дәстүрлі 
дидактика,  тәрбие  теориясы,  мектептану  т.б.  жалпылау  деңгейі  бойынша 
барлығын педагогика әдіснамасына жатқыза бастады. 
    Педагогикада  әдіснаманы  «Педагогикалық  шынайылықты  тану  мен  қайта 
түрлендіру  принциптері,  формалары  мен  процедуралары  туралы  ілім»,  кең 
мағынада  әдіснама–нақты  ғылымда  танымның  ғылыми  әдістер  жиынтығы 
немесе ғылыми әдіс туралы ілім (В.И.Журавлев) деп түсіндіреді.  
    Әдіснаманың  өзара  байланысты  иерархиясы  бар:  ғылым  әдіснамасы, 
педагогика  әдіснамасы,  дидактика  әдіснамасы,  білім  беру  әрекетінің 
әдіснамасы,  білім  беру  мазмұнының  әдіснамасы  және  т.б.  Педагогикалық 
әдіснаманы 
зерттеуші 
ғалым 
В.В.Краевский: 
әдіснама 
құрамына 
педагогиканың  өзінің  теориясының  проблемасын  жатқызады,  яғни 
педагогикалық  білім  түрлері,  оның  басқа  ғылымдармен  байланысы,  ең 
алдымен психологиямен, мектеп тәжірибесінде дидактикалық білімді қолдану 
мәселелері  деп  есептейді.  Ол  бір  жағынан  әдіснама  пәннің  өрісін  кеңейтсе, 
екінші  жағынан  педагогика  әдіснамасына  берген  анықтамасында  тарылтады. 


 
24 
«Педагогика  әдіснамасы  пәні  педагогикалық  ғылымда  педагогикалық 
шынайылық пен оның көрінісінің арасындағы қатынас» деп тұжырымдайды. 
    М.А.Данилов ұсынған анықтамада: «Педагогика әдіснамасы педагогикалық 
теорияның бастапқы ережелері, негіздеу мен құрылым туралы, дамыған қоғам 
жағдайында  үздіксіз  өзгеріп  тұратын  педагогикалық  шынайылықты  дұрыс 
көрсететін  білімді  алу  тәсілдері  мен  принциптері  туралы  білім  жүйесі»  деп 
тұжырымдайды.  
    В.И.Загвязинский  берген  анықтама  бойынша:  «Педагогика  әдіснамасы 
ғылыми-техникалық  зерттеудің  бастапқы  (негізгі)  ережелері,  құрылымы, 
функциялары мен әдістері туралы ілім» болып табылады.  
    Әдіснамаға  берілген  анықтамаларды  талдай  келе  А.М.Новиков  «Әдіснама  – 
әрекетті ұйымдастыру туралы ілім»  - дейді. Әрекетті ұйымдастыру–логикалық 
құрылымның нақты анықталған сипаттамалары мен оны жүзеге асыру процесін 
тұтас  жүйеге  келтіруді  білдіреді.  Логикалық  құрылымға  субъект,  объект,  пән, 
формалар,  құралдар,  әрекет  әдістері,  оның  нәтижесі  сияқты  компоненттер 
жатады.  Бұл  құрылымға  қатысты  әрекеттің  сыртқы  сипаты:  ерекшеліктер, 
қағидалар, шарттар, нормалар. 
    Заманауи ғылымда әдіснама ғылыми-танымдық әрекет құрылым принциптері, 
формалары, тәсілдері туралы ілім. Ғылым әдіснамасы зерттеу компоненттеріне 
сипаттама  береді.  Оның  объектісі,  талдау  пәні,  зерттеу  міндеттері,  шешуге 
қажетті  зерттеу  құралдарының  жиынтығы,  сонымен  қатар  зерттеу  міндеттерін 
шешу  процесінде  қозғалыс  бірізділігі  туралы  түсінік  қалыптастырады.  Бұдан 
педагогикадағы  әдіснаманы  педагогикалық  таным  мен  шынайылықтың  қайта 
түрленуі туралы теориялық ережелер жиынтығы деп қарастыруға болады. 
    Г.П.Щедриков  әдіснаманы  әрекетті  ұйымдастыру  туралы  ілім  ретінде 
қарастыра отырып, заманауи үш негізгі функциясын  бөліп көрсетті: 
- философиялық-психологиялық әрекет теориясы; 
- зерттеу әдістері жүйесі немесе күрделі жүйелерді жобалау, іздеу, жоспарлау    
  мен проблемаларды жоюға арналған өзгерістерді жүзеге асыру; 
- ғылымтану, ғылым теориясы; 
    Ең  алдымен  әдіснамаға  гнесеология  (таным  теориясы)  мен  семиотика 
(белгілер  туралы  ғылым)  сияқты  ғылымтанудың  бөлімдерінің  қатысы  бар. 
Әдіснама  әрекетті  ұйымдастыру  туралы  ілім  ретінде  қарастырылғандықтан, 
алдымен  әрекет  туралы  негізгі  ұғымдарға  тоқталуды  жөн  көрдік.  Әрекет 
адамның  қоршаған  шынайылықпен  белсенді  өзара  әрекеті  ретінде 
қарастырылады,  белсенді  өзара  әрекеті  барысында  адам  объектіге  мақсатты 
бағытталған ықпал жасайтын, сөйтіп, өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын 
субъект  болады.  Фундаменталды  білім  беру  объектісін  тану  процесі  мен  оны 
тану  нәтижелері  таным  субъектісінің  даралығына,  оның  қабілеттеріне,  даму 
деңгейіне,  қолданылған  таным  әдістеріне  байланысты.  Ғылыми  ортада  әрекет 
психологиялық  (А.Н.Леонтьев)  және  әдіснамалық  (Г.П.Щедровицкий) 
тұрғыдан  қарастырылады.  Г.П.Щедровицкий  әрекеттің  жүйелі-құрылымдық 
талдауын  жасай  келе,  әрекеттің  құрылым  екені  туралы  қорытынды  жасайды. 
Бұл  құрылым  ерекше  механизмдер  көмегімен  жүзеге  асырылатын,  дамудың 
ерекше заңына енетін түрлі сипаттағы элементтерден тұрады.  


 
25 
    Әдіснамалық  ғылымдар  арнасы  аясында  философия  ғылымы  өзіндік 
ерекшелігімен айқындалады. Себебі, философия қазіргі заманның ең көкейкесті 
мәселесі-адам,  оның  қоғамға  енуі  мен  адамзат  қоғамының  дамуының  ізгілікті 
бағыт алуын қарастыратын іргелі ғылымдардың бірі. Қоғам ілгері басқан сайын 
қай  ғылым  саласы  болмасын  өзінің  зерттеу  нысаны  мен  субьектісін  жаңаша 
қарастырумен  байланыстырады.  Ал  бұл,  ғылымдардың  әдіснамалық  негізін 
білуді және қазіргі дүниежүзілік ғылыми танымның құралдары мен амалдарын 
жетілдіре түсуді қажетсінеді. Осыған орай, педагогика ғылымының әдіснамасы, 
біріншіден,  жалпы  әдіснама  ғылымынан  туындайды,  екіншіден,  қоғамдық 
ғылыми  жүйенің  даму  тенденциясын  оқып  үйренумен  және  зерттеумен 
байланысты, үшіншіден, педагогикалық, тарихи педагогикалық құбылыстардың 
жағдайларын  туралы  теориялық  қағидалармен,  олардың  зерттеу  әдістерін 
қарастырады, төртіншіден, жаңадан алынған білімдерді оқу  - тәрбие үдерісінде 
тәжірибеге ендірумен анықталады.  
    Әдіснама  ұғымының  негізгі  мәні  туралы  мәліметтер  бұрыннан  ғылыми 
зерттеу  жұмыстарында  жетекші  орын  иеленіп,  бүгінгі  күнге  дейін  барлық 
ғылым  саласындағы,  соның  ішінде  педагогикалық  зерттеулердегі  негізгі 
маңыздылығын  ескеріп,  біздің  зерттеуіміздің  әдіснамалық  тұғырларының 
мазмұнын аша түсуді жөн көрдік. Атап айтқанда: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет