13
мазмұны дегеніміз – жеке тұлға қалыптастыру барысында адам баласының іс–
әрекет тәсілдерін меңгере отырып, жүйелі түрде білім алуы, іскерлік дағдысын,
таным арқылы көзқарасын қалыптастыру және ақыл ойы мен сезімін дамыту.
Яғни, білімді адам–деп ақыл ойы жетілген, әдіс– тәсілдерді меңгерген, қабілетті,
өз пікірін дәлелдей алатын, болашақты болжай отырып, шешім қабылдай
алатын жеке тұлғаны айтуға болады. Білім мазмұны – оқу орындарының негізгі
мәселелерінің бірі. Ал оның мәні – әрбір ғылыми пәндерден ғылыми білімді
игеру, тәжірибеде қолдана білу. Педагогика ғылымының мазмұны – оның
тарихында қалыптасқан рухани мұралар мен құндылықтар әлемі. Білім берудің
мазмұны мен мәнін ашуда және білім беруді ізгілендіру идеясын жүзеге асыру
барысында жеке тұлғаны дамыту мәселесі соңғы он онбес жыл шамасында күн
тәртібінің алдыңғы қатарына шықты. Аталған мәселе И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин,
В.С.Леднев, Б.М.Бим–Бад т.б ғалымдардың еңбектерінде қарастырылып,
талданған. И.Я.Лернер мен М.Н. Скаткин білім беру мазмұнын теориялық
тұрғыда білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыру жүйесі деп түсіндірген,
сонымен қатар шығармашылық іс әрекет, ерік сезімін меңгеруді ұсынады.
Бірқатар шетел педагогтары (АҚШ, Англия, Франция) жеке тұлғаға жалпы
адамзаттық тәрбие беруді, оқу мазмұнына табиғи құбылыстар мен қоғамдық
өмірдегі шынайы құбылыстарды түсіндіруден оқу пәндерін өзара кіріктіруді
негізге алуды ұсынған. Осыған орай төменде ғалымдардың білім мазмұнына
берген анықтамаларын ұсынамыз. Атап айтқанда: «...біріншіден алдыңғы
ұрпақтың тәжірибесін меңгеру, екіншіден жеке тұлғаның типологиялық
сапасын қалыптастыру, үшіншіден адамның ақыл–ойының, денесінің дамуы»
(В.С.Леднев) – деп ой түйіндесе, И.П.Подласый: «...белгілі бір оқу орнында
оқып, үйрену үшін іріктелген білім, іскерлік жүйесі», Б.П.Есипов: Фактілер мен
қорытындылар енетін білім, пайдалы іскерлік және дағдылар жүйесі деп
есептейді. Р.Қоянбаев: «...ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі»
десе, ал С.А.Умрейко: «...оқыту процесінде оқушылар меңгеретін ғылыми білім,
іскерлік және дағдылар жүйесі», В.Беларуссова: «...оқушылардың жан–жақты
дамуына, материалистік дүниетанымның қалыптасуына, танымдық
қызығушылықтың дамуына негіз болатын жүйелі білім іскерлік және
дағдылар» деген тұжырым жасайды. Н.В.Савин: «...оқушылардың жан–жақты
дамуына негіз болатын, білім, іскерлік, дағды жүйесі» десе, И.Т.Огородников:
«...ғылыми білімдер, іскерлік, дағдылар, оқытудан тыс кезде оқушылар алған
танымдық тәжірибені ой елегінен өткізу және оқушылардың танымдық
қабілетін, шығармашылық күшін дамыту» жолдары деп анықтама береді.
Жоғарыдағы анықтамаларды және негізгі идеяларды басшылыққа ала
отырып біз зерттеу мәселесіне сәйкес мектепке дейінгі білім беру мазмұнын
жаңарту ұғымының анықтамасын ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: