Монография Астана, 2010. 250 бет


Тұжырымдамада білім мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары



Pdf көрінісі
бет32/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   112
Тұжырымдамада білім мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары:  
    Ақпараттар  ағымы  дәуірінде  білім  мазмұны  тез  ескіріп,  үнемі  жаңартуды 
және  оқу  материалдарын  берудің  әдіс-тәсілдерін  жаңартуды  талап  етеді.  Бұл 
білім беру саласындағы шешімін табуда кезек күттірмейтін негізгі мәелелердің 
бірі.  Білім  мазмұны  оқу  материалдарының  мазмұнына  ғана  емес  оны  балаға 
жеткізудің  тиімді  әдіс-тәсілдері  мен  формаларына  және  тәрбиелеу  мен  білім 
беруде  баланың  ақыл-ойының  дамуына  тікелей  де  жанама  да  әсер  ететіндей 
сипатының  болуымен  маңызды  болмақ.  Балаларды  тәрбиелеуде  негiзгi 
басымдық  арнайы  белгiленген  оқу  қызметiнiң  түрлерi  бойынша    пәндерге 
бөлінiп,  сол  пәндер  бойынша  қарапайым  бiлiм,  білік,  дағдылар 
қалыптастырылады. Бұл Қазақстанда мектепке дейiнгi тәрбие мен бiлiм беруде 
төл  туынды  ретінде  қолданыста  жүрген  “Балбөбек”  және  Джорджтаун 
университетiнiң  “Баланы  дамыту”  орталығының  “Тәй-тәй”  (Step  by  Step  1994) 
бағдарламаларын  салыстыру  арқылы  білім  мазмұнын  жаңартудың  негізгі 
бағыттарына талдау жасалды.  “Тәй-тәй”технологиясы  көрнекті психолог Жан 
Пиаженің,  Эрик  Эриксонның,  Л.С.Выготскийдің  теорияларына  негізделген. 
Мұнда  белсенділік  орталықтарында  баланың  таңдауы  жүзеге  асырылып,  білім 
құмарлығын, жағдаяттарды шешу қабілетін, өзгелермен қарым-қатынасын және 
өз  бетінше  алдына  қойған  мақсатқа  жете  білу  қабілеттерін  қалыптастыруды 
көздейді.  Бағдарламада  туылғаннан  (0  ай  мен  72  ай)  алты  жасқа  дейiнгi 
балалардың    қалыпты  дамуының  көсеткiшi  қимыл-қозғалыс  дағдылары  
(күрделi қимылдар және қолмен жасалатын нәзiк қимылдар), коммуникативтiк 
дағдылар  (тiлдi  түсiнуi  және  белсендi  сөйлеу  тiлi),  когнитивтiк  дағдылар
өзiне-өзi қызмет ету дағдыларыәлеуметтiк дағдылар деген атаулармен  бес 
түрге  бөлiнiп  берiледi.  Әрбiр  жас  кезеңiне  сәйкес  бұл  дағдылардың  мазмұны 
нақты  сипатталады.  Бағдарламаны  талдау  барысында  туылғаннан  алты  жасқа 
дейiнгi балалардың  даму деңгейi осы дағдыларды игерумен өлшенетiнiне және 
жалпы бала дамуына әсер ететiн тәрбие түрлерi (дене, ақыл-ой, адамгершiлiк, 
еңбек,  эстетикалық)  аталған  дағдылар  аясында  толығымен  көрiнiс  тапқанын 
көруге  болады.  Ал    “Балбөбек”  бағдарламасында  айналамен  таныстыру 
бойынша  –  “тiл  –халық  қазынасы”  (тiл  дамыту,  сауат  ашу,  өнер,  ән,  дене 
тәрбиесi), сезiм тәрбиесi бойынша “ойна да ойлан” (математика, өнер, ән, дене 
тәрбиесi),  музыка  бойынша  ”әуендi  қимыл-қозғалыс”,  (ән,  дене  тәрбиесi, 
ойындар,  ойын-сауықтар,  ертеңгiлiктер),  бейнелеу  өнерi  бойынша  “өнер  көзi-
халықта”  (бейнелеу  өнерi,  сурет  салу,  мүсiндеу,  жапсыру,  қол 
еңбегi),”имандылық-инабаттылық” тәрбиесi бойынша (инабаттылық тәрбиесi, 
көркем әдебеиет, экологиялық тәрбие) тәрбие кешендi түрде ұйымдастырылады. 
Бағдарламада білім мазмұнын жаңартуда пәндiк жүйеден бас тартып, пәндердi 
өзара  кiрiктiре  отырып  тақырыптық  принципте  жүйеленді.  Нәтижесiнде 
мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру 
стандарты  мен  бағдарламаларға  сәйкестiгiмен  және  өзара  қайшылықтарын 
анықтау,  салыстыру  мақсатында  пайдалана  отырып  төмендегiдей  тұжырымға 
келдiк.  Мектепке  дейiнгі  тәрбиелеудiң  және  оқытудың  жалпы  бiлiм 
бағдарламасы  мазмұнының  базалық  минумымы  мен  мектепке  дейiнгi  жалпы 


 
102 
бiлiм беру бағдарламалары мазмұны бiр-бiрiне қайшы келмейтiнi айқындалды. 
Мысалы:  дүниетанымдық  дағдысының  мазмұны  айналамен  таныстыру, 
экология,  сенсорлық  тәрбие,  математика  сияқты  арнайы  ұйымдастырылған 
сабақтар  мазмұнымен,  қимыл-қозғалыс  дағдысының  мазмұны  бейнелеу  өнерi, 
дене  шынықтыру,  музыка,  еңбекпен,  қарым-қатынас  дағдысы  мазмұны  тiл 
дамыту, көркем әдебиет, сауат ашумен, өзiне-өзi қызмет ету дағдысы мазмұны 
еңбек,  валеология  негiздерi,  күн  режим  сәттерiндегi  әрекетпен,  әлеуметтiк 
дағды  отбасында,  бүкiл  оқу-тәрбие  жұмыстары  барысында,  күн  режим 
сәттерiнде  iске  асырылатын  iс-шаралар  мазмұнымен  үйлесiм  табатыны  және 
бала дамуының негiзi болатын  тәрбие түрлерi де қалыс қалмай, тұтастығының 
қамтамасыз  етiлгенiдiгi  дау  туғызбайды.  Себебi  осы  уақытқа  дейiн  мектепке 
дейiнгi ұйымдарда бала дамуы нәтижесi жеке пәндер бойынша алынған пәндiк 
бiлiм, бiлiкпен өлшенiп келсе, ендiгi кезекте күтiлетiн нәтиже баланың бойында 
өмiрлiк  дағдыларды  қалыптастырумен  ерекшеленедi,  бұл  білім  мазмұнын 
жаңарту  мәселесiнiң  педагогикалық,  дидактикалық,  әдiстемелiк    жүйесiн 
жасау  қажеттiлiгiн  талап  етеді.  Аталған  талаптарға  сәйкес  мектепке  дейінгі 
білім  мазмұнын  жаңартуда  төмендегідей  негігі  бағыттардың  сипаттамасын 
ұсынамыз.  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартында  мектепке 
дейінгі ұйымдардағы, отбасындағы тәрбиелеу мен оқыту мазмұнына, туғаннан 
алты  жасқа  дейінгі  балалардың  даму  деңгейі  мен  олардың  негізгі 
құзыреттіліктерді  игеруіне  қойылатын  талаптар  мен  нормалар  жүйесін 
белгілейді-деп  атап  көрсетілген.  Балалардың  даму  құзыреттіліктерін 
қалыптастыру  мен  білім  беру  салалары  мазмұнының  базалық  минимумына 
сәйкес білім мазмұнын жаңарту бағыттары айқындалады. («Мемлекеттік жалпы 
міндетті  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға  білім  беру  стандарты» 
басшылыққа алынады. Астана. 2009 ж. Балалық шақ орталығы).  
Балалардың  дамуынан  күтілетін  нәтижеде  төмендегідей  негізгі 
құзыреттіліктерді қалыптастыру көзделеді: 

 
Денсаулық сақтау құзыреттілігі;  

 
Жалпы қимыл-қозғалыс құзыреттілігі;  

 
Коммуникативтік-тілдік құзыреттілік;  

 
Танымдық құзыреттілік:  

 
Ақпараттық құзыреттілік;  

 
Жеке шығармашылық құзыреттілік; 

 
Шығармашылық – эстетикалық құзыреттілік; 

 
Әлеуметтік құзыреттілік;  

 
Құндылық-мәнді құзыреттілік;  
Аталған  құзіреттіліктер  негізінде  білім  беру  салалары  мазмұнының 
базалық  минимумы:  Балаларға  берілетін  білімнің  мазмұны  баланың  дамуы 
мен  жеткен  жетістігін  бағалаудың  нәтижесіне  құрылады.  Бір  жас  кезеңінің 
білім  беру  саласының  мазмұны  келесі  жас  кезеңінің  білім  беру  саласының 
мазмұнымен сабақтасады.  
«Денсаулық»  білім  беру.  Мақсаты:  денсаулық  -  табиғаттың  адамға  берген 
басты құндылығы екенін түсініп, өзінің денсаулығына мән беруге тәрбиелеу. 


 
103 
Сәбилік  шақ  (  туғаннан  3  жасқа  дейін).  «Денсаулық»  білім  беру  мазмұны 
денсаулықты сақтау құзыреттілігін қалыптастыруды көздейді, соның ішінде: 
-  мәдени-гигиеналық дағдыларды игеруі; 
-  өзіне-өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларын орындауы; 
-  тіршілікке қажетті қимыл-қозғалысты жеткілікті көлемде меңгеруі; 
-  түрлі қимыл әрекеттерді орындауы ( жүру, жүгіру, жорғалау, аттап өту). 
Мектепке  дейінгі  кіші  жас  (  3-5  жас).  «Денсаулық»  білім  беру  мазмұны 
денсаулықты  сақтау  және  жалпы  қимыл-қозғалыс  құзыреттіліктерін 
қалыптастыруды көздейді, соның ішінде: 
-  гигиеналық шараларды өз бетімен орындауы; 
-  негізгі қимылдарды түсініп орындауы; 
-  саптық және спорттық жаттығуларды меңгеруі, өз денесін білуі; 
-  қимыл-қозғалыстың жеткілікті белсенділігі; 
-  салауатты өмір салтының қарапайым дағдыларын меңгеруі. 
Мектепке  дейінгі  ересек  жас  (  5  –  6  жас).  «Денсаулық»  білім  беру, 
денсаулықты  сақтау  және  жалпы  қимыл-қозғалыс  құзыреттіліктерін 
қалыптастыруды көздейді, соның ішінде: 
-  негізгі қимыл түрлерін өз бетінше шығармашылықпен орындауы; 
-  дене және ерік-жігер қасиеттерін көрсете білуі; 
-  өз денесінің мүмкіндіктерін түсінуі; 
-  салауатты өмір салтының ережелерін саналы сақтауы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет