44
Қырғыз тілінде басқа елден қашып кеткен адамдарды да осы тіркес-
пен сипаттаған. Мысалы:
Алтайдан
келген қалмақтар
Куйругун сыртка салбайбы?
/Манас/.
Жібін //тамырын// тартып көру
– байқау, сынау мағынасында.
[ҚТФС, 1977, 224]. Сөздікте берілген түсінікке дұрысы
сыр тартып
байқау
деп қосса, оң болар еді. Тамырын сөзі бұл арада лексикалық
вариант ретінде көрінгенімен, фразеологиялық нормаға сай емес. Ал
тамырын басып көру
деген мағыналас түрі жұмсалу нормасына сай
келеді. Əдетте тамырды тартып көрмейді, басып көретіні шындыққа
лайық. Сондықтан сөздіктегі вариант түрі (тамыры) басы артық сөз.
Бұл тіркестің тура мағынасын былай таратуға болады. Кездеменің
(матаның) қатты немесе бос тоқылған түрлері болады. Бос əрі сирек
тоқылған түрінің жіптері саусақ ұшы тиген сайын селдіреп,
жіптері
тарқатыла береді. Ширақ қатты тоқылған матаның жібі оңайшылықпен
суырылмайды. Адамға қатысты ауыспалы мағынаға айналуы ұқсастық
заңына негізделген. Сонымен қатар,
тілімізде
Достарыңызбен бөлісу: