Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет30/162
Дата10.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#136035
түріМонография
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   162
суыртпақтап сұрау 
– ақырындап сыр тарту дегенге саяды. Баяғыда кесте тігуге лайық 
түрлі-түсті дайын жіптер тапшы болғанда, бояуы қанық маталардан 
(қызыл т.б.) жіңішке жіптерді суыртпақтап кесте тігетін. Жіп суыруға 
арналған матаны 
суыртпақ
деп атаған. 
Бұл арада 
Жібін тартып көру; тамырын басып көру;
 
суыртпақтап 
сұрау
 – 
мағыналас фразеологизмдер қатарын құрайды.
Талқыға салу 
– көпшілік сынына түсіру [ҚТФС, 1977, 490]. Талқы 
негізінде тері илейтін ағаштан жасалған құралдың аты. Малдың терісін 
түрлі киім-кешек т.б. заттар пайдаланғанда теріні жұмсарту үшін талқыға 
салып илеген. Қазіргі тілдік қолданыста адамдардың ой-пікір таластарын 
ортаға салған кезде 
талқыға салу
тіркесі айтылады. 
Сол сияқты, 
құйысқаны берік, құлағы елең ету, мойнын бұру, жа-
расы жеңіл 
т.б. толып жатқан фразеологизмдердің алғашқы мағынасы 
еркін сөз тіркестерінен құралған. 
Фразеологизмдердің мағыналық ерекшеліктері мен прагматика-
лық-дискурстық сипатын жаңа бағыт когнитивтік фразеологияның 
тереңдете қарастыруға мүмкіндігі мол.


45
Əр ұлт тілінде өзіндік кумулятивтік ерекшелігімен байқалатын сырт 
тұлғасы сөз тіркестеріне ұқсас, бірақ құрылымы мен мазмұндық жағынан 
өзгеше болып келетін тіркестер кездеседі. 
Əдетте сөз тіркесінің құрамы толық мағыналы екі сөзден тұрып, бір-
бірімен сабақтаса мағыналық жəне синтаксистік байланыста болады. 
Мысалы,
 алтын уақыт, көреген адам, орынсыз сөйлеу, жүріп кет-
ті т.б.
Мұндай тіркестер үнемі синтаксистік топ құрайды. Тек өзара 
мағыналық байланыста ғана айтылатындықтан сөз тіркесі деп танылады. 
Кез келген сөздер бір бірімен тіркесе бермейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет