Монография «Елтаным баспасы»


Қазақ тілінің фразеологиялық сөзігінде  жілік



Pdf көрінісі
бет48/162
Дата10.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#136035
түріМонография
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   162
 
Қазақ тілінің фразеологиялық сөзігінде 
жілік 
сөзі ұйытқы болған 
«жілігі татымады» – жасық, арық ет; «жілігі шағылды» – беті қайтты, 


70
жалықты; «жілік майы таусылды (жұқарды)» – жүдеді, болдырды деген 
үш тіркес тіркелген. Ал «
жіліктің майлы басын ұстау» – 
бір нəрсеге 
қолы жету

қызметі өсу мағынасындағы фразеологизм енбеген. Себебі 
бұл тіркес мазмұны қазақ мəдениетінде соңғы кезде қатты белең алған 
мансап, қызмет ұғымдарын сипаттайды. 
Мысалы, 
жіліктің майлы басын ұстау
тіркесінің қазақ қоғамындағы 
астарлы мағынасын түсіну үшін адамдар арасындағы əлеуметтік саты-
ларды бағамдай алу керек. Ал оның алғашқы басқышы – менталдық 
үлгілерде. Қазақ дəстүріндегі дастархан мəзірі, ондағы реттелген стео-
ретиптік нұсқаулар, (жіліктерді кімге қалай, қандай мақсатпен үлестіру) 
əрбір адамның ортада өз орнының болуы, оны білуі сияқты дағдылар 
олардың бірте-бірте əлеуметтік ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл арада 
жіліктің майлы басын ұстау
бірінші дентотативтік жағдаяттың ассоци-
ациясы бойынша қолында қызметі бар, пайдалы іс, жұмыстың басында 
отырған адамның сипатын көрсетеді. Қалыптасқан бұл үлгі танымдық 
сипаттың тереңдеуіне қарай, гештальт аясына өтеді. 
Стереотипке 
тəн ерекшелік – тұрақтылығы. Мұндай тұрақтылық 
дүниенің маңызды ситуацияларының санада жиі қайталанып, дағдылы 
түсінікке айналуынан жүзеге асады. Стереотип – адамдардың қоршаған 
орта, өмір, дүние туралы қабылдаған, ой-таным-түсініктерінің 
қайталануынан тұрақталған іс-əркеттер мен дағдылары. 
Мысалы:
құда болу
(қыз бен жігіттің əке-шешесінің өзара келісімі); 
босаға аттау
(келіннің үйге келуі, келін түскенде айтылады); 
түн ұйқысын төрт бөлу
(ананың баланы күтіп, бағуы); 
ақ жаулық (
əйел, жұбай); 
отау тігу 
(үйлену, үй болу);
тіл мен жағына сүйену 
(көп сөйлеу);
бесікке салу, қырқынан шығару
(дүниеге келген жас сəбиге қатысты 
істелетін ырымдар).
Схема
– фразеологизмдердің мағыналық құрылымын үлгілеуде 
қолданылатын тəсіл. (Когнитивтік психология мен жасанды интеллект 
туралы еңбектерде осы схема сөзі «фрейм» орнына қолданылған). Əдете 


71
зат 
пен құбылыстың кеңістікте контуры, сұлбасы, (геометриялық пішіні) 
фигура болады. Когнитивтік санада сыртқы сингалдар мен ішкі сезім-
дер көмегі арқылы жинақталған ақпараттарды бір құрылымда танытуда 
схеманың өзіндік рөлі бар. 
Мысалы, қазақ танымында «əйел» концептісінің схемалық құрылымда 
танылуын «сұлулық» микроконцептісінен: 
ай десе аузы, күн десе көзі бар
(асқан сұлу); 
атқан таңдай
(ерекше сұлу); т.б. 
Немесе фразеологиялық тіркес қолданысынан кейін көзалдында əлде 
бір сурет, сұлбаның келуі: 
Қаққан қазықтай
– адам немес заттың кеңістікте орналасу сипаты, 
қозғалмай тұруы;
Күлін көкке ұшыру –
бір нəрсені талқандау, жоқ қылу; 
Құрыққа сырық жалғау
айтатын сөзіне өтірік қосып, өсіре 
сөйлеу;
Бір аяғы анда, бір аяғы мұнда –
өте асығыс жүру.
Бұл фразеологиздердің жасалуына нақты, іс-əрекет, құбылыс, 
жағдаяттар негіз болып, еркін тіркестер ауыспалы мағынада 
қолданылғандықтан, схема елестету, бейнені көру сияқты сəтке ие бо-
лады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет