Монография «Елтаным баспасы»


когнитивтік талдау тəсілі



Pdf көрінісі
бет56/162
Дата10.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#136035
түріМонография
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   162
когнитивтік талдау тəсілі, 
Ø
фреймдік модельдеу тəсілдері
қолайлы. 
Фразеологиялық концептілерді талдау əдістері бойынша концептінің 
алғашқы ақпараттық семантикалық құрылымын қайта шолып шығу 
керек. Тегінде жанама-туынды аталымдар – лингвокреативтік ойлау 
нəтижесі. Олай болса, адамның жеке қабылдау танымында қоршаған 
орта суреті дискурстивтік сипатта екінші рет бейнеленеді. Мұндай 
ақпаратта шындық көріністің (зат, нысан) субъективтік жағы басым 
болатындықтан, күтпеген, оқыс фантазияларға орын беріледі. 
Мысалы, 
суға сүйену (үмітсіздік), төбесіне шай қайнату (ұрсу), 
есектің миын жеген (ақылсыз)
т.б.
Жалпы алғанда «концепт таңбалардың мағынасы» болған соң, тіл-
дік таңбалардың семантикасын концепт анықтайды [КСКТ, 1996, 92]. 
Бұл тұжырымды мақұлдай отырып, зерттеушілер (Н.Ф.Алефиренко) 
қосымша түсініктеме береді. 
Біріншіден, фразеологиялық мағына концептіден кең, оның 
перифериялық аймақты жасайтын лингвокреативтік қырлары 
бар. Екіншіден, концептінің анықтамасы бойынша, семиотикалық 
бағдар мен негізігі тілдік бірлік – сөздің тұрпат межесіне қарай ойы-
сады. 
Фразеологизмде жатқан концепт 
лингвокреативті
деп бекер айтыл-
майды. Бұлай айтудың когнитивтік фразеологияда маңызды мақсаты 


82
бар. Ол: «фразеологиялық концептінің» өзіндік ерекшеліктерін көрсету. 
Бірінші ерекшелік. Əдеттегі концептілер тілден де тыс (музыка, живо-
пись, сəулет, скульптура) жағдайда өмір сүреді. Əрине, тілдік қатысымда 
концепт айтылымға ие болады. Сөз тура мағынасында концептіге əрі тез, 
əрі оңай жол ашады. 
Мысалы, 
бесік
сөзі – «Бесік» концептісі –
 
зат. 
қазақ халқының мəдени 
мұраларының бірі, ұлт өнерінің төл туындысы, баланың кеудесі мен 
аяғын қаттырық байлап жатқызатын, дəретін жайдырмау үшін ар-
найы орнатылған түбегі мен ш.мегі бар нəресте бөлеуге арналған ағаш 
төсек
[ҚƏТС. 3т. 2006:295]. 
Əке
сөзі «Əке» концептісінің негізін қалайды:
 балалы болған ер адам.
[ҚƏТС. 2т. 2006:403]. Егер сөз концепті көпмағыналы болса, əңгіме дəл 
қандай концепт екендігін табу қиынға түседі. 
Мысалы 
бас 
сөзінің қазақ əдеби тілінің сөздігінде 23 мағынасы 
талданған.
Мысалы, 
Бас 
зат. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет