141
қайталану құбылыстарын байқау, ескеру, жинақтау негізінде тұрмысын
икемдеу, бейімдеу, єалыптастыру, яғни, табиғатты меңгеруге ұмтылу
сияқты қасиеттер басым болды. Табиғатты бағындыру арқылы емес,
табиғатпен тіл табысу моральдық-этикалық қалыптарына айналған.
Ұлттық мінез халықтың жүріс-тұрысынан, іс-əрекетінен, сөйлеу
мəнерінен, тіпті, адамдардың сөйлеу барысындағы қимылымен қатар
талғамынан да көрінетін, оның сол халыққа тəн
ерекшеліктерін
байқататын қасиет.
Ұлттық мінез-құлық ұрпақтан-ұрпаққа беріліп қалған биологиялық
психологиялық құбылыс емес, географиялық ортаның жемісі неме-
се нəсілдік белгілермен байланысты
ұлттық субстанцияның қияли
туындысына да жатпайды.Негізі шындықты ұлт өмірінің өзінен, оны
єоршаған табиғи өзгешеліктен єарастыру шарт. Ұлттық мінез-құлықта
– халықтардың өзі жасаған тарихтағы заттық жəне рухани тіршілігінің
бейнеленген көрінісі. Тарихи жағдай мен географиялық орта мəңгілік
нəрсе емес, сондыєтан ұлттық мінез-құлық та белгілі өзгерістерге ұшырап
отырады. Ұлттардың мінез-құлқы – олардың тарихи өмірінің нəтижесі.
Тарихтағы белгілі оқиғалар мен күйзелістер өздерінің ұзақтығымен
халық өмірінде, əсіресе, психологиясында белгі қалдырады. Оның ере-
кшеліктері халыє шығармашылығында, мəдениетінде жəне тұрмысында
айқын сезіледі. Сондықтан ұлттық мінез-құлықты сақтаушы жəне алып
жүретін – халық. Халықтан тыс ұлттық мінез-құлық жойыла бастайды.
Кез-келген адам туған халқымен байланысын үзсе, басқа тілді, дінді,
мінез-құлықты үйренеді.
Халқымыздың мінезіне тəн ең бір ерекше қасиет – рухани, əрі адам-
гершілік құндылықтарды жоғары бағалау. С.Темірбеков (1998) ондай
құндылықтарға ақ көңілділік, шынайы адалдық, батырлық, сенімділік,
көмек көрсету жəне үлкендерді құрмет тұту, ата-анаға деген шексіз ма-
хаббат, өзін-өзі құрбан ету т.с.с. асыл қасиеттерді жатқызады.
Əрбір адам үшін бұл қасиеттер ерекше байлық ретінде өте жоғары
бағаланады. Мысалы:
«Ағынан жарылу»
– ақ көңіл, «
алақанға салып аялау»
– мейрімділік,
«
ананың ақ сүтін ақтау»
– адамгершілік, борыш, «
өлімнен ұят күшті»
– намыс, «
бетегеден биік, жусаннан аласа», «құрақ ұшу», «бəйек болу»
т.б. – құрмет көрсету.
Қазақ даласында қағазға жазылып қабылданған заңдар болмаған
142
кездің өзінде ешкім бұза алмайтын рухани
ережелердің маңызы өте
зор болды. Халқымыз «Жігіттің екі сөйлегені – өлгені» дейді, яғни
айтқанын орындамау, берген уəдесінен таю жігіт үшін өліммен тең бол-
ды. Сондықтан қазақтар арасында адамға деген сенімділік ешқандай
күмəн тудырмаған.
Мысалы:
«Тірідей жерге кіру»
–ұят пен намыс, «
уəде – құдай аты», «қоянды
қамыс өлтіреді, жігітті намыс өлтіреді», «
жақсы жігіт ақылына
жеңіп іс қылар, жаман жігіт оңай істі күш қылар»
т.б.
Қазақ халқының ұлттық мінезінің тағы бір көрінісі – оның
қонақжайлылығы. Əрине, бұл – барлық халықтарға да тəн жалпы
адамгершілік қасиет. Əйтсе де, жай ғана жолаушы болсын, мейлі ке-
дей, мейлі бай болсын, жолы түсіп бұрылған қонақты жылы шыраймен
қарсы алып, шамасы келгенше сый-құрметін көрсетіп аттандыру қазақ
халқы үшін заңмен тең болды. Сондықтан қашанда қонақ үшін сыбаға
сақтаған. Осыған орай, əрбір жолаушы кез-келген қазақ үйінде қонақ
асын «бөлінбеген еншім» деп талап етуге ерікті болған.
Мысалы, «
қонағуар /қонақжай/ адам», «қонағын атқару», «қонақ
асы», «қонақ кəде», «қонақ қойдан жуас» т.с.
сияқты фазеологизмдер
ұлттық мінез сипатының айғағы. Яғни əрбір халыққа тəн ұлттық мінезге
сол халықтың тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы, əдет-ғұрпымен, қоршаған
ортаға деген көзқарасы негіз болмақ
ü
Достарыңызбен бөлісу: