149
формасы, мəдениет оның ішкі мəні болғандықтан, тіл мен мəдениетті
бір-бірінен бөліп қарастыруға болмайды. Тілде адамның осы əлемді
түсінуге тырысқан таным жолдарының ізі сақталады, ұлт өмірі туралы
жан-жақты мəлімет жинақталады. Сол мəліметтер арқылы əрбір ұлттың
өзіндік ерекшеліктері көз алдымызға келеді. Тіл – этностың бүкіл ру-
хани, мəдени байлығының өзегі. Ол тек дыбыс пен таңбаның бірлігі
емес, ең маңыздысы – мəдени сабақтастықтың құралы. Ұлттың барлық
болмысы мен өмір-тіршілігін, дүниетанымы мен əдет-ғұрпын бойына
сіңіріп, ата мұрасы, асыл қазынасы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіліп
отырылуы, тілдің басты – кумулятивтік қасиетіне байланысты. Бұл өз
кезегінде концептілер жүйесін қалыптастырады.
Адамзат мəдениеті, оның əлеуметтік мінез-құлқы жəне ойлау өрісі
тілден тыс өмір сүрмейді. Əр халықтың мəдени
ерекшеліктері оның
ғасырлар бойы жасап келе жатқан тілінен көрінеді. Ендеше, тіл мен
мəдениет байланысының тамыры тереңде жатқаны сөзсіз. Сондықтан
ХІХ ғасырдан бастап тіл мен мəдениеттің байланысы тіл біліміндегі бас-
ты мəселелердің бірі болып келеді. Бұл мəселелердің негізі Гумбольдтың
еңбектерінде байқалады. Оның тұжырымдары А.Н.Потебняның,
Ш.Баллидің, И.А.Бодуэн де Куртэненің еңбектерінде орын алады.
Зерттеушілердің айтуына қарағанда Х1Х-ХХ
ғасырда тілдік
философиялық ойлар тіл туралы бейнелі түсінікті «жеке адам (индивид)
тілі», «тіл – жүйе» жəне «құрылым», дегеннен бастап, «тип», «характер»
«ой кеңістігі», «рух үйі», сондай-ақ, «рух энергиясы», «рух белсендісі»
деген бейнелілікке дейін көтерді.
Ал ғасыр соңында тілді зерттеу парадигмаларының ең басты
бағыттарының бірі – антропологиялық парадигма. Бұл бағыт бойын-
ша тілді кең мағынада адам сана-болмысымен, яғни адамның ойы мен
оның рухани жан дүниесін сөйлейтін тілінен бөлмей əлеммен бірге тұтас
қарау. Тілдің антропологиялық негізінде тіл өз ішінде емес, тіл адамның
бір бөлігі іспеттес қарастырылады. Демек, адам тілдің иесі ретінде сана-
лады. Ал тіршілік тұтқасы адамды адам деп тану тек оның сөйлейтін тілі
арқылы ғана анықталады. Осы ойлар адамтанудың философиялық шешім-
дері ретінде танылады. Бұл ретте, тілге Гумбольдттық антропологиялық
тəсілмен келу екені белгілі.
В. фон Гумболдьт концепциясының негізгі: