22
Сондықтан да қазақ тіліндегі фразеологизмдердің басқа да ғылым
салаларымен тығыз байланыста бұлай жан-жақты қарастырылуы
фразеологияның пəн ретінде зерттеу
аясының тереңдеуін көрсетеді,
əрі тілдік талдаулармен нақтылануы жалпы фразеологияның зерттеу
нысанының күрделенгенін жəне бүгінгі тілтаным тұрғысынан алғанда,
бұған дейінгі қалыптасқан кейбір ой-пікірлерді басқа қырынан, басқаша
қарауда талап етеді.
Қазіргі кезде түрлі мəдениеттер диалогы əр ұлттың өзіндік ерекшелік-
терін тек тілдік бірліктер арқылы жай сипаттауды ғана емес, олардың
этномəдени танымын нақты адамдық фактор арқылы «сөйлеуін» қажет
етеді.
Бұл ретте когнитивтік фразеологияның рөлі ерекше болмақ.
ХХ ғасырда қалыптасқан дəстүрлі құрылымдық иманентті тіл білімі-
не когнитивтік лингвистиканың бірінші
орынға адамдық факторды
шығаруы, ендігі жерде адам танымын аттап өте алмайтын «тілді адаммен
бірге» қарастыруды басты ғылыми бағыт етіп қойды.
Кезінде «Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мəдени аспектілері»
туралы зерттеуімізде (1998) біз өз тарапымыздан бұл мəселеге азды-көпті
пікір білдіргеміз. Мəселен, халық рухы қашанда өз ұлтының тілінен
көрініс табады. Ал этнотілдік ерекшеліктердің басты көрсеткіші – фра-
зеологизмдер. Себебі мұнда ұлттың тұрмыс тіршілігі, тұтастай өмір
сүру мəдениеті сипатталады. Фразеологизмдер сөйлеу жəне жазба тілде
бағалауыштық қызметімен ерекшеленіп, өзіндік бейнелі, эмоционалды-
экспрессивті жағынан айтушы мен тыңдаушы арасында жай хабарла-
су, ойды көркем жеткізу ғана құралы емес, түрлі сезімдік жақтарына
əсер ету мүмкіндігіне ие болатын менталдық бірліктер ретінде таныла-
ды деген тұжырым жасалған.[Cмағұлова, 1998]. Сондай-ақ, моногра-
фия авторы қазақ фразеологиясын жеке лингвистикалық пəн ретінде
қалыптастыру мақсатында оқыту үдерісіне бірнеше, атап айтқанда:
бакалавриатқа – «Фразеологизмдердің семантикалық категориялары»,
«Мағыналас фразеологизмдер», «Фразеологизмдердің стильдік ерек-
шеліктері», магистратураға – «Фразеологизмдердің лингвомəдени
сипаты», докторантураға – «Тұрақты тіркестердің
антропоцентрлік
когнициясы» атты электив курстарын енгізді.
Қазақ фразеологиясы – өзіндік зерттеу нысаны мен ғылыми
проблемаларының бағыты жəне аумағы айқындалып қалыптасқан
23
пəн. Сондықтан тіл білімінде фразеологияны
зерттеу аспектісі
лингвомəдениеттану, когнитивтік лингвистика тұрғысынан жаңа
қырлары талданып, фразеологияның қазіргі лингвистикалық пардигма-
лары таныла бастады.
Бұл шолулар өткен ғасырдың екінші жартысынан бері қазақ
фразеологиясының жеке ғылыми пəн болып
қалыптасуына қазақ тіл
білімінде біраз арнаулы зерттеу еңбектері жазылғандығының дəлелі.
Осыларды сараптай келе, қазақ фразеологиясының зерттелу тарихы мен
бағыттарын мынадай деп бөлуге болады.
Ø
Қазақ фразеологиясының жеке лингвистикалық пəн ретінде
қалыптасуы.
Ø
Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің мағыналық-тақырыптық
топтары
мен грамматикалық, стильдік ерекшеліктерінің арнайы
қарастырылуы.
Ø
Тұрақты тіркестердің лингвомəдени бірліктер ретінде фразеоло-
гизмдердің прагматикалық аспектілерінің ғылымдар түйісіндегі жаңа
ғылыми бағытта зерттелуі.
Ø
Фразеологиядағы əлем суретінің антропоцентрлік ерекшеліктері,
фразеологизмдердің концепт бөліктерін құрайтын мəртебесі бойынша,
когнитивтік фразеологияның ғылыми аренаға шығуы.
Тілдік бірлік ретінде фразеологизмдер қазақ тіл білімінде ерекше
зерттеу нысаны екендігі əр жылдары жазылған ғылыми талдаулардан
байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: