Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет142/162
Дата15.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#138366
түріМонография
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   162
Байланысты:
Verstka (1)

ИТ
*
 – 
қазақтар мəдениетінде жеті қазынаның бірі. Адамдар өмірінде 
ит серік, дос ретінде құрметтеледі. Аңыз бойынша Адам жұмақтан 
қуылып жерге түскен соң, тіршілік ету үшін мал ұстайды. Мал мен үй 
жайың күзетуге, əрі аңға барғанда сенімді серік етуге итті алғаш рет қолға 
үйретеді. Жəне ғылымда иттің екі миллионға жуық иісті ажырататындығы 
туралы дерек бар. Бұл хайуанаттың осыншалықты пайдалы қасиеттеріне 
қарамастан қазақ тіліндегі ит сөзі ұйытқы болған фразеологизмдердің 
біре-саран болмаса (ит көйлек, ит басына іркіт төгілу, ит жүгіртіп құс 
салу, т.б.) барлығы жағымсыз мəнде қалыптасқан. Мысалы:
 
Ит байласа тұрғысыз 
 
Ит жанды 
 
Ит кемірген асықтай 
 
Иттей қылу 
 
Ит терісін басына қаптау 
 
Ит етінен жек көру
 
 
Ит қорлық көру /көрсету/ 
 
Итін шығару 
 
Иттің құлы итақай 
 
Ит тиген күшіктей т.б.
«Қазақ тілінде ит семасымен байланысты І.Кеңесбаевтың фра-
зеологиялық сөздігі, Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі мен көркем 
* Қазақ тілінде 
ит 
лексемасына қатысты қорғалған кандидаттық диссертация бар.
Қараңыз: С.Бектемірова. «Қазақ тіліндегі киноморфизмдер» (2005)


214
шығармалардан жиналған, сонымен бірге сөздіктерде берілмеген жеті 
жүзге жуық тілдік бірліктерді жинастырсақ, солардың ішіндегі ең 
ауқымдысы – фразеологизмдер» деп көрсетеді С.Бектемірова [2004, 
71 б.]. 
МЫСЫҚ 
туралы айтпас бұрын алдымен аңыз еске түседі. Ертеде 
Адам ата мен Хауа ана жұмақтан қуылып жерге түскенде үй жануарлары 
бірінен соң бірі келіп, өз көмектерін ұсынып, бірге тұру туралы адамдар-
дан келісімін сұрайды. Алдымен ат келеді: мінсең көлігің боламын, ауыр 
жұмыстарыңды істеп беремін, бірге тұрайық дейді. Содан сиыр келеді: 
саусаң сүтім бар, жесең етім мен майым бар, бірге тұрайық дейді. Енді 
қой келеді, бірге тұрайық, жүнімнен киім киесің, етімді жейсің. Соңынан 
ит келеді. Малдарың мен үйіңді күзетемін, аңға бірге шығамын, кел, 
бірге тұрайық дейді. Аңыз бойынша адамдарға иттен кейін келіп, үйіңде 
тышқан аулаймын, балаңды құйрығыммен ойнатып алдандырамын, бірге 
тұрайық дейді. Бірақ мен қай кезде келемін, кетемін өзім білемін деп өз 
шартын қойған содан «кошка, которая гуляет сама по себе» деген сөз 
қалған деседі. Мысық туралы аңыз, əңгімелер көп болғанымен, қазақ 
тілінде ең аз фразеологизмдер осы хайуанатқа қатысты жасалған. 
Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет